Құрамы Қарлықтардың ру-тайпалық құрылысы күрделілігімен көзге түседі



жүктеу 0.51 Mb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата15.03.2017
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3

 

Қала өркениеті мен сауда 

 

Қарлықтар  тұсындағы  әуелгі  орта  ғасырлық  қалалардың  пайда  болуы 



мен  дамуының  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Бұл  ерекшеліктердің  қайнар  көзі, 

бір  сөзбен  айтқанда,  қалалардың  дала  көшпенділері  мен  жер өңдеушілікпен 

айналысатын 

оазистік 

аймақтардағы 

отырықшылдықпен 

тікелей 

байланысатын жерінде орналасуында болды. 

Қарлықтардың  бір  ірі  қаласы  Тальхиз  немесе  қазіргі  аты  бойынша 

Талғар.  «Худуд  ал-алам»  шығармасында  ол  шігілдер  мен  қарлықтар 

арасындағы  тау  ішінде  орналасқан.  Тальхиз  бен  Талғардың  бір  екендігі 

ғылыми  әдебиеттерде  дәлелденген.  Бұл  қала  Іле  жазығында  түркілердің 

экономикалық,  саяси  және  мәдени  орталығы  болып,  әсіресе,  ІХ-ХІІ 

ғасырларда  өзінің  гүлдену  шегіне  жеткен.  Қаланың  дамуына  оның  Шығыс 

пен  Батысты  байланыстыратын  керуен  жолдарының  үстінде  жатуы  бірден-

бір әсер еткен фактор болды. 



Қарлықтар  Огырар  оазисіндегі  қалаларда  да  мекен  етті.  Олардың  бұл 

аймақта күшеюі VІІІ-Х ғасырға жатады. Осы кезеңдегі маңызды ескерткішке 

Құйрықтөбе  жатады.  Қаланың  ірге  тасын  қазу  кезінде  қарлық  дәуіріне 

жататын бірнеше тамаша ескерткіштер табылды. Солардың бірі қаланың ішкі 

қамалынан  табылған  оюлы  өрнекпен  салынған  сюжеттері  бар  ағаштар. 

Мұндағы сюжеттер ішкі камал өмірінен хабар береді. Мысалы, бірінде «құда 

түсу»

 

бейнеленген.  Ондағы  екі  адамнын  бірі  -  әйел,  ал  екіншісі  -  еркек. 



Еркекке көне түріктер тас балбалдар пішіні тәрізді шапан кигізген. Екеуі де 

ауқатты  от  басынан  шыққаны  көрініп  тұр.  Келесі  бір  ағашқа  салынған 

суретте қамалды қоршау және оны қорғау бейнеленген. Қорғаушылар қамал 

қабырғасынан  жауларын  садақпен  атып  жатыр.  Композицияның  орта 

тұсында  жоғары  көтерген  қолдардың  алақанында  күн  мен  ай  бар  құдай 

бейнесі түсірілген. Бұдан сюжеттің мифологиямен астарлас екені байқалады 

(31, 1988, 86-87). 

 IX  ғасырда  Отырардағы  қарлық  патшасы  арабтарға  алым  төлемегені 

үшін  арабтардың  Отырар  облысын  өздеріне  қаратпақшы  болып  шабуыл 

жасағандарын  және  қарлық  жабғуының  ұлы  мен  әйелін  тұтқындап  кеткенін 

хабарлайды.  Жоғарыда  келтірілген  ағаш  суреттерде  қарлықтар  тарихында 

болған осы оқиғалардың бейнелену мүмкіндігі зор. 

«Отырар-төбенің»  көлемі  200  гектарға  жуық.  VІ-VІІІ  ғасырларда 

Отырар  облысы  ірі  орталық  бола  отырып,  көршілес  мемлекеттердің  саяси 

өмірінде  маңызды  рөл  атқарды.  Осы  өңірде  табылган  теңгенің  бет  жағында 

түркілердің  ру  таңбасы,  ал  екінші  жағында  Шаш  эмблемасы  —  арыстан 

бейнеленген.  Теңгенің  өзі  мыстан  жасалғандықтан  ол  жергілікті  рөл 

атқарғандығын  айту  керек.  Әуелгі  орта  ғасырда  мыс  теңгесі  шет  елдерде 

айналымға  жүре  алмай  өзінің  сатып  алу  кабілетін  тез  жоятын.  Сондықтан 

Отырар  теңгесі  жергілікті  жердегі  екі  халықтың  түркі  және  соғдыларға 

арналғандығын  немесе  жергілікті  басқарушының  түрік  билеушісімен 

туысқан  екендігін  көрсететін  болуы  керек.  Араб  деректерінде  Отырар 

билеушісін  бекер  «Отырар-бенд  патшасы»  деп  атамаған.  Бұл  теңге  VII 

ғасырда  немесе  VIII  ғасырдың  бірінші  жартысында  жасалған  деп 

топшылауда  негіз  бар.  Өйткені,  VIII  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап, 

Орта Азиядағы барлық елдерде теңге шығару халифат үлгісіне көшеді. 

Қарлықтардың  оңтүстік  батысындағы  ірі  калалары:  Тараз  (Жамбыл 

облысы)  бен  Испиджаб  (Сайрам)  болды.  Тараз  кезінде  Батыс  Түрік 

қағанатының  құрамында  болып,  кейін  түргештер  қаласы  ретінде  саналды. 

Археологиялық мәліметтер бойынша қаланың шахристан көлемі солтүстікте 

370  м, батыста 160 м,  ал  оңтүстікте  200  м дейін  созылған.  Тараздың өрлеуі 

негізінен  ІХ-Х  ғасырларға  жатады.  Егер  VII  ғасырдың  ортасында  Тараздың 



ауданы  2.7  шақырым  болса,  IX  ғасырға  қарай  ол  екі  есе  ұлғайған.  Қаланың 

өсуі  оның  аймағының  дамуымен  тығыз  байланысты  болды.  Тараз  округі 

бірнеше кішігірім қалалар мен қоныстардан тұрды. 

Тараз  округіндегі  қалаларды,  олардың  даму  ерекшеліктері  мен 

шаруашылығына карай екі топқа бөлуге болады. Солтүстік-батыс бөлігіндегі 

қалалар, негізінен жер өңдеу, қолөнері және сауда арқылы дамыса, оңтүстік- 

шығыс  жақтағы  қалаларда  кен,  жер  қазба  байлықтарын  ондіру  негізгі 

шаруашылық  түріне  айналған.  Атлах, Хамукет,  Шігіл  туралы ортағасырлық 

деректер  сипаттама  бергенде:  базар,  бақ,  жүзім  өсіру  сияқты  шаруашылық 

жайы  айтылса,  Текабкет,  Жүл,  Сүс,  Шелжі  жөнінде  олардың  тауға  жақын 

тұратыны және кен өндірілетіні көрсетіледі. 

Қарастырылып  отырған  кезеңдегі  ірі  қалаларға  ортақ  үлгіні  біз  әл-

Махдисидің Испиджаб қаласын сипаттағанынан көреміз. «Оның рабады мен 

ел  тұратын  мединасы  бар.  Онда  (мединада)  төбесі  жабық  базарлар,  мақта 

базары,  үлкен  мешіт  бар.  Оның  (мединаның)  төрт  қақпасы:  Нуджакет, 

Фархан,  Шакрана,  Бұхара  деп  аталады  және  әр  қақпаның  жанында  рабады 

бар.  Рабаттар:  нахшебтіктер  рабады,  бұқаралықтар  рабады,  самархандықтар 

рабады,  Қаратегін  рабады  ...  Онда  (қалада)  1700  рабад  бар  деседі.  Оньң 

рабадын айнала дуал, ал озінің  ішінде бос қалған ішкі қамал бар ... Қала таза, 

өмірі жайлы (51, 80-81). 

Испиджабта  мұндай  көршілес  қалалардың  аттары  бар  бірнеше 

қақпалардың  болуы  оның  іргелес  жатқан  облыстармен  тығыз  сауда,  мәдени 

және саяси байланыстардың болғанын көрсетеді. 

Тараз  округінің  бір  елді  мекені  —  Шігіл  қалашығы.  Әл-Макдисидің 

сипаттауынша,  «Шігіл  —  Тараздан  кісі  айкайы  естілетін  жерде  орналасқан 

кішігірім  елді  мекен».  А.Н.Бернштам  мұны  Қош-төбе  қалашығымен 

сәйкестендірді.  Ал  Г.И.Пацевич  және  Т.Н.Сенигова  Шігілді  Тараздан  бір 

жарым километрдей қашықтықтағы Жалпақ төбе деп түсіндіреді. Қарлықтар 

құрамындағы үлкен бір тайпа шігілдер атымен аталғаны мәлім. 

Түрік  көлінің  (қазіргі  Ыстықкөл)  оңтүстік  жағалауында  Жоғарғы 

Барсхан  қаласы  орналасқап.  Бұл  өңірде  қарлықтардың  шігілдер  тайпасы 

тұрғанын ортағасырлық деректер айтады (34, VIII, 51). 

Қарлық  дәуіріндегі  осындай  ұсақ  қалалардың  бір  шоқ  тобы 

Ыстықкөлдің  батысы,  оңтүстігі  және  шығысында  орналасқан.  Олардың 

ішінде  батыстағы  Маргелан,  шығысындағы  Төменгі  Барсхан  және 

оңтүстіктегі  Ат-Баш  ауданындағы  қала  қалдықтары  көзге  тұтылар  еді. 

Әсіресе  Нарын  өзеніне  құятын  Атбаш  және  Арпа  салалары  арасында 

қарлықтар  мекендері  өте  жиі  кездеседі.  Содардың  ішіндегі  үлкені 


Ширдакбек. Сонымен катар Жөргетал мен Казарман жанындағы Чалдывар да 

карлық қорғандары болып табылады. 

Қарлықтардың 

оңтүстігі 

мен 

Ыстықкөлдің 



батысында 

отырықшылдықтағы  мекендермен  қатар  жайылымдық  тұрақтары  да  аз  емес 

еді.  Оған  Қызарт,  Қошқар  және  Жуан-Арық  сияқты  мекендерді  айтуға 

болады.  Қазба  жұмыстары  нәтижесінде  табылған  мазарлар  мен  заттар  бұл 

жерлердің қарлық көшпелілері үшін өте маңызды бір аудан болғанын айғақ 

етеді. 


Көшпелі қарлықтар мекендеген жердегі Нүзкет қаласы да Қайынданың 

шығысында,  Кара-Балты  суының  жанында  орналасқан.  Бұл  қала  мұсылман 

географияшыларының  еңбектерінде  көрсетілгендей  қарлық  қаласы  — 

Нүзкетпен  сәйкестендіріледі.  Қала  жанында  су  бассейндері  мен  канал 

жүйелерінің  салынуы  және  қарлық  керамикаларының  табылуы,  мұнда 

отырықшы шаруашылықтардың кеңінен жүргізілгендігін байқатады. 

Шу  жазығының  Таразға  кететін  жолдары  бар,  батысында  орналасқан 

Ашпара қаласы қытай деректерінде А-ши-пу-лай, мұсылмын географиясында 

Аспара аталатын. Шу өзенінің Аспара саласы жиегіндегі бұл қала түргештер 

дәуірінде  көтеріліп,  қарлықтар  кезеңінде  өзінің  гүлдену  шегіне  жеткен. 

Соңғы  дәуірге  жататын  керамикалар  мен  басқа  да  қазба  бұйымдар 

Баласағұнда табылған заттармен ұқсастығы байқалады. 

Аспара  қаласының  шығысында,  Жарлы-Қайың  маңында  Қайыңда 

қалашығы  да  қарлық  дәуіріне  жатады.  Жан-жағы  су  толтырылған 

каналдармен қоршалған. Оңтүстік-шығыс жағында су бассейнінің орны бар. 

Қаланың ішкі қамалының үлкендігі 60x190 м. 

Қазба  жұмыстарында  қарлық  дәуіріне  жататын  балшықтан  жасалған 

ыдыстар мен құмыралар табылған. Қала VII-Х ғасырларға жатады. 

Қарлықтардың  бір  шоқ  қалашықтарының  орналасқан  жері  Пішпектен 

Алматыға  барар  жол  маңайы,  Аламедин  өзені  жиектері  болып  табылады. 

Олардың  ішіндегі  ең  үлкені  Чумыш  мекені  болып,  үлкенді-кішілі  төрт 

қалашықтың  орны  табылған.  Бұлардың  барлығы  да  қарлықтар  билік  еткен 

дәуірге жатады. Қалашықтардың бір ерекшелігі өте дәлдікпен төрт бұрышты 

болып салынуы. IX ғасырда ірге көтерген бұл қалалар XII ғасырға дейін өмір 

сүрген. 

Қарлықтар  арқылы  өтетін  сауда  жолдары  Қара-Балты  және  Ақсу 

өзендері  арасындағы  бірнеше  керуен-сарайларға  тірелген.  Бұл  жерлерде 

бірнеше  кішкене  қалашықтардың  болғанын  олардың  бұзылған  қалдықтары 

дәлелдейді.  Олардың  ішіндегі  ең  үлкені  қазіргі  Полтавкаға  жақын 

орналасқаны болып  есептеледі.  Мұнда адамдардың  аттарымен көмілуі  және 

көшпенділер  мазарының  табылуы,  ол  мекендердің  қарлықтардан  бұрын  да, 


яғни  Түрік  қағанаты  кезінде  болғанын  аян  етеді.  Сол  сияқты  Ақсу  мен 

Соқулук  өзендері  арасында  да  бірнеше  ұсақ  мекендер  қалдықтары  керуен 

жолында орналасқан және қарлықтар дәуіріне сәйкес келеді. 

Қалалардың  ішкі  құрылысының  қалыптасуына  көптеген  әлеуметтік-

экономикалық, мәдени және саяси факторлар ықпал етіп отырды. Жалпы сол 

кездегі  қалалардың  ішкі  құрылысын  Тальхиз  қаласын  мысалға  ала  отырып, 

көруге болады. Қаланың орналасқан жері шаршы тәріздес, орталық түсі биік 

алаңқай болып келеді. Жалпы алып жатқан көлемі 28 га, оның 9-ын орталығы 

алып жатыр.  

Қаланың қолайлы жерге орналасқанын байқаймыз. Батыс жағынан қала 

тұрғындарына қажетті сумен қамтамасыз ететін өзен, оңтүстігінде қоршаған 

тау  жауды  бақылайтын  күзет  қоюға  мүмкіндік  берді.  Ал  солтүстік  пен 

шығыста егістік және жайылым бар. Тальхиз, сонымен қатар жергілікті және 

халықаралық  маңызы  бар  сауда  керуендерінің  торабында  орналасқан  еді. 

Қала  өз  ішінде  тік,  тура  көшелермен  квартал  торларын  жасай  отырып  әр 

кварталдың  өзі  12-14  үй-жайдан  тұрады,  бір-бірімен  ұсақ  көшелер  арқылы 

қатынасты. Әр кварталда туысқандық байланыстағы адамдар отбасыларынан 

тұрды деген көзқарас бар (203, 324-325). 

Әрбір  үй-жайдың  өзі  тұрғын  үй  және  мал  қора  жайы  болып  бөлінеді. 

Мал жай қораларының есіктерінің бағыты оңтүстік жаққа қарады. Мұның өзі 

квартал  аралық  көшелер  арқылы  малды  суаруға,  жаюға  шығаруға  қолайлы 

жағдай  жасады.  Қатты  қыс  кезінде  де  үй  кварталдарының  тұрғындарына 

суық онша сезілмейтін. Өйткені суық жел тар көшелер мен биік қабырғалар 

арқылы квартал ішіне өте алмайтын еді. 

Қоныстардың  қала  болып  қалыптасып,  статус  алуына  діннің  ықпалы 

зор  болды.  VIII  ғасырдың  II  жартысында  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстанда 

билікті  қолға  алған  қарлықтарға  ислам  ықпалы  басқа  түрік  ру-тайпалары 

бірлестігіне  қарағанда  басым  болды.  Бірақ  мұны  қарлықтардың  барлығына 

айтуға болмайды. Ал ислам дінін қабылдағанда қала құрылысының міндетті 

бір бөлігі — мешіт салу болды. Ірі мешіттің біріне Баласағұн қаласындағы Х-

ХІ ғасырға жататын күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді айтуға болады. 

Сонымен  бірге,  исламға  енген  қалаларда  қоғамдық  моншалар  мен  қабір- 

мавзолейлер салынды. 

Қарастырып  отырған  уақытта  қалаларда  этникалық  процестер  жедел 

жүріп  жатты.  Қала  тұрғындарының  түркіленуі  күшейді.  М.Қашғари, 

Баласағњн,  Испиджабпен  Отырардағы  соғдылардың  түркіленіп  кеткенін, 

солардың әдет-ғұрпын қабылдағандықтарын айтып жазды. 

Қала  этникалық  процестерінде  автохтондық  тұрғындардың  тілдік 

ассимиляциялануы  ерекше  орьн  алды.  Түркі  тілдес  халықтардың  Оңтүстік 


Қазақстан  мен  Жетісу  өлкесінде  билік  орнатуы  бұрынғы  жергілікті 

тұрғындардың, әсіресе, соғдылардың түркі тілімен ассимиляциялану процесі 

жүрді.  Бірақ  бұл  процесс  біркелкі  және  барлық  жерді  түгел  қамти  алмады. 

Өйткені басқыншылар өздері басып алған өлкенің бұрынғы өндірістік әдісіне 

тиіспей,  тек  салық  алумен  шектелген  жағдайда  жергілікті  тілдің 

ассимиляциялануы тежеліп отырды. 

Көшпелі  қарлықтардың  өмірінде  өздеріне  тәуелді  қалалардың 

мәдениеті  маңызды  рөл  атқарды.  VIII-IX  ғасырлардағы  Тараз  қаласын 

зерттеу  материалдары  оның  өзіндік  экономикасы  мен  мәдениеті  бар  Шаш 

және  Соғды  қалаларымен  тығыз  байланыста  болғанын  дәлелдейді. 

Деректерде 630 жылы Таразда көптеген елдердің саудагерлері тұрады, оның 

қабырғасынан  арабша,  парсыша  және  түркіше  сөздер  есгіліп  жатады  деп 

айтылуы,  ол  қала  тұрғындарының  этникалық  тұрғыдан  біркелкі  еместігін 

байқатады. 

Оның үстіне археологиялық қазба жұмыстары арқылы табылған Соғды 

борламалары мен теңгедегі Соғды жазулары да қарлықтар мен соғдылардың 

аралас 

тұрғанын 



көрсетеді. 

Түркі-қарлықтардың 

қалаларының 

архитектурасында  Соғды  мәдениетінің  ықпалы  зор  болды.  Олардың 

суретшілері  түрік  ақсүйектері  мен  шонжарларының  өтініші  арқылы  қала 

құрылысынын  қабырғаларын  безендіріп  отырды.  Әсіресе,  соғдыларда  әр 

түрлі жазу-сызу, әшекеймен ою-өрнек салу ерекше орын алды. 

Қарлықтар  мәдениетінің  оның  ішінде  қолөнерінің,  керісінше 

соғдыларға  тигізген  ықпалы  аз  болған  жоқ.  Оны  қолөнер  бұйымдарынан 

көруге болады. Мысалы, Таразда VІІІ-Х ғасырда кеңінен тараған құс тәрізді 

құмыралар кейіннен соғдыларға тарағаны анықталды. 

Қалалардың  өсуіне  көптеген  саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық 

факторлар  ықпал  етті.  Олардың  ең  бастылары:  Ұлы  жібек  жолына 

байланысты  сауда  керуендерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  көшпенділер 

мен  отырықшылар  іргелес  отырған  жерлердегі  шаруашылық  пен  саяси 

қарым-қатынас  және  діни  орталықтардың  пайда  болуы  т.б.  Бұл  факторлар 

сол территорияларда қоныстанған барлық түркі тектес халықтарға тән болса 

да,  оның  ішінде,  әсіресе,  қарлықтар  конфедерациясы  үшін  ерекше  маңызы 

болды.  Шынында  да  олар  тарихи  жағырапиялық  жағдайына  сәйкес  басқа 

түркі 


тектес 

тайпаларға 

қарағанда, 

отырықшы-егіншілікпен 

айналысушылармен тікелей көршілес, тіпті аралас, орналасты. Ал Орта Азия, 

Оңтүстік  Қазақстан  және  Жетісу  өңіріндегі  Ұлы  жібек  жолының  дені  осы 

қарлықтар  үстінен  өтетін.  Сонымен  қатар  ислам  дінінің  ішкерілеп  енуінің 

күшеюі  нақ осы  қарлықтар  үстемдігі  заманына  сәйкес  келді.  Қарлықтардың 

бір бөлігі VIII ғасырдың ортасында-ақ исламды қабылдаған еді. 


Зерттеуші  қазақстандық  ғалымдар  арасында  қалыптасқан  көзқарас 

бойынша,  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісудағы  қалалар  салыну,  даму 

ерекшеліктеріне  қарай  үш  аймаққа  бөлінеді.  Қазақстанның  оңтүстігін 

жайлаған  қарлықтар  қаласының  ерекшеліктері  Отырар  оазисіндегі  қалалар 

(мысылы,  Баба  ата  мен  Құйрықтөбе  мекендері)  орындарын  зерттеуде 

байқалады.  Ол  қалалар  мынадай  бөліктерден:  билеуші  ақсүйектер  тұратын 

қамал,  одан  кейін  шахристаннан,  ал  оның  сыртында  қолөнершілер  мен 

саудагерлер тұратын рабаттардан тұрады. 

Оңтүстік-батыс  Жетісудағы  өзгешелік  —  қамал  мен  шахристаннан 

кейін  қаланы  қоршаған  жер  учаскелерінің  болуы.  Мұндай  ерекшелік  қазіргі 

Жамбыл облысы жерінде табылған қалалардан жиі кездеседі. Іле бойындағы 

қалалар жартылай көшпелі қарлықтардың қыстайтын жұртына, оның ішінде 

ауқатты  ақсүйектер  тобының  қоныстарында  қалыптасып,  қала  айналасы 

ұзын,  бұрышты  дуалдармен  қоршалды.  Бүған  Қойлық,  Талхыз  (Талғар)  т.б. 

қалалар жатады. 

Ұлытау,  Орталық  Қазақстан  мен  Шаш  және  Тараздың  экономикалық 

байланыстарын  металдан  істелген  қару-жарақтардың  таралуынан  да  көреміз. 

Мысалы, темірден, қоладан жасалған садақ оқтарының ұштары Ұлытау, Сарысу 

өзені  бойы,  Бетпақала  мәдени  қабаттарынан  табылған.  Жезқазған  кен 

орындарында  оқтардың  үшын  дайындайтын  болған.  Әдемі  оқтар  мен 

садақтардың Шаш пен Тараздан кездесетінін Фердоуси өзінің «Шахнамасында» 

жазды.  Мұндай  оқтарды  дайындайтын  орталық  кезінде  Сығанақ  болған.  Егер 

Сығанақ Шаш пен Таразды қамтамасыз етсе, Сығанақты темірмен жабдықтап 

тұрған  Орталық  Қазақстандағы кен орындары болуы керек. 

Қарлықтар тұсындағы қалалардың дамуына көшпенділердің ықпалы зор 

болды. Қала құрылысы мал шаруашылығы мен айналысуға қолайлы мүмкіндік  

туғызатын    ыңғайда  жүргізілді.  Оған  мысал  ретінде  жоғарыда  келтірілген 

Тальхыз қаласын айтуға болады. Мұның өзі жер өңдеу мен мал шаруашылығын 

қатар жүргізуге, ал соның арқасында қолөнерінің де ұлғайып, өсуін қамтамасыз 

етті.  Қалаларды  осындай  кешендік  шаруашылықтардың  бір-бірімен  тығыз 

байланыста,  бірін-  бірі  жетілдіру  бағытында  дамуы  олардың  географиялық 

шектерінің  өсуіне  және  қала  айналасында  берік  экономикалық  және  мәдени 

аймақтарының қалыптасуына алып келді. 

Сол сияқты қарлықтардың маңызды екі өлкесі — Шу бассейні мен Талас 

жазығындағы  мәдени-шаруашылық  комплекстің  қалыптасуынан  ислам  мен 

қарлық  көшпелілері  мәдениеті  арасындағы  байланысын  және  олардың  өзара 

қатынасының  нәтижесін  көреміз.  «Қарлық  қақпасы»  болып  есептелетін 

Тараздың  исламның  бір  орталығына  айналуы  оны  Батыс  Түркістанмен  тығыз 

байланыстыра  тұрса  да,  екі  қарлық  өлкесі  арасында,  яғни  Шу  мен  Талас 


бойында  біртұтас  мәдени-шаруашылық  типі  қалыптаса  алды.  Бұл  әуелгі 

ортағасырлық  Орталық  Азия  қалаларының  дамуындағы  ерекше  бағыт  еді. 

Мұндай даму кейін Қарахандар мемлекетінің тұсында өзінің шарықтау шегіне 

жетті. 


Көшпенді қарлықтардың қалаларға қоныстана бастауы үлкен қалалардың 

дамуына және жергілікті отырықшы халықтың шаруашылығына әсерін тигізді. 

Қалалар  маңында  өңделген  жерлердің  ұлғаюы,  қолөнердің    дамуы  жалпы 

әлеуметтік жіктелу процесіне ықпал етті. 

Қалалардың  осындай  дәрежеде  дамуы  саудаға  зор  ықпалын  тигізді. 

Сонымен  бірге  бұл  жерлерде  бұрыннан  қалыптасып  қалған  Ұлы  жібек  жолы 

бар  еді.  VІІІ-Х  ғасырларда  Ұлы  жібек  жолының  одан  әрі  өркендеуінде 

қарлықтардың  рөлі  орасан  зор  болды.  Оған  қарлықтардың  алып  жатқан  ұлан 

байтақ территориясы да қағанатқа бұл мәселеде зор міндеткерлік  жүктеді. Егер 

VII  ғасырға  дейін  Қытай  мен  Батыс  елдерінің  арасын  жалғастыратын  жол 

Қашғар — Ферғана арқылы өтсе, VII ғасырдан бастап, Оңтүстік  Қазақстан мен 

Жетісу  үстімен  жүрді.  Өйткені  бұл  кезде  Ферғана  өңіріндегі  саяси  жағдайлар 

керуен жолдары үшін қолайсыз еді.  

Керісінше,  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісуды  мекендеген  қарлықтар 

сауда  жолының  сақталуына  және  оның  одан  әрі  дамуына  барынша  мүдделі 

болды. Өйткені бұл жерлер отырықшылар мен көшпенділердің  қалың түйіскен 

аймағында орналасқан еді. 

Бұл жолдың маңызының арта түсуіне түркі қағандары ордаларының жиі 

орналасқаны  да  ықпал  етті.  Олар  сауданың  өз  территориясымен  жүргеніне 

мүдделі болды. Деректерде сауда жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 

қарлықтар  қарулы  отрядпен  керуендерді  өз  жерлерінен  шығарып  салып 

отырғандары айтылады (43а, I, 355). 

Ұлы  жібек  жолының  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  бөлігіндегі,  яғни, 

қарлықтар мекендеген территориядағы негізгі салалары: Шаш-Испиджаб-Тараз 

барып,  одан  әрі  оңтүстікке  қарай  Төменгі  Барсхан-Қасрабас-Құлан-  Меркеге 

өтіп, Жоғарғы Барсхан арқылы Шығыс Түркістанға бағытталды. 

Қарлықтардың  ірі  сауда  орталығы  Испиджаб  қаласы  болды.  Шығыс 

елдерінің  барлық  саудагерлері  осы  қалаға  келіп  түйісетін.  Бұл  қала 

феодалдарының  саудаға  деген  мүддесін  арттырып,  олар  ірі  базары  бар  рабад 

салды. Қаратегін әмірші болып тұрған кезде бұл базардан айына 7 мың диргем 

пайда түсіп отырды. Мұндай рабадтар қарлықтардың басқа бір қаласы Меркеде 

де салынды. 

ІХ-Х  ғасырларда  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Жетісу  арқылы  өтетін  сауда 

жолының  одан  әрі  өркендеуіне  ислам  дінінің  зор  ықпалы  болды.  Олар  өз 

қаражаттарын базарлар мен олардың мекемелерін көбейтуге жұмсап отырды. 


Қарлықтардың  көшпелі  бөлігінде  сауданың  еркін  дамуына  сол  кездегі 

түркілердің  қонақжайлығы,  меймандостығы  көп  септігін  тигізді.  Өйткені 

түркілер  саудагерлерді  ерекше  күтіп  қарсы  алатын  және  осы  арқылы  сол 

саудагерлер еліне барғанда өздері сондай мүмкіндіктер алуына құқылы болды. 

Қарлықтардың  саудасында  жылқының  маңызы  үлкен  болды.  Жабайы 

тұқыммен  будандастырылған  бұл  жылқылар,  төзімділігі  жағынан  аңға, 

жорыққа  шығуға  теңдесі  жоқ  болып  шықты.  Қарлықтарда  жылқы  сатудың 

кеңінен  таралғаны  соншалық,  олар  саудагерлердің  өзін  опоңай  алдап  кете 

алатын дәрежеге жеткен. 

Қарлық құрамындағы ірі тайпалар: ягма, тухси, шігілдерде аңшылықпен 

айналысушылар  көп  болды.  Сондықтан  олар  саудаға  мал  өнімдерімен  қатар 

бағалы аң терілерін шығарып отырды. 

Қарастырылып  отырған  кезеңде  Орталық  Азияда  құл  саудасы  кеңінен 

тараған.  Құлдыққа  көбіңесе  жорықтар  мен  шапқыншылықтарда  қолға  түскен 

тұтқындар айналдырылды. «Олар тағы да келіп Самдун мекен-жайын тонады, 

мұсылмандарды тұтқындап әкетті»  десе, Гардизи қырғыздардың гуздарға 

шабуыл  жасап,  тонап,  кісілерін  өлтіріп,  ал  аман  қалғандарын  кұлдыққа  сатып 

жібергенін  хабарлайды.  Әл-Жахиз  Қарлықтың  бір  адамын  тұтқын-дапқалай 

қолма-қол  сатып  жібергенін  әщімелейді.  Құлдыққа  түркі  әйелдері  де  түсіп 

отырған. Фирдоусидің атақты «Шахнамесінде» қарлықтардың Тараз қаласынан 

әкелген  әдемі  түрік  қыздары  туралы  айтылады.  Бұған  бір  дәлел  ретінде  ІХ-Х 

ғасырларда Бағдат халифаттарының әйелдері көбінесе түрік әйелдерінен екенін 

айта кету орынды. 

Сонымен,  біз  қарастырып  отырған  кезеңде  қарлықтар  Орталық  Азияда 

Ұлы  жібек  жолының  маңызды  торабында  орналасып,  дүниежүзілік 

өркениетпен  тығыз  байланыста  болды.  Мұның  өзі  отырықшылар  мен 

көшпенділер  дүниесінің бір-біріне тигізген ықпалы арқылы ғана мүмкін бола 



алды. 

 

Сатай  Сыздықов,  түркітанушы,  тарих  ғылымдарының  докторы, 

профессор 

Каталог: media -> upload
upload -> Болат Боранбай Қазақ тіл білімінің Қалыптасуы мен дамуы
upload -> Әож 930 (574) Қолжазба құқығында
upload -> Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар Хандықтың құрылуы
upload -> ТӨленова зирабүбі Маймаққызы, Қр бғМ ҒК
upload -> С. Мәжитов Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Пікір жазған К. Л. Есмағамбетов
upload -> Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ сайлаушыларынан аманат (1917 ж.) Серікбаев Е. Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, т.ғ. к.,доцент
upload -> АҚТӨбе облысының тыл еңбекшілері ұлы отан соғысы жылдарында
upload -> Ұлы отан соғысы жылдарындағы мұнайлы өҢір а. Ж. ƏБденов
upload -> Ж. Е. Жаппасов XVI-XVIII ғҒ. ҚАзақ-орыс
upload -> Жоба бакалавриаттың тарихшы емес мамандықтары үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет