Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР



бет2/111
Дата22.09.2022
өлшемі0.6 Mb.
#39921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР


АА – апеллятивтенген аттар
ағ – ағылшын
гр – грек
ЖқЕ – жалқы есім
ЖпЕ – жалпы есім
ЖЖ – жұмбақ-жаңылтпаштар
ЗА – зоофорлық аттар
ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЛА – лақап аттар
лат – латын
ММ – мақал-мәтелдер
МП – мелиоратив патронимдер
нем – неміс
ор – орыс
СЮП – сатиралық-юморлық поэтоним
т.б. – тағы басқа
ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ТП – теофорлық патроним
ТТ тұрақты тіркестер
ФА – фитофорлық аттар
фран – француз
ЭА – этномәдени аттар
ЭП – этнопатронимдер
ЭС – Этимологиялық сөздік
ЮП – юкспозитивті патронимдер
ЮНЕСКО Біріккен Ұлттар Ұйымының білім,
ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
< – тұлғасы жағынан сөздің өзінен бұрынғы түрі
> – тұлғасы жағынан сөздің өзінен кейінгі түрі
~ – қатар қолданылатын сөздер, тіркестер
/ – сөздің нұсқалары
+ – түбірге қосымшалардың не өзге түбірдің қосылуы
1. ОНОМАСТИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ПОЭТОНИМДЕР


1.1 Ономастика немесе «ат беру» өнері жайлы ғылым
Грек мәдениетінің алтын қазынасы мен ұлт мақтанышына айналған «Одиссеяда» (Гомер) «Адамдар арасында ешкім де есімсіз болмайды» деген сөзі тарихта алтын сиямен жазулы. Көне дәуір ойшылдары (Аполоний Дискон, Демокрит, Диомед, Платон, Хрисипп т.б.) атаулардың ақиқаттығы мен қажеттігін түсінді, олардың талпыныстары мен ізденістері кейінгі ономастикалық пәннің негізін құрады. Есімсіз адам, атаусыз заттың болмайтындығы баршаға аян. Егер сөз бір адам жайында болса, алдымен оның адами қасиеттерінен бұрын есімі еске түсер еді. Әңгіме бір көркем туынды туралы болса, әлбетте, кейіпкер аты ауызға бұрын ілігер еді. Дүние есігін жаңа ашқан сәбиге қойылатын есім мен көркем туындыдағы кейіпкерге берілетін аттың арасындағы байланыс, ұқсастық, айырмашылық, ерекшелік, оның деңгейі, дәрежесі, мөлшері, сандық-сапалық арақатысы қандай, оны тіл-тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін лингвистиканың бір саласы – ономастика (гр. ат беру өнері) жауап береді.
Антропонимия – кісі есімдерін арнайы зерттейтін ғылым ретінде Альбер Дозаның басшылығымен Халықаралық ономастардың І конгресінде (Париж, 1938) тұңғыш рет ресми танылды, ал 1949 жылы Бельгияда ЮНЕСКО шеңберінде «Онома» журналын шығару қолға алынды. Соңғы 20 жыл ішінде ономастиканың жалпы заңдылықтарын – теориялық ономастика, сипаттамалы ономастика; ономастикалық деректер бойынша – өткен дәуірлердің реалийлерін – тарихи ономастика; практикалық ұсыныстар бойынша – қолданбалы ономастика, көркем шығармалардағы жалқы есімдерді зерттейтін – поэтикалық ономастика т.б. бағыттар бөлініп шықты.
Ономастиканы тіл білімінде материалдық дүниенің тілдегі өрнегі деп қарайтындықтан, оны жалпы атау туралы проблемалардың барлығына да қатысы бар әмбебап ғылым саласы санатына жатқызуға болады. Өткен ғасырдың 20-30-жылдарында құлаш жая бастаған ономастиканың да зерттейтін ауқымы мен аумағы кеңейіп, түрлі тармақтарға: антропонимика, зоонимика, этнонимика т.б таралып, өз бағыт-бағдарын белгілеп, өзіндік сара жолына түсті.
Қазақстан тіл білімінде қалыптасқан үрдіс бойынша ғалымдардың жалқы есімдер тобын – антропонимдер, космонимдер, менсонимдер, топонимдерді зерттеуде айрықша ұмтылыстар бар екендігін байқатады. Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің лингвистикалық және этнолингвистикалық табиғаты, олардың қолдану ерекшеліктері, апеллятивтенуі, ұлттық сипатын зерттеу енді басталып келеді.
Ұсынылып отырған монографияда қазақ фольклорынан бастап, қазақ қаламгерлері туындыларындағы сатиралық-юморлық аттардың тілдік табиғаты ономасиологиялық-этнолингвистикалық аспектіде қрастырылды. Көркем туындыға біз ауқымы, шеңбері, өрісі кең көп қырлы алмас секілді асыл дүние деп қарап, оның бір қыры сатира мен юмор тұрғысынан сөз етпекпіз.
Мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы болып табылатын тіл ұлттық менталитеттің ерекше қырлары мен сырларын, жұмбағы мен құпиясына толы шексіз де шетсіз қасиеттерін ашуда. Осындай тіл құпиясының бір ұшығы адам есімдерінің пішім-бейнесі оны қоршаған ортаға көзқарасында, дүниетанымында, этикалық дәстүрінде, тұрмыс-салтында, әдет-ғұрпында, бүкіл ұлттық психологиясы мен логикасында, географиясы мен этнографиясында жатыр.
Ономастиканың дербес саласы ретінде қалыптасқан поэтикалық ономастика көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиетіндегі онимдердің қолданылуын зерттейді. Көркем шығармалар мәтіндеріндегі одан тыс басқа да мәтіндердегі барлық жалқы есімдердің қолданылу ерекшеліктерін әдеби ономастика зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет