Білім мазмұнын қалыптастыру принциптері.
“ҚР жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы” Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер,білім мазмұнының құрамы және құрылымы біріңғай жүйеге келтірілген.
Ғылыми, әлеуметтік және мәдени дамудың соңғы жетістіктерінің мектепте берілетін білімнен көрініс табатын ғылымилығы.
Әрбір жаңа білім алдыңғы берілген біліммен байланысты және содан туындайтынын көрсететін білім мазмұнын жоспарлаудан тұратын бірізділік.
Тарихилық,яғни білім мазмұнында мектептердегі қандай да болмасын білім салаларының,даму тарихының оқылатын мәселер бойынша белгілі ғылымдардың іс-әрекетінен көрініс табуы.
Жүйелілік,яғни оқылатын білім мен қалыптастыратын біліктіліктерді адамзат мәдениетінің жалпы жүйесінде және өзара кірігетін барлық оқу курстары мен басты білім мазмұнының жүйесінде қарастыру.