Құрамы 5 мл препараттың құрамында белсенді зат нифуроксазид 200,0 мг



бет1/4
Дата11.10.2022
өлшемі74 Kb.
#42361
түріҚұрамы
  1   2   3   4







Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Mедициналық және
фармацевтикалық қызметті
бақылау комитеті Төрағасының
20_ жылғы “____” ___________
№ _____ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН



Дәрілік затты медициналық қолдану
жөніндегі нұсқаулық


Энтерофурил®


Саудалық атауы
Энтерофурил®


Халықаралық патенттелмеген атауы
Нифуроксазид


Дәрілік түрі
Ішуге арналған суспензия, 200мг/5мл


Құрамы
5 мл препараттың құрамында
белсенді зат - нифуроксазид 200,0 мг
қосымша заттар: сахароза, натрий гидроксиді, метилпарагидроксибензоаты, этанол 96%, карбомер, лимон қышқылы, банан хош иістендіргіші, су.


Сипаттамасы
Банан иісі бар сары түсті суспензия


Фармакотерапиялық тобы
Диареяға қарсы препараттар. Микробтарға қарсы және қабынуға қарсы ішек препараттары. Микробтарға қарсы басқа да ішек препараттары. Нифуроксазид.
АТХ коды А07АХ03


Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Нифуроксазидті ішу арқылы қолданудан кейін ас қорыту жолынан іс жүзінде сіңбейді, ал өзінің бактерияға қарсы әсерін тек ішек саңылауында көрсетеді. Асқазан-ішек жолы арқылы толық шығарылады: 20% өзгермеген түрде, нифуроксазидтің қалған бөлігі – химиялық өзгерген. Сыртқа шығарылу жылдамдығы препараттың дозасына да, ішек жолы моторикасына да байланысты болады.
Фармакодинамикасы
Нифуроксазид - әсер ету ауқымы кең микробқа қарсы дәрі, 5-нитрофуран туындысы.
Дегидрогеназалар белсенділігін бөгейді және тыныс алу жолдарын бәсеңдетеді, ақуыздар синтезін, патогендік бактерияларда үшкарбон қышқылының және бір қатар басқа биохимиялық үдерістер циклін бұзады. Микробтық жасушалардың жарғақшасын бұзады, микроорганизмдердің уытты өнімін бәсеңдетеді.
Грамоң микроорганизмдерге (Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes, Clostridium perfringens), грамтеріс энтеробактерияларға (Escherihia coli, Salmonella spp., Shigella spp., Klebsiella spp., Enterobacter spp., Vibrio cholerae, Campylobacter jejuni, Edwarsiella, Citrobacter, Yersinia enterocolitica) қатысты белсенді.
Нифуроксазид сапрофитті флораға әсер етпейді, қалыпты ішек микрофлораларының тепе теңдігін бұзбайды. Жедел бактериялық диарея кезінде ішек эубиозын қалпына келтіреді. Энтеротропты вирустар жұққан кезде бактериялық суперинфекциялардың туындауына кедергі келтіреді.


Қолданылуы
- егер инфекцияның басқа ағзалар мен жүйелерге таралуына күдік болмаса, регидратацияға қосымша ретінде жедел бактериялық диареяда қолданылады.
Регидратациялау үшін ішу арқылы немесе вена ішілік ерітінділердің көмегімен регидратация дәрежесі науқастың жасына және жай-күйіне (қатар жүретін аурулар және т.б.), диареяның ауырлығына сәйкес анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет