Пунктуациясы


Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері



жүктеу 1.36 Mb.
Pdf просмотр
бет16/19
Дата28.12.2016
өлшемі1.36 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері 
 
Жалпылауыш сөздер – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау, 
оның  мәнін  ашып,  тұжырымдау  мақсатында  қолданылатын,  олар 
сияқты  бір  ғана  сұраққа  жауап  беріп,  бір  сөйлем  мүшесі  болатын 
сөздер.  Оған,  негізінен,  жалпылау  есімдіктері,  сан  және  сын  есімдер 
т.б. жатады. 
 
239-жаттығу.  Жалпылауыш  сөздердің  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. Бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөздердің қандай сөйлем мүшесі 
қызметін атқарып тұрғанын белгілеңіздер. 
Маңыраған қозы-лақ, шулаған бала-шаға, саңлаудан қораға кіріп 
жатқан қар бәрі де оның қаперіне кіріп-шықпайтын тәрізді. (Т.К.) Бұл 
ауылдың  өз  адамы  боп  кеткен  дағдылы  қонақтары  Ербол,  Көкбай, 
скрипкашы-әнші  Мұқа,  Баймағанбеттер  бөлек  бір  топ  боп  кірді. 
(М.Ә.)  Асылып  жатқан  ет,  маздап  жанған  от,  қою  қымыз  бәрі  де 
қонақтар  көңілін  көтере  түскендей.  (М.Ә.)  Қазір  бұл  ауылдағы 
күзетші,  сауыншы,  түйеші,  қауғашы,  отыншы,  асшы  атаулы  бәрі  де 
жаман жыртық киімдерінен жел азынап, бүрсең қағып бай  малының 
қамында  жүр.  (М.Ә.)  Үш  есіктің  тұсында  қазірде  Жақып,  Майбасар, 
Ызғұтты  үшеуі  тұрып  ап,  табақ  жақындай  бергенде,  қонақүйдің 
есігіне  қарайды  да,  табақшыларды  үндемей  нұсқап,  рет-ретімен 
кіргізіп  жібереді.  (М.Ә.)  Осы  жетінші  күні  Құнанбайлар  Төлепберді 
мен Қамысбай, Бурахан үшеуін қуып жетті. (М.Ә.) Бұл күнде қаланы 
көп  жағалайтын,  өздері  саудагер  жас  болыстар  Темірғали,  Айтқазы, 
Әлі, Рақыш, Оспан бәрі де  мәжілісті қызу,  көңілді  ету үшін кіршіме 
ішеді. (М.Ә.) Дәрмен енді жаңағы Ділдә айтқан сөз, барлық үлкен аға, 
кіші іні бәрінің де көкейінде жүрген іс екенін білдірді. (М.Ә.) 
 

 
164 
240-жаттығу.  Мәтіннің  қажетті  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар.  Қойылу  себебін  ережемен  дәлелдеңіздер.  Жалпылауыш  сөздерді 
тауып, астын сызыңыздар. 
Ауыз  әдебиетінің  қысқа  түрлері  бесік  жыры  ана  сөзі  ертегі 
жаңылтпаш  жұмбақ  тақпақ  ел  арасына  көп  жайылған  ойындар  асық 
ойынының неше түрі отырып ойнайтын тұрып атып ойнайтын лекек 
доп  ақсүйек  қарабие  тоқтышақ  қарақұлақ  айгөлек  ойындары  дене 
шынықтыруға 
жүйріктікке 
шыдамдылыққа 
тапқырлыққа 
жаттықтырмай ма есепке үйрететін ойындар мыналар тоғыз құмалақ 
дойбы  ойындары  стадиондар  доп  каток  мұз  сырғанағы  бәрі  тәртіпті 
қалыптасқан  бейнеде  ұйымдастырылады  қазақ  халқының  ертеден 
әдетіне сіңген ұлттық қалпына жарасымды кейбір спорттық мәні бар 
ойындары алтыбақан әйгөлек ағаш аяқ құр-құр серке тарту салма алу 
теңге алу сайыс тағы басқа әлденеше ойындарды жастар ойнайды. 
 
241-жаттығу. 
Мәтіннің  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріңіздер. 
Жалпылауыш  сөздерге  байланысты  тыныс  белгілерінің  бірде  қойылып,  бірде 
қойылмау себебін түсіндіріңіздер. 
Сондықтан  олардың  шыңына  жетіп  аса  батырып  айтуды  Абай 
Мағаш  Кәкітай  үшеуі  де  көп  машық  етпейтін.  (М.Ә.)  Құйрығы 
желбезегі  қабыршағы  қанаты  барлығы  балықтан  айнымай  тек  қана 
қылқан мойны қалқан құлағы осы бір қауақ басы сол қалпында қалса 
екен  дейді.  (Ш.А.)  Ғажап  жұмбақ  тағы  бір  хал  бір  Тобықтының 
ішіндегі Құнанбай жағына жаһаттас бай-жуандар ғана емес көрші Уақ 
Бура  Сыбан  Найман  Керей  Қаракесектегі  жуан  ауылдардың  бәрі  де 
бірауыздан  Құнанбай  жағына  шықты.  (М.Ә.)  Ас  пісіргіш  еркектер 
мен  қатын  да  отыншы  сушы  қызметшілер  баршасы  да  осы  көшпен 
жөнелді.  (М.Ә.)  Оспан  Ысқақ  Майбасар  сияқты  туыстарының 
барлығын ол өз қасына қоршау етіп соларға ертелі-кеш кінәшіл зілін 
тастап жүр. (М.Ә.) Тайдай арлан бөрімен шаппа-шап ұстасып өлердей 
жағаласқаны  тапжылтпай  ұстап  өлтірткені  бәрі  де  бұл  өңірде  бұл 
заманда болмаған балғын азамат қасиеті боп тарады. (М.Ә.) 
 
242-жаттығу.  Мәтіннің  қажетті  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 
Ат пен адам екеуі екі бөлек келе жатқандай. (Ш.А.) Оның осылай 
кетіп  бара  жатқаны  да  қоңырқай  орамалдан  ағараңдап  көрінген  бет-
жүзі  де  қолынан  жетектеген  қызы  да  қасында  қатарласа  жүгірген 
күшігі  де  бәрі-бәрі  Танабайға  шексіз  ыстық  көрінер.  (Ш.А.) 
Шаруаның жаңа өмірі үшін жер мал еңбек арман бәрі де ортақ болу 

 
165 
үшін  Танабай  күреспей  кім  күреседі.  (Ш.А.)  Қолдан  сырланған 
тумбочкалар  есік-терезелердің  полотно-кенеп  мұхарамалары  бәрі  де 
тым  жинақы  сыпайы.  (С.Ш.)  Анау  көрініп  тұрған  төскейдің  сай-
саласы бие бауы ауыл қонысы қой өрісі барлығы да соншалық таныс 
жақын.  (М.Ә.)  Кешкі  суға  келе  жатқан  қалың  жылқының  кісіней 
шапқан  дүбірі  шаң-тозаңы  болсын  немесе  оқта-текте  азынай  кісінеп 
үйірін іздеп шапқан мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын 
барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын 
білдірген  сияқты.  (М.Ә.)  Жігітек  Көтібақ  Бөкенші  Торғай  бәрі  де 
әлденеше  қоныс  қыстаулардан  алыс-ты.  (М.Ә.)  Бойдақ  жылқыны 
ауыл қасына ерте айдатып келіп Құдайберді Ызғұтты Абай үшеуі ат 
үстінен  түспей  жүріп  түндегі  аталған  он  байталды  іріктеп  таңдады. 
(М.Ә.) Босқа кеткен күшті көп төкті Біржанға жел су толқын сең бәрі 
жабылды. (Ғ.Мүс.) 
 
243-жаттығу.  Жалпылауыш  сөздері  бар  сөйлемдерді  қатыстыра  отырып 
мамандық  жайында  әңгімелесіңіздер,  тыныс  белгілерінің  қойылу  себебіне 
түсініктеме беріңіздер. 
 
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша 
 
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша 
Жалғаулықсыз 
қарсылықты, 
түсіндірмелі 
салалас 
құрамындағы  жай 
сөйлемдер 
арасына  үтір  мен 
сызықшаның 
қойылады 
Салаласқа  енген  жай 
сөйлемдегі  іс  шұғыл 
түрде өткен болса, не 
біріндегі 
іске 
екіншісіндегі  қарама-
қарсы 
қойылып 
айтылса, 
арасына 
сызықша қойылады 
Түсіндірмелі  салалас 
құрмалас 
сөйлемдердің 
баяндауышы  сонша, 
сондай,  сол,  мынау, 
себебі 
сөздерімен 
аяқталса, олардан соң 
сызықша қойылады 
Шартты 
бағыныңқылы 
сабақтастың 
баяндауышы  шартты 
райдан 
жасалып, 
бағыныңқы  сөйлемге 
мән  бере  айтылса, 
одан  кейін  сызықшы 
қойылады 
Оларда  пасықтық 
бар,  –  адамдық 
жоқ; 
қараңғы 
жауыздық  бар,  – 
жарқын жүз жоқ. 
Ти  десем  –  тимейді, 
тиме десем – тиеді. 
Оның  қорыққандығы 
сондай – не айтып, не 
қойғанын білген жоқ. 
Қой  өлсе  –  қозы 
қалады,  келер  жылы 
өзі болады. 
 
244-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 
1)  Күн  ашыла  беріп  еді  тағы  бір  кесапат  кез  келе  кетті  мұздақ 
қата бастады. 2) Кеш батса қойға соқпақ табылады. 3) Ит үреді керуен 
көшеді.  4)  Кім  еңбек  етсе  сол  тоқ.  5)  Адал  еңбек  аздырмас  арамдық 
бойды жаздырмас. 6) Тату болсаң балдай бол ащы болсаң тұздай бол. 

 
166 
7)  Айырылсаң  азарсың  қосылсаң  озарсың.  8)  Гүл  өссе  жердің  көркі 
қыз  өссе  елдің  көркі.  9)  Үйде  шешен  дауда  жоқ  үйде  батыр  жауда 
жоқ. 10) Келіннің үш күйеуі болады алғашқы күйеуі алтын елі екінші 
күйеуі  ар-намысы  соңғы  күйеуі  алған  жары.  11)  Жүзінде  қайғы  да 
жоқ  қасірет  те  жоқ  қорқыныш  қана  бар.  12)  Қараңғы  түнде  елден 
адасқан адам алыстан жылт еткен от ұшқынын көзі шалғанда қандай 
қуанады  Қартқожаға  да  бүгін  қараңғы  елдің  ішінде  «оқу»  деген 
нәрсенің  жарық  сәулесі  жылт  еткендей  болды.  13)  Кейін  ол  әртүрлі 
әуенді  көп  естіді  көңілдісін  де  мұңлысын  да  ұзағын  да  келтесін  де 
сөзі  барын  да  сөзі  жоғын  да  талай-талай  естіді.  14)  Жүріс-тұрысына 
бет  құбылысына  қол  сермесіне  көз  ілеспейді  бір  минутте  жүз 
құбылады. 
 
245-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  құрмалас  сөйлемдердің  ішінде 
қойылатын  тыныс  белгілерінің  әр  түріне  үш  мысалдан  тауып,  кестені 
толтырыңыздар. 
 
Құрмалас сөйлемнің ішінде қойылатын тыныс белгілер 
үтір 
қос нүкте 
нүктелі үтір 
сызықша 
үтір мен сызықша 
 
 
 
 
 
 
246-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер.  
1)  Ағайынды  бұл  үшеуінің  жас  мөлшерлері  бір-біріне  жақын 
Балтабек жиырма алтыда Темірбек жиырма төртте Кенжетай жиырма 
екіде.  2)  Оның  мінезі  де  ақжарқын  еді  өтірікті  көлгірлікті  екі 
жүзділікті білмейтін ойына келген сөздерін айтып салатын іске шебер 
сөзге  алғыр  уәдеге  берік  досқа  мейірімді  әр  уақыт  шындықты  ғана 
сүйетін  ар-ұяты  таза  намысқой  адам  еді.  3)  Шөкенді  мен  құшақтап 
сүйіп жатырмын өйткені ол менен жеті жас кіші және жақсы көретін 
інім.  4)  Суық  киіз  үйде  не  таза  жуынуға  болмайды  не  таза  тамақ 
жеуге  болмайды.  5)  Не  сөйлеуге  тілің  жоқ  не  сөз  ұғар  білім  жоқ.  6) 
Кезек-кезек  шелекті  не  машинамен  айналдырып  шығарады  да  не 
атпен  тартып  шығарады.  7)  Шолпы  тағы  бір  сылдыр  еткенде  жер 
бауырлай  ілгерілей  түсіп  еді  жаппадан  біреу  тұрып  жатқан 
сияқтанды.  8)  Ыбыраш  ауыл  кедейлерінің  басын  қосып  артель  болу 
туралы  сөз  қозғап  еді  жиналған  жұрт  мұның  сөзіне  құлақ  қоюдың 
орнына өзін тәлкек  қылды. 9) Менің түк ұқпай тұрғаным саған бала 
керек  болса  Жұмекенге  керек  емес  пе?  10)  Сонша  жылдан  бері  тұс-
тұстан науалап құйылған ен байлықты аясын ба осында әнеу күннен 

 
167 
бері әлденеше ту бие ту сиыр көп-көп қойлар сойылып соны пісіруге 
қала  мен  қырдың  бармағынан  бал  тамған  небір  шебер  аспаздары 
келіп орнағанына да едәуір уақыт болған. 
 
247-жаттығу.  Көркем  әдебиеттен  кестеге  қажетті  мысалдарды  тауып 
жазыңыздар. 
 
Түсіндірмелі 
салалас 
құрамындағы  жай 
сөйлемдер 
арасына қойылған 
үтір мен сызықша 
Жалғаулықсыз 
ыңғайлас  салалас 
құрмалас 
сөйлемдердегі 
сызықша 
Түсіндірмелі  салалас 
құрмалас сөйлемдердің 
баяндауышы 
сонша, 
сондай,  сол,  мынау 
сөздерімен аяқталғанда 
қойылған сызықша 
Шартты  бағыныңқылы 
сабақтастың 
баяндауышы 
шартты 
райдан 
жасалғанда 
қойылатын сызықша 
 
 
 
 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І.  Сызықшамен  келетін  оңашаланған  айқындауыштарды 
белгілеңіздер 
A)  Өзі  сері  әнші  сұлу  Байтасқа  екеуі  де  бірі  кәрі  бірі  жас  бала 
қызғана да тамашалай да қараған еді. 
B) Жаңа кешке жақын бұлақ басындағы бір тақырға жиналған өз 
құрбы балаларды бастап осындай ат қоюды көп ойын қылған. 
C)  Сүйіндік  бәйбішесімен  және  екі  баласы  Әділбек  Асылбекпен 
бәрі де қонақтармен бірге болды. 
D) Бұл ауыл Оспанның әйелі Еркежанның төркіні Байтас ауылы. 
E) Жаңа жерге қонғанда жас төл қозы лақ қандай рахаттанады. 
F)  Бұл  жөнінде  ертең  сағат  тоғызда  тресте  отырып  кең 
сөйлесейік. 
 
ІІ. Сызықшаның қойылатын орындарын көрсетіңіздер 
A)  кекету,  ажуалау  және  кері  мағынада  қолдану  үшін  айтылған 
сөздерден кейін 
B) кейбір ойын, әдет-салт аттарының алдынан 
C) төл сөз бен автор сөзінің арасында 
D) диалогте 
E) жалпылауыш сөздің алдынан 
F) оңашаланған айқындауыштың екі жағынан 
 
ІІІ. Сызықша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Осы кезде күздің баяу күні көтеріле түсіп қызғылт сәуле берді 

 
168 
B) Әкесінің баласы адамның дұшпаны адамның баласы бауырың 
C) Адамды бақытты ететін тек қана азат еңбек 
D)  Абай  ақсия  сүйсіне  күліп  тымағын  қолына  алып  Дәрменге 
қарай қисая құлап тыңдап қапты 
E) Қаланың қасында көз толатын табиғат шалқар көл ғана 
F)  Саналы  көңілімен  Абай  көксейтін  дос  кеңесі  алғашқы 
кездесуде осылай аяқтады. 
 
ІҮ. Сызықшамен келетін құрмалас сөйлемдерді табыңыздар 
A)  Дос  санын  соқты  желөкпе  жігіттер  тәуір  аттарды  таңдап 
әкеткен. 
B)  Уақыт  тізгінді  қолға  берер  емес  сағымдай  бұлдырап  ынтық 
қып шаршатып бір жеткізбей-ақ қойды. 
C) Біресе аузы қимылдайды біресе қолы қимылдайды. 
D) Тұманның қалыңдығы сонша түк те көрінбейді. 
E) Арман сүйемелдей берді апасы бойын тіктеді. 
F)  Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қылады  татымсызға  қылған 
болыстық өзі адамды бұзады. 
 
Ү. Сызықша қойылатын сөйлемдерді белгілеңіздер 
A) Ералының кең жазығына жаңа келіп ілінген жүргіншілер ерте 
көшкен ауылдың ер-азаматтары. 
B)  Ербол  төреші  болғандықтан  енді  жұрттың  бәрі  жаттап  алған 
төрелікті өзі тағы бір айтып аз ойланып бас шайқады. 
C)  Ал  жібердік  десіп  топтап  алға  таман  жырыла  бере  құстарын 
серпіп-серпіп жіберісіп қалды. 
D)  Жұрт  Кәкітайдың  күйгелек  мінезінен  тағы  бір  оқыс  нәрсе 
күтіп даурыға түсті. 
E)  Шұбар  мен  Дәрменнің  қолындағы  екі  көк  қаршыға  да  молаға 
таман бас изей түсіп оқыс бір аңды күткендей қадалып қапты. 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Төл сөздің тыныс белгілері 
 
Төл  сөз  –  сөйлеушінің  я  жазушының  өз  сөзі  ішінде  өзгеріссіз, 
бұлжытпай  қолданылған  біреудің  сөзі.  Автор  сөзі  –  төл  сөзді 
жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің я жазушының сөзі. Төл сөз 
бен  автор  сөзі  өзара  тығыз  байланыста  қаралады.  Төл  сөз  бен  автор 

 
169 
сөзінің  тыныс  белгілері  олардың  орналасу  тәртібіне,  синтаксистік 
ерекшеліктеріне, 
интонациялық 
және 
мағыналық 
айырмашылықтарына байланысты қойылады. 
 
Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылатын тыныс белгілер 
Автор  сөзі  төл  сөзден  кейін  келгенде,  төл  сөз 
тырнақшаға  алынады  да  (немесе  алдына  сызықша 
қойылады),  төл  сөзден  соң  үтір  (леп  не  сұрау 
белгісі, көп нүкте) және сызықша қойылады. 
–  Қарным  ашқан  жоқ,  мұғалима 
апай нан әкеп берді, – деді немересі. 
(Ш.А.) 
Автор  сөзі  төл  сөзден  бұрын  келсе,  одан  кейін  қос 
нүкте  қойылады  да,  төл  сөз  тырнақшаға  (немесе 
алдына сызықша қойылады) алынады. 
Көбен заң жолымен сұрауға кірісті: 
–  Бөреш  баласы  Мұрат  сені  қалай 
әкетті? (Қ.К.) 
Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрса, екі жағынан 
үтір  мен  сызықша  (кейде  біріншісінен  кейін  үтір 
(леп  не  сұрау  белгісі)  мен  сызықша,  екіншісінен 
кейін  нүкте  мен  сызықша)  қойылады  да,  төл  сөз 
тырнақшаға алынады не алдынан сызықша келеді. 
–  Тарт  әрмен,  –  деді  Оразқұл  қолын 
бір  сілтеп,  –  онан  да  ішетін  бірдеңе 
бар ма, соны әкел! (Ш.А.) 
Төл  сөз  автор  сөзінің  ішінде  келсе,  бірінші  автор 
сөзінен кейін қос нүкте, төл сөз тырнақшаға алынып 
(не алдына сызықша қойылады), одан соң үтір (леп 
не  сұрау  белгісі,  көп  нүкте)  және  сызықша 
қойылады. 
Ес: 
–  Мен  ертең  ерте  жүремін,  ішінде 
болсам  жақсы  болар  еді,  –  деп 
Көбенге қарады. (Қ.К.) 
Төл  сөз  ортасындағы  автор  сөзі  тиянақсыз  болып, 
одан  кейін  төл  сөз  дербес  айтылатын  сөйлем 
болғанда, автор сөзінен соң қос нүкте қойылады. 
–  Сүйінші,  қайным,  көрімдік, 
көрімдік!  –  деп  күлімкөз  жеңгесі 
алдынан  шыққан  соң:  –  Алыңыз, 
алыңыз,  көрейік  әуелі,  бір  көйлек 
мойнымда, – деп төргі бөлмеге өтіп 
кетті. (Т.К.) 
Төл  сөздің  ішінде  төл  сөз  келсе,  алғашқысының 
алдынан 
сызықша 
қойылады 
да, 
соңғысы 
тырнақшаға алынады. 
– Әкем  «Біреудің ала  жібін аттама» 
деп  отырушы  еді,  –  деді  ол 
күмілжіп. 
Төл сөзден кейін келген  де көмекші  етістігінен соң 
толық бір сөйлем келсе, одан кейін үтір қойылады. 
–  Айт  сөзің  болса!  –  деді  де,  осы 
үйдегі  жұрт  естісін,  куә  болсын 
дегенді ойлады. (М.Ә.) 
 
Төл  сөз  бен  автор  сөзінің  орын  тәртібін  сызбамен  былай 
көрсетуге болады. 
р/с 
Төл сөздің сызықшамен келуі 
Төл сөздің тырнақшамен келуі 

— ————, — ======. 
“————”, — ======. 
— ————? — ======. 
“————?” — ======. 

======:  
— ————. 
======: “————”. 

— ————, — ======, — ————. 
“————, — ======, — ————”. 
— ————, — ======. — ————. 
“————, — ======. — ————”. 
— ————? — ======. — ————. 
“————? — ======. — ————”. 
— ————... — ======, — ————. 
“————... — ======, — ————”. 
— ————... — ======. — ————. 
“————... — ======. — ————”. 

======:  
— ————, — ======. 
======: “————”, — ======. 

 
170 
======:  
— ————? — ======. 
======: “————?” — ======. 

— ———. — =====: — ———. 
“———. — =====: — ———”. 

— ———“————”———, — =====.  “———“————”———”, — =====. 
— ———“————”———? — =====.  “———“————”———?”— =====. 

— ————, — деп, ======. 
“————”, — деп, ======. 
— ————? — деп, ======. 
“————?” — деп, ======. 
 
248-жаттығу.  Төл  сөздің  тиісті  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. 
1)  Өзің-ақ  ойлашы  несі  өмір  Қуаныш  қайғысы  болмаса  дейді 
ақыл. 2) Ол тағы да былай дейді Дін ғылымның атасы. 3) Ақын бірде 
Өзгереді  дүние  өзгереді  деп  баяндайды.  4)  Ақымаққа  дейді  ақын 
болмайды ақыл айтып. 5) Өсіңіз жетіліңіз тасқындаңыз дей келе Бірақ 
та биікпін деп асқынбаңыз деп жалғайды да Сен мықты анау осал мен 
орташа  Бәріміз  бір  аспанның  астындамыз  деп  аяқтайды.  6)  Біздің 
халықта Қарға қарғаның көзін шұқымайды деуші еді деді. 7) Талапты 
ерге нұр жауар деген рас қой Сапарың қайырлы болды Енді міне бір 
жылдық азығыңды әкелдің деді Дос. 8) Ассалаумағалайкүм байекесі 
деді ол әзіл араластыра Қалай керуеніңіз аман-есен жетті ме саудаңыз 
сәтті  жүріп  жатыр  ма  деп  өзі  мәз-мейрам  болып  дүкеншінің  қолын 
қайта-қайта сілкіп көрмегенімізге қаншама заман болды қош келіпсіз! 
9)  Ой  арам  қатқыр  ақымақ  бала  дүрбісін  көзінен  алмастан  орнынан 
тұрып бұзауды айдағандай қолын ербеңдетеді Естіп тұрмысың әрі әрі 
кет  деймін  Бәлтек  Бәлтек  қайдасың  Дүрбіге  көрінген  үйдің 
көлеңкесінде  маңқиып  жатқан  Бәлтектің  онымен  ісі  болған  жоқ 
Айтақ  айтақ  деді  бала  жан  ұшырып  итке.  10)  Тыңдағанда  бойың 
шымырлап  қоя  береді  дейді  сыбырлап  атам  Ой  алла-ай  неткен 
ғажайып  ән  еді  11)  Өлердің  алдында  соның  әнін  бір  естіп  кеткім 
келеді депті Атамның айтуына қарағанда өз халқыңның әні үшін адам 
өмірін  қияды  дейді  Сондай  адамдардың  түрі  қандай  болады  екен 
көрер  ме  еді  өздерін  Мүмкін  ән  үшін  басын  беретін  адамдар  үлкен 
қалаларда тұратын шығар 12) Ерінің жаңағы сөзін осы әрекет үстінде 
ести  сала  Ол  сөзді  сізден  бұрын  Рахым  айтқан  Қой  сауып  отырған 
маған  жүгіріп  келіп  Апа  бол  қой  сауғаныңды  қой  Кіші  ағам  қонақ 
ертіп келді Бол тез деп мені қолды-аяққа тұрғызбай сол әкелген жоқ 
па деді 
 
249-жаттығу.  Мысалдардағы  төл  сөз  бен  автор  сөздеріне  байланысты 
қойылған тыныс белгілерінің ережелерін анықтап, оларды есте сақтаңыздар. 

 
171 
–  Тыңдасайшы  әуелі.  Аңнан  басқа  алаңдатар  ештеме  жоқ 
деймісің  мені,  –  деп  саптама  етігін  шеше  бастады.  –  Мына 
жолаушыларға  Садуақасты  ертіп  жіберсек  деп  ем.  (Т.К.)  –  Әкілдек 
талай жерді, талай елді аралады. Кімнің кім екенін де білесің. Мына 
жаманды, – деп Сәкенді иегімен нұсқап, – оқытсам ба деп ем. Ой бар, 
бірақ  орындар  шама  жоқ.  Орысша  оқығанын  жақсы  көреміз,  –  деп 
Жамалға көз қиығын тастады, – бірақ соның жолын білмейміз ғой біз. 
(Т.К.)  Қабағын  қарыс  жауып  алған  әлгі  шой  қара:  –  Е,  тәйірі  сонша 
салмақтағаныңа қарағанда күшке түсер ауыр бірдеңе екен ғой десем, 
– деп ыржая күліп, иығынан салмақ түскендей қозғалып қойды. (Т.К.) 
–  Денім  сау,  Кәкітай!  –  деп,  ауыл-аймақтың,  әкесінің  амандығын 
сұрап кетті. (М.Ә.) – Бұл вальс қой өзі, – деп тағы біраз ойланды да: – 
атына қарағанда, бір сезікті орыннан естілген күй сияқты ғой! – деп, 
Мұқаның  жүзіне  күле  қарады.  –  Қайдан  үйренгенсің?!  (М.Ә.)  «Иә,  – 
деймін ішімнен тағы қайталап, – мен мұндайды әсте күткен жоқ едім 
ғой,  Зағида.  Мұнан  әрі  өмір  не  болмақшы!?»  Бір  кезде  «дырр-ррт» 
деген  дауыстан  басымды  көтеріп  алсам,  ат  жаңа  салынған  қақпаға 
тұмсық тіреп тұр екен. (Д.И.) 
 
250-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  жоғарыдағы  төл  сөз  бен  автор 
сөздеріне  байланысты  қойылатын  тыныс  белгілерінің  әр  түріне  үш  мысалдан 
тауып жазыңыздар. 
 
251-жаттығу. Төменде берілген мәтіннің тыныс белгілерін қойып, көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер. 
І.  Кешігіп  қалдыңдар  деп  Шәймерден  шай  үстінде  сөз  бастады 
Жыл мезгілін күннің көзіне даланың шөбіне қарап ажыратуды қазақ 
қашан  қояр  екен  Табаны  күректей  он  бес  күнге  кешіктіңдер  (Т.К.) 
Болды  болды  жетеді  деді  Сафура  күйеуін  өзінен  сәл  ғана  итеріп 
Смағұл  сен  неге  селтиіп  қалдың  үйге  жүр  (Д.И.)  Шіркін-ай  сөзді 
сатып алған ба көбірек жазса қайтер еді деді ол тамсанып Тегі ол бар 
ғой әуелден осылай тоқ етерін айтады да қош болмен аяқтай салады 
(Д.И.)  Жолдастар  біздің  қас  жауымыз  капиталистер  ал  мына 
кеңседегілер  олардың  шабалатып  қойған  иттері  Бірлесіп  күрессек 
қана  біз  өзіміздің  талаптарымызды  орындата  аламыз  деді  (Т.К.) 
Қандай  аяулы  жан  дедім  Мәрия  туралы  Жас  болса  да  нағыз  ана  ғой 
мейірімді  ана  ғой  ол  (Д.И.)  Қайыр  түндегі  кереметтердің  қайдан 
шығатындығын айта келіп сөзінің аяғында Түндегі көрініп жүрген ақ 
боз ат та сиырдың өкіруі де бәрі де адам істеген іс Мұнда құдайдың 

 
172 
құдіреті де кереметі де дәнеме де жоқ Бұл біздің жауымыз байлардың 
ісі  солардың  қолы  Мұны  біз  сендерге  кешке  дейін-ақ  ашып  берейік 
деген еді (Ғ.Мүс.) Бірақ деп жыламсыраған үні қатқылдай түсті менің 
де  сенен  тілер  бір  тілегім  болса  сенің  бермесіңе  бола  ма  Мен  сенен 
аналық  өтініш  етем  Сол  қолқамды  бересің  бе  деп  баласын  иығынан 
құшақтай  түсіп  жауап  күтті  (М.Ә.)  Қандай  сүйкімді  әйел  дедім  мен 
оны көз алдыма тағы елестетіп Ал бірақ ол соншалықты неге мұңлы 
Оның күйеуі қайда неге осы кезге шейін көзіме бір түскен емес (Д.И.) 
 
ІІ.  Е-е  Адамның  басы  Алланың  добы  деген  ғой  не  боларына 
кімнің  көзі  жеткен  деді  кемпір  күрсініп  Аздан  кейін  ол  Еламанға 
қайта  қарап  жүзін  тіктеп  отырып  Жөніңді  білмесек  те  жүзіңді  көріп 
отырмын  Мыналар  сені  кісі  өлтірді  деп  отыр  Қайдан  білейін  адам 
аласы  ішінде  ғой  түріңе  қарасам  иманмен  қаптап  қойғандай  деді 
(Ә.Н.)  Ақкемпір  келініне  көз  қиығын  тастап  Ә  құдайым-ау  деді 
ішінен  қайтейін  Бұ  да  өзгеге  күледі  өзіне  күлетін  кісі  жоқ  па  екен 
сонда  (Ә.Н.)  Дуана  еке  мен  мен  Мамырбай  ақсақалдың  дей  берді 
Орыстар  алып  кеткенін  айтуды  ұят  көрді  Үндемеудің  тағы  да  жөні 
жоқ  қалайда  бірдеңе  айту  керек  болды  Маңдайын  сипап  көзін 
жыпылықтатып төмен қарап Мен Мамырбай ақсақалдың баласы едім 
ауылымнан  адасып  ауылымды  таба  алмай  жүрмін  деді  (Ж.А.) 
Бұлардың  тынышын  кім  алыпты  деді  жалт  қарап  Оразқұл  Біреу 
буындырғандай  өзінен  өзі  қызарып  кетті  Алжи  бастағансың-ау  сен 
шал деді Үні баяу шыққанмен шалға деген зіл бар (Ш.А.) Ойбай-ау өз 
көзіммен көрдім ғой Былай қарай үрке қашқан маралдар деді Момын 
шал  бой  бермей  Балам-ау  өзің  де  көрген  жоқ  па  едің  Жоқ  көрдің 
көрдің  (Ш.А.)  Ол  оңай  ма  шырағым-ау  Үстіндегі  жүгін  былай 
қойғанда мына боранды көрмеймісің. Оқасы жоқ құдай қаласа ертең 
бәрі орнына келер Тек әйтеуір мына боран басылса екен деді Момын 
оларды  өзінше  ақтаған  болып  (Ш.А.)  Анадай  жерде  бағанадан  үн-
түнсіз  тұрған  Момын  шал  шыдамай  Не  айтып  тұрсың  Сейдахмет 
бұларды атуға тыйым салынған деді міңгірлеп (Ш.А.) Ере келген өзге 
еркек-әйелдің  бәріне  Мәніке  өзінің  әмірлі  қатаң  үнімен  бұйрық  етіп 
Жә біздің ауылдың кісілері Ахкем үйінде қонақ болдың ішер асыңды 
іштің  Ахкем  деп  ол  қайнағасы  Тәкежанды  айтатын  Енді  қайтыңдар 
Малдарыңа  шаруаңа  жөнел  түге  деді  (М.Ә.)  Сен  немене  еш  нәрсені 
сезбейсің  бе  деп  Света  қабағын  көтеріп  таңырқай  қарады  Шекарада 
тұрмыз (Т.А.) Әй жарқыным деп қасына келді тұрмайық біз де талап 
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет