Ұраны – алаш, МҰраты – мирас



жүктеу 292.13 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата18.01.2017
өлшемі292.13 Kb.
  1   2   3

«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

ҰРАНЫ – АЛАШ, МҰРАТЫ – МИРАС 



(Ақын-қаламгер, ұстаз- ғалым Тұрсын Жұртбай  

шығармашылығы жөнінде ойлар мен толғамдар) 

 

ТҰРЫСБЕК Рақымжан,  

филология ғылымдарының докторы, профессор 

 

Өмірдің  өрнекті,  тағылымды  тұстары  мол.  Оны  қоғамнан,  адамдар 

арасынан  байқауға  болады.  Жасыратыны  жоқ,  көбінде  оны  аялау  мен 

бағалауда, көріп-сезінуде, танып-түстеуде ақыл-парасат, жан жылуы, мейірім 

шуағы, кеңдік пен кемелділік байқала бермейді.  

Алайда,  көңілді  кеңге  салып,  алдан  үміт  күтетін  кездеріміз  көп.  Қысқа 

шегініс  жасасақ,  ақын-қаламгер,  ұстаз-ғалым  Тұрсын  Жұртбаймен  әріптес, 

іні-дос  ретінде  жиі  кездесеміз.  Кеш-кездесулерде,  дөңгелек  үстел  басында 

жылы  ұшырасып,  ескі  тамыр-таныстай  қауышып  жүреміз.  Соның  бәрі-

баршасында  байқалатыны:  бос  уақытын,  елеусіз  сәттерін,  бей-жай  қалпын 

көру  қиын-ақ.  Керісінше,  болмыс  бітімі  қаракүреңденіп,  күміс  түсті  сақал-

самайы  теңбілденіп,  жүріс-тұрысынан  бейне  бір  алаң-күйі  танылып,  жұмыс 

бастылықтан  тыс,  ордалы  ойлардың  ортасында,  шығарашылық  шеңберінде, 

шабытты  шақтың  «құшағында»  қалып  қойғандай,  мазасыз  сәттері  көрініс 

берер  еді.  Қадамының  қарышты,  қиялының  қанатты,  қаламының  қуатты 

болғанын қалап-ақ жүреміз.  

Бұл тұста, сөз жоқ жазушы еңбегі мен шығармашылық жұмыстың қыр-

сыры,  көркемдік  мұраттары,  рухани-эстетикалық  сипаты,  тағылымды 

тұстары  өзіндік  өзгешеліктері  тұрғысынан  жөні  де,  жолы  да  алабөтен  дер 

едік.  Осы  орайда,  жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  мәселесі  қай  кезең, 

уақытта  да  маңызы  мен  өзектілігін  жоғалтпақ  емес.  Оны,  әсіресе  есімі  мен 

еңбегі  қалың  көпшілікке  мәшһүр  кез  келген  ақын  –  жазушылар 

шығармашылығынан  көптеп  кездестіруге  әбден  болады.  Онда  ақын  – 

қаламгердің  өмірі  мен  шығармашылығы,  көзқарасы  мен  қолтаңбасы, 

тақырыптық-жанрлық ерекшеліктері, көркемдік-эстетикалық құндылықтары, 

тіл-стиль мәселелері т.т. кең орын алады. 

Алғашқы тұста – «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегімде – жұмыр жер» (1980), 

атты өлеңдер мен дастандар жинағы арқылы қалың жұртшылыққа танылған, 

ақындық  өнерді  өмірімен  өзектес  арналы  ағыс  санаған,  кейінгі  кезеңдерде 

қалам  қуаты  мен  талант  табиғатын  –  ғылыммен  біртұтас  байланыстырған 

Тұрсын Жұртбай бұл бағытта да іргелі ізденістерімен, ерен еңбегімен бүгінгі 

уақытқа  үн  қосып,  замана  шындықтарымен  жарасымды  жалғасып,  алып 

адыммен  қарыштап  келеді.  Білім-ғылым  жүйесінде,  зерттеу  мен  зерделеу 

ісінде де елеулі еңбек етіп, қоғам-уақыт алға тартқан сауалдарға батыл,өткір 

жауап  беріп  келеді.  Адамдық  Һәм  азаматтық  көзқарастарын  да  бүкпесіз 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

білдіріп, 



ақыл-парасатты 

алдыға 


шығарып, 

байыпты 


байлам, 

ұстанымдарымен де елшіл, қоғамшыл қасиеттерін айқын аңғартқаны анық. 

Шығармашылық  мұраттың  бастауында  тұрған,  ізденіс  арналарының 

қайнар көзіне айналған – ақындық өнері: «Қоңыр қаз», «Жүрегімде – жұмыр 

жер»  арқылы  арналы  ағыс  құрайды.  Айнала  әлем,  қоршаған  орта,  адам 

мұраты  мен  еңбегі,  жастық  һәм  достық  тақырыптары-көңіл  толқындарын 

шертіп, жан-жүректен қозғалады. Ақын өзі көрген, көңілін қозғаған қайсібір 

мәселелерді  сыр  мен  сезімге  құрады.  Ой  мен  сөз  жүйесі  арқылы  тереңнен 

толғайды.  Жан-жүректің  қуанышты-сүйінішті  сәттерін  бүкпесіз-боямасыз 

жеткізеді.  Ақиқатында,  Т.Жұртбайдың  ақындық  мұраты  мен  мирасынан-

қоғамдық  құбылыстар,  өмір  мен  өнердің  тұтастығы,  адам  әлемінің  мың  сан 

иірімдері  ізденіске  құрылып,  жан-жүрек  сырлары,  мейірім  шуағы,  сезім 

шынайылығы табиғи бедер-болмысымен, ойлы мәнер, көркемдік құпиясымен 

ден қойғызады. Қайсібір құбылыс-көріністер, өмір-уақыт шындықтары, адам 

мұраты  мен  мүмкіндіктері  бедерлі  бейнеге,  сыр-сезімге,  көркемдікке 

құрылады.  Жан-жүрек  тербелістері  де,  көңіл  толқыны  да  боямасыз  беріліп, 

көзқарас  эволюциясы  жүйелі  жеткізіледі.  Өмір  мен  өнер  шындығы  табиғи 

көрініс береді. 

Ақын-қаламгер,  ұстаз-ғалым  Т.Жұртбайдың  шығармашылық  өмірі  мен 

көркемдік  әлеміне  ден  қойсақ,  ұлттық  сөз  өнерінің  көптеген  жанрлары 

бойынша іргелі ізденістер жасап, бұл бағыттарда елеулі еңбектер атқарғаны, 

сүбелі  үлес  қосқаны  көрінер  еді.  Олардың  өзі  ізденіс  арналары  тұрғысынан 

бірнеше  бағыт,  салаларды  құрайды.  Айталық,  қазақ  әдебиетіндегі  іргелі 

жанрлар – әңгіме, повесть, романдар бойынша – «Бесқарагер» (1982), «Дара 

тұлға»  (1984),  «Жер-бесік»  (1985),  «Абай  алдында»  (1987),  «Бесігіңді  түзе» 

(1997), «Бір уыс жусан» (2009), әдеби-көсемсөз, сын саласында – «Сүре сөз» 

(2005),  «Мәңгілік  аңсар»  (2010),  «Жансар»  (2011),  ғылыми-зерттеу 

бағытында  –  «Бейуақ»  (1990),  «Дулыға»  (2  том)  1994,  «Талқы»  (1997), 

«Күйесің,  жүрек...  сүйесің...»  (2001),  «Бесігіңді  аяла»  (2002),  «Құнанбай» 

(2004),  «Ұраным-  Алаш...»  (2007),  оқу-  ағарту  ісінде  –  «Сөз  мәдениеті» 

(2001),  «Әдеби  шығармашылық»  (2002)  т.с.с.  еңбектерінен  шығармашылық 

ізденіс, көзқарас пен қолтаңба кең көлемде танылады. Зерттеу мен зерделеу 

ісі айқын аңғарылады. Бастысы, әрине тақырыпқа адалдық, ізденіс іздерінің 

сонылығы,  дәйек-дерек  Һәм  өмір  материалын  жіті  зерттеп,  жүйелі  саралап, 

байыпты байлам, тың тұжырымдар жасайтыны терең танылады. Елдік мүдде, 

ұлттық рух, рухани тәуелсіздік, көркемдік ой-сана, өркениет өрісі, тарих пен 

таным, талап пен талғам кең орын алады. 

Әр алуан жанрлар жүйесінен іргелі ізденістер жасалып, маңызды мәселе, 

тақырыптар қозғалады. Әсіресе, әдеби-ғылыми бағыттағы туындыларынан әр 

түрлі дәйек пен дерек көздері, мол материалдар жиынтығы терең танылады. 

Өзіндік  ізденіс,  көркем  ойлау  жүйесі,  көзқарастар  мұраты  алдыңғы  кезекте 

көрінеді.  Мұның  бәрі-баршасынан  қоғамға,  өмірге  көзқарас,білім-ғылым 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

ісіне  берілгендік,жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық  мұратқа  шынайылық, 



ұлт пен ұрпақ қамына адалдық айқын аңғарылады. 

Шетелдік  басылымдарда  жарық  көрген  туындылары  да  бар  (мысалы, 

«М.О.Әуезов».Анкара,1997;  Кетбұқа.  Пекин,  2005,  т.т.).  Шығармашылық 

мұрасының  бір  бөлігі  әрі  зерттеу  еңбектерінің  үздік  үлгілері  –  15  тілге 

аударылған  екен.  Бұл  бағытта  да  едәуір  еңбек  атқарылып,  саннан  гөрі 

сапалық  көрсеткіштер  маңызды  мәнге  ие  болады.Ұлттық  мұрат,  руханият 

ісі,негізгі нәтиже алдыңғы кезектен көрінеді. 

Жинақтап 

айтқанда, 

жоғарыдағы 

еңбектер 

Т.Жұртбайдың 

шығармашылық  ізденіс,  зерттеу  мен  зерделеу  бағытындағы  туындылар 

табиғаты  мен  тағылымын  танытады.  Жазушы  еңбегі  мен  шығармашылық 

үдерістегі  көркемдік  таным  арналары,  жанрлар  жүйесі  мен  қаһарманның 

рухани  әлемі,  әдеби-мәдени  һәм  эстетикалық  бағыттағы  мәселелер-ұлттық 

сөз өнерінің түйінді тұстарын, маңызды қырларын кеңінен қарастырады. 

Т.Жұртбайдың  ізденіс  арналары  мен  көркемдік  жүйесінен,  зерттеу 

нысаны мен ғалымдық қырларынан: 

– Абайдың ақындық таланты мен тағылымы («Абай алдында», «Күйесің, 

жүрек... сүйесің», «Құнанбай») 

–  М.Әуезовтің  шығармашылық  мұрасы  мен  көркемдік  мұраттары 

(«Бесігіңді  түзе»,  «Талқы»,  «М.Әуезовтің  шығармашылық  өмірі  мен 

көркемдік әлемі») 

– Алаш идеясы мен тәуелсіздік мәселесі айқын аңғарылады («Ұраным –

Алаш!..»). 

Бұл  тақырып,  мәселердің  қай-қайсысы  да  Т.Жұртбайдың  рухани 

мұратына,  шығармашылығына  жат  емес.  Керісінше,  қайсібір  тұстарда 

анықтап,  немесе  жанамалап  оралып  отырады.  Соның  бәрі  –  баршасында- 

Абай әлемі, Әуезов тағылымы, Алаш мұраты қатар аққан арналы ағыстай қос 

өрім құрап, өз ара байланыс – сабақтастықта өріс алады. Ол, көбінде кездесу, 

сұхбаттарда  анық  айтылады.  Ел  тарихының  арғы  –бергі  кезеңдері,  азаттық- 

бостандық  жолындағы  –  Кенесары  мен  Кейкі,  Әлихан  мен  Ахмет  т.б. 

жанкешті  әрекеті,  ұлт  тәуелсіздігі  жолындағы  –  Абай,  Әуезов  т.б. 

шығармашылық  мұрасындағы  арман  –  аңсарлар,  көркемдік-  эстетикалық 

құндылықтар табиғатынан терең танылар еді. Маңыздысы, әрине Т.Жұртбай 

шығармашылығы  мен  кездесу,  сұхбаттардағы  сөйлеген  сөздерінен  ұлт 

мұраты,  тәуелсіздік  идеясы,  танымал  тұлғалардың  тағдыр-талайы  терең 

көрініс береді. Алаш идеясының басым бағыттарын құраған -ел-жер мәселесі, 

оқу-білім  ісі,  тәлім-тәрбие  арналары  да  негізгі  зерттеу  жүйесін  құрайды. 

Оның  бәрі-баршасынан-елдік  мұрат-мүдде,  ұлт  руханиятының  өзекті 

мәселелері  арқау  етіледі.Бұдан  басқа,әрине  бөлекше  айтар  арналы  саланың 

бірі  –  Құнанбай  қасиеті,  Абай  құдіреті,  Әуезов  әлемі,  Шәкәрім  шындығы, 

Қайымның қайсар да қуатты елшілдігі, ұстаз бен ұлылыққа құрмет-тағзымы 

аса  мәнді,  өзгеше  мәнерлі  екендігі  көрінер  еді.  Тұлғалар  табиғаты  мен 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

тағылымы,  талант  қуаты  мен  көркемдік  құпиясы  да  өмір-өнер 



шындықтарымен  үндесіп,  нақтылы  дерек,  ақиқат  жайттарды  жүйелі 

жеткізуімен маңызды болып табылады. 

Т.Жұртбайдың ізденіс арналары мен көзқарас жүйесінің бір сарасы, мың 

сан арналары осы тұстан көрініс береді. 

Орайлы  тұста  еске  алсақ,  Т.Жұртбайдың  «Күйесің,  жүрек...Сүйесің» 

атты ізденіс пен талдауға құрылған еңбегінде Абай әлемінің ішкі иірімдеріне 

назар  аударып  (Алматы:  Санат,  2001.-408бет),  кеше  мен  бүгіннің  ара 

салмағын  жіті  саралап,  оның  өзін  кең  көлемде  көрсетумен  қатар,  ақындық 

мұрат  пен  таным  деңгейін,  ұлттық  мәдениет  пен  көркемдік  құндылықтар 

табиғатын, ақыл-парасат азаттығы мен рухани тәуелсіздік сырларын зерттеп-

зерделеу  мақсат  етіледі.  Оның  өзі  әр  түрлі  тақырып,  көптеген  мәселелерді 

қамтиды.Ақындық  өнер,  талант  табиғаты,  руханият  ісі,  өркениет  өрісі  өз 

кезегінде шынайы шындықтарымен маңызды мәнге ие болады. 

Басты  байқалатыны:  Абайдың  адамдық  мұраты  мен  ақындық  әлемін 

әр  қырынан  ашатын  маңызды  сөз,  ұтымды  ойлары  негізгі  тақырыптар 

қатарына  шығарылады.  Осының  негізінде  –  Абай  және  ұлттық  намыс, 

исламияттағы жадиттік бағыт, дәстүр мен заң мәселелері, рухани бостандық, 

таным  арналары  арнайы  зерттеу  жүйесін  құрайды.  Сөз  жоқ,  автор  бұл 

тұстарда  Абай  өмірі  мен  шығармашылық  мұрасын  тұтас  қамтып,  кейінгі 

кезекте ондағы басты бағыт, негізгі тақырыптарға айрықша мән беріп, оның 

ішінде  ұлттық  мұратты  арқау  еткен,  қалың  көптің  ойын  қозғаған  уақыт 

шындықтары  айқын  аңғарылатын  маңызды  мәселерге  мән  береді.  Абай 

әлемінен  көрініс  тапқан  басты  тақырыптарға  қазіргі  кезеңнің  шындықтары 

тұрғысынан ден қойып, артық- кем тұстарын саралап, байыпты тұжырымдар 

жасайды.Тұлға табиғаты мен тағылымы,талант мұраты мен қалам қуаты бар 

қырынан айқындалып,шынайылық сипаттарымен ден қойғызады. 

Жасыратыны  жоқ,  Абай  әлемі-қоғамдық  құбылыстармен,  кезең 

шындықтарымен сабақтастықта өріс алып, ақындық өнердің биік мұраттары, 

көркемдік  құпиясының  мың  сан  иірімдері,  ой  мен  сөз  жүйесінің  біртұтас 

табиғаты,  ең  негізгісі  даңқты  һәм  дара  дарынның  дүниетанымы, 

шығармашылық  мұрасы  әр  қырынан,  кешенді  сипатта  кең  өріс 

алады.Қысқасы,  Абай  әлемі,мұраты  мен  мирасы  ұлт  руханияты,тарих  пен 

таным  тұрғысынан  таразыланады.Кеше-бүгін  мәселесіне  мән  беріледі.Абай 

мұраты мен мирасына адалдық танытады.Үлі-өнегелік қырлары, әсер-ықпалы 

айқындалады. 

Басты  аңғарылатын  жайт:  Абай  әлемі,  ақындық  мұрасы  мен  ондағы 

ақиқат ісіне қатысты көзқарас мұраттары – адам, өмір, уақыт туралы ойлары 

мен толғаныстары төңірегінде кең өріс алады. Әсіресе, Абайдың: 

– ел-жерге адалдығы 

– алыс-жақынға берілгендігі 

 – жан-жүрегін, көңілін ашық ұстайтыны 



«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

– ақиқат жолында адал, қатал, турашылдығы 



– ұлттық, рухани тәуелділікті аңсауы т.с.с. бағыт, көзқарастары еңбектің 

тұтас табиғатын танытады. 

Кітаптың  басым  бағыттарынан  Абай  әлемі,  көзқарас  мұраттары  арғы  – 

бергі  кезеңдерде  өмір  сүрген  оқымыстылардың  еңбек-мұраларымен  өз  ара 

байланыста  беріледі.  Адами  арман-аңсарлар,  өмір-тұрмыс  сырлары,  тарих 

пен таным арналары, елдік мұрат- мүдделерге қатысты көзқарас эволюциясы 

т.с.с. кең орын алады. Айталық, Р.Тагордың ұлт тарихы мен тағдыр – талайы 

төңірегіндегі ұтымды ойлары, П.Я.Чадаевтың идеялық ұстаным турасындағы 

көзқарастары, Н.А.Бердяевтің адам мен мемлекет арақатынасы жөніндегі ой 

–пікірлері,  Монтеньнің  ақыл-парасатқа  табан  тіреуі  –  Абайдың  адамдық-

ақындық  әлемімен  сабақтастықта  беріледі.  Артық-кем  тұстары  айтылып, 

ортақ мұраттары, арман-аңсарлары, өзіндік өзгешеліктері көрсетіледі. 

Автор Абай әлемі мен дүниетанымына еркін һәм терең ену үшін әлемдік 

ақыл-ой алыптары мен олардың еңбек-мұраларына назар аударады. Әсіресе, 

ел-жер,  тарих  пен  таным,  руханият  арналары  төңірегіндегі  көзқарасы  мен 

қолтаңбаларына,  өмірлік  бағыт-ұстанымдарына  жіті  ден  қойып,  оның  Абай 

әлеміндегі көріністеріне, сабақтастығына мән береді. Ортақ мұрат пен өзекті 

жайттарға  ұлттық  таным,  тарихи  сана,  болмыс  бедерлері  тұрғысынан 

қарайды. Осы реттен келгенде, Абай әлемі мен шығармашылық мұрасындағы 

басты  бағыттар  –  адам  өмірі  мен  еңбегі,  әлеуметтік  ахуал,  ақиқат  пен 

жалғандық,  тарих  пен  таным,  діл  мен  дін  т.с.с.  байыпты  бажайланып,  мән-

маңызы айқындалады. Кеше-бүгін байланысына,сабақтастық сырларына мән 

беріледі.  

Бұл  тұстардан,  сөз  жоқ  кітап  авторы  Абай  әлеміне  –жан  бостандығы, 

рухани  тәуелсіздік  тұрғысынан  ден  қойып,  оның  өзі  көбінде  ақынның  өлең 

өрімдері,  қарасөздеріндегі  фәлсафалық  мұраттарымен  байланыста  беріледі. 

Айталық,  алғашқы  бөлімде  –  Абай  және  отарлау  саясаты  төңірегінде  сөз 

етіледі.  Автор  осы  тұста:  «Абай  –  қазақ  халқының  ар-ожданы,  ұлттық 

мақтанышы және намысы... 

Абай  өз  заманына  дейінгі  дала  данышпандарының  даналық  мәйегін 

меңгерген,  бүкіл  көшпелілер  дүниетанымын,  рухани  болмысын,  парасатын, 

көркем  ойының  мүмкіндігін  танытқан,  сол  арқылы  адамзат  санасының 

дамуына үлес қосқан дара дана... 

Абай  көшпелі  заманның  соңғы  жаңа  низамның  алғашқы  ұлы  тұлғасы 

болды.  Сондықтан  да  оның  шығармаларындағы  жан  күйзелісі  қазақ 

халқының қасіреті мен ұлы катарсисі тұсында ұлы ақын өмірге келді» (12-13-

беттер) дегенді баса айтып, осының негізінде отаршылдық кезеңіндегі қазақ 

халқының  тағдыр-  талайына  назар  аударады.  Ресейдің  ұстанған:  «Егер 

мемлекеттің  мүддесі  қажет  ететін  болса-онда  қазақтарды  құрбандыққа 

шалуға  ешкім  қарсы  болмайды»  –  деген  озбыр  да  содырлы  саясатын  еске 

алады.  Абай  өмірін,  тағдыры  мен  талқысындағы  тауқыметті  тұстарды, 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

шығармашылық  мұрасындағы  билікке,  бай-болысқа  бағытталған  көзқарас, 



мұраттарының  бәрі-баршасы  –  Ресей  отаршылдығына  қарсылық,  өз  халқын 

одан  арылу  мен  босатудың  жанкешті  әрекеті,  соның  нақтылы  көріністері 

екендігін барынша дәлелді, түсінікті сипатта жүйелі жеткізеді. 

Автор  Абай  һәм  отаршылдық  мәселесін  белгілі  бір  орта,  тағдырлар 

талқысы төңірегінде ғана емес, керісінше тарих пен таным арналарын арқау 

етіп,  арғы  кезеңдердегі  ұлт  пен  ұлыстар  тағылымын,  билік  атаулының 

аюандық  пен  озбырлығын,  зорлық-зомбылықтарын  кең  көлемде  сөз  етеді. 

Отарлау мен басып- жаншудың қазақ тарихындағы дерек-мысалдарын негізгі 

назарда  ұстаған  автор  Абай  дәуірінде  шырқау  биікке  көтерілгенін,  онан 

кейінгі  тұстарда  да  зиянды-зымияндық  әрекеттердің  жалғастық  табуын 

дәлел-дәйектермен,  мол  материалдармен  толықтыра  түседі.  Отарлау 

саясатының ашық, жасырын әрекеттерінің қандайы болмасын ұлт тарихына, 

өмірі  мен  тағдырына  әсер-ықпал  етеді.  Сондықтан,  ұлт  тәуелсіздігін  аңсау, 

сол жолда табандылық көрсету – басты мұрат. 

Ал,  Абай  және  рухани  бостандық  мәселесі  –  билікке,  заңға,  салтқа 

қарсылық  тұрғысынан  таразыланады.  Абайдың  жан  бостандығын-  Алладан, 

оның ақ жолынан іздеуі, иманға табан тіреуінен танылады. Ақын танымына 

ден қойсақ: «Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын 

керек»  екенін  алға  тартады.  Дінді  аяқасты  ету,  шоқынуға  бет  бұру, 

миссионерлік  бағытта  болу  –  Абай  қарсылық  көрсеткен  киесіздік  пен 

қасиетсіздік белгілерінің бірі екенін де айқын аңғартады. 

Абай  дүниетанымының  мың  сан  иірімдері-  жалған  намыс  пен  орынсыз 

мақтан  төңірегінен,  идеологиялық  һәм  экономикалық  тәуелсіздік 

мұраттарынан,  уақыт  пен  кеңістік,  өмір  мен өлім ара қатынастарынан, даңқ 

пен дақпырт,байлық пен кедейлік, дос пен дұшпан сырларынан, дәстүр мен 

салт сипаттарынан, ар мен намыс, ұят пен талап табиғатынан, тәлім – тәрбие 

тағылымдарынан  кең  орын  алады.  Автор  бұл  жайттарды  Абай  және  оның 

замана шындықтарымен өз ара сабақтастықта сөз етіп, оның сыр- сипаттарын 

дала 

данышпандарының, 



әлемдік 

ақыл-ой 


алыптарының 

өмірлік 


тәжірибелерімен байланыста табиғи өрістетеді. Нәтижесінде, ұлылар ұлағаты 

мен үндестігін, табиғаты мен тағылымын кең көлемде ашады. Абай ақиқаты, 

шығармашылық  мұрасының  мәңгілік  сипаты  да  осы  тұстан  жарқырай 

көрінеді. 

Ақиқатын  айту  керек,  Абай  ден  қойған-рухани  бостандық  мәселесі 

адамзаттық  маңызы  бар,  ал  халқымыз  үшін  де  айрықша  мәнді  болып 

табылады.  Айталық,  билік  пен  заң  қатаң  жұмыс  жасаса,  ұлттық  мұратқа 

бағытталса-сол  халық  өсіп-өнеді,  дамудың  даңғыл  жолына  түседі.  Әдет  –

салт, дәстүр берік орнықса, имандылық иірімдеріне ден қойылса, елдік мұрат 

–  мүдде  алдыға  шығады,  кәделі  һәм  сауапты  істер  ғұмырлық  сипат  алады. 

Абай  ақиқаты  да  осыған  табан  тірейді,  ол-елден  ешкім  үлкен  емес.  Ұлтқа 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

қызмет  ету  –  абыройлы,  даңқты  жол.  Адамзаттық  арман-аңсарлар  осыған 



саяды. Ұлт мұратының басым бағыттары да осы. 

Мұның  өзі-Абай  әлемінен,  ақындық  өнерінен  айқын  аңғарылады. 

М.Әуезовше  айтсақ:  «...Абайға  ақындық  үлкен  қадірлі  мағынасы  бар 

әлеуметтік  қызмет,  қоғамдық  зор  еңбек  болып  табылады.  Ол  надандық, 

зорлық, жуандық, пәлеқорлық сияқты атқамінерлер мінезімен мықтап тұрып 

алысуға кіріскен еңбегі. Абайды кейінгі буынға және сол кездегі қалың елге, 

көпшілікке  саналы  жастарға  нағыз  қадірлі  Абай  етіп  көрсететін  еңбегі. 

Ақындықты  сыншы,  тәрбиеші,  қасиетті  дос  етіп  ұсынады.  Зұлымдық 

надандықпен  кектене  алысады.  Мін  атаулыны  көзге  шұқып,  басқа  сабап 

айтады» (Абай. Таңдамалы өлеңдер.Алматы: Жазушы, 1985. 166 бет). 

Асылы, кітаптың тұтас табиғатынан – Абайдың адами сапасы, ақындық 

өнері, ондағы арман – аңсарлар мен жан-жүрек толғаныстары, көңіл сәулесі 

мен  мейірім  шуағы,  ең  негізгісі  жан  бостандығы  мен  «рухани  тәуелсіздік» 

бағытындағы  көзқарасы  мен  қолтаңбасы  айқын  танылады.  Осы  реттен 

келгенде,  автордың:  «Абайдың  сөзінің  астарын  ұғу  үшін  ең  алдымен  сол 

Абайдың жандүниесіндегі запыранды, сезімнің буырқанысын өз жүрегіңнен 

өткізе білуің керек. Жетеміз жетер, не жетпес, тіпті ол біздің мақсатымыз да 

емес.  Мұрат-  Абайды  түсіну»  екенін  бек  сеніммен  айтады  (3-бет).  Абай 

әлеміне  ден  қояды.  Шығармашылық  мұрасындағы  елдік  мұрат-мүддеге, 

ақыл-парасат  иірімдеріне,  дүниетаным  арналарына  маңыз  береді.  Дала 

данышпандарының  дара  дарын,  талант  табиғатына  жете  мән  беріп,  сол 

биіктен көрінген – Абайдың дүниетаным иірімдеріне үңіледі. Ақындықтағы- 

даралығын, қарасөздеріндегі даналығын айрықша атайды. Адами мұраты мен 

сапалық  қырларын-исламияттағы  жадиттік  бағыттан,  дәстүр-салттағы 

тағылымдардан,  тарих  пен  таным  арналарынан,  ең  бастысы  ақыл-парасат 

азаттығы  мен  рухани  тәуелсіздік  тұрғысындағы  көзқарастар  арқылы  танып-

талдауы, оның өзі кеше мен бүгіннің өзара байланыс-сабақтастығы негізінде 

көрініс  табуы-өмір  шындығы,  уақыт  талабы  еді.Ұлт  мақтанышы,руханият 

ісінің  жарқын  жұлдызы,жасампаздық  жолдың  бастауында  тұрған  –  Абай 

әлемі  адамдық  Һәм  азаматтық  қырларымен  қоса  қоғамның  айнасы,ақыл-

парасаттың  биік  белесі,даналық  пен  даралықтың  үлгі-өнегесі  ретінде 

көрсетіліп,кезең көріністерімен,өмір – уақыт шындықтарымен сабақтастықта 

сөз етіледі. 

Кітап авторының – Абайды тану жолындағы іргелі ізденістері, оның өзі: 

– отарлау саясаты 

– рухани бостандық 

– идеологиялық, экономикалық тәуелсіздік 

– ұлттық намыс арналары 

– тәлім-тәрбие ісі т.т. 

төңірегінде  кең  өріс  алуы  көзқарас  пен  қолтаңба,  тану  мен  талдау 

жүйесін  көрсетумен  қатар,  ең  негізгісі  зерттеу  мен  зерделеу  деңгейіне 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

көтерілгені  анық.  Ұлт  тәуелсіздігінің  басым  бағыттарын  айқындаған 



аталмыш мәселелер қазір де мәнді, өзекті болып табылады. 

 Абай тағылымы осы.  

Т.Жұртбайдың  «Ұраным  –  Алаш!..»  атты  зерттеулер  жүйесін  құраған 

(түрме эфсанасы), екі кітаптан тұратын еңбегінің алғашқы томы ұзақ жылдар 

ізденісінің  жемісі,  зейінді  зерделеулер  жиынтығы,  ойлар  мен  толғаныстар 

топтамасы,  білім  мен  біліктің  тағылымы  екені  айқын  аңғарылады  (Алматы: 

Ел-шежіре, 2008.472 бет). 

Алғашқы кітаптың бастапқы бөліктерінен-ақ –Алаш идеясының азаттық 

пен бостандықты, тәуелсіздік пен тұтастықты ту еткен асыл мұрат-мүдделері 

терең  танылады.  Кітап  авторының  мемлекеттік  қауіпсіздік  комитеті 

мұрағатында  «аса  құпия  құжаттармен»  танысу  негізінде  «Алаш»  партиясы 

мен  «Алашорда»  үкіметінің  үстінен  1927-1932  және  1937-1938  жылдары 

жүргізілген  тергеу  ісі  материалдарын  тиісінше  пайдаланғаны,  жан  –жақты 

қарастыруға  мол  мүмкіндіктер  алғаны,  негізгі  нәтижелер  мен  тың 

тұжырымдарға  қол  жеткізгені,  келелі  ойлар  өрбітуге  де  кең  өріс  ашылғаны 

терең  танылады.  Іргелі  ізденіс  пен  мол  материалдар  жиынтығы-тақырыпты 

еркін меңгеруге, уақыт пен кеңістік сырларын ашуға, өмір-уақыт шындығын 

танып-таразылауға жаңа өріс,соны сипаттар бергені айқын аңғарылады. 

Ақиқатын  айту  керек,  кітап  авторы  Алаш  мұраты  мен  мирасына 

қаламгерлік қызығушылықпен қатар, ұлт мұратына адалдық танытқан, елдік 

мүдде  жолында  жеке  бастарын  қауіп-қатерге  тіккен  аға  буын-ұлағатты 

ұрпақтың  женкешті  һәм  жауапкершілік  жүгі  мол  өмір-тағдырларына, 

шығармашылық  мұраларына  жіті  ден  қояды.  Әрбір  дәйек  пен  дерек 

көздеріне,  материалдар  жиынтығына  мұқият  қарайды.  Бастысы,  әрине 

Алаштың  қайраткер-қаламгерлерінің  өмірі  мен  қызметін,  көзқарас 

мұраттарын  арғы-бергі  кезеңдерде  ғұмыр  кешкен  ұлт  мақтаныштарының 

тағдыр-талайымен сабақтастықта сөз етеді. Тарих пен таным таразысына мән 

беру, өткен кезеңдер шындығынан сыр тарту, танымал тұлғалардың талайлы 

сәттері де зерттеу мен зерделеу жүйелерінен оңды сипат алған. Атап айтқан 

жөн,  автор  ұлт  мұраты  жолындағы  қазақ  оқығандарының  өмірі  мен 

тәжірибесін,  қилы  кезеңдердегі  ауыр  хал,  сәттерін  де  ел  тарихымен 

байланыс,  бірлікте  қарайды.  «Алаш»  партиясы  мен  «Алашорда»  үкіметі 

төңірегіндегі  алуан  көзқарас,  түрлі  әрекет,  қауесеттер  шындығын  да  тергеу 

ісі  нәтижелерімен  сабақтастықта  сөз  етеді.  Осының  негізінде  өткен  күндер 

шындығын, тарих сабағын, ұлт тәуелсіздігі жолындағы әрекет, қимылдарды 

барынша әділ, талап деңгейінде қарастырады. Бұл тұста, сөз жоқ кеше-бүгін 

байланыстарына,  тарих  пен  таным  арналарына,  кеңестік  жүйенің  әміршіл-

әкімшіл 


әрекеттеріне, 

«жекелеген 

қайраткерлердің» 

қырағылық 

қимылдарына, ұрда-жық, сиықсыз сипаттарына назар аударылады.Саясат пен 

парасат иірімдеріне енеді.Парасат әлемінің басым бағыттары, ақиқаттың бар 

асылдан да биік, үстем екендігі кеңінен көрсетіледі. 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

Кітап  авторы  алғашқы  тұста


Каталог: repository -> repository2013
repository2013 -> Абай аудармаларындағЫ Ұлттық ерекшелік бейсенбаева К. И
repository2013 -> ТӘуелсіз елдің ТҰЛҒасы
repository2013 -> Фольклорлық прозадағы мотивтер жүйесі
repository2013 -> О философско-лингвистической концепции аль-фараби
repository2013 -> Микрогравитация жағдайында төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың КҤретамырының ҚЫСҚартылу активтілігі
repository2013 -> Қазақ халық ертегілерінің мектеп оқулығында берілу жайы сайлаубек І. С
repository2013 -> Тағыбергенова Ж. 2-курс студенті Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Л. О. Жақсылықова
repository2013 -> Ежелгі түркі және қытай ӛркениеттері: ЫҚпалдастығы мен тоғысуы
repository2013 -> Қазақстан республикасындағы діни конфессиялар


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет