Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет16/180
Дата19.02.2023
өлшемі1.9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова
Нәрікбаева Райхан Ыбырайқызы 22ФКБ №1
ғақыл, ғадет, ғамал, хүкім. Және осы норманың салдарынан 
қазақ тіліне тән емес ф, х әріптері жиі жазылатын болған
40
(соның әсерінен болу керек Мүрсейітте партия, доктор деген 
орыс сөздері фартия, дохтыр түрінде жазылған).
Бұл орфографиялық тәртіп – тек кітаби тілдік үлгілер 
ғана емес, өткен ғасырдағы араб жазуымен берілген қазақ 
жазбаларының көпшілігіне тән болған норма. Емленің бұл 
нормасын біз шартты түрде «шағатайша-татарша орфограм-
ма» деп атауды ұсынған болатынбыз
41
. Қалай атасақ та осы-
лайша жазу өткен ғасырдағы жалғыз қазақ тілі емес, көптеген 
түркі тілдерін ортақтастыратын тәсіл – норма болғаны аян. 
Соның нәтижесінде ортаазиялық түркі тілінде жазылған 
кейбір нұсқаларды әр халық уәкілі өз тілінің фонетикалық 
құрылымына сәйкестендіріп оқитын дәстүр де пайда болған
42
.
40
Кітаби тілге тән дыбыстық, орфографиялық ерекшеліктер туралы Ә.Құрыш- 
жановтың аталған мақаласында кең түрде, өте жақсы көрсетілген (75-88-беттерді 
қараңыз).
41
Сыздықова Р. XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби тілі // Қазақ тілі 
тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 1963. - 5-шығуы. - 22-б.
42
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1962. - 176-б.


39
Шағатайша-татарша емле нормасы араб жазулы қазақ 
кітаптарының көпшілігіне тән болғандығынан тек кітаби тіл 
үлгілері емес, қазақтың төл ауыз әдебиеті үлгілерінің де өткен 
ғасырдағы баспалары осы ережемен жазылған. Сондықтан 
эпостың жырларда «иігірмеде яшы бар, ялғыз туған башы 
бар» деп жазып «жиырмада жасы бар, жалғыз туғанбасы 
бар» деп оқуға тура келген. Дегенмен бұл норманың күллі 
қазақ орфографиясына ортақ шарттылығынан гөрі, дәстүрлік, 
«кітабилық» сипаты басым болғанын осы жазу нормасының 
кей үлгілерде сақталмай бұзылып отырғандығы көрсетеді. 
Мысалы, «Дала уалаяты» газетінде ресми бөлімде берілген 
жарлық-бұйрық, үндеулерде көбінесе шағатайша-татарша 
жазу нормасы сақталған да, жай корреспонденцияларда, 
әсіресе, қазақ әдебиеті үлгілерінде, мысалы, «Жиренше ше-
шен һәм Алдар көсе» (1889, №5) немесе Еңлік-Кебек туралы 
әңгімеде (1892, №29) сингармонизм заңы да сақталған, сөз 
басындағы ж әрпі де өз орнында. Сондай-ақ бұл емле норма-
сын орыс ориенталистері жинап бастырған үлгілерде, әсіресе, 
орыс графикасымен берілгендерінде мүлде қабылдамаған. 
Ал Абай текстеріне келсек, ең алдымен, автордың өзінің 
қалай таңбалағанын айтуға мүмкіндігіміз жоқтығы белгілі, 
өйткені Абайдың автографтары жоқ. Мүрсейіт дәптеріндегі 
орфографиялық тәртіп мынадай:
1) қазақ сөздері, негізінен, қазақша жазылған, яғни мүмкін- 
дігінше үндестік заңына лайық қосымшалар құбылып отырады 
(қатаң-ұяңдықтарынан басқасы).
2) Сөз басындағы ж әрпі м-мен алмастырылмайды (йігірма 
деген бір сөзден басқасында).
3) Қазақтың халықтық тіліне енген араб-парсы сөздері 
«қазақы» түрінде жазылады: өмір (ғұмыр емес), ақыл (ғақыл 
емес), дос (дост емес), айла (һайла емес), есеп және хисап 
(һесаб емес), әдет (ғадет емес), диқан (дехкан емес) т.т. 
Мүрсейіт дәптерлерінде кейбір шығыс сөздері бастан-аяқ бір 
тұлғада, осы күнгіден өзгеше жазылады. Олар: осы күнгі әр, 
еш сөздері әрдайым һэр, һеш түрінде келеді. Бұлар жалғыз 
Мүрсейіт емес, күллі арабша жазуда осылай таңбаланып кел-
ген. Осы күнгі Құдай, қызмет, құрмет, хайуан, пайда, молда, 


40
Алла – Алда, жапырақ, парыз, қапа, қате, шапқат, нәпсі, та-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   180




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет