Қр білім және ғылым министрлігі



бет1/2
Дата17.11.2022
өлшемі361,11 Kb.
#50948
  1   2

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты

СӨЖ 3
Тақырыбы: Әліппе серігі бойынша жұмыс істеу әдістемесі
Сергіту сәтін ұйымдастыру және оның маңызы
Курс: 3
Мамандық: БОПМӘ-205-1
Орындаған:Султанова Айнурям
Қабылдаған: Айтжанова Э.Н

Алматы-2022
Әліппе кезеңінде дыбыстық талдау-жинақтау әдісі бойынша мынандай жұмыстар жүргізіледі: балаларды оқуға, жазуға үйрету; дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру; «дыбыс» «әріп» деген ұғымдарды меңгеру; дыбыстарды әріптермен таңбалау; сөзді буынға бөліп оқуға, сөздер мен сөз тіркестерін оқи алуға үйрету, бас әріп пен кіші әріпті ажыратып дұрыс қолдана білуге үйрету. Дыбыстарды (әріптерді) төрт кезеңге бөліп меңгерту.
Бірінші кезеңде Аа, Оо, Лл, Тт, Мм дыбыстары мен әріптерін үйрету. Бұл дыбыстар жеке тұрғанда, сөз және сөз аяғында келгенде қалай айтылатынын ажыратып, солай айта білуге үйрету. Бұл дыбыстар мен әріптерден ауызша және жазбаша буын құрастырып, сол бойынша созылыңқы дауыспен оқыту, буындарды салыстыру. Өткен әріптердің жазбаша түріндегі кіші және бас әріп таңбаларын меңгерту.
Екінші кезеңде өткен дыбыстарды (әріптерді) қайталай және Пп, Нн, Рр, Уу, Ғғ, Сс, Йй, Бб дыбысы мен әріптерін меңгерту. Бұл дыбыстардың сөздерде орнын таба білу. Осы дыбыстардан тұратын тұйық, ашық бүындар құрап, оларды созылыңқы дауыспен оқыту. Өтілген дыбыстардан (әріптерден) сөздер құрау (нан, ара) оларды оқыту. Өтілген әріптердің жазбаша түрдегі бас және кіші әріп таңбаларын меңгерту.
Сөйлемді сөздерге бөлу, құрамы жағынан қарапайым сөздерді (а-ға, ал-ма, а-ла-ша) буынға бөлу. Сөзден кейбір дауысты және дауыссыз дыбыстарды (а, о м, л) бөліп алу, оларды сөздердің құрамынан ажырата білу.
Оқушылардың көріп, қабылдау қабілетін жетілдіру және дамыту, кең таралған түстерді ажырата білу, түзу сызықтар мен фигуралардың қарапайым бірлестіктерін көру түйсігі арқылы қабылдап содан соң таяқшалар немесе түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы қайта жаңғырту (көру диктант). Шәкірттерге жақсы таныс қарапайым заттарды (орындық, үйшік, терезе, баспалдақ т.б.) құрастыру.
Көрсетілген заттарды рет-ретімен (солдан оңға қарай) көрсетуге және дұрыс айтуға дағдыландыру.
Жазуға үйретуге арнайы дайындық. Жазу жұмыстарын жүргізу, сурет салу, кезінде партада дұрыс отыруын қадағалау.
Қол мен саусақтардың қимылын жеделдету және қозғалыс үйлесімін қалыптастыру, түзу сызықтар бойынша қағазды қайшымен қию, жапсыру және рет ретімен орналастыру, кішкентай таяқшалардан түрлі-түсті қағаз жолақшаларынан әр түрлі фигуралар құрастыру. Мозаика ойынан пайдалану.
Берілген үлгі бойынша тақтаға бормен, қағазға қарындашпен әр түрлі бағытты (көлденең, қиғаш, тік) сызықтар жүргізу, оларды бір бағыттан екінші бағытқа бұру, сызықтар жүргізгенде белгіленген шектен асырмау, қарапайым фигураларды қағаз бетіне дайын үлгі бойынша (шеңбер, үшбұрыш, квадрат) айландыра сызу, оларды бояу және штрихтау, қарапайым заттардың бейнесін құрастыру.
Тақтаға, дәптерге жазба әріптердің негізгі элементтерін төмендегі ретпен жазу: түзу сызық, қиғаш сызыққа қосылған түзу сызық, жоғары я төменгі ұшы доғалана келген тура сызық, сопақша және жартылай сопақша сызық.
Жаппай және жеке жұмыс барысында оқушылардың жалпы даму деңгейі мен сауат ашуға дайындық дәрежесін зерттеу.
Әліппеге дейінгі кезеңде оқушылар «сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс» сияқты ұғымдармен танысады.
«Сөйлем» туралы ұғым айналаны қоршаған нақтылы таныс заттар немесе олардың іс-әрекетін бейнелейтін суреттер көрсету арқылы тәжірибелік жолмен беріледі.

Мектептегі оқудың басталуы- бала өміріндегі әлеуметтік-психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан қиын әрі жауапкершілігі мол кезең. Осы кезеңде мектепке бірінші күннен бастап талаптар қойыла бастайды. Сондықтан баланың ойынға деген қажетін ескермей оны бірден ой еңбегіне көшіруге болмайды. Дер кезінде өткізілген сергіту сәттері баланың денсаулығына оң әсерін тигізеді, нерв жүйесі мен бұлшық еттің физиологиялық күш- қуатын жақсартып, сабақты тез игеруге көмектеседі.


Сергіту сәттері баланың жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы жаттаған тақпақ баланың ойында тез жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.
Сергіту сәттері кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, мінез- құлық әдеттерін бекітуге әсер етеді.
Ал, сабақ тақырыбының мазмұнына лайық сергіту сәттері оқушыларды сергітумен қатар, сөйлем мағынасын жете түсінуге көмектесіп, олардың ойлау қабілетін жетілдіре түседі.
Сергіту сәті- бастауыш мектеп оқушыларының дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру, мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б. экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін және есте сақтауын дамытуға арналған жаттығулар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет