Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет1/111
Дата22.09.2022
өлшемі0.6 Mb.
#39921
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Г.Қ.Қортабаева


Қазақ ономастикасы: кейіпкер аттарының этнолингвистикалық сипаты


(сатиралық-юморлық шығармалар бойынша)

АЛМАТЫ
«Қазақ университеті»


2013
ББК

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесінің шешімімен ұсынылған.


Басылым Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті 2012-2014 жылдарға ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды гранттық қаржыландыруда Фундаменталды және қолданбалы зерттеу салалары бағдарламасы бойынша «Түркі әлемінің тілдік бейнесі» тақырыбындағы ғылыми жоба шеңберінде жүзеге асырылды.


Пікір жазғандар:

филология ғылымдарының докторы, профессор Р.А.Авакова


филология ғылымдарының докторы, профессор Г.С.Сагидолда
Қортабаева Г.Қ.
Қазақ ономастикасы: кейіпкер аттарының этнолингвистикалық сипаты
(сатиралық-юморлық шығармалар бойынша): монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. –


ISBN
Монографияда поэтикалық ономастика: байырғы қазақ фольклоры, қазіргі қазақ қаламгерлері туындыларындағы жалқы есімдер әлемі, яғни сатиралық - юморлық кейіпкерлердің тілдік табиғаты, этностың ұлттық әлемін өз бойына сіңірген жалқы есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу, қазақ болмысы мен күлкісін когнитивтік тұрғыдан қазақ ономастикасы материалдары негізінде зерттелген ономасиологиялық-этнолингвистикалық аспектіде қарастырылған.
Г.Қ. Қортабаеваның «Қазақ ономастикасы:» атты монографиясы түркітану, лингвистика, шығыстану, аударма ісі мамандықтары магистрлері мен бакалаврларға, сонымен қатар мен PhD докторанттар мен ізденуші ғалымдарға, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналады.


ББК

Қортабаева Г.Қ. 2013


ISBN
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2013

МАЗМҰНЫ
Кіріспе......................................................................................................................4
1. ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ПОЭТОНИМДЕР
1.1 Кейіпкер аттарын зерттеу тарихы....................................................................9
1. 2 Апеллятивтенген кейіпкер аттары……………………………......................14
1. 3 Кейіпкер аттарының мағыналық-тақырыптық топтары ..............................19
1.3.1 Соматикалық атаулардан жасалған поэтонимдер .........................................25
1.3.2 Зоофорлық аттар................................................................................................29
1.3.3 Фитофорлық аттар ............................................................................................35
1.4 Кейіпкер аттарының лексикалық құрамы ......................................................38
1.4.1 Көне сөздерден жасалған аттар……………………………………..............39
1.4.2 Диалектілік лексикадан жасалған аттар.........................................................40
1.4.3 Шет тілден енген сөздерден жасалған аттар .................................................42
2. САТИРОНИМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Кейіпкер аттарындағы морфологиялық-синтаксистік жасалым ...............50
2.2 Патронимдер мен матронимдердің жасалу үлгілері ....................................59
2.3. Гендерлік негізді кейіпкер аттарының жасалу жолдары.............................62
2.3.1. Ер адам мен әйел аттарының жасалу жолдары ….........................................64
2.4 Синоним және антоним мағынасындағы аттар..............................................72
2.5. Қос сөз түріндегі және қайталау сипатты кейіпкер аттары………….......74
2.6 Сөйлем типтес немесе фразаланған аттар….........………………..............76
2.7 Сөз тіркесі түріндегі немесе юкспозитивті патронимдер...........................77
2.7.1 Тұрақты тіркестерден жасалған аттар. ........................................................78
2.7.2 Мақал-мәтел типтес кейіпкер аттары..... …………………..........................81
3. КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЭТНОТАНЫМДЫҚ АРНАСЫ
3.1 Кейіпкер аттарындағы салт-дәстүрдің ұлттық-мәдени бейнесі................. 84
3.1.1 Этнопоэтикалық сипатты аттар........ ...........................................................85
3.1.2 Этномәдени аттар ............................................................................................ 91
3.2 Табу, эвфемистік сипатты және лақап аттар...................................................93
3.2.1 Туыстық атаулардың қатысымен жасалған аттар........................................ 98
3.3 Сан-өлшемдік ұғымдарды білдіретін танымдық деректер .......................101
3.4 Түр-түстің кейіпкер аттарындағы символдық таңбасы ............................ 106
3.5 Пейоратив аттардың семантикалық ерекшеліктері ...................................108
3.5.1 Мелиоратив және деминутив аттар..............................................................119
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
Юморлық афоризмдер...................................................................................
Пайдаланылған әдебиет тізімі....................................................................
Монографияда қолданылған сатиралық-юморлық шығармалар............
Кітапта кездесетін термин сөздердің қысқаша түсіндірме сөздігі..........

КІРІСПЕ

Қазақ халқының рухани өмірінде айрықша орын алатын әзіл-сықақ, қүлкінің сипаты танылатын юмор мен сатираның тілдік табиғатын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу қазақ ономастикасының қазіргі қалпын анықтауға мүмкіндік береді және қазақ тіл білімі үшін маңызы ерекше. Этнолингвистика тіл байлығы негізінде халықтың рухани, мәдени өмірінің тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық дүниетанымын жан-жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіліндегі кейіпкер аттарының табиғатын, сипатын, қызметін «тіл-ұлт-мәдениет» үштік тұтастықта жан-жақты қарастыру өзекті мәселе болып саналады, себебі қазақ танымының когнитивтік болмысы қазақ ономастикасы материалдары негізінде зерттелу енді басталып келеді.


Кейінгі жылдары көркем шығармалардағы жалқы есімдер әлемі зерттеушілер көңілін аудара бастады, өйткені олардың тілдегі рөлі, өзіндік құрылымы, лингвистикадан тыс жатқан этнолингвистикалық факторлары халықтың танымдық көзқарасына сәйкес әлем моделімен анықталатын ономастикалық кеңістік құрайды. Қазіргі поэтикалық ономастикалық кеңістік әлеуметтік, психологиялық, тарихи жаңалықтарымен тілдің басқа лексикалық категорияларынан ерекшеленеді. Көркем мәтін кеңістігіне ономастикалық лексиканы сараптау, автор ойына негізделген жалқы есімдердің мағынасының прагматикалық компенентінің өзектілігі келіп шығады. Көркем мәтіндегі жалқы есімдерді түрлі аспектіде қарастыру үлкен қызығушылық тудырғанымен, қазақ тіл білімінде әдеби жалқы есімдер жайлы зерттеу еңбектер аз.
Этностың ұлттық таным әлемін өз бойына сіңірген жалқы есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының алдына соны мақсаттар мен міндеттер қойып, ономастиканың метатілдік теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Этностың ұлттық таным әлемін өз бойына сіңірген жалқы есімдерді жаңа ғылыми парадигмаға сәйкес зерттеу қазақ ономастикасының алдына соны мақсаттар мен міндеттер қойып, ономастиканың метатілдік теориялық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аталған диссертациялық жұмыс тақырыбы қазақ поэтикалық ономастикасының теориялық мәселелерін негіздеуімен өзекті.
Қазақ сатиралық-юморлық кейіпкер аттарының жүйесін зерттеуге арналған концептологиялқ бағыт қазақ поэтикалық ономастикасындағы зерттеулердің ауқымын кеңейтіп, жалғасын табуға негіз болатын еңбек. Сондықтан диссертант қазақ тіліндегі сатиралық-юморлық кейіпкер аттарын зерттеу нысаны етіп алып, халық ауыз әдебиеті мен қазіргі қазақ әдебиеті бойынша онимдердік бірліктерді жинақтап, фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін айқындап, көркем мәтінге лингвопоэтикалық талдау жасаған, оларды өз дәрежесінде анықтауға тырысқан. Қазіргі кезде еліміздегі мемлекеттік тілді дамытуға байланысты «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» талаптарына сай орындалған.
Зерттеуде тақырыптың өзектілігі дәлелді баяндалған, алға қойылған мақсат-міндеттері анық көрсетілген және жұмыс барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен ғылыми жаңалықтар, ұсынылып отырған тұжырымдар нақты берілген.
Монография кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының құрылымы, мазмұны, ғылыми стилі, әдебиеттерді пайдалану және сілтемелерді орнымен қолдану дәрежесі, көлемі кандидаттық диссертацияларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Диссертациялық жұмыстың ғылыми нәтижелері төмендегідей:
– сатиралық-юморлық кейіпкер аттарына жан-жақты тілдік талдау жасалған;
– аттары ерекше қойылған «сөйлеп тұрған» немесе экспрессивті-бағалауыштық мәнді кейіпкер аттары ұлттық болмыспен сабақтастыра қарастырылған;.
– сатиралық-юморлық аттардың пейоративті және мелиоративті түрлерінің сапалық және сандық құрамы анықталынған;
–идиоэтникалық, семантикалық қолданыс ерекшеліктері қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмор жанрымен байланыстылығы дәлелденген;
– денотатпен байланыс негізінде кейіпкер аттары топтастырылған;
– поэтонимдердің сөзжасамдық мүмкіндіктерін, лексика-семантикалық ерекшеліктері көрсетілген;
– кейіпкер аттары ішінде көне атаулардан басқа кірме және жасанды, диалектілік сипаттағы атаулардың орын алатындығы нақты талданған;
– ономастиканың дәстүрлі принципіне сүйене отырып, төл терминдерін ұсынған және оларды ғылыми оралымда қолдану мүмкіндігі атап өтілген;
– кейіпкер аттарын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу арқылы ұлттық менталитетті, қазақтанудың бір қырын ашуға болатыны дәлелденген.
– сатиралық патронимдер ирониялық-юморлық мәнде жұмсалуына қарай кейіпкердің мінездемелік сипаты дәлелденген.
Монографияда тақырыпқа қатысты қазақ ономастикасы бойынша А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, А.Т. Қайдаров, О.А.Султаньяев, Е.Жанпейісов, Қ.Қ.Рысбергенова, В.У.Махпиров, Н.Уәли, Г.Б.Мәдиева, Б.М.Тілеубердиев, С.Қ.Иманбердиева, Е.Ә.Керімбаев, С.Е.Керимбаева, Б.Көшімова т.б., орыс поэтикалық ономастикасы бойынша С.В.Веселовский, В.А.Никонов. В.И.Болотов, Н.Баскаков, Э.Б.Магазаник, Ройзензон, Ю.А.Карпенко, Т.Н.Кондратьева Л.М.Щетинин, Е.М.Мелетинский, Н.М.Ведерникова, А.В.Суперанская. В.Е.Сталтмане, В.И.Супрун, Т.В.Топорова, О.И.Фонякова, Ю.Федосюк, А.Г.Гафуров, Г.Ф.Саттаров, И.И.Алиев, Ф.Г.Гарифова, К.Конкобаев, сондай-ақ Т.Қожакеев, З.Қабдолов, Ш.Елеукенов, Ғ.Есім, Б.Кенжебаев, С.Талжанов, Р.Алтынбекова т.б. ғалымдардың қорғалған диссертациялары мен жекелеген ғылыми мақалалардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлері басшылыққа ала отырып, қазақ ономапоэтикасының номинациясы мен функциясындағы лингвомәдени, этнолингвистикалық т.б. аспектілер және ментальдік құрылымдары мәселелеріне қатысты өз тұжырымдарын ұсынған.
Зерттеу жұмысында қойылған мақсат-міндеттер нақты айқындалған, алынған ғылыми жаңалықтар дәрежесі жоғары, қорғауға ұсынылған тұжырымдар анық көрсетілген. Диссертанттың диссертацияда жасаған түйіндері мен қорытындылары төмендегідей жаңалықтар қатарын ұсынуға мүмкіндік береді:
- халық ауыз әдебиеті мен қазақ әдебиеті бойынша сатиралық - юморлық кейіпкер аттары (2500-ден астам) тұңғыш рет сараланып, жүйеленді;
- қазақ сатиралық - юморлық кейіпкерлер аттары коммуникативтік - прагматикалық деңгейінде қарастырылды;
- қазақ ономастикалық кеңістігінде тарихи, мәдениеттану және этнографиялық деректерді ескере отырып, этнолингвистикалық тұрғыдан сипатталды;
- сатиралық - юморлық кейіпкерлер аттарын ұлттық болмыспен, психологиямен, мифологиямен, философиямен сабақтастырады;
- кейіпкер аттарындағы сан-өлшем ұғымы, түр-түс атауларымен берілуі символдық тұрғыдан дәлелдеген;
- кейіпкер аттары тек тілдік фактор ғана емес, сонымен қатар экстралингвистикалық факторлар арқылы қазақи рухтың көрінісін айқындауға болатынын дәлелдейді.
– сатира мен юморлық атауларға себеп болған басты уәждеуші негіздер ашылған;
Алдымен зерттеушінің халық ауыз әдебиеті мен қазіргі қазақ әдебиеті бойынша, оның ішінде сатира мен юморда қолданылатын 2500-ден астам жуық кейіпкер аттарын жинақтауын, оларды үш тарауға бөліп, тілдік тұрғыдан жан-жақты талдауын маңызды қол жеткізген табысы деп бағалауға болады. Ұлттық сатира мен юмор қорынан алынған
Диссертацияның «Қазақ тіліндегі сатиралық –юморлық кейіпкер аттары» деп аталатын І тарауында кейіпкер аттарының зерттелуі, сатира мен юмордың жанрлық ерекшелігі мен кейіпкер табиғатының қалыптасуы жайлы теориялық зерттеулер, апеллятивтенген аттар және әр жылдардағы кейіпкерлердің сатирадағы көрінісіне хронологиялық талдау жасайды. Зерттеуші орыс және қазақ поэтикалық ономастикасында кейіпкер аттарының поэтонимдер деп аталып жүргенін тілге тиек ете отырып, сатира мен юморда қолданылатын аттарды сатироним және юмороним деген терминмен атауды ұсыныс ретінде енгізеді, бірақ автор «ғылыми оралымға енбегендіктен, жұмыста сатиралық-юморлық поэтонимдер» деп қолданатындығын ескерте кетеді. Кейіпкер аттарының ономастикалық кеңістіктегі көлемі және шегі жөнінде жүйелі пайымдаулар жасай отырып, кейіпкер атарын «Адам», «Табиғат», «Қоғам» деп 3 макрожүйеге, 37 микрожүйеге бөліп, әр кейіпкер атын онимдік бірлік ретінде қарастырып, астроним, анемоним, зооним, ойконим, фитоним, экзоним, дигитоним, мифоперсоним, политоним, порейоним, хрононим, демоним, теоним, гиппоним, киноним, орнитоним, инсектоним т.б. деп бірінші рет ономастикалық терминдер қолдануы зерттеушінің ізденімпаздығын көрсетеді.
Мысалы, «Табиғатқа қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер» деген бөлімде астронимдер (аспан денелері): Айдай, Аспанды Тірептұрғаныбыш, Күнбике, Күншығыс, Күнбатыс, Үркер, анемоним (жел): Долыгүл, Желдігүл, Ақдолы, Көкдолы, Құйынгүл, зоонимдер (аң-құс): Түлкібике, Қоянгүл, Тауықбике, Қырғигүл, Көкекгүл, ойконим (жер бедеріндегі атау): Ойпаңгүл, Жертесер, Жолтабар, Сортаң, Тақыр, Дөңасаров, фитонимдік аттар (өсімдік): Жуакүл, Мақтажан, Миагүл, Қоғажай, Ләйлікөк, Сабақгүл, Сәбізкүл, Гүлжапырақ, топонимдерге (ел, кеңістік) Мәскеубай, Тәшкенбай, Әмірикан, Керман т.б. жүздеген мысалдар келтіреді.
Екінші тарау «Кейіпкер аттарының лексика-грамматикалық аттарының құрылымы» деп аталады. Бұл тарауда кейіпкер аттарындағы морфологиялық-синтаксистік жасалым, гендерлік негізді кейіпкер аттары, күрделі тұлғалы ер адам мен әйел аттары, антоним және синоним мағынасындағы, қос сөздер арқылы жасалған сөз етіледі. Поэтонимдердің жасалымындағы қазақ тіліндегі барлық сөз таптарына қатысы мен үлес салмағы дәйекті түрде саралай келе, еліктеуіш пен одағайлардан жасалған аттар туралы кеңірек сөз етеді. Еліктеу сөздердің қатысымен жасалған сатиралық – юморлық аттардың (Байпаң, Дүңкілдек, Елпекбай, Майпаң, Шошаңгүл ) астарында қазақи мінез, әзіл қалжың, ұлттық үрдіс тәрізді этнолингвистикалық деректі тамыршыдай тап басқан. Сондай-ақ поэтонимдердің сөзжасамдық модельдері мен көп кездесетін жұрнақ құрамы талданады. Синонимдес, антонимдес патронимдердің жасалу жолдарына, сөйлем типтес, сөз тіркесі түріндегі, тұрақты тіркестестердан жасалған, мақал-мәтел типтес аттардың семантикалық ерекшелігіне жіті тоқтап, қызыға талдайды.
Кейіпкер аттарын түрлі қыры мен сырын, тілдік табиғатын экстралингвистикалық фактормен ұштастыра зерттей отыра, олардың ирониялық-юморлық мәнде жұмсалуына қарай кейіпкердің мінездемелік сипатын беретіндіктен, пейоратив (Албасты, Бәдік, Безбүйрек, Мыстанқыз) және мелиоратив мәнді (Әзіл Сықақұлы, Жебе Садақұлы, Жұмсақжанов, Көңілжықпасов, Талғампазов, Тәмпіштің Таңқыгүл) болып келетіндігін мысалдар арқылы дәлелдейді. Өйткені аталым ретінде қолданылып отырған лексеманың заттық мотиві халық санасында әбден қалыптасқандықтан, мақал-мәтелдердер уәждік фактор ретінде негіз бола алады. Мақалдарда өзіндік логикалық дайын пікірлер, жинақталған қорытындылар және халықтың әлеуметтік-тарихи тәжірибесі бар.
Кейіпкер атының жасалуына сықақшы қаламгерлерлердің тіліміздегі тұрақты тіркестерді қолдануының басты себебі – ондағы экспрессивтік- эмоциялық бояудың басымдылығы, айрықша бейнелі қолданысқа түсіруге ықпал жасайтынын тап басқан және сатиралық юморлық кейіпкерлер аттарын зерделеу нәтижесінде ұлттық тіл мен ұлттық мінез ерекшелігінен хабар беретін бірқатар ғылыми маңызды жетістіктерге қол жеткізген.
Диссертацияның «Кейіпкер аттарының этнотанымдық арнасы» деп аталатын үшінші тарауында табу және эвфемистік сипаттағы, туыстық атаулардың қатысымен жасалған, сан-өлшемдік ұғымдарды білдіретін, этнопоэтикалық және этномәдени аттар, пейоратив-мелиоратив аттардың семантикалық ерекшеліктері мен түр-түс атауынан жасалған аттардың символдық таңбасы қарастырылады. Онда қазақ сатиралық және юморлық аттарының ұлттық мәдени семантикасын, олардың бойында ғасырлар бойы жинақталған этномәдени мазмұнынан ментальдік, интеллектуалдық, рухани және ұлттық сипатын барынша ашуға талпыныс жасайды және толыққанды пайымдаулар жасайды. Сатириктердің кейіпкер атына туыстық аттарды беру мотиві – сол атаудың бойындағы жаман қасиетті көрсету, Сатира мен юморда қолданылған кейіпкер аттарындағы сандық ұғымдар қазақ халқының өз тұрмысына, кәсібіне, салтына сай нақышты, ұлттық өрнекті бейнелейді. Қарғыс мәндегі сөздер экспресивтілік пен эмоционалдық реңкте қолданылады.
Сатиралық-юморлық кейіпкер аттары ойдан шығарылған, қиялдан туған жасанды аттар болғанымен, оның астарында қазақи мінез, әзіл-қалжың, ойлау дәрежесі, философиясы, тарихы, саясаты, мәдениеті жатыр деуге толық негіз бар. Қаламгердің ат қою мәселесіне бейжай қарамай, әр түрлі экспрессивтік бояуда жұмсауы, олардың стилін, шеберлігін көрсетеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық тұжырымдары болашақта қазақ тілінің лексикография, ономастиканың арнайы курстарында, этнолингвистика, лингвомәдениеттану т.б. ғылыми пәндердің және қазақ поэтикалық ономастикасындағы зерттеулердің ауқымын кеңейтіп, елеулі үлес қосады деуге болады.
Автор тақырыпты ашу барысында қол жеткізген нәтижелері мен тұжырымдары қазақ поэтикалық ономастикасының дамуына айтарлықтай дәрежеде өзіндік үлесін қосады. Жұмыстың құндылығы мен күрделілігі 2500-ден астам сатиралық-юморлық кейіпкер аттарын жинап, тақырыптық жағынан топтастырып, әр аттың жасалуына, семантикасына қарай зоофорлық, фитофорлық, пейоративті, мелиоративті, антоним, синоним сипатты, этномәдени, этнопоэтикалық, сөйлем тектес, сөз тіркесі түріндегі аттар, сатиралық патронимдер, юморлық матронимдер деп қолданысқа түсірген.
Монография қазақ ономастикасы, тіл білімінің когнитивті салалары бойынша курстарды оқытуда, жазушының ономастиконын құрастыруда қолдануға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет