Р. Сыздык 1-том indd


барған жеке ақындар шығармалары



Pdf көрінісі
бет6/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
барған жеке ақындар шығармалары. Бұлар идеология-
сы жағынан әр алуан. Халықтық демократиялық мүдделерді 
жырлаған және заман қайшылықтарын сынап, халыққа бүй- 
регі бұрған мотивтері күшті Шөже, Сүйінбай, Күдері, Біржан, 
Жаяу Мұса, Ақан, Майлықожа, Нұрым, Арыстан, Орын-
бай, Кемпірбай т.т. тәрізді ақындар мен феодалдық-реакция- 
шыл идеологияны қостаған Шортанбай, Дулат, Мұрат, Ны-
санбай, Досқожа, Базар, Әубәкір, Кердері т.б. сияқты ақын-
жыраулар.
3. Қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз орындары: «Түркі- 
стан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Торғай 
газеті», «Ауыл шаруашылық листогі» т.б.
11
Виноградов В.В. О задачах истории русского литературного языка, преимуще-
ственно XVII-XIX вв. // Известия АН СССР. - ОЛЯ. - 1946. - Т. V. - Вып. 4. - С. 231.


18
4. Қазақ ішінде жазылған кейбір ресми кеңсе қағаздары: 
патша үкіметінің әкімшілік орындары мен жергілікті әкімдер- 
дің бұйрық-жарлықтары, арыздар, инструкциялар т.б.
5. шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін 
аудармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша 
жырлаған туындылар. «Шахнаме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп- 
Зылиха», «Фархад-Шырын», «Ескендір», «Мұңлық-Зарлық», 
«Сейфілмәлік», «Бозжігіт», «Шахмаран», «Шәкір – Шәкірат» 
т.б.
6. Ислам дінін уағыздап, оның пайғамбарлары мен 
әулиелерін дәріптейтін таза діни тақырыптағы шығар- 
малар – қиссалар: «Салсал», «Зарқұм», «Жұм-Жұма», «Кер- 
баланың шөлінде» т.б.
7. Ислам діні канондарының қазақша аудармалары: 
«Исламның бес фарызы», «Қырық қадис».
8. Христиан дінінің канондарын қазақша түсіндіріп 
уағыздайтын кітапшалар. «Ақыл беретұғын кінеге» (1891), 
«Езги Иосиф» (1892), «Евангелие» (1891), «Құдайдың... үшін 
көп азап тартқан Евстафий Плакиданың... өмірі» (1886) т.т.
9. Азаматтық тақырыптарға, яғни медицина, ветерина-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет