«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»


Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау



бет6/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160
Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау



Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

10 л-ге

1 л-ге

Негізгі 5% ерітінді (л)

Судың мөлшері (л)

Негізгі 5% ерітінді (мл)

Судың мөлшері (мл)

0,25

0,5

9,5

50

950

0,5

1

9,0

100

900

1

2

8,0

200

800

1,5

3

7,0

300

700



Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту
кезеңдері
бұйрығы 27.01. 2015 ж (ҚР ДСМ № 48.)

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.


Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.
Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі.
Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процесінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.
Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:
1 кезең – зарарсыздандыру,
2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,
3 кезең – залалсыздандыру.


I КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру


Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:

  • зарарсыздандыру ерітіндісін;

  • қақпақты 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;

  • құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

  • медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған №2-ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;

  • бирканы (таңбаны);

  • арнайы киімді (халат, маска, қолғап);

  • пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;

  • лотоктар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет