«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»



бет9/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160
Азопирам байқауының нәтижесі

Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді:





көк-күлгін түске

егер де заттарда жасырынды қан қалса

күрең-қоңыр түске

егер де заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

қызғылт түске

егер де заттарда жуушы зат қалдығы қалса

Реакция оң болады, егер де боялу болса (1 минуттан кейін)


Боялу, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);
Қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;
Синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;
Байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.

  1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

  2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

  3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.


III КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру


Мақсаты: науқастарға аурухана ішілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтырудың алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.
Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.



  1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

  2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

  3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.




  • автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

  • ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут




  1. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

  2. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

  3. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтау мақсатымен орауға ораңыз.

  4. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.



Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет