Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет14/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111
С.Төлешовтен – «Жұт – жеті ағайынды, Гитлермен – сегіз», Ш.Смаханұлынан – «Абайды оқымай, ұлы ақын болғысы келеді, Ана тілін, білмей роман жазғысы келеді», «Әр ауылдың өз Қоңқайы бар», «Жұрттың Ыбырайы – Ыбырай, Біздің Ыбырай – сұмырай», «Елпекбай, атқа жеңіл Телпекбай», С.Кенжеахметұлынан – «Ыдысы бүтін Арақ жоқ, Шынысы бүтін Шарап жоқ», Қ.Мырзалиевтен –, «Әмірдің де Тәңірі бар», «Жалқауды Жаратқан да жаратпайды», «Еншіні әке берер, көршіні Құдай берер», «Арақ – Әзірейілдің лақап аты, маскүнемнің махаббаты», «Қиын еді Спартактың ғасыры, біздің ғасыр одан гөрі қиындау», Ш.Мұртазадан – «Абай, Жамбыл, Мұхтарсыз қазақ елі шын жетім, «, Ә.Нұршайықовтан .»«,»«,»«,.
ІІ.Табиғатқа қатысты атаулардан жасалған СЮП-тер.
Астроним (аспан денелері): Ай+дай, Аспан+ды Тірептұрғаныбыш, Күн+бике, Күн+шығыс, Күн+батыс, Үркер.
Анемоним (жел): Долы+гүл, Желді+гүл, Ақ+долы, Көк+долы, Толағай, Құйын+гүл, зоонимдерден жасалған зоофорлық аттар (аң-құс): Түлкі+бике, Бөрі+күл, Киік+гүл, Қоян+гүл, Бозым+гүл, Тана+бике, Жорға+гүл, Қой+сұлу, Жүз+тайлақ Әтеш, Тауық+бике, Қырғи+гүл, Көкек+гүл Сірке+күл, Сонаш+гүл, Тісті+бақа;
Ойконим (жер бедеріндегі атау): Аймақ, Батпақ+бай, Ойпаң+гүл, Дөң+ес, Дөң+бек, Жер+тесер, Жол+табар, Өңір+бек, Еңіс+гүл, Сортаң, Тақыр, Тас+бике, Үңгір, Лай+бай, Иірім+бек, Дөң+асар+ов, Тау+асар+ов т.б. Фитонимдік аттар (өсімдік): Жуа+күл, Құрақ+гүл, Қызғалдақ, Мақта+жан, Миа+гүл, Қоғажай, Ләйлікөк, Сарғалдақ, Сабақ+гүл, Сәбіз+күл, Томар+күл, Әтір+гүл, Көкей+гүл, Гүл+жапырақ, Гүл+елпек.
Түр-түстен жасалған: Ақторсық, Ақкемпір, Ақжаулық, Көкжаулық, Ақбалдақ, Қарақатын, Сарыкүл, Бозымгүл, Сұрсұлу.
Топоним (гр.орын, ел, кеңістік+оним) Мәскеубай – Москва, Тәшкенбай– Ташкент, Ауғанбек – Ауғанстан, Әмірикан – Американ, Керман – Герман. Топонимнің атауыштық қызметін тіл аясынан қарасақ, нақты географиялық объектіден тұрады. Ал аталу себебі этностың рухани және материалдық байлығы сияқты экстралингвистикалық факторлар топонимнің фондық семантикасын құрайды. Мұндай аттардың қойылуына қоғамдық-саяси оқиғалар, тарихи әлеуметтік жағдайлар себепші болған.
Ауғанбек екі жыл ел бетін көрмей,өзінің айтуынша,Ауғанстанның шыжыған ыстығында күндіз-түні көз аштырмайтынбораған оқ пен бұрқ-бұрқ жарылған снарядтар астында азаматтық борышын өтеп, ауылға аман-сау оралды (Ғ.Қабыш). Көркем мәтінде топонимдермен бірге топонегізді, яғни топонимдік атаулардан жасалған кейіпкер аттары болады.
Экзоним ( гр.сыртқы+оним) – берілген тілдегі заңдылыққа бағына отырып, фонемалық жағынан өзгеріске түсетін жалқы есімдер. Бұл термин Біріккен Ұлттар Ұйымында немісше exonym деп қабылданған. Сөздікте топонегізді поэтоним [В.И.,Супрун, 1997; 45-б] деп қаралса, біз Мәскеубай мен Тәшкенбайды экзоним ретінде қарастырамыз. Өйткені қазақ тілінде олардың фонемдік құрамы сол тілдегі сөзбен сәйкес келмейді. Мысалы Бакы – Баку, Рим – Roma, Париж – Paris, Вена – Wien, Неаполь – Napoli, Москва – Мәскеу, Ташкент – Тәшкен деп өз тілінен басқаша айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет