Редакция алқасы



жүктеу 7.78 Mb.
Pdf просмотр
бет19/40
Дата15.03.2017
өлшемі7.78 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40

Пайдаланылған әдебиеттер:
  1.  Сыздық  Р.  Ғылым  таным  үздіктері.-Алматы: 
Кие, 2009
 2.  Досмұхамедұлы Х. Қазақ-қырғыз тілінің син-
гармонизм заңы. Аламан.-     Алматы: Ана тілі, 1991.-
81-99 бб.
3. 
Қараман 
М. 
Түрік, 
қазақ 
тілдері 
терминологиясының 
даму 
жолдары 
және   
лингвистикалық  терминдер:  филол.ғыл.канд.  ...дисс.- 
Астана, 2009

135
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
ӘОЖ 10.02.19
Ыдырысбаева Г.У.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің II курс магистранты, Алматы қ., 
Ғылыми жетекші -  ф. ғ. д. профессоры Анар Салқынбай
ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ МЕТАФОРАЛАРДЫ ТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДА ТАЛДАУ
Түйін.  Бұл  мақалада  Ш.Құдайбердіұлы    өлең  мәтіндеріндегі  когнитивті  метафораларға  талдау  жасалған.  Шәкәрім 
өлеңдеріндегі метафоралар ақынның дүниеге деген көзқарасын, когнитивті танымын, рухани дүниесі мен мәдениетінен ха-
бар бере отырып, әлем, дүние туралы түсініктерінің ескі элементтерін жаңғыртуға жәрдемдеседі, ғаламның біртұтас тілдік 
келбетін жасауға қатысады.
Резюме. В данной статье анализируются когнитивные метафоры в стихотворных текстах Ш. Кудайбердиулы. Метафоры в 
стихотворениях Шакарима, сообщая о взглядах на жизнь, о когнитивном познании, о духовном мире и культуре поэта, по-
могают обновлению старых элементов  понимания о мире и жизни, участвуют в создании единого  языкового облика мира.
Summary. In this article the cognitive approach analysis of metaphors in the text of the poems of Sh. Kudayberdiuly was conducted. 
Metaphors in poetry of Shakarim, by reporting on outlook on life, on the cognitive knowledge, on the spiritual world and the culture of 
the poet, help upgrade the old elements of understanding about the world and life, also participate in the creation of a single linguistic 
image of the world.
Әрбір  ұлтты,  халықты  танудың  кілті, 
мәдениет ескерткіші – өзінің ана тілі. Халықтың 
тарихын,  мәдениетін,  ұлы  мұрасын  тілі  арқылы 
зерттеу  –  сол  этнос  мәдениетінің  өзгешілігін, 
ұлттың 
эстетикалық 
таным 
толғамын, 
шаруашылық  кәсібін,  мінез-құлқын  т.б.  тануға 
мүмкіндік береді. Мұның өзі әлемді тіл арқылы 
танудың  негізін  құрайды.  Сондықтан  да  тіл  – 
осы  тілде  сөйлеуші  халықтардың  түсінісу,  пікір 
алысу  құралы  ғана  емес,  Вильгельм  фон  Гум-
больд  айтқандай,  «тіл  –  халықтың  рухани  көзін 
біріктіруші қуат, ол белгілі бір дыбыстар арқылы 
суреттелген керемет, ол осы кейпінде және өзара 
байланыстағы өзіндік дыбыстар арқылы барлық 
сөйлеушілерге түсінікті әрі олардың бәріне бірдей 
қуат сөзін таратушы» [1, 20]. 
Тіл  өзін  қажетіне  жаратушы  халықтың 
менталитетімен тікелей байланысты. Сол себеп-
тен де тіл тек ақыл-ойды жарыққа шығарушы оны 
таратушы қызметін ғана атқармайды, ол тарихи, 
танымдық,  мәдени  өркениеттік  құндылықтарды 
хабарлаушы. Өте күрделі абстрактілі ұғымдарды 
адам  баласы  қабылдау  барысында  оларды  тіл 
арқылы  жарыққа  шығаруда  тілдік  құралдарды 
пайдаланады. Адамзат баласына тіл қаншалықты 
тән  болса,  таным  қызметінің  маңызы  сондай 
болмақ.  Демек  жазушының  таным  әлеміндегі 
дүниедегі  заттар  мен  құбылыстар  жөніндегі  та-
нымы  сәйкес  болғанымен,  олардың  аталуына 
өзге  де  қасиеттерін  түсіну  барысында  жалпы 
адамзаттық  тұрғыда  емес  жеке  индивидуалдық 
тұрғыда баға беруге қарай икемделеді. Әрбір эт-
нос өзін қоршаған дүние мен ондағы заттар мен 
құбылыстарға  атау  беруі,  әлемдік  жағдайларға 
көзқарасы, оны сезінуі әр қилы болады да, осыдан 
келіп  ғаламның  тілдік  бейнесі  концепт  арқылы  
адамзат немесе жазушы тілінде түрліше сипатқа 
ие болады.
Танымдық  талдауда  ақиқат  пен  жалғандық 
мәселелеріне  қатысты  тілдегі  қарапайым 
көзқарасты  қайта  қарап,  конкретті  ғылымдарда 
алынатын  практикалық  деңгейдегі  көңілге 
қонымды  нәтижелер  алуға  болады.  Танымдық 
талдаудың  ойдың  негізінен    өрелігі  мен  рухани 
білімнің  қуаттылығын  қажет  ететінін  көруімізге 
болады. 
Қазақ тіл білімінде танымдық деңгейде кең 
қолданыс  тапқан  ұғымдар  қатарында  метафо-
раларды  атаған  орынды.  Ұқсату  мен  балауға, 
адамның  өмірден  көрген-білгенін,  түйгенін 
таразылауға мүмкіндік беретін бұл тілдік құбылыс 
лингвистикалық  талдаулардың  маңызды  бөлігін 
құрайды.  Бір  обьектіні  екінші  бір  обьектімен 
салыстыру,  ұқсату,  сөйтіп  бұрыннан  таныс  сөз 
мағынасына  жаңа  семантикалық  кеңістік  үстеу 
негізінде  дүниеге  келетін  бұл  ұғымдар,  бір 
жағынан, когнитивті лингвистиканың ментальды-
танымдық нысанын құраса, екінші жағынан, лек-
сикология  мен  семасиологияның  бірлігі  ретінде 
айқындалады.
Метафора тілде елеулі қызмет атқарады. Ол 
сөзге атау беріп, жаңа мағына тудырады, көркем 
образ жасайды, сөз мағынасына көркемдік беріп 
қана қоймай, айтылған ойға тереңдік, жандылық 
береді. Сөзге эмоционалды-экспрессивті мағына 
үстейді.  Сөз  мағынасынан  әр  тілдің  өзіндік 
ерекшелігі мен өзіндік бояуын, ұлттық сипатын 
көре аламыз.
Метафораны  тіл  білімінде  зерттелуін 
қарастырғанда, олардың әр бағытта жазылғанын 
білеміз.  Батыстың  лингвистикалық  бағытында 
субститутивтік, салыстырмалы, интеракционистік 
және когнитивтік метафора теориясын  атайды.
Метафора  –  танымның,  ойлаудың,  дүние 
мен өркениеттің дамып өркендеуімен тығыз бай-
ланысты құбылыс. Ол – үздіксіз дамудың тілдік 

_______________________________________________________________________
136
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
көрсеткіші. «Әрбір тіл – күңгірттенген метафора-
лар сөздігі» деп белгілі француз ғалымы Жан Поль 
айтқандай,  метафора  тілдің  барлық  қатпарында 
көрініс  алған,  тілдің  күрделі  табиғатын,  сөз 
құпиясын,  сөз  мағынасын  жасалуын  терең 
түсінуге жол ашатын таңғажайып феномен. 
Метафора  дүниені  көркем  тану  процесінде 
қажеттілікке байланысты өздігінен туындап оты-
рады.  Ол  адамның  еркіне  тәуелді  емес.  Мета-
фора құбылысы – ең алдымен, адам ойлауының 
нәтижесі.  Метафора  тек  ауыспалы  мағына  ғана 
емес,  ол  -  өз  бойына  көптеген  қасиеттер  мен 
қызметтерді  сыйғыза  білген  күрделі  процесс. 
Метафора  –  сөздердің  ауысуы  мен  өзгеруі  ғана 
емес, ойдың бір-бірімен қатынасының нәтижесі. 
Метафоралық  мағынаны  қолданғанда  сөйлеуші 
әртүрлі  заттар  туралы  екі  ойға  сүйенеді.  Ме-
тафораны  байырғы  және  жаңа  мағынаның  қо-
сындысынан туған сөз мағынасы деуге де болады. 
Оның табиғи болмысы бір уақытта екі мағынаның 
бір сөзге қатар өмір сүруіне икемделген. 
Қазақ  тілінде  метафораның  орны  ерекше. 
Метафора туралы әртүрлі ғылым тұрғысынан сыр 
шерткен  еңбектер  баршылық.  Алайда  Шәкәрім 
шығармаларындағы  метафоралардың,  олардың 
жұмсалуы,  қызметі,  семантикалық  сипаты  мен 
құрылымдық-мағыналық түрлерінің функционал-
ды тұрғыдан зерттелуінің тілтаным үшін маңызы 
зор. Шәкәрімнің өзіне ғана тән ізденістері сурет-
кер тіліндегі метафоралар әлемі мен поэзиясының 
тілі арқылы көрінетін дүниетанымын айшықтай 
білді.  Автор  өзіне  дейінгі  метафораларды  қалай 
игереді,  әрі  қарай  қалай  өңдейді,  соңында  өзі 
қандай  авторлық  метафоралар  туғызғандығын 
қарастыру  зерт-теуіміздің  міндеттерінің  бірі  бо-
лып табылады.
Ақын  тіліндегі  метафораларды  анықтау 
арқылы  қазақ  халқының  ХХ  ғасырдағы  ой-
лау  деңгейінің  тілдік  көрінісін  айқындай  ала-
мыз.  Шәкәрім  метафорасы  бойынша  зерттеу 
нәтижелері  қазіргі  қазақ  метафорасының  даму 
жолын пайымдайды.
Шығармадағы  метафоралар  жазушының 
дүниеге  деген  көзқарасын  когнитивті  таны-
мын,  рухани  дүниесі  мен  мәдениетінен  хабар 
бере отырып, әлем, дүние туралы түсініктерінің 
ескі  элементтерін  жаңғыртуға  жәрдемдеседі, 
ғаламның  біртұтас  тілдік  келбетін  жасауға 
қатысады. Ғалам бейнесі жайлы В.Н. Телия: «...
Ғаламның  тілдік  бейнесі-көріністері  әр  тілдің 
өзіне  ғана  тән  ерекшеліктеріне,  әр  халықтың 
дүние-ғаламның түрлі-түсін өзінше мүшелей та-
нуына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауы-
на байланысты тіл-тілде өзгеше болып өріледі»-
дейді [2].
Шәкәрімнің  өлең  мәтіндеріндегі  мета-
фораларды  танымдық  тұрғыда  талдаудың 
негізінде  олардың  табиғатымен  танысуға  бола-
ды.  Метафоралық  тіркестердің  құрылымдық-
семантикалық  сараптамасы  денотаттарды  зерт-
теу  шеңберінде  жүргізілді  және    тақырыптық 
топтарға  байланысты  сарапталды.  Көптеген 
зерттеушілердің  ойынша,  тілдегі  метафоралық 
ауысулар 
нақты 
заңдылыққа 
бағынады 
және  белгілі  бағыттарда  жүргізіледі.  Жазу-
шы  шығармасындағы  ұқсатулар  мен  ауысты-
рулар  немесе  шендестірулер,  метафоралар 
жиі  қолданылатын  тәсілдердің  бірі.  Жазушы 
дүниені  ерекше  байқағыштығы  мен  өте  күшті 
сезімталдығын,  сол  сезген,  байқаған,  көрген 
дүниесін  сөзбен суреттеп жеткізу қабілеттерінің 
күштілігін  танытады.    Белгілі  бір  ұғымды 
түсіндірудегі қолданған сөз айшықтарынан оның 
дүниеге  деген  көзқарасын,  ой-түйіндеулерін 
байқауға  болады.  Жазушыға  тән  ерекшелік-
абстрактілі  ұғымдарды  ой  елегінен  өткізіп, 
адресат  санасында  қалыптастыруында.  Сезініп, 
түйсінген  дүниелерін  метафоралар  арқылы  бей-
нелеп жеткізеді. 
Тілді  танымдық  тұрғыдан  зерттеу  мәселесі 
көптеген ғылыми сала әдістерінің кешенді гармо-
ниясымен және ойлау, ой түю, қабылдау, түйсіну, 
қорытындылау,  тану,  танымдық  талдау  тәрізді 
деректі-дерексіздік құбылыстарды нақтыландыру 
әдісі тұрғысынан қарастырылады. 
Таным  процесі  адамның  ішкі  дүниесінің 
күрделі 
құрылымдарын 
тудырады 
және 
соған  сәйкес  сипаты  да  өзгеріп  отырады. 
Тұжырымдамада  әлем  көрінісі  адамның 
логикалық ой танымына байланысты. Тұжырым 
– мәдени белгіленген вербалды мән. Тұжырымды 
метафораның  теориясы  Джордж  Лакофф  пен 
Марк  Джонсонның  «Метафоры,  которыми  мы 
живем» еңбегінде баяндалған. Аталған теорияның 
негізінде әлемді тану үрдісін қамтып көрсететін 
тілдік  құбылыс  түсінігі  жатыр.  Қарастырылып 
отырған  теорияға  сәйкес  метафоралық  модель-
дер  адам  санасының  (адамның  ойлауы  мен 
әрекеті)  негізінде  құралған.  Тұжырым  эмоцио-
налды,  экспрессивті  бағалауға  қоршалған.  Ме-
тафора  әлемдік  тілде  эмоциялы-экспрессивті 
сөздің  қатарына  жататындықтан,  адамның  ішкі 
құбылысын  метафоралық  қолданысты  есітіп 
немесе  көріп  отырып  сезінеміз.  Экспрессивті-
бағалауыштық  немесе  эмоциялық  боялған 
метафораның  құрылымы  басқа  метафоралар-
мен  салыстырғанда  күрделірек  болады.  Жалпы 
адамзаттық  бағалаулар  көрінетін  жалпы  мәдени 
тұжырымдар  ерекшеленеді:  әлем,  бостандық, 
өмір,  махаббат,  өлім,  мәңгілік.  Тұжырымда 

137
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
әрқашан этномәдени компонент болады, әртүрлі 
этномәдениеттер  «өзінің»  әлем  туралы  елесін 
қалыптастырады. Сөз және оның ұғымымен елес, 
түсінік, білім, ассоциация, әсерлену қосақталып 
жүреді. 
Тұжырымдар  әртүрлі  негіздерге  қарай 
классификацияланады. 
Жалпы 
адамзаттық 
тұжырымдарды  былай  топтауға  болады: 
«Өмір», «Соғыс», «Қамығу», «Сенім» т.б. Біз өз 
зерттеуімізде  Шәкәрімнің  өмір  мен  өлім,  дүние 
тұжырымы  бойынша  қолданылған  метафорала-
рын талдаймыз. 
Оттай  жайнаған  өмір,  өмірдің  басы  -  бала, 
ортасы – адам, өмірдің бәрі де мас, күндік өмір, 
орның – дозақ, сорлы – сен, айтқаным сол, ақ өлім, 
қу дүние, дүние ағып, дүниені былғау, өмірім – су, 
қымбат өмір, өмірдің қасиеті, өмір қылмен бай-
ланды,  өз  қамыңды  жесеңші,  өмір  деген  ұйқы 
ғой, жалған дүние, сұм дүние, қаза келді, мөлдір 
дүние, дүние жылуы жоқ нұрсыз болса, өмірдің 
азығы – осы ұждан, өмірдің босы, өмір қайнады, 
дүние  тойы,  жар  қараса  тірілуші  ем,  қарамаса 
мен - өлік, дүниені көзге ілмеу, өмір сыр бермеді, 
өмірдің қызығы т.б.
Шәкәрім  бір  ғана  өмір  лексикасымен 
бірнеше  метафоралық  тіркестер  жасаған. 
Келтірілген  мысалдардағы  метафоралар  сырт-
тай  ұқсастығынан  гөрі,  логикалық-мағыналық 
қана  ұқсастықтары  сақталып  түзілген.  Өмірдің 
астан-кестеңін, заманның өзгеруін, өмір көрінісін 
көзбен  көріп  отырғанымыздай,  нанымды  етіп, 
бірнеше бейнеден жасаған. Логикалық, бейнелік 
ұқсастықтан  құрылған  бұл  секілді  тіркестердің 
бойындағы көркемдеу мәні ерекше. Метафоралық 
тіркестер, ең алдымен, образды суреттеу тәсілі бо-
лып табылады. Өмір, дүние сөзінен құралған ме-
тафоралар әр өлеңде әртүрлі бейнелі құбылысты 
танытады.  Яғни,  метафора  транспозициясы 
автордың  қолданысында  өзіндік  сипат  алады. 
Мұнда автор өмірді бір ғана бейнелі образбен су-
реттесе болар еді. Бірақ суреткердің шеберлігінің 
арқасында бірнеше сөз тіркесіне, яғни метафора 
транспозициясына айналып тұр. Мұнда зат есім 
арқылы берілген «өмір» сөзі образ жасауға негізгі 
желі  болып  тұрғаны  анық.  Қаламгер  өмірдің 
ішіне халықты, тілді, дінді, мәдениетті, табиғатты 
– бәрін кіргізу негізінде өзіндік жеке-дара обра-
зын жасаған. Біз тек осы концептіге негізделген 
метафоралардан-ақ 
Шәкәрім 
ақынның 
танымының  жоғарғы  шегін  зерделей  аламыз. 
Ақын бір ғана өмір сөзінен қаншама ауысымды 
мағынада метафоралар желісін тізгенін көреміз.
Сын есіммен тіркесуі           
Етістікпен тіркесуі          
Зат есіммен тіркесуі
Оттай жайнаған өмір
Күндік өмір
Қымбат өмір
Қу өмір
У өмір
Өмірді бұзу
Өмір қайнады
Өмір қылмен байланды
Өмір деген ұйқы ғой
Өмір сыр бермеді
Өмірдің басы
Өмірдің қасиеті
Өмірдің босы
Өмірдің азығы
Өмірдің қызығы
Өсімдіктердің  өлімі.  Метафоралық  ауысу 
предикат қызметіндегі зат есім арқылы жүзеге аса-
ды. Мұнда тілден тыс обьектіні жанама бейнелеу 
орын алып тұр. Негіз фрейм «өлім» мақсат фрейм 
«қурап  қалу»  ауысты.  Зат→физикалық  әлем 
үлгісі  бойынша  жасалған  метафоралық  ауысу. 
Мұндағы «өлім» зат есімі адамның жағдайын си-
паттайды. Бұл жағдайда ол өсімдіктерге қатысты 
айтылып  тұр.  Зат  есім  «қурап  қалу»  ұғымында 
қолданылған.  Мұнда тілден тыс обьектіні жана-
ма бейнелеу орын алған. 
Ақын 
шығармаларындағы 
сөздердің 
көркемдік  қуаты,  әсерлі  бейнелілігі  де  по-
эзия  тілінің  талаптарына  толымды.  «Өлі 
жердің  сүйегін  тірілтті  жайнап  жапырақ»  де-
ген  жолдардың  бейнелі  де  әсерлі  екеніне  ешкім 
дау  айта  алмайды.  Негіз  фрейм  «Өлі  жердің 
сүйегін тірілтті» «қураған жерді құнарландыру» 
мақсат  фрейміне  ауысып,    ұғымды  вербалдай-
ды. «Өлі жердің сүйегі» тіркес дәл осы күйінде 
қазақ  тілінде  Шәкәрімге  дейін  қолданылмаған. 
«Қара  жердің  өлгені  қар  астында  қалғаны»  — 
деп  шешендердің  нақыл  сөздерінде  келетінін 
білеміз.  Демек,  Шәкәрім  жасаған  соны  тіркес 
ұлттық  дүниетанымнан  бастау  алып  жатыр. 
«Өлгені  тіріліп,  өшкені  жанғанда»  қуанышты 
градациялаудың ең шырқау шегі деп шамалауға 
болады.  Шәкәрім  образының  экспрессивті-
эмоционалдық  қуатының  күштілігі  бір  жағы 
сонылығынан болса, екінші жағы осындай ұлттық 
таныммен терең тамырластықтан келіп шығады. 
Үш-ақ түрлі өмір бар, бәрі де – мас,
Бір рәуішті болады шал менен жас. [3, 53]
Сөйлемдегі  «мас»   сын есімінің әдеттегідей 
«адам»  сөзімен тіркеспей  «өмір»  зат  есімімен  
метафоралы    компонент    жасауы  сөйлемнің 
экспрессивті бояуын қанықтыра  түсетіні сөзсіз. 
Бұл когнитивтік метафорадағы метафоралық ау-
ысу сын есім арқылы жасалып тұр. Зат→сын есім 
үлгісі бойынша жасалған метафоралық ауысу.  

_______________________________________________________________________
138
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Жоқтық, барлық – жоғалмақ араласы,
Үш еріксіз болады мағынасы.
Нажағайдай жарқ етіп өшпек болса,
Өмірдің он тиындық жоқ бағасы. [3, 87]
Зат→физикалық  әлем  үлгісі  бойынша 
жасалған метафоралық ауысу. Мұндағы зат есім 
«баға» жаңа мағынада қолданылып «сипат» деген 
мағына  жасап  тұр.  Негіз-фрейм-  «баға»  мақсат-
фрейм  «сын-сипат»  сөзіне  ауысты.  Когнитивтік 
концептуалды  деривация  үдерісі    орын  алған. 
«Баға»  зат  есімі  мағынаны  вербалдайды. 
Жоғарыдағы  мысалда  ілік  жалғаулы  абстрактілі 
зат  есім  мен  зат  есім  тіркесіп,  зат  пен  заттың 
табиғи байланысын  білдіріп тұр. Яғни,  зат есім   
тәуелденіп,  ілік  жалғаулы  сөзбен  матаса    бай-
ланысып,  меншіктілік    және  табиғи  қатынасты 
айқындап  тұрғаны хақ.  Мұнда ақын метафора-
ны    ұтымды  қолдану    арқылы  адам  бойындағы  
сезім  пернелерінің    иірімдерін  сәтті  суреттеген. 
Өмірдің де бағаланатынын бейнелі суреттеген.
Ақын  санасындағы  өмір  бұл  Алланың  бер-
ген сыйы, оны бағалай білу керек деген концеп-
цияны ұсынады. Өмірдің жалған екенін, дүниені 
бірде  өмір  қалпында,  бірде  материалдық  игілік 
ретінде  көрсете  отырып,  ақын  өлең  өрнегінде 
ұтымдылықты көрсетеді. Ақын өмір концептісіне, 
жер,  көк,  Алла,  Жар  ұғымдарын  алып  отыра-
ды.  Әлемнің  бейнесін  санасында  кең  шеңберде 
көрсете білуінде метафоралардың маңызы зор.
Атрибуттық 
қатынаста 
жұмсалатын 
сөздердің  негізгі  түрі  –  сын  есімдерден 
болған  анықтауыштар.  Сын  есім  өздеріне  тән 
қасиеттерімен  байланысты  заттың  сапалық 
белгілерін тікелей я ол заттың басқа затқа қатысы 
арқылы  білдіретіні  белгілі.  Анықтауыштар 
сөйлемде  заттың  әртүрлі  белгісіз  болып, 
бағыныңқы  мүше  ретінде  жұмсалғанымен, 
олар  анықтайтын  затына,  сонымен  қатар  түгел 
сөйлемге көңіл бөліп, әсерлі етіп тұрады. 
Сондықтан  олар  әдебиетте  көрікті  ойдың 
көркем  бояуы  қызметінде  де  жұмсалады. 
Төменде  келтірілген  мысалдарда  дүние, 
тірлік  зат  есімдері  метафора  сын  есімдерден 
оқшауланбай,  қатар  тұрып,  қабыса  байланыса-
ды.  Бұлыңғыр  дүние,  ақ  өлім,  қу  дүние,  қызық 
өмір  сияқты  қолданыстардың  ұсынылуы  жазу-
шы тілінің ерекшелігін танытпайды, өйткені бұл 
тәсілді  өзгелерде  қолданады,  бірақ  суреткердің 
шеберлігін  көрсетеді.  Шеберлік  –  көркем 
шығармадағы  мазмұн  мен  түрдің,  яғни  идея 
мен  оның  тілдегі  көрінісінің  үйлесімі.  Атадан 
балаға мұра ретінде сабақтаса беріліп отыратын 
қоғамдық,  табиғи  құбылыстарды,  өзгерістерді 
әр ұрпақ өз керегінше бағалап, сұрыптап, кейбір 
өзгерістер  жасап  келесі  ұрпаққа  қалдырады. 
Мұндай болмаған жағдайда, онда адамзат тари-
хында даму болмаған болар еді. 
Мұнда бұлыңғыр дүние, ақ өлім, қу дүние, 
оттай  жайнаған  өмір  ауыспалы  мағынасында 
жұмсалып,  жеке  автордың  қолданысындағы 
метафораларға жатады.
Шәкәрімнің  шеберлігі  оның  тілінің  образға 
байлығымен,  ұйқасты  тапқырлығымен,  сөйлеу, 
жазу  үлгісінің  сонылығымен  ерекше  көзге 
түседі.  Суреткерлік,  өмірді  сурет,  образ  арқылы 
тану,  бейнелеу,  керекті  жерінде  оған  өзінің  ой-
толғаныстарын  қосу  –  Шәкәрімнің  ақындық 
өнерінің басты белгілері. Қаламгердің стиліндегі 
осындай  әр    қилылықтың  түйіндесуі  қат-қабат 
өмір  шындығын,  соған  деген  заман  көзқарасын 
айқындау үшін әдейі алғанға ұқсайды.
Шәкәрім  шығармаларындағы  метафоралар-
дың қолданысын талдай отырып, оның танымдық 
мәніне үңілу – метафоралардың тек қана тілдегі 
көркемдеуіш  құрал  қызметімен  шектелмейтінін 
аңғартады. Метафора – ең алдымен таным құралы. 
Көркем шығарманы метафорасыз көз алдымызға 
елестету  мүмкін  емес.  Әр  жазушының  метафо-
расы  оның  эстетикалық  әлемінен  хабар  береді. 
Шәкәрім  өлең  мәтіндеріндегі  метафораның 
мол  болуы-жазушы  дүниетанымының  кеңдігін 
аңғартады.  Жазушы  қолданған  метафоралардың 
барлығын жеке авторлық қолданыстағы метафо-
ралар  деуге  болады  және  олардың  барлығы  да 
ерекше коннотациялық реңкімен ерекшеленеді. 
Шәкәрімнің  өлең  мәтіндеріндегі  ме-
тафоралар  концептілік  жүйе  құрып,  дүние 
құндылықтарын көркем тұрғыдан тануға қызмет 
еткен. Жазушының білім деңгейі, дүниетанымы, 
сонымен бірге ұлттық болмысы мен ділі метафо-
ралар арқылы ашылады.
Әр  қаламгер  өз  тілінде  дүние,  әлем  ту-
ралы  түсінігін  түрлі  тілдік  фактілер  арқылы 
кесіп,  пішеді.  Қоршаған  әлемнің  тілдік  суреті 
негізінен алғанда адамдар санасындағы дүниенің 
логикалық  бейнеленуі  жағынан  ұқсас  болып 
келеді.  Құбылыстар  арасындағы  ұқсастық  ұғым 
категорияларын 
жасайтын 
лексикалардың 
толығуымен  әсер  етеді.  Сол  ұғым  түрлеріне 
Ш.Құдайбердіұлы  метафора  арқылы  тұтастай 
алғандағы берген бағалары тілдің негізін құрап, 
жеке ұлттың ерекшелігін таныта білді.
Әдебиеттер
1  Аханов Т. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп, 
1965– Б.158 .
2 Телия В.Н. Номинация. – В.: Энциклопедический 
лингвистический словарь. М., 1990,  –  С. 336-337.
3 Құдайбердіұлы Ш. Қазақ айнасы. Өлеңдер мен по-
эмалар. – Алматы: Атамұра,  – Б. 296.

139
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Иманчиев Ж.Е., 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, Алматы қ.
МАГИСТРАНТТАРДЫҢ КӘСІБИ МӘНДІ САПАЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАЙТЫН КӨРСЕТКІШТЕР
Түйін. Мақалада қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – көп деңгейлі білім беру жүйесіндегі магистратурадағы 
оқыту  ерекшеліктері  қарастырылған,  соның  ішінде  магистранттардың  кәсіби  мәнді  сапаларын  қалыптастыру 
қарастырылған. Көптеген ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, негізгі сапалар бөліп шығарылған. Анықтаушы 
эксперимент  бойынша  бастапқы  деңгейді  анықтайтын  негізгі  көрсеткіштер  –  бұл  мотивациялық  бағалаушылық, 
негізгі  білімдер  және  дағдылар,  тұлғалық  қасиеттер.  Көрсеткіштердің  критерийлері  мақалада  келтіріліген.  Негізгі 
көрсеткіштерді қолдана отырып анықтаушы эксперимент арқылы бастапқы деңгейді анықтап алып, моделдің жүзеге 
асырылатын шарттар анықталады, жоғары оқу орнында магистранттардың кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыруға 
педагогикалық эксперимент эффективті жұмыс жасайды, себебі көрсеткіштерді енгізу моделдің эффективті функцио-
налдауына шарттарды енгізуге мүмкіндік береді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет