Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет6/19
Дата28.12.2016
өлшемі1,36 Mb.
#666
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

103-жаттығу.  Жақшаны  ашып,  төмендегі  сөздерді  емле  ережесіне  сай 
жазыңыздар. 
айша(бибі), 
ақ(айша), 
ақан(сері), 
ақын(сара), 
ақ(көбек), 
атымтай(жомарт),  асан(қайғы),  әз(тәуке),  әнет(баба),  бабажа(хатун), 

 
57 
бақай(сыншы), 
бала(мерген), 
батыр(мәлік), 
балуан(шолақ), 
бибі(ажар),  баян(сұлу),  домалақ(ана),  ер(қосай),  жорға(жұмабай), 
көбе(қыз), 
қарахан(ата), 
құсни(жамал), 
қыпшақ(сейітқұл), 
мәшһүр(жүсіп),  нияз(сері),  серәлі(қожа),  өр(найман),  уәйіс(ата), 
ұлпан(ана),  шөкей(қыз),  шәрке(сал),  шүліңгір(батыр),  халифа(алтай), 
шапырашты(наурызбай),  шал(ақын),  үкілі(ыбырай),  шалкиіз(жырау), 
толыбай(сыншы). 
 
104-жаттығу.  Жақшаны  ашып,  төмендегі  ертегі,  миф,  аңыз-әпсана 
кейіпкерлерінің аттарын емле ережесіне сай жазыңыздар. 
ләйлі(мәжнүн), 
мақта(қыз), 
қызыл(жебе), 
мойын(шора), 
самыр(қазан),  қара(құлжа),  мәлік(ахмар),  мес(қара),  өр(қызыл), 
тәжіл(мәлік),  теріс(ұзамыш),  құл(шора),  хан(бақпай),  һарон(рашид), 
шекшек(ата),  шыншыл(суайт),  винни(үрпек),  шықбермес(шығайбай), 
мүйізді(бұғыана),  дудар(қыз),  ер(төстік),  жалғыз(жігіт),  ақ(серке), 
аяз(ата), баба(әли), ғалил(мәлік), гөзел(шах), дәу(торы), жеке(шұнақ), 
жылқы(айдар), 
қарабура(әулие), 
қара(дәу), 
көгелдей(мерген), 
қарға(шаһизат), қарыс(қарабатыр), қыз(жібек), құсшы(ата), ұмай(ана), 
сары(баян). 
 
105-жаттығу.  Жақшаны  ашып,  төмендегі  титулмен,  құрметті  атақпен 
келген кісі есімдерін емле ережесіне сай жазыңыздар. 
абыз(шаншар), 
абылай(хан), 
ағатай(хазірет), 
әмір(темір), 
баба(сұлтан),  байзақ(датқа),  бибі(ажар),  ералы(сұлтан),  жебе(ноян), 
күдері(қожа), 
қожа(хафиз), 
қожа(жәдігер), 
молда(мұса), 
мырза(ахмет),  науан(хазірет),  нысан(абыз),  сұлтан(ахмет)(мырза), 
сұлтан(бейбарыс), 
сұлтан(исан)(бұға), 
сұлтан(нигар)(ханым), 
ұлық(мұхаммед),  хан(бақпай),  шах(бике),  шах(мәлік),  шағат(бегім), 
шыңғыс(төре), тезек(төре). 
 
106-жаттығу. Жақшаны ашып, төмендегі жер-су аттарын емле ережесіне 
сай жазыңыздар. 
І.  абай(асуы),  абралы(тауы),  ақбас(көлі),  ақсораң(шыңы), 
ақсу(өзені), 
орталық(азия), 
жаңа(гвинея), 
алакөл(ойпаты), 
жасыл(мүйіс),  анд(тау)(жотасы),  бадам(сайрам)(су  сақтау)(қоймасы), 
сары(теңіз), 
аскания(нова)(қорығы), 
қызыл(теңіз), 
жаңа(британия)(аралы),  балқаш(алакөл)(ойысы),  оңтүстік(алтай), 
ақсу(жабағылы)(қорығы),  батыс(сібір)(плитасы),  бенгал(шығанағы), 

 
58 
басшы(қараөлең)(артезиан  алабы),  бетпақдала(үстірті),  ақ(ніл), 
кіші(азия), қара(ертіс), оңтүстік(батыс)(алтай), солтүстік(тянь)(шань). 
 
ІІ.  волга(балтық)(су  жолы),  қырым(тауы),  ла(манш)(бұғазы), 
донецк(днепр)(бойы), 
мурманск(порты), 
мэри(бэрд)(жері), 
ойыл(өзені),  экваторлық(гвинея),  іле(алатауы),  шығыс(қазақстан), 
шет(бақанас), 
таяу(шығыс), 
сахара(құмы), 
таулы(алтай), 
солтүстік(мұзды)(мұхит), 
қыпшақ(даласы), 
солтүстік(корея), 
жаркент(арасан)(минералды 
бұлақтары), 
орта(сібір), 
памир(алтай)(тау  жүйесі),  зеравшан(шұраты),  жоңғар(қыраты), 
зайсан(көлі), қызыл(су)(өзені), марқакөл(қорығы), құдырғы(қорымы), 
сары(шығанақ)(каналы), есік(көлі), бурабай(көлі). 
 
107-жаттығу. Төмендегі лауазымдық мәртебелер мен негізгі мемлекеттік 
құжат аттарын емле ережесіне сай жазыңыздар. 
қазақстан  республикасы  қарулы  күштерінің  бас  қолбасшысы, 
қазақстан  республикасы  қауіпсіздік  кеңесінің  төрағасы,  қазақстан 
республикасының  жоғарғы  сот  кеңесі,  қазақстан  республикасының 
конституциясы,  қазақстан  республикасының  мемлекеттік  хатшысы, 
қазақстан 
республикасының 
парламенті 
сенаты, 
қазақстан 
республикасының  премьер  министрі,  қазақстан  республикасының 
сенаты,  қазақстан  республикасының  тұңғыш  президенті  елбасы, 
қазақстан 
республикасы 
президентінің 
жарлығы, 
қазақстан 
республикасы 
ұлттық 
кеңесінің 
төрағасы, 
қазақ 
халқы 
ассамблеясының төрағасы, нұр отан партиясының төрағасы. 
 
108-жаттығу.  Төмендегі  мемлекеттік  наградалар,  құрметті  атақтар, 
сыйлықтардың атауларын емле ережесіне сай жазыңыздар. 
қазақстан  республикасының  еңбек  сіңірген  әртісі,  қазақстан 
республикасының  еңбек  сіңірген  жоғары  мектеп  қызметкері, 
қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері, абай атындағы 
сыйлық, айбын ордені, алтын жұлдыз ордені, даңк ордені, ерлігі үшін 
медалі,  еңбек  қызыл  ту  ордені,  кеңес  одағы  батыры,  парасат  ордені, 
құрмет  ордені,  халық  қаһарманы  ордені,  халықтар  достығы  ордені, 
құрмет  белгісі  ордені,  қазақстан  республикасының  еңбек  сіңірген 
мұғалімі, қазақстан республикасының құрмет грамотасы. 
 
109-жаттығу.  Төмендегі  сәулет,  мемориалдық  ғимарат  кешендердің, 
мәдениет  үйлерінің,  сауықтыру  орындарының,  мәдени  мекемелер  мен  ойын-
сауық орындарының атауларын емле ережесіне сай жазыңыздар. 

 
59 
алматы  қонақүйі,  абай  алаңы,  ардагер  емдеу-сауықтыру 
орталығы,  асы  түрген  обсерваториясы,  ботаника  бағы,  ғылым 
академиясының 
бас 
ғимараты, 
қазақстан 
атакент 
іскерлік 
ынтымақтастық орталығы, қапал арасан шипажайы, қожа ахмет ясауи 
кесенесі,  қозы  көрпеш  баян  сұлу  мазары,  қиял  әлемі  технопаркі, 
локомотив  стадионы,  неке  және  салт-дәстүрлер  сарайы,  орталық 
мәдениет және демалыс саябағы, сайран жасанды су қоймасы, тамаша 
ойын-сауық  отауы,  таугүл  ықшамауданы,  шымбұлақ  спорт  кешені, 
іле алатауы ұлттық саябағы. 
 
110-жаттығу.  Төмендегі  мерекелер  мен  атаулы  күндердің  аттарын  емле 
ережесіне сай жазып, есте сақтаңыздар. 
білім 
күні 
(1 
қыркүйек), 
қазақстан 
республикасының 
демократиялық 
жаңару 
күні 
(17 
желтоқсан), 
қазақстан 
республикасының  әскери-теңіз  күштері  құрылған  күн  (2  сәуір), 
қазақстан  республикасының  конституциясы  күні  (30  тамыз),  жаңа 
жыл  (1-2  қаңтар),  қазақстан  республикасының  мемлекеттік 
рәміздерінің  күні  (4  маусым),  қазақстан  республикасының  шекара 
әскерінің  құрылған  күні  (18  тамыз),  бүкіләлемдік  қоршаған  ортаны 
қорғау  күні  (5  маусым),  біріккен  ұлттар  ұйымы  күні  (24  қазан), 
дүниежүзілік денсаулық күні (7 сәуір), наурыз мейрамы (22 наурыз), 
дүниежүзілік  поэзия  күні  (21  наурыз),  дүниежүзілік  ядролық  қаруға 
тыйым  салу  үшін  күрес  күні  (6  тамыз),  халықаралық  қарт  адамдар 
күні (1 қазан), ұлттық валюта күні (15 қараша), дүниежүзілік жастар 
күні  (10  қараша),  тәуелсіздік  күні  (16  желтоқсан),  халықаралық 
отбасы  күні  (15  мамыр),  халықаралық  студенттер  күні  (17  қараша), 
республика  күні  (25  қазан),  отан  қорғаушылар  күні  (7  мамыр), 
халықаралық  балаларды  қорғау  күні  (1  маусым),  азаматтық  татулық 
күні (10 желтоқсан), халықаралық әйелдер күні (8 наурыз). 
 
111-жаттығу. Төмендегі дәуір, кезең, мәдениет, тарихи оқиға атауларын 
емле ережесіне сай жазып, есте сақтаңыздар. 
ақмола  көтерілісі  (1916),  ақ  орда  (ХІІІ-ХҮ  ғғ.),  ақтабан 
шұбырынды,  алқакөл  сұлама  (1723-1729),  ақпан  төңкерісі  (1848), 
алтын  орда  (ХІІІ-ХҮ  ғғ.),  аңырақай  шайқасы  (1727),  барбаросса 
жоспары (1941), баку коммунасы (1918), желтоқсан көтерілісі (1986), 
екінші  дүниежүзілік  соғыс  (1939-1945),  жет  жарғы  (ХҮІІ-ХҮІІІ  ғғ.), 
бірінші  дүниежүзілік  соғыс  (1914-1918),  куликов  шайқасы  (1380), 
кенесары  көтерілісі  (1841-1846),  қазан  төңкерісі  (1917),  исатай-

 
60 
махамбет  көтерілісі  (1836-1838),  қанды  жексебі  (1905),  қайта 
өркендеу  ренессанс  (ХІҮ-ХҮІ  ғғ.),  қызылқастылар  көтерілісі  (1727), 
ұлы  отан  соғысы  (1941-1945),  орхон-енисей  жазулары  (ХІІІ  ғ.), 
отырар  қорғанысы  (1219),  сталинград  шайқасы  (1942-1943), 
стахановшылар  қозғалысы  (1930),  тоныкөк  жазуы  (ҮІІІ  ғ.),  сырым 
датұлының  көтерілісі  (1783-1797),  төте  жазу  (1926),  столыпиннің 
аграрлық реформасы (1906), ұлы жібек жолы (б.з.б ІІ-ХҮІ ғғ.). 
 
112-жаттығу.  Төмендегі  мекеме,  ұйым,  кәсіпорын  атауларын  емле 
ережесіне сай жазып, есте сақтаңыздар. 
І.  абай  атындағы  қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті, 
а.байтұрсынұлы  атындағы  тіл  білімі  институты,  альянс  банкі 
акционерлік  қоғамы,  алатау  кинотеатры,  атакент  халықаралық 
көрмелер  орталығы,  әбу  насыр  әл-фараби  атындағы  мұражай, 
қазақойл  ұлттық  мұнай-газ  компаниясы,  қазақстан  республикасы 
әділет  министрлігі,  қазақстан  республикасы  білім  және  ғылым 
министрлігі  ғылым  комитеті,  қазақстан  республикасы  қаржы 
министрлігінің  кедендік  бақылау  комитеті,  қазақстан  республикасы 
қаржы  министрлігінің  салық  комитеті,  қазақстан  республикасы 
қорғаныс  министрлігінің  ұлттық  қорғаныс  университеті,  қазақстан 
республикасы  мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  ақпарат  және 
мұрағат  комитеті,  шымбұлақ  тау-шаңғы  шипажайы,  шығыс  әйелдері 
халықаралық экологиялық қауымдастығы. 
 
ІІ.  қазақстан  республикасы  денсаулық  сақтау  министрлігі, 
қазақстан  республикасы  қаржы  министрлігінің  қазынашылық 
комитеті,  қазақстан  республикасы  қоршаған  ортаны  қорғау 
министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитеті, қазақстан 
республикасы  мәдениет  және  ақпарат  министрлігінің  тіл  комитеті, 
қазақстан  республикасының  мемлекеттік  мұрағаты,  қазақстан 
республикасының  президенті  жанындағы  мемлекеттік  басқару 
академиясы, 
қазақстан 
республикасы 
туризм 
және 
спорт 
министрлігінің  спорт  комитеті,  қазақстан  халық  банкі  акционерлік 
қоғамы,  қазақтелеком  ұлттық  акционерлік  компаниясы,  қазақтың 
республикалық  мемлекеттік  гүлдер  эстрадалық  жастар  ансамблі, 
медеу  спорт  кешені,  парасат  ұлттық  ғылыми-технологиялық 
холдингі, хабар агенттігі. 
 

 
61 
113-жаттығу.  Төмендегі  негізгі  халықаралық,  өңірлік  және  үкіметтік 
емес ұйымдардың атауларын емле ережесіне сай жазып, есте сақтаңыздар. 
адам  құқықтары  жөніндегі  кеңестің  арнайы  рәсімдері,  адам 
құқықтары  жөніндегі  кеңестің  әмбебап  кезеңдік  шолуы,  аз  ұлттар 
істері  жөніндегі  жоғарғы  комиссар,  азия  даму  банкі,  дүниежүзілік 
ислам конгресі, ислам ынтымақтастығы ұйымы, оңтүстік шығыс азия 
шарты  ұйымы,  опек  халықаралық  даму  қоры,  орталық  азия 
ынтымақтастығы  ұйымы,  парламентшілердің  тұрғын  халық  және 
даму  жөніндегі  азия  форумы,  солтүстік  атлант  шарты  ұйымы, 
солтүстік америкалық еркін сауда туралы шарт, тәуелсіз мемлекеттер 
достастығы, 
халықаралық 
рақымшылық 
ұйымы, 
шанхай 
ынтымақтастық ұйымы, халықаралық футбол федерациясы. 
 
114-жаттығу.  Төмендегі  сөздерді  қалай  тасымалдауға  болатынын 
дефиспен  (-)  бөліп  көрсетіңіздер.  Тасымалдауға  келмейтін  сөздерді  бөлмей 
көшіріңіздер.  
Үлгі: Еш-кі-мү-йіз, Кө-гер-шін. 
Айдаһар,  Кит,  Ақжұлдыз,  Ақырап,  Амал,  Әсет,  Бикеш,  Бүркіт, 
Бұрыштық,  Егіздер,  Ешкімүйіз,  Күн,  Желкен,  Үт,  Жетіқұрт,  Оқ, 
Жетіген,  Жылан,  Керік,  Өмірзая,  Тор,  Арыстан,  Көгершін, 
Есекқұрған,  Хұт,  Көкбозат,  Қарақұрт,  Қоян,  Қауыс,  Мерген,  Мешін, 
Пырақ, Сабанжолы, Сарышаян, Сиыршы, Суқұюшы, Сілеусін, Тоқты, 
Торпақ, Тостаған, Түлкі, Үлпілдек, Үркер, Үшбұрыш, Шаян, Шыбын, 
Шабансары, Шолпан, Таңшолпан. 
 
115-жаттығу. 
Берілген  сөздердің  жазылуы  мен  айтылуындағы 
айырмашылықтарды түсіндіріңіздер. 
Өрмекші  жұлдызы,  Кіші  ат,  Кіші  аю,  Көгершін,  Кит,  Күзетші, 
Көкбозат,  Қарақұрт,  Қауыс,  Қозы,  Қосжұлдыз,  Қоян,  Қушық, 
Құсжолы, Қызылжұлдыз, Қыранқарақшы, Мүсінші, Нарық жұлдызы, 
Оңтүстік  үшбұрыш,  Өмірзая,  Өрмекші  жұлдызы,  Рүстем  белбеуі, 
Сарыжұлдыз,  Сарышаян,  Сиыршы,  Суқұюшы,  Сүмбіле,  Темірқазық, 
Үлпілдек, Шаян, Үшбұрыш. 
 
116-жаттығу. Төмендегі мәтіннен тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп 
жазыңыздар, ережесін түсіндіріңіздер. 
 
Әдептілік 
Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі, екінші бір елдің байымен 
жолығысып  сөйлесіп  тұрғанда,  қасынан  бір  жарлы  мұжық  өтіп  бара 

 
62 
жатып  иіліп,  бас  ұрып  сәлем  береді  дейді.  Оған  қарсы  әлгі  үлкен 
оқымысты да онан төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда 
қасындағы бай: 
– Тақсыр, осыншама біліміңіз бар ғалымсыз, сөйте тұра осындай 
бір мұжыққа бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрады. 
Сонда ғалым кісі тұрып: 
–  Ешбір  ілім-білім  үйренбеген  сонша  иіліп,  әдептілігін 
көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? – деді. 
(Ы.Алтынсарин) 
 
117-жаттығу.  Төмендегі  мәтіннен  тіл  үндестігіне  бағынбайтын  сөздерді 
теріп жазып, себебін түсіндіріңіздер. 
 
Күләш Байсейітова 
Күләш  Байсейітова  –  ұлы  әнші,  қазақтың  опера  өнерінің  негізін 
салушылардың  бірі,  КСРО  халық  әртісі,  КСРО  Мемлекеттік 
сыйлығының лауреаты. 
Ол Қазақ музыка театрында жұмыс істей жүріп, қазақ, орыс және 
шетел  композиторларының,  атап  айтқанда:  Е.Г.  Брусиловскийдің 
«Қыз  Жібек»,  «Ер  Тарғын»,  «Жалбыр»  операларында  Қыз  Жібек, 
Ақжүніс, Қадиша, М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсында Сара, 
П.И.  Чайковскийдің  «Чио-Чио-Санында»  Баттерфляйдың  бейнелерін 
жасады. 
Күләш  қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  1936  жылы  Мәскеуде  өткен 
онкүндігіне қатысып, КСРО халық әртісі атағын алды. Бар-жоғы 24-
ақ  жастағы  әнші  үшін  бұл  зор  мәртебе,  абырой  еді,  әлі  күнге  дейін 
мұндай жетістікке ешкім жетіп көрген жоқ. 
Алматыда  оның  атында  орталық  көше  және  музыкалық  мектеп-
интернат бар. Әнші тұрған үйге ескерткіш тақта қойылған. 
 
118-жаттығу. 
Орфоэпия 
заңдылығына 
сәйкестендіріліп 
берілген 
мәтіндерді орфография заңы бойынша жазыңыздар. 
 
Жомарт 
Атымтай жомарт өзү есепсіз бай бола тұрұп, күн сайын бір мезгіл 
үстүнө  ескі-ғұсқұ  кійім  гійіп,  отұң  гесіп,  шөп  тасып  жұмұс 
қыладекен. Бір гүнү өзүнүң жақын, таныстары сұрады дейді: 
– Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ақша – тамақ, жалаңашқа 
–  кійім,  үйсүздөрге  –  үй  болдұңұз,  сөйтүп  тұрұп  өз  басыңызды 

 
63 
кемшілікке  салып,  жеталмаған  жарлыша  отұң  гесіп,  шөп 
тасығаныңыздың мәнісі не? – деп. 
Жомарт айтты дейді: 
–  Төрт  түрлү  себеп  бар.  Әуөлгүсі:  әдемат,  асыл  гійім,  асқан 
дәулетті  өнө  бойұ  әдет  етсең,  көңүлгө  жел  гіргізеді,  сол  желіккен 
көңүлмөн  өзүмнөн  терезесі  төмөн  бейшаралардан  жійреніп,  көз 
салмай,  кем-гетікке  жәрдем  берүудү  ұмұтармын  деп  қорқамын. 
Екіншісі:  бар  бола  тұрұп  мен  жұмұс  қылсам,  мұнұң  кемшілік  емес 
екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшүншүсі: күн сайын өз 
бейнетіммен  тапқан  бір-екі  пұлға  нан  сатыб  алып  жесем  де  бойұма 
сол  тамақ  болұп  тарайды,  еңбекпен  табылған  дәм  тәтті  сіңімді 
боладекен.  Төртүншү:  ...  дәулетті  өзүмсүніп,  тійісті  орұндарына 
жаратпай, көбүсүн өзүм ішіб-жеп, өзүм тұтұнсам, мал берген ійесіне 
күнәлі болармын деп қорқамын, – деді. 
(Ы.Алтынсарин) 
 
ІІ.  Естілген нәрсені ұмұтпастыққа  төрт түрлү  себеб  бар: әуөлү  – 
көкүрөгі байлаулұ берік болмақ керек. Екінші – сол нәрсені естігенде 
йа гөргөндө ғыйбратланұу герек, көңүлдөніп, тұшұнұп, ынтамен ұғұу 
герек.  Үшүншү  –  сол  нәрсені  ішінен  бірнеше  уақыт  қайтарып, 
ойланып  көңүлгө  бекітүу  герек.  Төртүншү  –  ой  геселді  нәрселерден 
қашық  болұу  герек.  Егер  ой  кез  болұп  қалса,  салынбау  герек.  Ой 
кеселдері:  уайымсыз,  салғырттық,  ойұншұ  күлкүшүлдік  йа  бір 
қайғыға  салынұу,  йа  бір  нәрсеге  құмарлық  пайда  болұу  секілді.  Бұл 
төрт нәрсе күллү ақыл мен ғылымды тоздұратұғұн нәрселер. 
(Абай «Отыз бірінші қара сөзі») 
 
119-жаттығу.  Төмендегі  сөздерге  барыс  септік  жалғауын  қосып,  дұрыс 
жалғануын есте сақтаңыздар. 
І. ААҚ, АБЖ, АЕК, АҚ, АҚШ, АӨҚО, АХАЖ, АЭС, БАӘ, БАҚ, 
БҚО,  БО,  БСҰ,  БҰҰ  БА,  ГМӨ,  ҒЗЖ,  ҒЗИ,  ЕО,  ЖАҚ,  ЖЗҚ,  ЖОО, 
ЖСН, ЖШС, ЖІӨ, ЖЭО, ЖЭС, ЗТҚ, КОКП, КСРО. 
 
ІІ.  КХДР,  ҚазБат,  ҚазНет,  Қазпошта,  ҚҚС,  ҚМДБ,  ҚР,  ҚТО, 
ҚХА,  ҚХР,  МАИ,  Мемтерминком,  МКҚК,  МХР,  ОАР,  ОҚО,  ПИК, 
РМҚК,  РТРК,  РФ,  СҚО,  СО,  СТН,  СЭС,  ТМД,  ҰӘАҚ,  ҰБТ,  ҰЭП, 
ХВҚ, ХҚКО, ШҚО, ШОБ, ШЫҰ, ЭЕМ. 
 

 
64 
120-жаттығу.  Төмендегі  тұрақты  анықтауышпен  келген  жер  аттарының 
емлесін есте сақтаңыздар. 
Ақ  Қойтас,  Ақтеңіз,  Ащы  Алакөл,  Ащытасты  Торғай,  Әулие 
Елена  аралдары,  Әулие  Матвей  аралдары,  Баффин  жері  аралдары, 
Вест-Үндістан, Дешті Қыпшақ, Дондағы Ростов, Дүниежүзілік мұхит, 
Жаңа  Жәйрем,  Жасыл  Мүйіс,  Ежелгі  Греция,  Есен  Аңқаты,  Кенді 
Алтай,  Күнгей  Алатау,  Кіші  Жамантау,  Қара  Бақанас,  Қаратеңіз, 
Латын  Америкасы,  Отты  жер  аралы,  Сауд  Арабиясы,  Солтүстік 
мұзды мұхит, Терістік Кавказ, Тынық Дон, Ұлы Америка көлі, Үлкен 
Аралтөбе, Шет Бақанас. 
 
121-жаттығу. 
Төмендегі 
мәтіндерді 
орфоэпия 
заңдылығына 
сәйкестендіріп жазыңыздар. Өзгеріске түскен сөздердің себебін түсіндіріңіздер. 
 
Талаптың пайдасы 
Орыстың  патшасы  Ұлы  Петр  деген  кісінің  бір  күні  шіркеуде 
тұрғанда,  көп  адамның  артқы  жағында  үңіліп  патшаға  қарап, 
бөркімен қалқалап қана  бір нәрсені сызып тұрған балаға  көзі түседі. 
Мұнымен  бөтен  кісінің  ісі  жоқ,  жалғыз-ақ  ақылы  кемел  патша  сол 
бала  екеш  балаға  да  көзін  салып  тұрған  екен.  Шіркеуден  шығарда, 
жұрт  екі  жарылып,  Петрге  жол  беріпті,  сонда  Петр  тұп-тұра  манағы 
балаға  барады.  Бала  қолындағы  сызумен  алданып  тұрып,  тіпті 
Петрдің  келгенін  байқамай  да  қалыпты.  Сонда  жұмсақ  шыраймен 
Петр сұрады: 
– Не қылып тұрсың? 
– Сіздің суретіңізді салып алайын деп едім. 
– Оны не қыласың? 
– Даңқтысыз, дабылыңыз жер жүзіне жайылған кісісіз, суретіңізді 
сызып алмақшы едім. 
– Кәне, көрсетші сызғаныңды. 
Сол  уақытқа  дейін  қорықпай  жауап  беріп  тұрған  бала 
сызғаныңды  көрсет  дегенде  қысылайын  депті.  Сүйтсе  де  сызған 
қағазын әдеппен Петрдің қолына беріпті. 
Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, 
бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін. 
Солай  да  болса  Ұлы  Петр  баланың  талапты,  зерек  екенін 
аңғарып,  оқуға  бергізіп,  ақырында  сол  бала  бүкіл  орыс  жұртына 
даңқы шыққан... суретші болған. 
(Ы.Алтынсарин) 

 
65 
 
ІІ.  Егер  де  мал  керек  болса,  қолөнер  үйренбек  керек.  Мал 
жұтайды,  өнер  жұтамайды.  Алдау  қоспай  адал  еңбегін  сатқан 
қолөнерлі  –  қазақтың әулиесі  сол. Бірақ Құдай  тағала қолына  аз-маз 
өнер берген қазақтың кеселдері болды. 
Әуелі – бұл ісімді, ол ісімнен асырайын деп, арық ісмерлер іздеп, 
жүріп,  көріп,  біраз  істес  болып,  өнеге  арттырайын  деп,  түзден  өнер 
іздемейді. Қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы 
қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. 
Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара табылса, малға 
бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншек, 
салдау, салғырт, кербездікке салынады. 
Үшінші  –  «дарқансың  ғой,  өнерлісің  ғой,  шырағым»,  немесе 
«ағеке,  нең  кетеді,  осы  ғанамды  істеп  бер!»  дегенде  «маған  да  біреу 
жалынарлыққа  жеткен  екенмін»  деп  мақтанып  кетіп,  пайдасыз 
алдауға,  қу  тілге  алданып,  өзінің  уақытын  өткізеді.  Және  анаған 
дүниенің  қызығы  алдауды  білген  дегізіп,  көңілін  де  мақтандырып 
кетеді. 
Төртінші  –  тамыршылдау  келеді.  Бағанағы  алдамшы  шайтан 
тамыр  болалық  деп,  бір  болымсыз  нәрсені  берген  болып,  артынан 
үйтемін-бүйтемін,  қарық  қыламын  дегенге  мәз  болып,  тамырым, 
досым  десе,  мен  де  керектінің  бірі  болып  қалыппын  ғой  деп  және 
жасынан  іс  істеп,  үйден  шықпағандық  қылып,  жоқ-барға  тырысып, 
алдағанды  білмей,  дереу  оның  жетпегенін  жеткіземін  деп,  тіпті 
жетпесе, өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні 
өтіп  еңбек  қылар  уақытынан  айырылып,  «жоғары  шыққа»  қарық 
болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні 
біреудің  малын  бұлдап  қарызға  алады.  Оны  қылып  берейін,  мұны 
қылып  берейін  деп,  сонымен  табысы  құралмай,  борыш  асып,  дауға 
айналып,  адамшылықтан  айырылып,  қор  болып  кетеді.  Осы  несі 
екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге 
алдатқыш болатындығы қалай? 
(Абай «Отыз үшінші қара сөзі») 
 
122-жаттығу.  Естілуінше  (айтылуынша)  жазылған  өсімдік  атауларын 
орфография заңы бойынша жазып, себебін түсіндіріңіздер. 
І.  Жалғұйрұқ,  жалмаңғұлақ,  жамаңғұлақ,  жамауғат,  жаңағызыл, 
жарықкүл, жасбұуұн, жауғыйақ, жаужұмұр, жаушүмүлдүк, жауұлша, 
жербауұрсақ, 
жерғосақ, 
жөргөмүс, 
жөтөлшәй, 
жұуансабақ, 

 
66 
жұуантамыр,  жұлдұстүк,  жұлдұсшөп,  жұмсағжеміс,  жұмұршақ, 
жүзгөн, жүлкөуүр, жүндүжара, жүрөгжапырақ, жыламбас, жылаңгөз, 
жылаңғыйақ,  зійре,  ійзен,  ыйлан,  ыйманшөп,  ыйманжапырақ, 
ійреккүл, ійтбүлдүргөн, ійтбадам, ійтқора, ійтжеміс, ійтжійдек. 
 
ІІ.  Қажжұуа,  қазығұрт,  қалүуен,  қансійгек,  қаншійе,  қарағаш, 
қаралма,  қарандыз,  қарабүлдүргөн,  қаражійдек,  қаражұусан, 
қарагенен,  қарағоғұр,  қарамеңдұуана,  қарот,  қарөлөң,  қарасексеуүл, 
қарасұлұ,  қаратайақ,  қаратұйақ,  қарырғай,  қарғатұйақ,  қартаңғұлақ, 
қасқажұусан,  қасқыржійдек,  қастауұш,  ійтжұуа,  ійтжүзүм,  ійтқұмұқ, 
ійтқұсұқ, ійтмійа, ійтмұрұн, ійтсійгек, ійттүйнөк, ійтшомұрт, ійттікен, 
ійтшұу,  ійір,  кермегжалбыз,  кеуөл,  кійікот,  көдө,  көгбійік, 
қожагендір, қыйақ, қозұгүл, қозұғұлақ, қойбүлдүргөн. 
 
123-жаттығу.  Төмендегі  қосымшаларды  қолдана  отыра  үндестік  заңына 
бағынбайтын сөз қатарын құрастырыңыздар. 
Үлгі: -қор: жемқор, еңбекқор, ... 
-кент, -гер, -дар, -кер, -күнем, -қор, -нікі (-дікі, -тікі), -мен (-бен, -
пен), -стан, -хана, -тал, -қой, -паз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет