Пунктуациясы



жүктеу 1.36 Mb.
Pdf просмотр
бет17/19
Дата28.12.2016
өлшемі1.36 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

252-жаттығу.  Мәтіннің  бұрыс  қойылған  және  түсіп  қалған  тыныс 
белгілерін тауып, ережеге сәйкестендіріп, жаттығуды орындаңыздар. 
 
Қазақтың қонағы неше түрлі болады? 
Сырым батыр, үйіне қонып отырған қадірменді қонағы: «Төленді 
биден: 
Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады!» деп, сұрапты. 
«Қазақтың  қонағы  төрт  түрлі  болады.  бірінші  арнайы  қонақ; 
екіншісі құдайы қонақ; үшіншісі қыдырма қонақ; төртіншісі қылқыма 
қонақ».  
«Ал оны қалай айырамыз»? – дегенде 
«Арнайы  қонағымыз,  алыстан  арнайы  келген  жақын,  туыс, 
нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын, сияқты жекжаттың немесе сүйікті 
достарың, жақсы жолдас-жораң.» 
Міне – бұл нағыз сыйлы қонағың. 
Құдайы  қонағымыз:  өзің  танымайтын,  білмейтін,  шалғай  елден, 
алыс  жерден,  жолаушылап  жүріп,  ат  басын  тірей  қалған,  тосын  да 
бөгде қонақ. 
Міне: бұл нағыз сауап қонағың. 
Қыдырма  қонағымыз:  ерігіп  те,  желігіп,  үйден-үйді,  ауылдан-
ауылды  кезіп,  сөз  аңдып,  өсек  теріп,  қымыз  ішіп,  ет  жеп,  жүрген 
сандалма қонақ. 
Міне, бұл нағыз далбаса қонағың. 
Қылқыма  қонағыңыз:  үй  арасындағы,  ауыл  ішіндегі,  түтіні  түзу 
шыққан, үйді торып, өзінің құлқыны үшін, аузына тигенін қылқытып, 
жіберіп басы, ауған жаққа, тарта беретін көлденең қонақ. 
Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың? – депті көпті көрген көне би, 
Төленді қарт... 
(«Шешендік шиырларынан») 
 
253-жаттығу.  Мәтіннің  тиісті  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріңіздер. 
Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 
Немене шпион іздеп жүрсіңдер ме деген бала солдаттан 
Солдат мырс етіп 
Әрине шпион іздеп жүрміз 
Бізге әлі бірде-бір шпион келіп көрген жоқ деді бала өкінішпенен 

 
174 
Солдат күліп жіберді 
Саған шпионның керегі не 
Мен оны ізіне түсіп жүріп ұстап алатын едім ғой 
Мынаның  мықтысын  қарай  гөр  ондайға  әлі  жассың  ең  алдымен 
жігіт болу керек 
Осылайша  алтын  погоны  бар  әскери  адам  Оразқұлмен  орман 
аралап кеткенде бала шофермен біраз әңгімелескен 
Мен  барлық  машинаны  барлық  шоферлерді  жақсы  көремін  деді 
бала 
Оның себебі не деді шофер қызығып 
Машина  деген  жақсы  ғой  әрі  тез  жүреді  әрі  күшті  сосын 
бензиннің де исі тамаша Шоферлердің барлығы да жас жігіттер бәрі 
де Мүйізді Бұғы ананың балалары ғой 
Не  дейді  не  дейді  мынау  Мүйізді  Бұғы  ана  дегенің  немене  деді 
түкке түсінбей солдат 
Ау сен білмеуші ме едің 
Жоқ шырағым мұндай ғажайыпнаманы өмірімде естіген жоқпын 
Сен өзің кімсің сонда 
Мен  қазақпын  Қарағандыда  туғанмын  шахтерлер  мектебінде 
оқығанмын 
Жоқ сен кімнің баласысың соны айтшы 
Әке-шешемнің баласымын 
Олар кімнің баласы 
Олар да өз әке-шешесінің баласы 
Ал олардың әке-шешесі кімнің баласы 
Шырағым-ау  сен  бұлай  сұрай  берсең  дүниенің  түбіне  жете 
алмассың 
Ал мен болсам Мүйізді Бұғы ананың балаларының баласымын 
Оны саған кім айтты 
Атам айтқан 
Шырағым  мынауың  бір  шамаға  соқпайтын  дүние  екен  деді 
солдат балаға басын шайқап 
(Ш.Айтматов «Ақ кеме») 
 
 
254-жаттығу. Мәтіннің тыныс белгілеріне назар аударып, қойылу себебін 
түсіндіріңіздер. Ертегілердің тағы басқа қандай жолдармен басталатынын еске 
түсіріп, мысал келтіріңіздер. 
 

 
175 
Әже ертегілері 
Абай  биыл  ғана  анық  бағалады.  Бұның  әжесі  бір  түрлі  шебер 
әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып, 
қызықтырып  айтады.  Әуелі  Абай  ауыра  бастағанда  бір  күні  кешке 
ұйықтай  алмай  жатып,  әжесінен  әңгіме  айтуды  сұрады.  Сонда  ол 
ойланып тұрып: 
– Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?  – деп, 
кішкене  тақпақтап  бастап  еді.  Абай  соны  ұғып  қапты.  Келесі  жолы 
әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен қағып: 
– Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?  – деп, 
тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді. 
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар 
қорығы», «Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте 
де, кеште де, тіпті кеш бойы да Абай айтқыза беретін болды. 
(М.Әуезов «Абай жолы») 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A)  –  Анау  күні  қозыға  мінген  Жұмаштарды  бай  атам  неге 
ұрмады? – деп таңырқап, бұйығы дауыспен Момынтай сұрады. 
B) Дүрия болар-болмас езу тартып: 
– Мұрат мені әкеткен жоқ, мен Мұратты әкеттім,– деді. 
C)  Көбен:  «Билігін  Еске  бердім»,  –  дегенде:  «Бұл  мырза  да  у-
шусыз  ойнап  күлгенді  жек  көрмес.  Бір  қара  қазақ  қарға  сияқты 
мазаларыңызды  ала  беретін  шығар»,  –  деп  жылпың  тілге  салды 
Дауылбай. 
D)  Нұрым:  –  Әлгінде  бәріміз  жабылып  ұрайық  дегендердің 
қайда? (Нөкеш күліп кірді.) Мені ұрғанға қуанып жүрмісің? 
E)  Бекен.  Тіліңді  шығар  (қалтасынан  орамалын  алады,  Бекен 
жылай бастайды.) 
 
ІІ. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A) Атына жаңа мінген Дәрмен асу жаққа көз салып: 
– Жаным-ау, мына Мұқаның ақмартуы бар ғой, жарандар-ау! Әне 
келіп қалды Әбіштер! – деді де, тебініп ілгері баса берді. 
B)  Неге,  оны  қалай  айтасың?  –  деп  Жәбікенге  үлкен  жаудыр 
көздерін  жалт  еткізе,  ойлана  бір  қарады.  –  Сен  Бұқпаны,  Сапарды, 

 
176 
Қайырды,  Исабекті  қайтесің?  Сондайлар  тепсе,  темір  үзеді  дейтін 
атпал азаматтар емес пе еді? 
C)  Мағаш  Кәкітайға  әзілдеп:  –  Қуанғанда  сенің  мұрның,  тіпті, 
мүлде  пұштай  болып  кетеді-ау!  Түрің  қалай  жаман  еді.  Салиқа  да 
жоқты менсіне береді екен-ау! – деп, сылқылдап күліп қояды. 
D)  –  Ұзақ  жолдан  шаршап  талмадың  ба,  Мағышым!  –  дегенде, 
Мағыш әсем дауыспен ақырын ғана: – Жоқ, аға, оншалық шаршағам 
жоқ, – деді. 
E)  –  Бұл  вальс  қой  өзі,  –  деп  тағы  біраз  ойланды  да,  –  атына 
қарағанда,  бір  сезікті  орыннан  естілген  күй  сияқты  ғой!  –  деп, 
Мұқанның жүзіне күле қарады. – Қайдан үйренгенсің?! 
 
ІІІ. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A) Әбіш өз ойының бұл жөнде ұшқары екенін енді аңғарып: Мен 
жұмға  намазы  сияқты,  бөгде  халық  көп  жиналатын  күні  хұтпаның 
артынан Сармоллаша шығарсыз ба деп едім. Ол қалай? – деді. 
B) Кетуге ыңғайлана отырып, Абай Өткелдіні әзіл етті:  
– Міне, бұған қала, көше, номер, адрестің не керегі бар? Сары иті 
бар, не мұңы бар? – деді. 
C)  –  Жұмылған  көзін  ақырын  ғана  аша  түсіп,  Абайға  әлі  де 
қырындай қарап отырып, Есентайдың бар айтқаны: – Ең әуелі мақсұт 
еткенім,  сенің  не  дейтініңді  білу!  Айт,  не  айтасың  мынауыңа!  –  деп 
тағы да салмақ тастап, тоқтап қалды. 
D)  Отырған  орнында  қыбжыңдап,  қозғалақтады  да,  иба  қылған 
боп  Абайдың  үлкендігін  сыйлаған  боп:  –  Әй,  Абай  мырза,  мені 
ғайыптадыңыз ғой! Абай мырза әй-әй! – деген болды да үндей алмай 
қалды. 
E)  –  О,  қандай  тамаша!  Қандай  жақсы  сюрприз!  Келіңіз,  мұнда 
келіңіз! – деп Әбен мен өзінің екі арасындағы орынды жылжи түсіп, 
босата берді. 
 
ІҮ. Тыныс белгілері дұрыс қойылған төл сөздерді белгілеңіздер 
A)  Сөйтті  де  қатты  дыбыстап:  –  Келген  Абай,  Абай,  Дәрмен  – 
деп, екі-үш қайырды. 
B) Мәкен момын ғана үнмен қостай отырып: – Ең соңғы жолдары 
Кіші  апа,  сіздің  маған  ұстаздық  етіп,  мынау  кесте  тіккізіп,  баулып 
жүргеніңізді де айтқандай көрдім, – деді. 
C)  Сөйте  отырып:  –  Жазға  мүмкін,  бәлки  Ғабдрахим,  жетерсіз, 
барарсыз!  –  деп  біраз  бөгеле  сөйледі.  –  Күн  жылынғанда,  шаң 

 
177 
көтерілмей  тұрған  шақта,  жайлы  күтіммен  асықпай  барарсыз. 
Ақырын жүріп, өз туған жеріңізге жетерсіз деп үміт етем – деді. 
D) Абай әлгі сөзді тыңдап бола бере, әуелі бір қысқа ғана мысқыл 
айтты:  
–  Ауыз  дарбаза,  сөз  самал!  –  деп  қойды  да,  –  есесін  де  бөсесін 
ғой, Тобықтының сотқары! – деді. 
E) Бостан мақұлдай қостап: 
–  Үндеме,  не  қыласың,  біз  ғана  емес,  өлкенің  елі  болып,  «әй 
бәлем-ай»  деп  мығым  отыр.  Тынып  отыр.  Ендеше,  келіңдер, 
жаңағыны бастайық! – деді. 
 
Ү. Төл сөздің ішінде төл сөз бар сөйлемдерді белгілеңіздер 
A)  Қайта-қайта  сұрап  келе  ме  келді  ме  деп  Абай  мен  Дәрменді 
тосып  еді  Бұларды  көріп  арманын  айтқан  соң  енді  тыныштық  алды 
білем деп Ербол топшылады. 
B) Жиренше күбірлеп Бәрекелді арғы атасы ақ патшамен келіскен 
өзі мынау Шынжыр қатар осы-дағы Қайт дейсің ерім-ақ-ау деп төреге 
соңғы сөздерін естірте тамсанады. 
C)  Көптен  о  яқ  бұ  яққа  жүрісім  боп  үстіне  кіре  алмап  ем  Мана 
Бақияға  кездесіп  сенің  бауырың  менің  тілеулес  дос-жарым  емес  пе 
деп кеп қалған жайымыз со Мағаш шырақ деді. 
D)  Тәкежан  менің  де  қабырыма  топырақ  тастаймын  деп  келіп 
тікен тастап кетер-ау деп қоя салды. 
E)  Олар  орыстың  мен  сияқты  Пушкин  деген  ақыны  жазған  қыз 
бен жігіт Солардың жөнін қазақша өлең қылған біздің досымыз үлкен 
ақынымыз Абай деді. 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Өздік жұмыс тапсырмалары 
 
255-жаттығу. 
Ж.Баласағұнның 
даналық 
сөзіндерін 
оқып, 
есте 
сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. 
1)  Тіл  арыстан  есік  баққан  ашулы  Сақ  болмасаң  жұтар  ерім 
басыңды  2)  Қалар  мұра  сөз  кісіден  кісіге  Сөзді  мұра  тұтсаң  пайда 
ісіңе 3) Кісі көңілі түпсіз теңіз ойласаң Білім інжу түбінде анық қойма 
сан 4) Кісі мәңгі болмас мәңгі ат ары Мәңгі қалар оның жақсы атағы 
5)  Тірі  өледі  жер  төсеніш  жастығың  Аты  өлмейді  өлсе  де  өзі 
жақсының 6)  Жамандық от от күйдіріп өтеді  Жолын бөгер күш жоқ 

 
178 
күл  қып  кетеді  7)  Ақыл  көркі  тіл  тілдің  көркі  сөз  Кісі  көркі  жүз 
жүздің  көркі  көз  8)  Ақыл  шырақ  қара  түнді  ашатын  Білім  жарық 
нұрын  саған  шашатын  9)  Білім  байлық  азаймас  һәм  жоғалмас  Еш 
қарақшы  ұрыға  да  тоналмас  10)  Біліктіге  білім  күллі  тон  асы 
Білімсіздің қылығы сұм жолдасы 11) Құттың құты ердің ізгі есімі Ізгі 
аты мәңгілік құт есігі 12) Ұстамды боп һәм көзіңе қарағын Ұстамды 
әзіз  алар  күллі  аларын  Үш  нәрседен  жүр  алыс  сақ  байқағын  Бірі 
қыңыр  қисық  болма  айтарым  Бірі  жалған  сұғанақтық  үшінші 
Үшеуінің  түбі  қорлық  түсінші  Кісі  сөгіп  ұсақ  сөзге  берілме  Дұрыс 
сөйле теріс-қағыс керілме Өзіңді адал ұста адалдық киелі Бектер адал 
адалдықты  сүйеді  13)  Жаһан  заңы  құрмет  тұту  үлкенге  Үлкен  келсе 
тік тұрып күт іркілме Ұлыға кішік құрметі бек жарасар Кішіге ұлық 
құрметтесіп  санасар  14)  Жібек  мінез  қыз-келіншек  шырыны  Біле 
білсең әйел көркі қылығы 
 
256-жаттығу. 
Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  тыныс  белгілерін  тауып 
қойыңыздар. 
Өлсе өлер табиғат адам өлмес 
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес 
Мені мен менікінің айрылғанын 
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес 
 
Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып аяғын көп шалдырған 
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
 
 
Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей 
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей 
Міні қайда екенін біле алмассың 
Терең ойдың телміріп соңына ермей 
 
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас 
Екеуі тап бірдей орныға алмас 
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың  
Иманын түгел деуге аузым бармас 
(Абай) 
 

 
179 
257-жаттығу.  Мәтінді  оқып,  сөздердің  білдіретін  мағынасын  есте 
сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріп жазыңыздар. 
 
Мәулен – ұрғашы мысық 
Күнделікті өзіміз пайдаланып жүрген кейде әредік қана естілетін 
сөздердің  де  түптегін  яғни  мән-мазмұнын  біле  бермейміз  Айталық 
мәулен  алан  абдан  мәлике  әңгі  әздек  жусақ  марғау  шағал  мамыр 
ызақор сынды сөздердің мәнін біреу білсе біреу білмейді 
Осындағы  мәулен  мәлике  абдал  дегендер  адамдардың  есімі 
ретінде  кездеседі  Ызақор  мамыр  марғау  сөздерін  жиі  қолданамыз 
Алан  әңгі  әздек  жусақ  сөздерінің  көне  екені  көрініп  тұрғандай 
Дегенмен  тегіне  үңілсек  мұның  бәрі  біз  бен  сіз  жақсы  білетін  жан-
жануарлардың есімі 
Сөзімізді  анықтай  түссек  мәулен  ұрғашы  мысық  алан  барыстың 
күшігі  абдан  арыстанның  баласы  мәлике  ұрғашы  жылан  әңгі  есектің 
еркегі  әздек  жас  еркек  есек  жусақ  1  жасар  тау  ешкісі  яғни  туша 
марғау  мысықтың  есейген  баласы  шағал  қорқау  қасқыр  мамыр  әлі 
ұшпаған отқа семірген балапан қаз ызақор арыстанның еркегі 
(Д.Қожаберген) 
 
258-жаттығу. Төмендегі салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін 
қойып, көшіріп жазыңыздар. Салаластың қай түріне жататынын анықтаңыздар. 
Оңтүстіктен  ыстық  жақтан  келгені  бірден  байқалады  жүзін  күн 
қақтап  тотығып  кеткен.  Сүйрік  саусағымен  іліп  тастағысы  келіп  еді 
күннің ерке нұры кеткісі келмеді оның томпиған бетіне шығып алды. 
Бірде сөнеді бірде жануға бет алып шоқтанған темекінің ақшуланған 
түтіні үзіле дөңгеленеді бірде ол қоюлана бұрқырайды. Бұл ой Абайға 
ең алғаш келген ой еді және өз ойы сияқты көрінді. Әзіл де жарасты 
мінез де үйлескендей болды. Бұл Абайдың да ойы еді бірақ ол іштегі 
рахат  күйін  бұл  арада  сөзбен  айтып  жеткізе  алар  емес.  Сапардың 
сүйетін екі нәрсесі бар-ды біріншісі көгершін ұшыру да екіншісі көл 
бетінде  қайықпен  жүзу  болатын.  Әлдекім  хабарлап  қойған  болуы 
керек  қыз-бозбала  дүркірей  қашып  шықты.  Перизат  сұрап  үлгере 
алмады  өйткені  машина  гүр  етті  де  сырғи  жөнелді.  Тұңғиық  қара 
теңізге қара дауыл соқты сондықтан теңіз шайқалып күңіренді. Маған 
жолға жеткендей қаржы жіберсін болмаса мен бара алмаймын. Әлде 
шайға  құмартқан  ба  әлде  Мария  апайдың  сөзі  жылы  тиді  ме  ана 
стаканды  қолына  алды.  Біресе  терезеден  қараңғы  түнге  қадала 
қарайды біресе стол үстіндегі жаюлы жатқан картаға үңіледі. 

 
180 
 
259-жаттығу. 
Төмендегі  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  тыныс 
белгілерін  қойып,  көшіріп  жазыңыздар.  Сабақтастың  қай  түріне  жататынын 
анықтаңыздар. 
1)  Дәл  сол  кезде  есік  сарт  етіп  ашылып  Наргүл  кіріп  келді.  2) 
Көңілденіп  істесе  жұмыс  өнімді  болмақ.  3)  Күн  ашық  болғанмен 
шытқыл  аяз  екен.  4)  Дос  қолындағы  етікті  қайта  сілтей  бергенде 
Ақкемпір ақырып тыйып тастады. 5) Оған көңіліңді аудара бергенше 
көзің  қыдырып  жүріп  тағы  бірдемені  тауып  алады.  6)  Мұғалім 
келісімен Қарашолақ азаматтары жиналып кеңес құрды. 7) Әттең бір 
атым  насыбай  деп  отырғанда  бір  шақша  алдына  келіп  топ  етті.  8) 
Мағаштар  жауыз  зорлықтың  бар  көлемін  ашқалы  Абай  қатты 
қиналып  тыныштық  ала  алмады.  9)  Аңшы  осы  жерге  жақындай 
бергенде  бұғы  үш  аяқтап  өрге  қарай  ата  жөнелді.  10)  Халық  өз 
бақыты  үшін  күресетінін  өзі  білсе  оған  ешбір  жау  төтеп  бере 
алмайды.  11)  Күздің  санаулы  күндерінің  бірі  бола  тұра  ауа  райы 
жақсы еді. 12) Балалық мінезі әлі қалмағанмен өзін үлкен адамдарша 
ұстағысы  келеді.  13)  Залда  жүрген  адамдардың  бәрі  қолтықтасып 
жүрген  соң  сұр  жігіттің  бұл  қолтықтасуы  Раушанға  манағыдай  ерсі 
көрсетеді.  14)  Аспан  ақтарылып  жерге  түскендей  бес  минуттың 
ішінде  жер  беті  көл  болып  кетті.  15)  Ұзын  кірпіктері  қыбыр-қыбыр 
етіп Манар әлдене бір шуылдаған дыбыстарды естіп жатты. 16) Бүгін 
бірер керек кітабын алып шықпақ болып өзі жалғыз кіріп еді. 
 
260-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 
Есенейге  екі  нәрсе  өтпейді  оқ  өтпейді  сөз  өтпейді.  (Ғ.Мүс.)  Той 
жабдығына  арналған  бүкіл  салтанатты  мәзір  осында  әйдік  тай 
қазандарда  палау  басылып  бірнеше  жерден  қазылған  жерошақтарда 
терісін  тұтас  сыпырған  қой-ешкі  қара  малдардың  еттері  қақталып 
жатыр. (Р.Тоқт.) Қазірде де ала көлеңкеде кәрі әжесі байқап отыр ән 
тоқтай  қалса  кішкентай  қыз  қарақаттай  қап-қара  көздерін  ашып 
алады.  (М.Ә.)  Цин  сарайы  тағы  да  екіге  жарылды  Маншың 
әкімдерінің  бір  бөлігі  көтерілісшілерді  жақтаса  екінші  бір  тобы 
шетелдіктермен қатынасын үзгісі келмеді. (Қ.Жұм.) Оның тез үйреніп 
кеткені сондай үйге кірсем бірге кіреді далаға шықсам ол да шығады 
бір  жаққа  барам  десем  бірге  барам  дейді  тегі  екі  елі  ажырамайтын 
емес.  (Б.Н.)  Азғантай  оқымыстылар  ала  бірі  Советті  қолдаса  бірі 
байды  қолдайды.  (Ғ.М.)  Қосар  түрде  сөйлегенде  жай  етістіктер 

 
181 
мағына беруші болып алда жүреді көмекші етістіктер өзгеруші болып 
сонда жүреді. (А.Б.) 
 
261-жаттығу.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  тыныс  белгілерінің  қойылу  себебін 
анықтаңыздар. 
Ей, балалар, балалар! 
Бірің – шекер, бірің – бал 
Бірің – қайың, бірің – тал. 
Жас кезіңде ойнап қал, 
Ойнап жүріп, ойлап та ал, 
Ой түбінде жатар бал! 
Илеуінде қайнаған, 
Жазды еңбекпен жайлаған. 
Ұзақтан дән тасыған, 
Досына жаны ашыған, 
Құмырсқаға көзің сал! 
Жұмысын көр! Тәлім ал! 
Гүл-гүлден шымшып бал жиған, 
Жесін деп сендер ол жиған. 
Қанатын желге сындырған... 
Сонда да жұмыс тындырған 
Бал араға көзің сал! 
Жұмысын көр! Тәлім ал! 
Кітаптың беті гүл-лала. 
Оқыған бала – бал! 
(Ө.Тұрманжанов) 
 
262-жаттығу. Үзіндіні оқып, тиісті тыныс белгілерін қойып шығыңыздар. 
 
Үй іші 
(Үзінді) 
Жұман  аз  нашар  атаның  тұқымы  Жұман  дегенім  әлгі 
Қартқожаның  әкесі  Жұман  момын  адам  кісіден  тіленбейді  кісіге 
жағынбайды  бес  уақыт  намазын  оқып  А  құдай  бергеніңе  шүкір  деп 
барға қанағат жоққа сабыр ететін бір бейуаз Жазы-қысы төртті-бесті 
қарасын  өзі  айналдырып  қаласына  да  өзі  шығады  қорасының 
жыртық-тесігін  өзі  бүтіндейді  Ол  сұғанақтық  етіп  біреудің  дүниесін 
пайда қылған жан емес ел екі ұдай партия болғанда да байлардан ат 
мініп  ақша  алған  жан  емес  Ауыл-аймағы  қай  жаққа  кетсе  Жұман  да 

 
182 
солармен бірге Үзіп-жұлып шығатын артық білімі де жоқ  әйткенмен 
бір  қазақтан  ақылсыз  да  емес  желікпен  бұзықтықпен  ісі  жоқ  Ол 
бұзылған  адамдарға  сенеді  жабықса  тарықса  құдай  жеткізер  деп 
жұбаныш  қылады  Қысқасы  ол  тірі  пендеге  зәбірі  жоқ  құдай  деген 
қоңыр  адам  Оның  алданышы  азбыншы  ораза  ашары  оның  қуаты 
қуанышы үш-төрт қарғасы үшеуі еркек бірі әйел бала Жасынан қалың 
беріп  жыл  сайын  аз-аздан  малынан  құтылып  тұңғышының  аяғын 
шырмады  Қызын  аман-есенінде  құтты  жеріне  қондырды  Қартқожа 
болса сабақ оқып жүр Кенжеқара әлі бесікте 
Қартқожаның шешесі де бір түрлі момын біртоға жан Күйбеңдеп 
шаруасын істеп балаларының үсті-басын бүтіндеп анаған да мынаған 
да  Қарағым  шырағым  дегеннен  басқа  бар  дәмін  кісіге  бергеннен 
басқа  бөтен  мінезі  жоқ  Кей  қатын  аузы  сүйреңдеп  өсек  айтады  енді 
біреулер  ауылды  басына  көтеріп  шаңқылдап  баласын  байын  қарғап 
жатады  Ондайдың  бірімен  ісі  бола  ма  екен  Жо-жо-жоқ  Қайта 
ондайды  естігенде  Беу  осы  байғұстың  тілінің  жаманы-ай  деп 
тыжырынып жаратпайтын еді 
(Ж.Аймауытов «Қартқожа») 
 
263-жаттығу.  Өлеңді  дауыс  ырғағын  құбылта,  мәнерлеп  оқып,  тыныс 
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер. Тазалық жөнінде өз ойларыңызды ары қарай 
өрбітіңіздер. 
 
Міне, сонда тазалық!
Қандай болар тазалық,  
Енді соны жазалық. 
Киім таза болғанмен
Жүректе болмай арамдық, 
Қоғамға қол сұқпаса – 
Міне, сонда тазалық! 
Шын тазалық – жүректе, 
Шын сұлулық – еңбекте. 
Көптің малын ұрлама. 
Ынтымақты болсаңдар, 
Сырттан жау кеп алар ма! 
Досыңа да адал бол, 
Сезімін сатып пұлдама – 
Міне, сонда тазалық! 
Ескі әдетті тастаңдар, 
Жаңа жолға бастаңдар – 
Міне, сонда тазалық! 
Қоғам мүлкін қорғаңдар, 
Сенімді бол бар жанға. 
Адал болса жүрегің –  
Жұрт ілеспей қалар ма! 
Жауыңа да әділ бол – 
Міне, сонда тазалық. 
(К.Әзірбаев)
 
264-жаттығу.  Тыныс  белгілерінің  қойылуы  мен  қандай  қызмет  атқарып 
тұрғанын талдап айтып беріңіздер. 

 
183 
Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз. Бірақ 
құр  бай,  таза  деумен  ғана  тіліміз  өздігінен  сақталып,  әдебиетіміз 
өрбіп  кете  ала  ма?  Қай  жұрттың  тілі  болса  да  түу  басында  біздікі 
секілді  таза  да,  бай  болған.  Бірақ  олар  көрші  жұрттардың  сөздері 
қосыла-қосыла, жүре бұзылған. Біздің қазақ тілі бұрын ылғалсыз таза 
болса  да  бұл  кезде  басқа  жұрттармен  араласа  бастадық,  басқа 
жұрттардың оқуын оқыдық. 
Бір  жағы  Бұхар,  бір  жағы  Мекке,  Медине,  Стамбұлдарда  оқып 
қайтқандарымыз да бар. Бұлардың сөйлеген сөзінде, жазған хатында 
шет  жұрттардың  тілі  аңқып  тұр.  Бұлар  елге  келіп  жас  балаларды 
оқытады.  Сөйтіп,  шет  тілдер  елдегі  жас  балаларға  жұғады.  Жас 
балалар – келешектегі бір буын халық. Бұрынғы қазақ арасына тарап 
жүрген  қисса-хикаялардың  бәрі  ноғайша,  арабша  аралас  тілмен 
жазылған. Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің біріне орысша 
қатынастыруды  үйреніс  қылып  алған.  Осыдан  топшылауға  болады, 
таза деген қазақ тілі де күн бұрын сақталуына қас қылмасақ  – бірте-
бірте бұзылып кететіні. Қазақ тілінің мұндай жолмен бұзылып кетуін 
көбіміз сезбей де қаламыз. 
(М.Дулатұлы) 
 
265-жаттығу. Мәтінді оқып, тыныс белгілерін қойыңыздар. 
 
Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім 
Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып 
Үш  арсыз  үш  ғайып  үш  жетім  болады  соны  кім  табады  депті 
Жиылған халық көп дағдарып 
Үш арсыз  ұйқы арсыз күлкі арсыз тамақ  арсыз  Үш ғайып қонақ 
ғайып несібе ғайып ажал ғайып деп шешіпті Бірақ үш жетімді ешкім 
таба алмапты Сонда Әз Жәнібек хан 
Елде келмеген кім қалды деп сұрапты 
Келмеген  Қарабас  шешен  қалды  депті  халық  Әз  Жәнібек 
Қарабасты  шақыртып  алып  әлгі  сөздің  шешуін  сұрапты  Сонда 
Қарабас 
Жетім үшеу емес бесеу еді ғой 
Оты жоқ жер жетім 
Басшысы жоқ ел жетім 
Елінен ауған ер жетім 
Тыңдаушысыз сөз жетім 
Жоқтаушысыз қыз жетім дейді Сонда Әз Жәнібек 
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет