Пунктуациясы



жүктеу 1.36 Mb.
Pdf просмотр
бет5/19
Дата28.12.2016
өлшемі1.36 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бас әріптің қолданылуы 
 
Бас әріппен жазылатын сөздер 
Мысалы 
Жалқы есімдер 
Павлодар, Манас 
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар  Президент Әкімшілігі 
Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың 
күрделі атауларының әр сөзі 
Қазақстан Республикасы 
Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, 
өлеңнің әрбір жолы 
Жанұя – шағын мемлекет. 
Мен  –  президент,  сен  – 
премьер. (Қ.Аманжолов) 
Кісі  аттарымен  қабаттаса  айтылатын  тұрақты  эпитеттер 
жалқы есімнің алдынан келсе 
Жаяу Мұса, Ер Төстік 
Корея,  индонезия,  бирма,  тайланд  т.б.  халықтардың  аты-
жөндерінің әрбір сөзі 
Ким Ир Сен, Хо Ши Мин 
Бас әріптермен қысқарған сөздер 
БҰҰ, ТМД 
Түрлі  мекемелер,  білім-ғылым  орындарының  т.б.  күрделі 
атауларының бірінші сөзі 
Павлодар мемлекеттік 
университеті  
Мифологиялық  «иелердің»,  «құдайлардың»,  «әулиелердің» 
аттары 
Ойсылқара 
Мал, құс, ит т.б. қойылған аттар 
Ақбоз, Тайбурыл 
Маңызды 
тарихи 
дәуірлер, 
революция, 
уақиғалар, 
мерекелердің аттары 
Ұлы Отан соғысы 
Бұрынғы ордендердің аттары 
Қызыл Жұлдыз ордені 
Ресми құжаттардағы шартты атаулар 
Жоғары мәртебелі 
Президент мырза 
Аса маңызды құжаттардың аттары 
Тіл комитетін құру 
туралы жарлық 
Ордендер  мен  медаль  аттары  және  құрметті  атақтардың 
бірінші сөзі 
«Ардақты ана» ордені 
Кітап, газет, журнал аттары 
«Қартқожа» романы 
Көше,  алаң,  парк,  шоссе,  көпір,  жол  т.б.  аттарының  бірінші 
сөзі 
Жібек жолы көшесі 
Рудың аты жалқы есімнің алдынан келетін тұрақты эпитеттің 
орнында жұмсалса 
Қызылқұрт Теке би, 
Қаракерей Қабанбай 
 
Ескерту.  Мифологиялық,  қиял-ғажайып  бейнелердің  тегін,  затын 
білдіретін атаулар кіші әріппен жазылады: пері, ібіліс, періште, шайтан, дию
Титулды  білдіретін  сөздер  жалқы  атаудың  алдынан  келсе,  бас  әріппен, 
соңынан келсе, кіші әріппен жазылады: Әмір Темір, Ағатай хазірет
Найман,  керей,  албан,  арғын,  адай,  қыпшақ,  үйсін  т.б.  рулардың  ішкі 
жіктерін көрсететін атаулардың жалқылық сипаты басым болғанса, бірінші сөзі 
бас әріппен жазылады: Сары үйсін, Көлденең қыпшақ т.б. 
 
82-жаттығу. Сөйлемдердегі бас әріппен келетін сөздерді анықтап, жазылу 
себебін түсіндіріңіздер. 
І. аздан соң ербол абайлардан бөлініп, көлқайнарға қарай тартып 
кетті.  (М.Ә.)  қасым  пішенбаев  көмір  тапқаннан  кейін,  ол  баянауыл, 

 
47 
қарқаралы жерлерін сонау балқашқа дейін иемденіп алады. ұлы сібір 
темір  жолын  салуына  байланысты  ХІХ  ғасырдың  аяқ  кезінде 
екібастұз  көмірін  пайдалану  үшін  «воскресен  тау-кен  акционерлік 
қоғамы»  ұйымдасады.  павлодар  қаласына  таяу,  ертістің  сол  жақ 
жағалауындағы  воскресенская  пристанына  екібастұздан  тар  табанды 
темір  жол  тартылды  да,  сол  жолмен  екібастұз  көмірін  деров  ертіс 
арқылы омбыға тасытады. (Ә.Нұрш.) араб басқыншылығынан кейінгі 
кездегі қараханид кезеңінің тілдік ерекшеліктерін сипаттайтын жазба 
материалдарға  юсуф  баласағұнның  «құтадғу  білік»  атты  поэмасы, 
махмұд  қашқаридің  «дивану  лұғат-ат  түрік»  атты  лингвистикалық 
еңбегі, ахмед югнакидің «һибат-уль-хакаик» атты еңбегі, қожа ахмет 
яссауидің  шығармалары  («хикметі»)  жатады.  (С.И.)  шығыстың 
классикалық  әдебиетінің  қазақша  еркін  аудармалары,  яғни  шығыс 
сюжеттерін  қайталап  қазақша  жырлаған  туындылар:  «шахнаме», 
«ләйлі – мәжнүн», «жүсіп – зылиха», «фархад – шырын», «ескендір», 
«мұңлық  –  зарлық»,  «сейфүл-мәлік»,  «бозжігіт»,  «шахмардан», 
«шәкір – шәкірат» т.б. (Р.С.) 
 
ІІ.  бұл  асқа  қарқаралының  арғыны,  жетісудің  жалайыры,  садыр-
матайы, семіз-найманы, ылдидің уақ, бурасы, дағандының керейі бар, 
талай  үлкен  рулар  келмек.  (М.Ә.)  күлкісі  көмір  болғыр  сейіттің  не 
бүлдіріп,  не  қойғанын  группадағылар  тұңғышбаев  келген  соң  бірер 
минут  өтер  өтпесте-ақ  білген-ді.  (М.Әуб.)  исаның  жайын  сөз  қылу 
тәкежаннан  құтылудың  шарасы  емес-ті.  (М.Ә.)  ХІХ  ғасырдың  соңы 
мен  ХХ  ғасыр  басында  жарық  көрген  кітаптар,  газет-журналдар 
(«түркістан  уалаятының  газеті»,  «дала  уалаятының  газеті»,  «айқап» 
т.б.) тілінен де міне осыны байқаймыз.  (С.И.) сондықтан «алпамыс», 
«қамбар  батыр»,  «ер  тарғын»  сияқты  ежелгі  батырлар  жырлары  да, 
«қыз  жібек»,  «айман  –  шолпан»  тәрізді  лиро-эпостар  да,  қазақтың 
профессионал  ақындарының  өлеңдері  де,  жыр-дастан  болып  келетін 
жаңа туындылар да «қисса-и» атымен басылды. (Р.С.) 
 
83-жаттығу. Төмендегі газет-журнал аттарын емле бойынша жазыңыздар. 
«ұшқын»,  «сарыарқа  самалы»,  «дала  уалаятының  газеті», 
«жұлдыз»,  «лениншіл  жас»,  «егеменді  қазақстан»,  «ана  тілі»,  «қазақ 
әдебиеті»,  «айқап»,  «қазақстан  мұғалімі»,  «қазақстан  әйелдері», 
«түркістан уалаятының газеті», «абай». 
 

 
48 
84-жаттығу.  Көркем  шығармалардан  бас  әріппен  жазылатын  сөздердің  әр 
түріне мысал келтіріңіздер. 
 
85-жаттығу.  Төмендегі  шығармаларды  емле  ережесі  бойынша  жазып, 
авторларын анықтаңыздар. 
«кең  өріс»,  «ақбілек»,  «жапандағы  жалғыз  үй»,  «шұғаның 
белгісі»,  «бақытсыз  жамал»,  «үркер»,  «жас  түлектер»,  «құлагер», 
«бай  баласы  мен  жарлы  баласы»,  «москва  үшін  шайқас»,  «оянған 
өлке»,  «ақ  жайық»,  «көшпенділер»,  «батыр  баян»,  «қызыл  жебе», 
«каһарлы күндер», «ботагөз», «қилы заман», «тар жол, тайғақ кешу», 
«қалың мал», «аласапыран», «инеш», «қан мен тер», «алтын сақина», 
«қамар сұлу». 
 
Шығармалардың  авторлары:  Ғ.Сланов,  Ә.Әбішев,  Т.Ахтанов, 
С.Жүнісов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Шаймерденов, Б.Момышұлы, 
Қ.Есенжанов,  І.Есенберлин,  Ш.Мұртаза,  М.Жұмабаев,  І.Жансүгіров, 
С.Мұқанов, 
Ә.Нүрпейісов, 
Қ.Кемеңгеров, 
С.Торайғыров, 
Ғ.Мүсірепов,  М.Әуезов,  С.Көбеев,  С.Сейфуллин,  Ж.Аймауытов, 
Б.Майлин, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов. 
 
86-жаттығу.  Төмендегі  сөздерді  тиістісін  емлеге  сай  бас  әріппен 
жазыңыздар. 
павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институты,  ақан  сері, 
сыртқы  істер  министрлігі,  біріккен  ұлттар  ұйымының  бас 
ассамблеясы, семенов-тяньшанский, ғылым академиясы, қазақ ұлттық 
педагогика  университеті,  ер  төстік,  қазақстан  халық  қаһарманы, 
баянауыл ауданы, қазақстан республикасы президенті, тұйғын, құран 
кітабы, жезтырнақ, ұлттық банк қоры, тіл білімі институты, бодуэн де 
куртенэ,  павлодар  облысының  әкімі,  қыз  жібек,  қырғызстан 
республикасы жоғарғы соты, астана қаласы, біржан сал, шалқұйрық, 
жолбарыс,  жаңа  жыл,  шекшеката,  қазақстан  республикасының 
ғылымына  еңбегі  сіңген  қайраткер,  инновациялық  евразия 
университеті,  тәурат,  леонардо  да  винчи,  түрксіб  темір  жолы, 
қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі. 
 
87-жаттығу.  Ғылыми-зерттеу  еңбектерінен  бас  әріптің  қолданылуына  он 
бес мысал теріп, олардың жазылуын түсіндіріңіздер. 
 
88-жаттығу.  Жақшаны  ашып,  төмендегі  сөздерді  емле  ережесіне  сай 
жазыңыздар. 

 
49 
батыс(еуропа), 
судыр(ахмет), 
жаңа(зеландия), 
орта(жүз), 
сейфүл(мәлік), 
солтүстік(корея), 
қиыр(шығыс), 
орта(азия), 
қара(теңіз), 
ер(тарғын), 
аяз(ата), 
қамбар(ата), 
бұқар(жырау), 
ұлы(британия),  асан(қайғы),  шопан(ата),  ұмай(ана),  ұлы(жүз), 
зеңгі(баба),  солтүстік(двина),  мадагаскар(аралы),  балуан(шолақ), 
қазыбек(би),  екі(бас)(тұз),  оңтүстік(америка),  жаяу(мұса),  жаңа(жер), 
апенин(түбегі), алдар(көсе). 
 
89-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, өзіндік ойларыңызды айтыңыздар. 
 
Нан ардақты, адал дос 
Бір кезде болып нанға зар, 
Қадірін білген адамдар. 
Әулие тұтып нанды ұстап, 
«Нан ұрсын» деп қорғанар. 
Нан ардақты, адал ас, 
Кәрі, жас онан аттамас. 
Ақ дастарқан үстінде,  
Қол жумай оны ұстамас. 
Нандай жоқ қой асыл дәм, 
Жеп үйренген жасыңнан. 
Дастарқаннан нан кетсе,  
Береке кетер асыңнан. 
Ей, балалар, балалар, 
Болмаңдар, сірә, нанға тар. 
Өмірдің алтын арқауы – 
Нан қиқымын шашпаңдар.  
Жерде жатса, баспаңдар, 
Теріп алып, қастерлеп. 
Торғайларға тастаңдар. 
(Ө.Тұрманжанов) 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І.  Бас  әріппен  келген  сөздердің  дұрыс  жазылғандарын 
табыңыздар. 
A) Ұлы отан соғысы 
B) Еңбек Қызыл Ту ордені 
C) Түрксіб темір жолы 

 
50 
D) Ғылым Академиясы 
E) Хо ши мин 
 
ІІ. Барлық сөзі бас әріппен жазылатын сөздерді белгілеңіздер. 
A) қазақстан халық қаһарманы 
B) инновациялық еуразия университеті 
C) білім және ғылым министрлігі 
D) біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясы 
E) кеңес одағы батыры 
 
ІІІ. Емле ережесі бойынша жазылған сөздерді белгілеңіздер. 
A) Тұрсын-Заде 
B) Қамбарата 
C) Ер Тарғын 
D) Біржан сал 
E) Фон Бисмарк 
 
ІҮ.  Атаулардың  барлық  сөзі  тек  бас  әріппен  жазылатын 
ережелерді белгілеңіздер. 
A) Халық, ұлт, тайпа аттары мен адамның тұрған жеріне қарай -
лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы жалғанып жасалған атаулар 
B) Кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы 
есімнің алдынан келсе 
C) 
Әртүрлі 
мекемелердің, 
білім-ғылым 
орындарының, 
партиялардың,  ұйымдардың,  бірлестіктердің,  қорлардың  т.б.  күрделі 
атаулары 
D) Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар 
E)  Мемлекеттердің,  республикалардың,  жоғарғы  мекемелер  мен 
ұйымдардың күрделі атаулары 
 
Ү. Емле ережесі бойынша жазылған сөздерді белгілеңіздер. 
A) Нью-Йорк 
B) 9 мамыр 
C) Наурыз мейрамы 
D) Қазақстан-Ресей Келіссөзі 
E) әл-Фараби 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 

 
51 
Тасымал 
 
Жазып  келе  жатқан  жолға  сыймаған  сөз  буын  жігіне  қарай 
тасымалданады: ба-лу-ан, тәр-бие, өне-ге-лі, сал-мақ-ты. 
Тасымалданбайтын сөздер 
Бір 
буынды 
сөздер 
Бас 
әріптен 
қысқарған 
сөздер 
Қысқартылған 
кісі 
есімі 
фамилиядан 
айырып 
тасымалданбайды 
Цифр 
арқылы 
таңбаланатын 
сандар 
қысқарған 
атауларынан 
бөлінбейді 
Сөздің  жеке  әрпін 
сол 
жолдың 
өзінде  не  келесі 
жолға  қалдыруға 
болмайды 
спорт, ұлт  ИнЕУ, ҚазҰПУ  С.Мұқанов 
5 т, 30 м 
і-лім, а-на 
 
90-жаттығу. Төмендегі сөздерді қалай тасымалдауға болатынын дефиспен 
(-) бөліп көрсетіңіздер. Тасымалдауға келмейтін сөздерді бөлмей көшіріңіздер. 
Үлгі: жұ-мырт-қа, ар-ман. 
Буын, білім, үлгі, ынта, тиін, өнер, жұмыртқа, арман, сауат, қиял, 
еңбек,  әнұран,  бірыңғай,  абырой,  әділ,  амандық,  қасиет,  әлем,  ақыл, 
зейін, зиялы, инабат, оқу, өнеге, әрекет, өсиет, ұлағат, өмір, ықылас, 
ажуа,  ілім,  ПМПИ,  М.О.Әуезов,  25  га,  5  кг,  Ғ.Мүсірепов,  БҰҰ,  ҚР, 
сәуегей,  Қазақстан,  іріткі,  суық,  биыл,  мұқият,  құмырсқа,  спектр, 
стенд, қияңқы, қиямет. 
 
91-жаттығу.  Сөздерді  тасымалдауға  болатынын  бір  бөлек,  тасымалдауға 
болмайтынын бір бөлек көшіріп жазыңыздар. 
Қиын,  Адамата,  айқас,  А.Құнанбаев,  ақуыз,  мәдениет,  дүние, 
айыл,  әзіл,  Ресей,  Сәкен,  ақылы,  ҚазҰПУ,  5  метр,  ажал,  2011  жыл, 
Ғ.Мұстафин,  қияр,  суыр,  киіз,  сояу,  ағашаяқ,  алабұта,  ақыл-ес, 
ашықауыз, белағаш, бесаспап, биялай, буынаралық, дүнияуи, иллаһи, 
кәусар,  кейқуат,  көкаяз,  көзақы,  әкімият,  ащыот,  ПМУ,  21  кг,  9  т, 
спорт, ұн, бауырсақ, әлем. 
 
92-жаттығу.  Төмендегі  жаттығудан  тасымалдауға  болмайтын  сөздерді 
теріп жазыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. 
 
Аурудан аяған күштірек 
Сейіт  орам  үстінде  жүгіріп  бара  жатқанда  бір  арбалы  келіп, 
аңдаусыз  соғып  кетіп,  аяғын  сындырыпты.  Ойбайлап  жылап  жатқан 
баланы  көріп  шошынғаннан  шешесі  есінен  танып  қалыпты.  Мұны 
көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл сынған аяғын орнына салып, таңып 
жатқанда  да  дыбысын  шығармай,  қабағын  да  шытпай  жатты.  Сонда 
сынықшы кісі: 

 
52 
– Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады. 
Сейіт,  шешесі  шығып  кеткен  соң,  демін  алып,  сынықшыға 
сыбырлап айтты дейді: 
–  Ауырмақ  түгіл  жаным  көзіме  көрініп  тұр,  бірақ  менің 
жанымның  қиналғанын  көрсе,  әжем  де  қиналып,  жүдемесін  деп, 
шыдап жатырмын, – деді. 
(Ы.Алтырсарин) 
 
93-жаттығу.  Берілген  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  жазылуы  мен 
айтылуындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіздер. 
Көзқарас,  түкірік,  әркім,  көркем,  ақ  ала,  он  қап,  ақ  ешкі, 
өнеркәсіп,  Кеңесбаев,  күрек,  көбелек,  ала  кел,  сарыкүйік,  омыртқа, 
құс  жолы,  қара  қағаз,  әрқашан,  сиыр  қора,  Есжан,  сәнқой,  бес  жыл, 
жұмысшы, ақ аю, қара өлең, қоңырқаз, қоңырау, сары аяз. 
 
94-жаттығу.  Естілуінше  жазылған  өсімдік  атауларын  орфография  заңы 
бойынша жазып, себебін түсіндіріңіздер. 
Айғабақ,  бійеғарын,  сұуғабақ,  қойамбеде,  айылғыйақ,  байалыш, 
қышшөп,  доңұссырт,  айагөз,  ешкіғұйрұқ,  жамаңғұлақ,  жөтөлшәй, 
запраңгүл, ійреккүл, ағжұусан, ійтшұуа, ағжүзгөн, кійігот, бұуұлдұқ, 
көгнәр,  айұуот,  қарот,  божжұусан,  ағжүгөрү,  ырайхаңгүл,  ақпас, 
сабыңгөк,  ағмыйа,  саңрауғұлақ,  айрауұқ,  ташшарған,  балбырауұн, 
ақпійдай,  түйнөгөлөң,  айылжұуа,  қарөлөң,  балғұурай,  ійтмұрұн, 
сұупыйаз, шәйжапрақ, ійтшеміс, інжүугүл. 
 
95-жаттығу.  Айтылуы  мен  жазылуы  бірдей  зоологиялық  терминдерді  бір 
бағанға, айтылуы мен жазылуы бөлек зоологиялық терминдерді екінші бағанға 
топтап жазыңыздар. 
Ақбөкен, ақбалық, ақүрпек, алагүлік, алақұрт, аламан, арабалық, 
атсілеусін, балара, батбат, берікбас, бунақдене, бұзаубалық, бұраубас, 
бұршаққоңыз, есекара, жайра, жарғаққанаттылар, заузақұрт, киізқұрт, 
көкшыбын,  күнбалық,  кірпікшешен,  кіс,  қаракүзен,  қарақал, 
қарақұлақ,  қозыбас,  құмқұрт,  құршаян,  мәлін,  пайызторғай, 
сазқұндыз, семсербалық, сымыр, түзат, шіл. 
 
96-жаттығу.  Төмендегі  мәтінді  орфоэпия  заңдылығына  сәйкестендіріп 
жазыңыздар. Өзгеріске түскен сөздердің себебін түсіндіріңіздер. 
...Кәрі  аңшы  Ақшегірдің  томағасын  тартып,  үндемей  тасқа 
шүйіліп  отыр  еді.  Бір  мезгілде  алыстағы  қағушының  айғайы  естілді. 
Ақшегір  елең  етіп,  барлық  үлкен  денесі  екі  ғана  отты  шегір  көз 

 
53 
болғандай болып, қызыл тасқа шаншылып, қадалып қалды. Артынан 
аз уақытта аңшының қолынан атып жөнелді. Сол кезде қызыл тастың 
аңшыларға  қараған  қарсы  беттегі  бір  жарықтан  түлкі  етекке  қарай 
шұбатыла берді. Ақшегір аңшылардан бұрын қабат тастың арасынан 
қылп  еткен  жонын  көрген  екен.  Денесі  ыстық  оттай  қайнаған 
шыдамсыз қыран жай отындай жарқ етіп, аспанға шықты. Етекке түсе 
алмай асығып, қарбаласып қалған түлкі ежелгі кекті жауын кең жерге 
шығып  тоса  алмай,  қызыл  тастың  қия  бетінде  құйрығын  шаншып, 
керіп  тұрып  қалды.  Майданға  шығып,  қызықтырып  тұрған  жерін 
көрген  қыран  айналып,  аспандап  көтеріле  берді.  Аспандаған  сайын 
жынын шақырған қара бақсының қабағындай төңкеріліп, қайта-қайта 
түйіліп,  көтеріліп,  күші  мен  ызасын  жиып  жүрді.  Аяғында  жерге 
қарсы қасқарып, төсін төсеп, бір екпіндеп көтеріліп алып, бетін бұра 
сала түлкіге қарай шаншыла жөнелді. 
(М.Әуезов «Бүркіт аңшылығының суреттері») 
 
97-жаттығу.  Орфоэпия  заңдылығына  сәйкестендіріліп  берілген  мәтінді 
орфография заңы бойынша жазыңыздар. 
Сәукөлө  –  әйелдің  бас  кійімі,  онұ  ұзатылған  ғыздар  және  онұң 
жанына еріб жүрөтүн ғұрбұлар гійген. Сәукөлөнүң негізгі бөлүктөрі – 
тәж,  төбө,  құлақ  пау  және  артқы  бойұ.  Сәукөлөнүң  төбөсү  қыйық 
конус  тәрізді  болұп  келеді.  Онұ  асыл  тас,  алтын,  күмүс,  меруерт, 
маржанмен  өрнөктөйді.  Сәукөлөнүң  төбөсүнүң  бійіктігі  екі  сүйөм, 
кейде  одан  да  бійік  полады.  Сәукөлөнү  өлшөп  пішіб  алып,  ішіне 
астар,  сырт  жағына  бійдай  шүбөрөг  ұстап  жійі  етіп  сырыйды.  Одан 
соң  онұң  сыртын  қамқа,  дүрүйә,  торғұн  сыйақты  асыл  матамен 
тыстайды.  Сәукөлөнү  әшекейлеу  үшүн  онұң  тысының  сыртынан  зер 
жіптен тоқұлған оқаларды белдеулөп басады. Онұң етегін мақпалмен 
не қара барқытпен әдіптеп көмкөрөді. Ал маңдай тұсұна зер не жібек 
шашақтың  шоқтарын  тағады.  Шашақтың  сәукөлөгө  жалғасқан  тұсұн 
асыл  тастан  көз  орнатқан  алтын,  күмүс  түйрөуүштөрмен  бекітеді. 
Сәукөлөнүң ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгүлтүп 
жауұп қойады. Ол көйлөктүң етегі сыйақты жерге сүйрөтүліп жүрөдү. 
Сәукөлөгө  ұзұң  ғұлақ  пау  тағады.  Онұ  шетін  шыр  айналдыра  зер  не 
жібег жіппен шалып көмкөрөдү, түбүнө сәнді түйрөуүш түйрөлөдү. 
Қазіргі  гезде  де  кейбір  жерлерде  қалыңдықтың  басына  сәукөлө 
гійгізіп, ағ желег жабатындар да гездеседі. 
(«Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясынан) 
 

 
54 
98-жаттығу.  Төмендегі  мақал-мәтелдерді  қолданып,  мамандықтарыңыз 
туралы  сұрақ-жауап  түрінде  әңгімелесіңіздер.  Мақал-мәтелдерді  жаттап 
алыңыздар. 
Асыл міндет – адалдық, асыл қасиет – адамдық. Ақылды ұл білім 
іздер,  ақылсыз  ұл  шылым  іздер.  Ары  жоқ  жігіттен,  намысы  бар  қыз 
артық. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. Білімдіге дүние жарық, 
білімсіздің  күні  кәріп.  Ғылыммен  жақын  болсаң,  қолың  жетер, 
залыммен  жақын  болсаң,  басың  кетер.  Ұстазы  жақсының  ұстамы 
жақсы.  Оқи  берсең,  көзің  ашылады,  отыра  берсең,  жалқаулық 
басынады. Өнер алды  –  қызыл тіл. Өнер  –  таусылмас азық, жұтамас 
байлық.  Аузына  келгенін  сөйлеу  –  ақымақтың  ісі,  алдына  келгенін 
жеу  –  айуанның  ісі.  Аузы  құлып  сандықты  кілт  ашпаса,  тіл  ашар, 
түйін-түйін  сырыңды  түбінде  келіп  шын  ашар.  Жақсылардың  үлгісі 
жанып тұрған шамдай, шешендердің сөздері ағып тұрған балдай. 
 
Тақырып бойынша тест тапсырмалары 
 
І. Тасымалдауға болмайтын сөздерді табыңыздар. 
A) біріккен сөздерді буын жігімен 
B) екі, үш не одан да көп әріптерден құралған бір буынды 
сөздерді 
C) у, и әріптері бар сөздерді 
D) бас әріптен қысқарған сөздерді 
E) цифр арқылы таңбаланатын сандарды қысқарған атауларынан
 
 
ІІ. Дұрыс тасымалданбаған сөздерді белгілеңіздер. 
A) әнұ-ран 
B) ы-рыс 
C) би-ік 
D) ы-қылас 
E) бу-ын 
 
ІІІ. Дұрыс тасымалданған сөздерді белгілеңіздер. 
A) құ-мыр-сқа 
B) бі-рыңғай 
C) бір-ыңғай 
D) сау-ат 
E) жұ-мырт-қа 
 

 
55 
ІҮ. Дұрыс тасымалданған сөздерді белгілеңіздер. 
A) спра-йт 
B) а-яқ 
C) ки-із 
D) та-яқ 
E) С.Мұ-қа-нов 
 
Ү. Дұрыс тасымалданбаған сөздерді белгілеңіздер. 
A) 25-кг 
B) Қаз-ҰПУ 
C) и-не 
D) да-уыс 
E) пед-инс-ти-тут 
 
Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Өздік жұмыс тапсырмалары 
 
99-жаттығу. 
Төмендегі 
планета, 
жұлдыздар, 
шоқжұлдыздар, 
метеориттердің аттарын әліпби ретімен орналастырыңыздар. 
І.  Ақбозат,  Сұлусары,  Қоян,  Бөрі,  Сүмбіле,  Керік,  Өмірзая, 
Лаушы,  Мерген,  Пұттаразы,  Тостаған,  Қыз,  Тұлқатын,  Мешін, 
Сабанжолы,  Әсет,  Тауыс,  Қызылжұлдыз,  Суретші,  Сілеусін,  Аққу, 
Темірқазық,  Жігіт,  Тырнажолы,  Үлпілдек,  Тазылар,  Ақырап,  Үркер, 
Көкбозат, Үшмерген, Есекқырған, Хұт, Желкен, Шабансары, Қалқан, 
Шолпан, Күн. 
 
ІІ.  Ақжұлдыз,  Пырақ,  Таразы,  Амал,  Сиыршы,  Қарақұрт, 
Сұрмерген,  Күзетші,  Шыбын,  Кит,  Мүсінші,  Үшқарақшы,  Түлкі, 
Қозы, Үшбұрыш, Төртбосаға, Шаян, Суқұюшы, Текесүмбіле, Торпақ, 
Қырыққарақшы,  Тоқты,  Жетіқарақшы,  Тауешкі,  Сыңармүйіз, 
Бұрыштық, Көгершін, Үндес, Қауыс, Таңшолпан, Кесіртке, Мылтық, 
Лақсүмбіле. 
 
100-жаттығу. Төмендегі сөздердің емлесін есте сақтаңыздар. 
Мәшине,  мәйкі,  бәнкі,  пойыз,  кәстөм-сым,  кәлөш,  кәстрөл, 
айқұлақ,  бағаншам,  гүлшоқ,  қанатқақты,  құлаққап,  пернетақта, 
тоқбасар,  қылауыш  (кисть),  тісқылсап  (тіс  шөткесі),  алпауыт 
(олигарх),  еңбекшерік,  пайшерік,  жолдасу,  баялды,  дәсер  табақ, 
ақжағалақ, ашалаң, әсіресолшылдық, көпдеңгейлі, белтемір (турник), 

 
56 
қолтабақ (поднос), сүтсірне (сыр), әуесерік (стюардесса), ғарышайлақ 
(космодром),  бірсалар,  бірсауым,  көреалмаушылық,  тізеқосушылық, 
дендробақ,  велошабандоз,  велобәйге,  бухесеп,  бортсерік,  биоотын, 
автошеру,  құзырхат,  айдарбелгі,  флеш-жад,  төлие,  хатқалта, 
ықпалшара, көзқаман, дәрумен, Миғраж түні, Барат түні, Қадір түні, 
Мәуліт, намазжай. 
 
101-жаттығу.  Төмендегі  сөздерді  бірге  я  бөлек  жазылатынын  анықтап, 
бағанға бөліп жазыңыздар. 
Ықпал(шара),  хат(қалта),  зат(белгі),  ашық(хат),  намаз(жай), 
тіркеу(орны), мекен(жай), бал(мұрын), жел(құяң), қара(күйе), ақ(аю), 
алғы(сөз), 
қол(орамал), 
шай(қасық), 
қол(сағат), 
қол(айна), 
жел(диірмен),  бу(диірмен),  сүт(пісірім),  ат(шаптырым),  көз(көрім), 
қызыл(қайың),  қара(жидек),  киік(от),  мысық(от),  қолқа(тамыр), 
берен(гүл), 
қырмызы(гүл), 
көпшілік(қолды), 
аша(тұяқты), 
ағаш(балға),  ағаш(ине),  ағаш(соқа),  ақбас(қаз),  ақбас(тырна), 
ала(дорба), ала(көнек), алғы(шеп), алғы(шарт). 
 
102-жаттығу.  Төмендегі  өсімдік,  құс,  ойын  атауларын  өзара  ажыратып, 
бағанға бөліп көшіріңіздер. Сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар. 
Өсімдік атауы 
Құс атауы 
Ойын атауы 
 
 
 
 
Әлбидім,  әйкен,  бағырлай,  бадамшай,  байғұтан,  байғыз, 
байдакендір,  бақаот,  балқаңбақ,  балқарағай,  балдыр,  балауызағаш, 
балбырауын, 
балдыркөк, 
балжүгері, 
балтамтап, 
балтасап, 
балтатұмсық,  балмұрын,  балорын,  балпанақ,  басмия,  баттауық, 
баялыш,  баялды,  бездіқоғыр,  белбеусоқ,  белбеутастамақ,  бессаусақ, 
бестамақ,  бестас,  биебау,  бозбұға,  бозшағыр,  бозсораң,  бозшағыр, 
боркөз,  бөктергі,  бөріктеппей,  бөріктастамақ,  бұғынай,  бұқатана, 
бүргенторғай,  бізқұйрық,  бірқазан,  гага,  гагара,  есектартыспақ, 
жасырынбақ,  жаушалғын,  жаушылық,  жаутерек,  жедеш,  жорғатаяқ, 
жұппа-тақ, жұртшы, жыланжегіш, жыланбүркіт, жылқышы, көксары, 
көкжөре,  көксерек,  көкшегір,  көрсары,  қазкегір,  қазуар,  қазтамақ, 
қазтаңдай. 
 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет