Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Г. К



жүктеу 275.25 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата24.03.2017
өлшемі275.25 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3

                 Рабочая программа                                                                                                Форма

                                                                                               Ф СО

ПГУ 7.18.2/06

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша 050205 «Қазақ

филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар

       


Лист утверждения к рабочей                                                                                       Форма                               

            программе дисциплины,

                                   Ф СО ПГУ 7.18.1/06

       разработанной на основании 

               государственного 

       общеобязательного стандарта 

       образования специальности и 

                типовой программы                                        

                                                          

                                                                 БЕКІТІЛДІ

                                                                           ОІ жµніндегі 

проректоры

        

                                                                 

________________ Н.Э. Пфейфер  

                                                                          

«___»_____________2008ж.

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Қажыбаева__________

           

Қазақ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» пәні бойынша 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс   бағдарламасы   050205-«Қазақ   филологиясы»

мамандығының студенттеріне арналған

Жұмыс   бағдарламасы   ҚР   МЖМБС   3.08.267-2006   жылғы

Мемлекеттік   стандарттары   және   Қазақстан   Республикасы

Білім   және   ғылым   министрлігінің   2006   жылғы   22.06

мәжілісінің   хаттамасының   шешімімен   бекітілген   және

қолданысқа   енгізілген   типтік   бағдарламасы   негізінде

дайындалды.

Кафедра мәжілісінде ұсынылды.  «___»_________________2008ж. 

 №_____хаттама. 

Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп

          

                                   

Филология,   журналистика   және   өнер   факультетінің

әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________2008 ж. №____хаттама.


ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова 

КЕЛІСІЛДІ

 Факультет деканы __________Ж.Т.Сарбалаев.  



«____»_____________2008 ж.

ЖӘҚБ МАҚҰЛДАДЫ

ЖӘҚБ бастығы______________Л.Т.Головерина  

«____»____________2008 ж 

1 Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қазіргі   қазақ   тілі   фонетикасы»   пәнінде   фонетиканың

зерттелу, зерделену тарихын пайымдату, тіл дыбыстарының

жасалу   ерекшеліктерін,   тіл   дыбыстарының   түрлері   мен

қасиеттерін, дыбыс ырғағы, дыбыс күші, дыбыс әуені, актив,

пассив   сөйлеу   мүшелерін,   фонема   қасиетін,   тіл

дыбыстарынан   айырмашылығы   мен   байланысын,   дауысты,

дауыссыз   дыбыстардың   акустикалық-артикуляциялық

қасиеттерін,   буын,   екпін   түрлерін,   интонация,   үндестік

заңының   ерекшеліктерін,   орфоэпиялық,   орфографиялық

норма,   дауысты,   дауыссыз   дыбыстар   емлесін,   тасымал

заңдылықтарын   игерте   отырып,     қазіргі   қазақ   тілі

фонетикасының   теориялық   курсын   жоғары   деңгейде

меңгерту.



Пәнді оқыту мақсаты

-   «Қазіргі   қазақ   тілі   фонетикасы»   пәнінде   студенттердің

сауатты сөйлеуін, жазуын қалыптастыру; 

- дауысты, дауыссыз дыбыстардың  түрлерін ажырата білуге

дағдыландыру; 

- фонетика заңдылықтарын терең түсіне білуге үйрету;

- үндестік заңының ерекшеліктерін меңгерту;

- фонетикалық талдауға жаттықтыру.



Пәннің міндеттері:

негізгі ғылыми және оқу әдебиеттерін білу;

-   сабақтың   нақты   әдістемелік   мақсатына   сәйкес   келу   үшін

тілдік материалдың мөлшерін білу.

Студенттер білуі тиіс:

- Фонетика  

  дыбыстың   түр-түрін   танытып   қана

қоймайтындығын,   сол   дыбыстардың   қарым-қатынас

құралы   –   тілдің   қызметін   түсініп,   басқаруға

жетелейтіндігін білуі тиіс.

- Дыбыстар мен буындардың үндесімін білуі тиіс.


Студенттер істей білуі тиіс:

- Студенттер фонетикалық талдауды орындай алуы тиіс.

- Тілдік нормаларды сақтай білуі тиіс.

- Тіл   дыбыстарының   жіктелісін,   жасалу   ерекшеліктерін

игеруі тиіс.

- Дауысты   дыбыстардың   тілдің   қызметіне,   жақтың

ашылуына, еріннің қызметіне қарай топталуын меңгеруі

тіиіс.


- Дауыссыз   дыбыстардың   жасалу   орны,   жасалу   жолы,

дауыс қатысына қарай топталуын игеруі тиіс.

- Қазіргі   қазақ   тілі   фонетикасының   теориялық   курсының

алғы шарттарын білуі тиіс.



 2 Пререквезиттер:

  Тіл біліміне кіріспе.

  Орфография жне пунктуация

  Қазақ тілінің лексикологиясы.  

  Қазіргі қазақ тілінің морфология.

  Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі.

          

Тематический план                                                                                                  Форма                       

                   дисциплины                                                                                                   СО ПГУ 7.18.2/07





Пәннің мазмұны

Сағат саны

3.1 Пәннің тақырыптық жоспары

Та

қы

ры

п

№ 

Күндізгі бөлім

ҚФ-11

Дәріс


3

4

5

1

Кіріспе.   Фонетика   туралы



түсінік.   Фонетика,   оның

нысаны.


1

1

4



2

Қазақ   тілі   фонетикасының

зерттелуі.   Фонетикалық

зерттеуде   қолданылатын

әдістердің мақсат-мәні

1

1



4

3

Дыбыс,   әріп,   фонема.



Транскрипция

 

мен



транслитерация. 

1

1



4

4

Дыбыстарды   қарастырудың



аспектілері.

1

1



4

5

Дыбыстардың түрлері және



дыбыстар   тіркесі.   Дауысты

дыбыстар


1

1

4



6

Дауыссыз дыбыстар

1

1

4



7

Дыбыстар тіркесі.

1

1

4



8

Дыбыстық құбылыстар

1

1

4



9

Буын, бунақ, екпін.

1

1

4



10 Дыбыстардың үндестігі

1

1



4

11 Буын үндестігі

1

1

4



12 Дыбыс үндестігі

1

1



4

13 Орфоэпия

1

1

4



14 Графика

1

1



4

15 Орфография

1

1

4



Ба

рл

ығ

ы: 

сағ

ат

15

15

60

                                                           

    

                                           



3.2 Теориялық курс мазмұны

1- тақырып. Кіріспе. Фонетика туралы түсінік. Фонетика, оның 

нысаны.

Тілдің   қызметі.   Тілдік   қатынастың   ауызша   және   жазбаша   түрде

болатыны. Сөйлеу және жазудың маңызы, арақатысы, тілдегі орны. Сөйлеу,

жазудың   дыбыстар   арқасында   іске   асатыны.   Дыбыстың   тілдегі   қызметі.

Қатынас құралы ретінде дыбыстық тілдің алар орны. Дыбыс - тілдің өмір

сүруін   қамтамасыз   ететіндігі.   Фонетика   тілдің   айтылуына   (ауызша

формасына)   негізделетіні,   тілдің   дыбыстық   жүйесін   әр   қырынан,   түрлі

мақсатта зерттейтіні. Фонетика қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының

пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің қызметі, дыбыстардың түрлері, іштей

жіктелуі, тіркесу заңдылықтары; буын, оның түрлері, екпін, ырғақ; үндестік

заңдары; орфография, орфоэпия т.б. Фонетиканың түрлері, салалары. Жеке

және   жалпы   фонетика,   сипаттамалы,   тарихи,   салыстырмалы,

салғастырмалы. Маңызы.

2-   тақырып.  Қазақ   тілі   фонетикасының   зерттелуі.

Фонетикалық   зерттеуде   қолданылатын   әдістердің

мақсат-мәні.


Алғашқы   фонетикалық   зерттеулер:   Н.И.Ильминскийдің

қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы.

В.В.Радлов, П.М.Мелиоранскийдің қазақ тілі дыбыс жүйесіне

қатысты ойлары мен еңбектерінің құндылығы. Орыс тіліндегі

зерттеулер   мен   орыс   графикасымен   жазылған   қазақ

мәтіндерінің   қазіргі   қазақ   тілінің   дыбыс   жүйесін,   айтылым,

емлесін   пайымдауға   қосар   үлесі,   маңызы.   Қазақ   тілін

зерттеудегі   А.Байтұрсынұлының   ерен   еңбегі,   қалдырған

мұралары.   А.Байтұрсынұлының   қазақ   тіл   білімінің   атасы

аталуының   себебі.   Оның   қазақ   тілінің   дыбыс   жүйесіне,

емлесіне   қатысты   сіңірген   еңбегі.   Мақалалары   мен

зерттеулерінің маңызы. Х.Досмұхаметұлының қазақ тіліндегі

сингорманизм   туралы   еңбегінің   маңызы.   А.Байтұрсынұлы,

Х.Досмұхаметұлының   әріп,   емле,   дыбыс   төңірегіндегі

ізденістері,   оның   мәні.   Қазақ   тілі   дыбыс   жүйесін   ғылыми

тұрғыда   зерттеуде   Қ.Жұбанов   еңбектерінің   маңызы.   Оның

фонема,   дыбыс,   буын,   үндестік   туралы   зерттеулерінң

маңызы.  Қазақ  тілі  фонетикасының  қазіргі зерттелуі жайы.

І.Кеңесбаев,   Ж.Аралбаев,   К.КАханов   еңбектерінің   маңыз,

мәні.   Ә.Жүнісбектің   фонетикалық   іліміндегі   соны

құбылыстар,   оның   маңызы.   Қарапайым   әдіс.   Оған   мысал.

Экспериментті   әдістің   мақсаты.   Акустикалық   және

соматикалық

 

әдісте



 

қолданылатын

 

аппараттар.



Экспериментті әдістің артықшылықтары.

3-   тақырып

.  

Дыбыс,   әріп,   фонема.   Транскрипция   мен

транслитерация. 

Фонетиканың зерттеу нысаны –

дыбыс,   сөздің   айтылуы.   Күнделікті   өмірдегі   айту   мен

жазудың   маңызы,   фонема   туралы     ұғым.   Фонеманың   үш

қызметі.   Фонема   мен   дыбыстың   арақатысы.   Аллафон.

Фонема мен әріп және дыбыс. Бұл үш ұғымның арақатысы.

Фонема мен дыбыстың синоним болып қолданылатын себебі.

Транскрипцияның   түрлері,   маңызы;   фонетикалық

транскрипцияның   сипаты,   қиныдықтары.   Қазіргі   қазақ

жазуының   фонемалық   транскрипцияға   қатысы.   Әріп   пен

фонеманы   ажырату   мәселесі.   Әріптердің   фонемалық   мәні.

Қазақ


 

сөздерін


 

транскрипциялаудың

 

сыры.


Транскрипцияның   мақсаты,   мәні.   Бөгде   тілдің   фонемалары

мен әріптерін транскрипциялаудың талдаудың қажеттілігі.  



4- тақырып. Дыбыстарды қарастырудың аспектілері.

Жасалым   (артикуляция).   Дыбыстау   мүшелерінің

түрлері, жұмысы. Актив мүшелер: тіл, ерін, жұмсақ таңдай,

дауыс   шымылдығы.   Тіл   дыбыстарын   жасауға   олардың

қатысын білудің маңызы. Айтылым (акустика). Дыбыстардың

пайда   болуы.   Тіл   дыбыстарына   тән   ерекшелік.   Дыбыстың



қарқыны,  күші, тембрі, созыңқылығы. Дауыс пен салдырдың

пайда   болуы.   Дауыстылардың   дауыстан   пайда   болатыны.

Дауыссыздарға салдыр мен дауыстың қатысуы, оны білудің

маңызы.   Айтылым   мен   жасалымның   үндесім,   үйлесімге

қатысы.     Естілім.   Кез   келген   дыбыс   естілім   арқылы

қабылданатыны.   Тіл   дыбыстарының   сапасын   анықтауда

естілімнің   маңызы.   Айтылым,   жасалым,   естілім

аспектілерінің   қарым-қатынас   құралы   тілдің   қызметін

қамтамасыз   етудегі   рөлі,   фонологияға   қатысы.   Қазақ   тілі

фонологиясының үндестік заңдары негізінде іске асатыны. 



5-   тақырып.  Дыбыстардың   түрлері   және   дыбыстар

тіркесі.   Дауысты   дыбыстар.   Дауыстылар   мен

дауыссыздар.

  Тіл   дыбыстарының   дауыстылар   мен   дауыссыздар

болып   бөліну   себептері.   Дауыс,   салдырдың   қатысы,   ауа

жолы, сөйлеу аппараты, буын, екпін. Бұлардың әрқайсысына

тән   негізгі   сипаттар.   Қазақ   тілінде   дауыссыздардың

дауыстыларға тәуелді болып тұратыны. Дауыстылар,оларға

тән   сипаттар.   Дауыстылардың   зерттелуі.   Олардың   санын

анықтаудағы   ала-қлалықтар,   себебі.   Орыс   тіліндегі

дауыстылардың саны, сапасы. Қазақ дауыстыларының санын

анықтауға   қатысы.   Байырғы   қазақ   тілі   мен   қазіргі   қазақ

тіліндегі дыбыстар. Дауыстыларды жіктеу мәселесі. Жуан (а,

о, ұ, ы, у) және жіңішке (ә, е, ө, ү, і, и) дауыстылар. Бұлай

бөлудің тілге негізделетіні. Еріннің қызметін қарай еріндік (о,

ө, ұ, ү, у), езулік (а, у, ә, ы, і, е, и) болып жіктелетін себебі.

Жақтың   қатысына:   ашық   (а,   ә),   жартылайашық   (о,   ө,   е),

қысаң   (е,   ұ,   ү,   ы,   і,   и,   у)   болып   жіктелу   себебі.   Тіл,ерін,

жақтың   дауыстыларға   қатысын   білудің   маңызы.   Дифтонг

дауыстылар.



6- тақырып. Дауыссыз дыбыстар.

Дауыссыздар,   олардың   жалпы   сипаты,   саны,   сапасы.

Байырғы   қазақ   тіліндегі   дауыссыз   фонемалар   мен   қазіргі

қазақ   тіліндегі   дауыссыздар.   Орыс   тіліндегі   дауыссыз

фонемалардың   саны,   сапасы.   Қазақ   тілі   дауыссыздарына

қатысы:   ұқсастық,   алшақтықтары.   Дауыссыздардың

жіктелуі. Дауыс, салдырдың қатысына (айтылымына) қарай

үнділер (л, м, н, ң, р, й, у), ұяңдар (б, г, ғ, д, ж, з, в) және

қатаңдар   (п,   к,   қ,   т,   ш,   с,   ф,   х,   һ,   ч,   ц)   болып   бөлінетіні.

Бұларды   білудің   маңызы.   Дауыссыз   фонемалардың

жасалымына (артикуляциясына) қарай ерін (б, п, м, у, в, ф),

тіл   және   көмей   (һ)   болып   бөлінуі.   Бұларды   нақты   білудің

маңызы.   Қос   фокусты   (ж,   з),   аффрикат   (ц,   ч)   фонемалар.

Айтылу (ауа) жолына қарай дауыссыздардың шұғыл (б, п, т,



д,   к,   қ,   м,   н,   ң,   ц,   ч),   ызың   және   діріл   (р)   болып   бөлінуі.

Оларға   тән   ерекшеліктер.   Дауыстылар   қоршауындағы

шұғылдардың   айтылуындағы   ерекшеліктер.   Дауысты,

дауыссыз   дыбыстардың   айтылу,   жазылуына   байланысты

кездесетін   түрлі   ерекшеліктер.   Ахмет   айтатын   тоң

дыбыстар, олардың қолданылуындағы ерекшеліктер. Тілдегі

фонемаларды   анықтауға   қатысы.   Кірме   сөздерде   ғана

кездесетін   дауыссыздар.   Қазақ   тілінде   диалектілік

көріністің, әдеби тілге қатысы.

7- тақырып



Дыбыстар тіркесі.

Дыбыстар   тіркесі   –   тілдің   дамуының   көрсеткіші.

Фонетикалық   заңның   дыбыстар   тіркесінен   туындайтыны.

Дыбыстар   тіркесін   анықтау   үшін   сөздің   буын,   дыбыс

құрамын   зерделеудің   маңызы.   Жазу,   айтудың   арақатысын

пайымдау.   Дыбыстар   тіркесінің   зерттелуі.   Дыбыстар   түбір

ішінде,   түбір   мен   қосымша   аралығында,   сөз   бен   сөздің

жапсарында   тіркесуіндегі   ерекшеліктер.   Дауыстылардың

буын   түрінде   тіркесуі.   Үнді   дыбыстардың   тіркесуіндегі

ерекшеліктері.   Қатаңдардың   тек   қатаңдармен,   ұяңдардың

ұяңдармен   ғана   тіркесу   себептері.   Қатаңдардың   өзара

тіркесуінде   кездесетін   ерекшеліктер.   Ерме   дауыссыздар,

оның себебі. Дыбыстар тіркесінен туатын заңдылықтар. Сөз

(буын) соңындағы қос дауыссыздар, оған тән ерекшеліктер.

Шәлкес   тіркестер.   Олардың   пайда   болу   жолдары.   Табиғи

тілге етер ықпалы. Қайталама дыбыстар. Олардың түбірде,

түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында

қолдануындағы ерекшеліктер. Үш дыбысты тіркестер.



8- тақырып



Дыбыстық құбылыстар.

Кірме   сөздерді   игерудің   өзіндік   ерекшеліктері,   оның

себебі.   Протеза,   эпентеза,   эпитеза,   апокопа,   элизия,

аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылыстарының

сыры.   Дыбыстық   үнем.   Тілдің   үнемге   ұмтылатыны,   оның

себебі. Дыбыстық үнем жеке дыбысты, буынды, морфеманы

қамтитыны. Дыбыстық үнемнің пайда болу жолдары.

9- тақырып



Буын, бунақ, екпін.

Буынның   жасалуы.   Буынға   тән   белгілер.   Буынның

түрлері.   Буын   жігі   және   тасымал.   Буынның   дыбыстық

құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы.

Дыбыс   жылысуы.   Дыбыс   жылысуы   туралы   түсінік.   Дыбыс

жылысуының   себебі.   Жылысатын   дыбыс.   Дыбыс

жылысуынан   пайда  болатын   заңға  қайшы  буындар.   Дыбыс

жылысуының   орфоэпияға   қатысы.   Бунақ   туралы   түсінік.

Бунақтың   маңызы.   Бунақтың   құрамы.   Қара   сөз   бен   өлең

бунақтарының   ерекшеліктері.   Бунақтың   сөйлеудегі



(орфоэпия)   маңызы.   Бунақтар   жапсарын   жаба,   аша

сөйлеудің   туындайтын   ерекшеліктер.   Екпін   туралы   түсінік,

екпінге көзқарас. Бунақ екпіні. Екпін және ырғақ. Ырғақтың

маңызы.   Екпін,   ырғақтың   сөз,   бунақ   мағынасын   саралау

қызметі.

10- тақырып



Дыбыстардың үндестігі.

Үндестік   заңы.   Дыбыстар   мен   буындардың   үндесуі

туралы   түсінік.   Үндестік   –   тілдің   болмысынан   туатын   заң.

Негізгі   үндестік   заңдардың   түрлері,   оның   сыры.   Сөздің

құрамындағы   буындардың   бірыңғай   жуан   немесе   жіңішке,

еріндік   болып   үндесуінің   себебі.   Қатаң   мен   ұяң

дауыссыздардың   үйлесімсіздігі.   Көрші   дыбыстардың   тіл

табысуына әсер ететін факторлар. Үндестік заңның түрлері.

Буын   (тіл,   ерін)   үндесімі.   Дыбыс   (үйлестік,   бейімдестік,

бейүндестік)   үндесімі.   Дыбыстардың   алмасуы   –   үндестіктің

табиғатынан   туатыны.   Алмасу   –   дыбыс,   буынның   бірін-бірі

игеруінің   нәтижесі.   Дыбыстық   сәйкестік   тіл   заңынан   тыс

болатыны. Ықпал туралы түсінік. Ықпалдың түрі. Ықпалдың

бағыты.   Көрші   буындар   мен   дыбыстардың   үнемі

ықпалдасып,   бірін-бірі   игеріп   тұратыны.   Игеру   –   ықпалдың

нәтижесі.   Толық   және   жартылай   игеру.   Артикуляциялық

және   акустикалық   игеру.   Акустикалық   игерудің   күшті

болатыны.   Игеру   нәтижесінде   акустика-артикуляциялық

жақтан   әр   басқа   дыбыстар   алмасуға   ұшырап   барып   тіл

табысатыны. 



11- тақырып



Буын үндестігі.

Тіл   үндестігі   –тілдің   үнемді   жұмысына   негізделетіні.

Буындардың   бірыңғай   жуан,   жіңішке   болып   қиындасып

тұратыны.   Бұл   көнеден   келе   жатқан   заң,   қазіргі   қазақ

тілінде   әсіресе   байырғы   сөздерде   жақсы   сақталған.   Бунақ

ішіндегі аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып

кету   себебі.   Тілдегі   аралас   буынды   сөздің   негізінен   кірме

сөздер   болып   келетіні,   олардың   игерілмей   қалуына

«оқығандардың» (Халел), жазудың ықпалы. Орыс сөздерінің

тіл   үндестігіне   қатысы.   Қазіргі   қазақтың   аты-жөнінің

айтылуы,   жазылуындағы   заңсыздықтар.   Орыстың   «-ов»,   «-

ова»,   «-ич»,   «-овна»     -   тіл   үндестігіне   қастандық   екендігі.

Осы заңға илікпейтін қосымшалар, оның себебі, кері ықпал.

Ерін   үндестігі   –   еріннің   үнемді   жұмысының   нәтижесі.   Ерін

үнедстігі   туралы   түсінік.   Ерін   үндестігіне   көзқарас.

Еріндіктерді бас буында ғана жазу ережесінің авторы. Оның

себебі,   салдары.   Қазақ   тілінде   де   ерін   үндестігінің   күшті

болғанына

 

дәлелдер.



 

Н.Ильминский,

 

В.Радлов,



П.Мелииоранский   т.б.   зерттеушілер   еңбегіндегі   ерін

үндестігінің   жайы.   Ерін   үндестігінің   тілдік   табиғатына

қатысы.   Еріндік,   езуліктердің   тіркесу   ерекшіліктері   –   ерін

үндестігінің көрсеткіші. Үнді у дауыссызының өзінен кейінгі

қысаң   дауыстылардың   еріндік   болуына   ықпал   жасауының

себебі.   Ерін   үндестігінің   дауыссыздарға   етер   әсері.

Еріндіктердің езулікке айналуы.



12- тақырып



Дыбыс үндестігі.

Бейімдестік   (аккомодация)   –дауысты   дыбыстардың

өзара   тіл   табысуы,   үндесуі.   Дауыстылардың   әркез

дауыссыздардың   игеріп   тұратыны.   Дауыссыздардың   да

ықпалы болатыны. Сөз соңында, сөз басында келетін (қ, к, п)

қатаңдарының   алмасуға   бейімділігі.   Бұл   қасиеттің   т,с,ш

ерме   қатаңдарында   жоқтығы,   оның   себебі.   Бейімдестік

кезінде   қысаңдардың   түсіп   қалу   құбылысы.   Кейбір

етістіктердің   соңындағы   езулік   ы,   і   қысаңдарының   у

жұрнағының   еріндікке   айналуы.   Кейбір   п-ға   аяқталатын

етістіктерге көсемшенің -ып, -іп жұрнағы жалғанғанда у-ға

айналу   себебі.   Сөз   соңындағы   қатаң   қ,к,п-ның   дауысты

ықпалына   илікпейтін   тұстары,   себебі.   Үйлестік

(ассимиляция)   –дауыссыздардың   акустика-артикуляциялық

жақтан   үндесіп,   тіл   табысуы.   Ілгерінді   ықпал   кезіндегі

алмасулар, олардың сыры. Қатаңнан соң қатаң, ұяңнан соң

ұяңның   келу   себебі.   Қатаңдардың   өзара   үйлесімі   кезінде

болатын   дыбыстық   өзгерістер:   кқ,   сш,   шс,   тш,   тс

тіркестерінің   фонологиялық   табиғаты.   Айтуда   ұшырайтын

өзгерістердің акустика-артикуляциялық сыры. Қатаңдар мен

үнділердің,   қатаңдар   мен   ұяңдардың   және   керісінше

тіркесіп   айтылуына   ұшырайтын   алмасулар,   олардың   сыры.

Кейінді   ықпал   кезінде   пайда   болатын   алмасулар.   Кейінді

ықпалда   жасалымның,   ілгері   ықпалда   айтылымның   алға

шығатыны,   оның   себептері.   Бейүндестік   (диссимляция),

оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.



Каталог: arm -> upload -> umk pdf
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Ж. Т. Сарбалаев
umk pdf -> Нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы Нысан пму ұс н 18. 3/40
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 4/19 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk pdf -> Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk pdf -> Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы
umk pdf -> «Тері, мех, бағалы аң шикізатының технологиясы мен тауартануы» Бағалы аң, мех және тері шикізаттың технологиясы мен тауартануы
umk pdf -> Бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы Нысан пму ұс н 18. 3/37 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет