«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»



бет1/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160

Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі
Республикалық орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау колледжі
«ҚР медициналық колледждерінің одағы»


БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАРЫ МЕН ИГЕРУЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК СТАНДАРТЫ


Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»
0301023 «Акушер»
Мамандығы: 030200 0 Мейіргер ісі
030203 3 «Мейіргер ісі»


Алматы 2012 ж

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитеті төрағасының
2013 жылғы 23 сәуірдегі
№111 бұйрығымен
бекітілген


Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсыным
1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арналған.
2. Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет: тырнақты алу, тырнақта лактың болмауы, жасанды тырнақтың болмауы, қолда зергерлік әшекейлер мен сағаттың болмауы.
3. Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляцияларды орындауы немесе аурухана ортасындағы әртүрлі объектілермен (аппараттар, аспаптар беті, науқастарды күту заттары, санитариялық-техникалық жабдық, әбзелдер, киім, медициналық мақсаттағы бұйымдар, таңу материалы, медициналық қалдықтар және т.б.) жанасуы кезінде ластанатын қолы болып табылады.
4. Микроорганизмдердің қол арқылы ықтимал берілу жолдарын тоқтату және ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу қаупін азайту үшін қол нақты немесе әлеуетті ластануы мүмкін барлық жағдайларда медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеу қажет.
5. Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің үш тәсілі бар:
антисептиктерді қолданбай, қолды сабынмен және сумен жуу;
антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу;
қолды хирургиялық дезинфекциялау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет