Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Сатира-юмор немесе қазақы әзіл-сықақ түрлері



бет8/111
Дата22.09.2022
өлшемі0.6 Mb.
#39921
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111
1.5 Сатира-юмор немесе қазақы әзіл-сықақ түрлері
Сатира (мысал, мысқыл, өлең, памфлет, сықақ әңгіме, повесть, романдар, фельетон) мен юмор (пародия, шарж, эпиграмма, юмореска) жанрында ұшырасатын кейіпкер табиғаты, әдетте өзінің образдылығы, мәнерлілігі және ылғи ауыс мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді. Сатира (лат. Саtіrа)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі. Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады.
Ежелгі Грецияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің "Сатирикон", Апулейдің "Алтын баспақ" романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар 17 ғасырда дүниеге келді. Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Ежелгі Рим әдебиетшілері сынап-мінейтін сыни шығармаларды «сатира» деп атаған. Сатира әрқашан юмормен егіз, күлкімен бауырлас. Сатирада ыза, кек, юмор-күлкі қосылса, сатира бұрқанған күшке ие болады. Сатира – керексіз зиянды құбылыстардың суреті. Сатирада ащы кекесін, күлкі ету, мазақ қылу, жоққа шығару, лирикалық сезім мен ғылыми талдау тоғысып жатады [Т.Қожакеев,1996; 7-б].
Юмор да сатира сияқты өмірдегі күлкілі құбылыс-оқиғаларды суреттейді. Бірақ юмор уыт-зілден гөрі жеңіл күлкіге ғана негізделген әзіл-оспақ болып келеді. Қазір қазақ әдебиетінде таза юморлық симпатиядан туған шарж, пародия, эпиграмма, юморескалар қоғамдағы тұрмыс-тіршіліктегі жағымсыз жақтарды, адам бойындағы әлсіздіктерді зілсіз әдіс-тәсілмен, стильмен іліп-шалып кетеді. Сатирада сарказм мен ирония басым болса, юморда шымшыма сөз, әзіл-оспақ, жеңіл күлкі басым болады. М.Горькийдің айтуынша, юмор – ақымақтарды күлдіру үшін емес, күлкіге жығып, келекелеу үшін қажет.
Сатира мен юмор үнемі қатар аталады, екеуі де сын құралы, екеуі де қоғамдағы ұнамсыз көріністерді сынап-мінейді, екеуі де күлкіге сүйенеді. Сатира мен юмор осыншама ұқсас болса, неге бірігіп-кірігіп кетпейді? Өйткені сатираның да, юмордың да өз кейіпкері, өз тағдыры, өз күлкісі болады. Сатира өз нысанын түгелдей жоққа шығарады, ал юмор құбылыстың жеке мінін әзіл-әжуасымен түзетуді мақсат тұтады.
Сатира – болмыстағы жағымсыз құбылыстарды сынап әшкерелеуді, күлкі етуді мақсат етіп қара сөзбен немесе өлеңмен жазылатын көркем әдебиеттің түрі [А.П.Квятковский, 1966;253-б].
Ғ.Қабышұлы – өзінің сомдаған образдарымен сатира қаласын бітіруге жан салып, өткір де нәзік қаламымен, жүрекпен жеткізе білген. Қазақ сөздерінің сарайының кірпішін қалаушы ғана емес, әшекейлеуші, әрлеуші, жөндеушісі де. «Әзіл (юмор) жұмсақ күлкі, ол ағаттыққа ұрынған кейіпкеріне «өкпелеп қалып жүрмеші» деген іштей жанашырлықпен күледі. Сықақ (сатира)– зілді күлкі, оғаш қылық жасаған кейіпкеріне «өкпелесең өле қал» деп күледі» [Ғ.Қабышұлы, 2007;16-б].
Мұсаев «Сатиралық образдың тілі күлкімен суарылады. Өмір күлкіге жомарт, өмірден көктеп, нұр алған өнер де күлкіге толы. Гоголь күлкісі, Чехов күлкісі, Горкий күлкісі, Бейімбет, Ғабит күлкілері де біріне бірі ұқсамайтын сан әуезді күлкілер» [Мұсаев, 31] дейді.
Юмордың сатирадан ерекшелігі күлдірмейтін сатира болуы мүмкін, ал күлдірмейтін сатира болмайды. Қазақ сатирасының тамыры – тым тереңде. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері сын-сықаққа, әзіл-қалжыңға толы десек, асыра айтқандық емес. Ауыз әдебиеті үлгілерінде, ертегілерде, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, жұмбақ-жаңылтпаштар қүрамында кездесетін күлкілі аттар, бата, қанатты сөздердің, тұрақты тіркестердің құрамында ұшырасатын мифтік бейнелер, ел аузындағы есімдер, ойдан шығарылған аттар, тарихи тұлғалар.
Қазақтың күлкі атасы Алдар көсенің қулығы, қазақы қалжыңдары, іс-әрекеті ел арасына кең таралғаны сонша, «қазақ лингвомәдени социумінде стереотипті кейіпкер ретінде қолданылады» [Мадиева Г.Б.,2004,168]. Ел арасынан қуақы, күлдіргі, жылпос, алдампаз адам шықса, Алдар деген атты берген. Оның себебін ғалым Б.Адамбаев «халық өзінің шығармаларында белгілі адамның бейнесін ғана өзгертіп қоймайды, оның ең алдымен, ісін, сөзін қалауынша ел тілегіне бейімдеп өңдеп, өзгертіп жібереді» [Г.Б.Мадиева,2004;90-б] ,– деп түсіндіреді.
Алдар аталуының уәжі, себебі көп. Алдар айналасындағы күлкі екі жағдайдан көрінеді: бірі персонаждың кейпінде, бетіне маса тайып жығылатын жылмағай, жалтыр иекті жылпостың көсе атануы болса, екіншісі Менің атым Алдар деп айғайлап тұр, өйткені сөздің түбірінде етістік алдау бар. Халық жек көрген адамдарынан Алдар аты арқылы өшін алған, «Алдар қу, Алдардың арбамайтыны, жалмамайтыны» жоқ деген сөз ел аузында мәтелге айналып кеткен. Оның себебін академик М.Әуезов былай түсіндіреді: «Алдар аты күлкі аты, күлкіге өлім жоқ. Күлкі өлмес елдің өшпес күші» [,255].
Бүгінгі қолданыста жақсы, қуақы, қызықты әңгіме болса, шық бермес Шығайбайдың сараңдығын сынайтын өткір мысқыл болса, Алдар көсе сияқты екен деп қаламыз. Демек, Алдар жинақталған, апеллятивтенген кейіпкерге айналып кеткен. Алдардың аты башқұрт, татар, қырғыз, ноғай, т.б түркі тілдеріне кең тараған. Бір қызығы, удмурд ертегілерінде Алдар Иван, Алдар ағай, Иван Алдаров дейтін персонаждар бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет