Редакция алқасы



жүктеу 7.78 Mb.
Pdf просмотр
бет20/40
Дата15.03.2017
өлшемі7.78 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40

РезюмеВ статье рассмотрен один из актуальных вопросов современности – особенности обучения в магистра-
туре, как одной из ступеней многоуровневой системы образования Казахстана, в частности, формирование профес-
сионально-значимых  качеств  магистрантов.  Анализируя  труды  многих  ученых,  нам  удалось  выделить  группу  про-
фессионально-значимых качеств магистрантов. При проведении констатирующего эксперимента показатели степени 
сформированности профессионально-значимых качеств – это мотивационно-ценностный, основные знания и умения 
магистрантов, личностные качества. В статье подробно описаны критерии этих показателей. Используя основные по-
казатели, определив начальный уровень сформированности качеств с помощью констатирующего эксперимента, мож-
нот реализовать модель по формированию профессионально-значимых качеств магистрантов. В этом случае модель 
будет работать эффективно, так как будут подобраны условия функционирования с помощью введения показателей.
Resume. The article describes one of the most pressing issues of our time –the pecularitites of the training in Masters 
Courses as one of the steps of multilevel system of education in Kazakhstan, in particular, the formation of professionally 
significant qualities of undergraduates. Analyzing the work of many scientists, we were able to select a group of professionally 
significant qualities of master students. For carrying out of ascertaining experiment we identified the exponents of formation 
of  professionally  significant  qualities  -  a  motivational-value,  basic  knowledge  and  skills  of  undergraduates  and  personal 
qualities. The article describes in detail the criteria for these indicators. Using the basic parameters, defining the initial level 
of development of quality through ascertaining experiment, we can implement a model for the formation of professionally 
significant qualities of undergraduates. In this case, the model will work efficiently, as operating conditions will be picked up 
by the introduction of indicators.
Қазіргі  кезеңде  еліміздің  ертеңі  - 
жастардың  білімінің  тереңдігімен  өлшенеді. 
Соның  ішінде  қазіргі  Қазақстан  білім 
жүйесінің  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  бұл 
магистранттардың  оқу  үдерісін  тиімді  жо-
спарлау,  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
жағдайында  кәсіби  маңызды  қасиеттерін  да-
мыту. Магистратураның негізгі бағыттарының 
бірі  -    өзін-өзі  дамытуға  үйрету,  белсенді 
өмірлік шығармашылығында жаңа білімдерге 
өз  білімімен  жету;  мамандардың  мәдениетін 
жоғарлату,  соның  ішінде  қарым-қатынас 
мәдениетін дамыту, қазіргі заманғы ғылыми-
тәжірибелік  мәселелерді  сараптай  білу, 
жоғарғы  оқу  орындарында  дәріс  беру,  зерт-
теу немесе басқару қызметтерін сәтті жүргізу, 
адамдарға,  қоғамға,  қоршаған  ортаға,  ой-
лау  мәдениетіне  деген  қатынасты  реттеп 
отыратын  этикалық-құқықтық  нормаларды 
игере  білу,  мына  дамып  жатқан  әлемде  жан-
жақты  болу  үшін  магистранттарды  біліммен 
қамтамасыз ету. Осы негізгі қағидаттарды да-
мыту үшін Қазақстан жоғары оқу орындарына 
магистранттардың  оқу  жоспарларынан  басқа 
кәсіби  маңызды  қасиеттерін  дамыту  үшін 
белгілі  бір  модел  қажет,  жүйені  құру  өзекті 
мәселе болып табылады[1, б. 3]. 
Магистранттардың 
кәсіби 
маңызды 
қасиеттерінің  қалыптасу деңгейінің түбегейлі 
мәні бар. Біріншіден, магистрлерді дайындау 
процесінің  әлеуметтік  маңызының  ұлғаюы 
мамандардың  кәсіби  дайындығы  жүйесін 
реформалаудың өзара байланысты процестері 
мен  олардың  жоғары  оқу  орнындағы 
дайындығына  деген  талаптардың  өсуіне 
тәуелділігі себеп болды.
Екіншіден,  әр  түрлі  оқу-тәрбиелік 
жағдайлардағы  педагогикалық  іс-әрекеттің 
ерекшеліктеріне  ие  болған,  білім  берудің 
мақсатына  жетудің  қандай  да  бір  тәсілінің 
тиімділігін  анықтайтын  себеп-салдарлық 
байланыстың жалпы заңдылықтарын түсінетін 
магистранттың белсенді шығармашылық жеке 
тұлғасының рөлінің өсуі.
Үшіншіден, 
магистранттың 
кәсіби 
жете  білушілігі  рөлінің,  оның  кәсіби  білім 

_______________________________________________________________________
140
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
деңгейінің,  тәжірибесі  мен  жеке-дара 
қабілетінің, оның өзінше білім алуға және өзін 
өзі  жетілдіруге,  өз  ісіне  шығармашылықпен 
және  жауапкершілікпен  қарауға    деген 
уәждемелік ұмтылысының өсуі.
Төртіншіден,  магистранттарды  кәсіби 
маңызды  қасиеттерін  дамыту  жүйесін  құру 
қажеттілігі[2,б. 4].
Соңғы  жылдары  ТМД  мен  Қазақстанда 
орындалған ғылыми еңбектерге жасаған тал-
дау  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудың 
өзекті  бағыттарының  магистранттардың  оқу 
үдерісін ұйымдастыруына үлес қосқан отандық 
және ТМД ғалымдары (Р.Ж. Ержанова, Бело-
ус  Т.,  Баймухамбетова  Б.,  А.Н.  Нысанбаева, 
Г.К.  Ахметова.және  т.б.)  магистранттардың 
зерттеуге  ынтасын  дамытуды,  аналитикалық 
қасиеттерін  дамытуды  қарастырған.  Осы 
ғалымдардың  жұмыстарында  магистранттар-
дың  оқу  бағдарламалары  талданып,  оқу 
үдерісін  ұйымдастыру  қарастырылса  да, 
магистранттардың  кәсіби-маңызды  қасиет-
терінің біртекті жүйесі, моделі жасалмаған.
Бұл магистранттарды дайындау педагоги-
ка ғылымында жаңа мәселелердің бірі болып 
табылады  және  келесі  процесстермен  байла-
нысты:
-  Білім  жүйесінің  жаңа  көпдеңгейлі 
жүйеге көшу;
-  Магистратураның сапалы бағдарлама-
ларын  енгізу  және  түлектің  әлеуметтік  ор-
тада  сәтті  болып,  жаңа  қазіргі  заманда  тез 
өзгеріп  тұратын  жағдайларға  тез  бейімделу 
қажеттілігі;
-  Магистранттардың  кәсіби-маңызды 
қасиетін  дамытудың  кешендіәдістемелерінің, 
моделін жасақталмауы[3, б. 3].
Педагогикалық  әрекеттің  шыңына  апа-
ратын  баспалдақ  –  кәсібилік.  Қоғамның 
жаңаруы  мен  дамуы  барлық  саладағы  оның 
азаматтарының 
кәсібилілігіне 
байланы-
сты.  Осы  мәселені  терең  зерттеген  педагог 
ғалымдар  магистранттардың  кәсіби  деңгейге 
көтерілуінің  мына  төмендегі  психологиялық 
критерийлерін анықтаған:
1.Объективті 
критерийлерге: 
магистранттардың өз мамандығына сәйкестігі, 
сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші
2.Субъективті  критерийлерге:  адамның 
мамандығы  қаншалықты  оның  табиғатына, 
қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес
3.Нәтижелі  критерийлер:  мұғалім  өз 
ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге 
қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан 
қарастырылады.
4.Шығармашылықтың  критерийлеріне: 
магистранттардың  өз  кәсібінің  шекарасынан 
шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне 
өзгерте алуы жатады.
Кәсіби  мәнді  сапаларды  жалпылап  кесте 
құрдық.Н.В.  Кузьмина  бойынша,  субъектілік 
факторлар  құрылымы:  табиғаттылық  типін, 
қабілеттер деңгейі мен құзырлықты қамтиды, 
оларға  арнайы-педагогикалық,  әдістемелік, 
әлеуметтік-психологиялық,  диференциалды-
психологиялық, аутопсихологиялық құзырлық 
жатады[4, б. 3].
Кесте 1. Магистранттардың жалпы қасиеттері
 Арнайы          Объективтік  (ғылыми дайындығы)
 
          Субъективті (жекеталант)
 Тұлғалық        адамгершілік - еріктік қасиеттер)
 
 
Біз  зерттеуіміздің  барысында  магис-
транттардың  кәсіби  мәнді  сапаларын 
қалыптастыруының  теориялық  негіздерін 
қарастырдық.  Теориялық  зерттеу  барысында 
магистранттардың  кәсіби  мәнді  сапаларын 
қалыптастыруының  келесі  ұсыныстары  жа-
салды:  магистранттардың  кәсіби-мәнді  са-
паларын  қалыптастыру  эффективті  процеске 
айналады егер:
а)  жүйелік,  тұлға-іскерлік  әдістер  ар-
қылы  магистранттардың  кәсіби  мәнді  сапа-
ларын  қалыптастыруының  моделін  жасақтау 
және енгізу;
б)  жасақталған  моделдің  эффективті 
функционалдауының  педагогикалық  процес-
терін жүзеге асыру:
1)  Дайындалудың  бүкіл  этаптарында 
магистранттарды 
ақпараттық-зерттеушілік 
ортаға қосу.
2)  Оқытудың  инновациялық  технологи-
яларын  қолдану  арқылы  магистранттардың 
зертетушілік іс-әрекетін белсендендіру;
3)  Магистранттарды 
витагенды 
тәжірибені  өзектілеу,  табыс  жағдайын 
жасақтау  және  рефлексивті  позицияға 
шығу  арқылы  өзін-өзін  оқыту  іс-әрекетіне 
белсендендіру[5, б. 11].
Магистранттардың 
кәсіби 
мәнді 
сапалараның  деңгейін  бақылау  үшін  біз 
анықтаушы  және  қалыптастырушы  экспе-

141
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
рименттер  бойы  бағалау  үшін  критерий-
лер  және  белгілер  жүйесі    жасақталды.  Н.О. 
Яковлева[6,  б.  151]  бойынша  кез  келген 
педагогикалық  зерттеу  оның  нәтижелерін 
бағалауының  дәл  критерийлері  жасақталған 
кезде  ғана  сәтті  жүргізіле  алады.    Крите-
рий  дегеніміз  оның  негізінде  бағалау,  си-
паттау  жүргізілетін  педагогикалық  түсінік. 
Психолого-педагогикалық  әдебиетте  эффек-
тивтіліктің және оқыту сапасын бағалауының 
объективті  көрсеткіштері  көп  болғандығына 
қарамастан, 
критерийлерді 
шығару 
және  түсіндіру  мына  келесі  дағдыларға 
негізделген:  біріншіден,  олар  тұлғаның 
дамуының  негізгі  заңдылықтарын  сипаттау 
қажет;  екіншіден,  критерийлер  зерттелетін 
жүйенің  компоненттерінің  арасында  байла-
ныстарды сипаттау қажет; үшіншіден сапалы 
көрсеткіштер  сандық  көрсеткіштермен  бір 
жүйе құрастыру қажет [7, б. 93].
Сонымен,психолог-педагогикалық  әде-
биеттің  аналитикалық  шолу  барысында, 
теориялық  эксперименталдық  ізденістер 
нәтижесінде  және  де  магистратура  түлегіне 
қойылатын  талаптарды  ескере  отырып,  біз 
магистранттардың кәсіби мәнді сапаларының 
критерийлерін  және  категорияларын  анық-
тадық. 
Магистранттардың  кәсіби  мәнді  сапа-
ларының  қалыптасуын  біз  келесі  үш  крите-
рий  негізінде  жүргіздік:  магистратурадағы 
білім  үрдісіне  магистранттардың  қатынасын 
білдіретін  мотивациялық  бағалаушылық, 
негізгі  дағдылар  және  білімдерді  білдіретін 
когнитивті-операционалдыжәне 
болашақ 
магистрдің  негізгі  кәсіби  мәнді  сапаларын 
білдіретін тұлғалық критерийлер негізінде.
Әдеби шолуда құрылымы қарастырылған 
кәсіби мәнді сапаларды талдай отырып, біз бір 
ғана көресеткішпен шектеліп қала алмайтыны-
мызды түсіндік. Сонымен, біз көрсеткіштерді 
белгілер жүйесі ашу ретін ойластырдық.  
Магистранттардың 
кәсіби 
мәнді 
сапаларының  қалыптасу  деңгейінің    3 
көрсеткіші ұсынылды:
1)  К1-мотивациялық-бағалушылық 

магистратурадағы іс-әрекетке қатынасы;
2)  К2-білім және дағдылар жүйесі;
3)  КЗ – тұлғалық қасиеттер.
Кесте 2. Магистранттардың кәсіби мәнді 
сапаларын анықтайтын көрсеткіштер
Көрсеткіш  
 
Сипаттайтын белгілер  
 
       Диагностика тәсілдері
мотивациялық-   
- Білім алу, кәсіби бағалаушылық
    
Бақылау, 
бағалушылық -    
  әлеуметтік маңызды және тұлғалық     
сауалнама,  
магистратурадағы   
  мотивтерінің болуы;   
 
 
тестілеу, 
іс-әрекетке қатынасы 
- Магистранттардың магистра- 
 
әңгіме.
   
 
 
 турадағы білім мазмұнымен, 
   
 
 
 оқу әс-әрекетімен.
   
 
 
- Кәсіби мәнді сапаларын әрі қарай
   
 
 
 докторантурада жалғастыру ойы. 
білім және дағдылар  
- Әдіснамалық білімдер, олардың 
 
Бақылау, әңгіме.
 жүйесі 
 
 
беріктігі және жүзеге асырылуы 
 
Оқу сабақтарын-
   
 
 
- Кәсіби мәнді сапаларын дамыту  
 
дағы жауаптардың 
   
 
 
барысында тізбектілік, толықтық,  
 
сандық-сапалық
   
 
 
іс-әрекеттердің орындалуының сапасы. 
талдау, тапсырма-
   
 
 
 
 
 
 
 
 
ларды орындауы-
   
 
 
 
 
 
 
 
 
ның талдау. 
 
  
Тұлғалық қасиеттер 
-Жекеұйымдасу; өзін-өзі бақылау. 
 
Бақылау, әңгіме,
   
 
 
- Өзбеттілік, белсенділік деңгейі. 
 
өзін-өзі бағалау,  
 
 
 
 
- Магистранттардың жеке іс-әрекет-   
ғылыми-зерттеу
   
 
 
терінің және кәсіби мәнді сапа- 
 
жұмыстың орындау
   
 
 
ларының  рефлексиясы. 
 
 
анализі, тестілеу.

_______________________________________________________________________
142
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Шығарып алған көрсеткіштер негізінде біз 
кәсіби мәнді сапалардың қалыптасуының үш 
деңгейін  анықтадық:  алгоритмдік,  интерпрет
ациялықжәнезерттеушілік. Кәсіби іс-әрекетке 
дайындық  мәселесін  Н.Н.Тулькибаева,  Н.Д. 
Хмель,  Н.М.  Яковлева  [8,  б.  278]  ғалымдар 
қарастырған. 
Деңгей  дегеніміз  кейбір  процестердің 
немесе  нысандардың  «жоғары»  және 
«төмен»  сатыларының  даму  қатынасы. 
Магистранттардың кәсіби мәнді сапаларының 
қалыптастыруы туралы айта келе, Н.Д. Хмель 
ұсынған мұғалімдердің кәсіби дайындығының 
деңгейін анықтайтын деңгейлік әдісті негізге 
ала келеміз [9, б. 415].  Осы позициядан ойла-
на отырып, шығарылған деңгейлердің жалпы 
позициясы келесі:
Алгоритмикалық  деңгей:  кәсіби  мәнді 
сапаларды  қалыптастыруға  тұрақты  емес 
қызығушылықпен білінеді, магистратурадағы 
оқу  үрдісінің  әлеуметтік  және  тұлғалық 
маңызын түсінбеушілікпен, кәсіби мәнді сапа-
лар туралы толық түсінік болмауы.
Берілген  тапсырмаларды  және  есептерді 
шешу нақты берілген нұсқаулықтар бойынша 
орындалады, шешім қабылдауда өз беттіліктің 
болмауы.  Магистранттардың  айырмашылық 
қасиеті  –  төмен  деңгейдегі  белсенділік, 
өзін-өзі  ұйымдасу,  өзін-өзі  бақылау.  Білім 
алушылардың өз бетімен білім алу процесінің 
деңгейі  төмен,  аналитикалық  синтетикалық 
іс-әрекетінің дағдылары қалыптаспаған. Зерт-
теу жұмысының сипаты ситуативтіге жатады, 
нәтижелері  өте  төмен.  Рефлексивті  позици-
ясы  да  шамалы,  жеке  іс-әрекетін  талдай  ал-
майды, мақсаттары және міндеттері де нақты 
қойылмаған. 
Интерпретациялық  деңгей:кәсіби  мәнді 
сапаларын  қалыптастыруға  қызуғышылғы 
бар, магистратурадағы оқу үрдісінің тұлғалық 
маңызын көп түсінеді, бірақ негізгі үрдісінің 
құрылым туралы білімдері толық емес. Негізгі 
зерттеушілік  қасиеттері  орташа  деңгейде, 
магистратурадағы  оқу  үрдісінің  іс-әрекеттер 
сталы  орындалмайды,  кейбір  элементтердің 
қажеттілігін түсінбейді. 
Берілген  тапсырмаларды  және  есептерді 
шешу кезінде зерттейтін мәселені түсіну тал-
пынысы, кейбір байланыстарды орнату, алған 
білімдерін  өзгертілген  жағдайда  қолдану 
мүмкіндігі бар. Бірақ магистранттарда өзін-өзі 
ұйымдасу,  өзін-өзі  бақылау  және  белсенділік 
деңгейі жоғары емес[10, б. 113].
Рефлексивті 
позиция 
рефлексивті 
дағдылардың  маңызын  түсінуіне  қарамастан 
толықтай  емес  дамыған.  Өз  бетімен  білім 
алуға келсек, ғылыми әдебиетті оқу жиілігі аз, 
аналитикалық  синтетикалық  өңдеу  әдістерін 
жеткіліксіз меңгерген. 
Сапалы деңгей: Кәсіби мәнді сапаларының 
қалыптасуының  маңызын,  магистратурадағы 
оқу  үрдісінің  маңызын  толықтай  түсінеді, 
білім алу, кәсіби-бағалаушылық және тұлғалық 
мотивтер  тіркелген,  магистратурадағы  оқу 
үрдісіне  қойылатын  талаптарды  орындаудың 
нақты  мақсаттары  және  тізбектілігі  бар, 
алынған нәтижелермен қанағаттанады. Терең 
әдіснамалық  білімге  ие  болып,  тәжірибеде 
қолдана біледі. Берілген тапсырмаларды және 
есептерді  шешу  барысында  жаңашылдық, 
оригиналдық,  шаблоннан  ауытқу,  күтпеген 
әдістерді  қолдану  процсерді  байқалады.  
Зерттеушілік  жұмысын  орындағанда  өзін  өзі 
ұйымдасу  және  өзін  өзі  бақылау,  белсенділік 
деңгейі  өте  жоғары.  Ғылыми  әдебиетті 
жие  жие  оқуда  және  сапалы  аналитикалық 
синтетикалық  талдауда  білінетін  өз  бетімен 
білім  алу  деңгейі  жоғары.  Ашық  түрде 
рефлексивті позиция ұстанады. 
Бүкіл  үш  деңгейде  бір  бірімен 
байланысқан, әрқайсысы алдындағымен және 
соңындағысымен  әрекеттеседі.  Мұнда  әр 
алдындағы деңгей келесі деңгейдің шарты не-
месе алдындағы себеп болып келеді.
Кесте 3. Магистранттардың кәсіби мәнді 
сапаларын  анықтайтын  көрсеткіштердің  си-
паттамалары

143
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Магистранттардың     Магистратурадағы 
  Жалпы магистрант- 
 
Тұлғалық
кәсіби мәнді  
  оқу үрдісіне 
 
  тардың  білім,    
 
қасиеттер
сапаларының  
  мотивациялық-   
  дағдылар 
 
 
сипаттамасы
қалыптасу деңгейі    бағалаушылық    
  сипаттамасы 
 
 
 
 
 
  қатынас 
Алгоритмикалық  
  Кәсіби мәнді   
  Берілген тапсыр- 
 
Магистрант- 
деңгей 
 
  сапаларды қалып- 
  маларды және   
 
тардың айыр- 
 
 
 
   тастыруға тұрақты  
  есептерді шешу  
 
машылық қасиеті -
 
 
 
   емес қызығушы- 
  нақты берілген   
 
төмен деңгейдегі 
 
 
 
  лықпен білінеді,  
  нұсқаулықтар   
 
белсенділік, өзін-
 
 
 
  магистратурадағы  
  бойынша 
 
 
өзі ұйымдасу, өзін
 
 
 
  оқу үрдісінің әлеу- 
  орындалады,    
 
-өзі ұйымдасу,
 
 
 
  меттік және тұлғалық     шешім қабыл-   
 
өзін-өзі бақылау.
 
 
 
  маңызын түсінбеуші- 
  дауда өз бетті-   
 
Білім алушылар-   
 
 
 
  лікпен, кәсіби мәнді  
  ліктің болмауы.   
 
дың өз бетімен
 
 
 
  сапалар туралы то- 
  Зерттеу, тапсырма 
 
білім алу процесі-
 
 
 
  лық түсінік болмауы.  
  шешу логикасын 
 
нің деңгейі төмен,
 
 
 
  Сыртқы мотивтер  
  тізе алмайды.    
 
аналитикалық
 
 
 
  басынқы 
 
 
 
 
 
синтетикалық іс-
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
әрекетінің дағды-
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
лары қалыптас-
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
паған.
Интерпретациялық     Кәсіби мәнді сапа- 
деңгей 
 
  ларын қалыптас- 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  тыруға қызығушы- 
 
 
 
  лығы бар, магистра- 
 
 
 
  турадағы оқу үрді- 
 
 
 
  сінің тұлғалық    
 
 
 
  маңызын көп түсінеді, 
 
 
 
  бірақ негізгі үрдісінің  
 
 
 
  құрылым туралы  
 
 
                білімдері толық емес.  
 
 
 
  Негізгі зерттеу-
 
 
 
  шілік қасиеттері 
 
 
 
  орташа деңгейде, 
 
 
 
  магистратурадағы
 
 
 
  оқу үрдісінің
 
 
 
  іс-әрекеттер сатылы
 
 
 
  орындалмайды,
 
 
 
  кейбір элементтердің
 
 
 
  қажеттілігін түсін-
 
 
 
  бейді. Сәттілікке жету 
 
 
 
  мотивациясы басынқы 
Сапалы деңгей 
 
Негізгі зерттеушілік 
қасиеттері орташа 
деңгейде, магистра-
турадағы оқу үрдісінің 
іс-әрекеттер сатылы 
орындалмайды, кейбір 
элементтердің қажет-
тілігін түсінбейді. 
Берілген тапсырмаларды 
және есептерді шешу 
кезінде зерттейтін мәсе-
лені түсіну талпынысы, 
кейбір байланыстарды 
орнату, алған білімдерін 
өзгертілген жағдайда 
қолдану мүмкіндігі бар. 
Тапсырмаларды орындау 
лгоритм бойынша және 
шығармашылық қасиеттер 
байқалады 
Магистранттарда 
өзін-өзі ұйымдасу, 
өзін-өзі бақылау 
және белсенділік 
деңгейі жоғары емес. 
Рефлексивті по-
зиция рефлексивті 
дағдылардың 
маңызын түсінуіне 
қарамастан толықтай 
емес дамыған.  Өз 
бетімен білім алуға 
келсек, ғылыми 
әдебиетті оқу жиілігі 
аз, аналитикалық 
синтетикалық өңдеу 
әдістерін жеткіліксіз 
меңгерген. 
Кәсіби мәнді  сапала-
рының қалыптасуының 
маңызын, магистрату-
радағы оқу үрдісінің 
маңызын толықтай 
түсінеді, білім алу, 
кәсіби-бағалаушылық 
және тұлғалық мо-
тивтер тіркелген, 
магистратурадағы оқу 
үрдісіне қойылатын 
талаптардың  нақты 
мақсаттары және 
тізбектілігі бар.
 Терең әдіснамалық      
білімге ие болып, 
тәжірибеде қолдана 
біледі. Берілген 
тапсырмаларды және 
есептерді шешу бары-
сында жаңашылдық, 
оригиналдық, ша-
блоннан ауытқу, 
күтпеген әдістерді 
қолдану процсерді 
байқалады.   
Зерттеушілік жұмы-
сын орындағанда 
өзін өзі ұйымдасу 
және өзін өзі бақы-
лау, белсенділік 
деңгейі өте жоғары. 
Ғылыми әдебиетті 
жиі оқуда және са-
палы  аналитикалық 
синтетикалық 
талдауда білінетін 
өз бетімен білім алу 
деңгейі жоғары. 
Рефлексивті позиция 
ұстанады.

_______________________________________________________________________
144
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Магистранттардың  кәсіби  мәнді  сапала-
рын қалыптасуының шығарылып көрсетілген 
көрсеткіштер  және  белгілер  оның  қалыптасу 
процесінінің 
спецификасын 
білдіреді. 
Сондықтан  олар  магистранттардың  кәсіби 
мәнді сапаларын қалыптасуының жасақталған 
модеінің  эффективтілігің  анықтау  үшін 
анықтаушы  және  қалыптастырушы  экспери-
мент бойы қолданды[11, б. 37]. 
Бақылау  және  экспериментал  топтарын-
дағы  Пирсонның  сызықтық  корреляция 
коэффициенті  арқылы  көрсеткіштер  анализі 
қосымшада  кестеде  келтірілген.  Мұнда 
кәсіби  мәнді  сапалар  қалыптасу  деңгейінің 
және 
магистратурадағы 
оқу 
үрдісіне 
мотивациялық 
бағалаушылық 
қатынас, 
кәсіби  мәнді  сапалар  қалыптасу  деңгейінің 
және  магистранттардың  білім  мен  дағдылар 
жиынтығы,  кәсіби  мәнді  сапалар  қалыптасу 
деңгейінің 
және 
тұлғалық 
қасиеттер 
арасындағы  тәуелділіктері  анықталды.  Со-
нымен  қатар,  магистратурадағы  оқу  үрдісіне 
мотивациялық  бағалаушылық  қатынас  және 
магистранттардың  білім  мен  дағдылар 
жиынтығы  арасындағы;  магистратурадағы 
оқу  үрдісіне  мотивациялық  бағалаушылық 
қатынас және тұлғалық қасиеттер;  тұлғалық 
қасиеттер  және магистранттардың білім мен 
дағдылар жиынтығы арасындағы тіке коррел-
ляция тіркелді[12, б. 8].
Сонымен, магистранттардың кәсіби мәнді 
сапаларының  қалыптасу  деңгейінің  артуы  әр 
көрсеткіштің  мәніне  тәуелді  және  де  К1-дің 
артуы тікелей К2 және К3-ке тәуелді және де 
керісінше деп қорытуға болады.
Анықтаушы эксперимент нәтижелері бой-
ынша келесі қорытындылар жасауға болады:
1)  Эксперимент  үшін  таңдалған  маги-
странттар  тобы  кәсіби  мәнді  сапаларының 
қалыптасу  деңгейі  бойынша  салыстыр-
малы  түрде  бірдей,  айырмашылықтары 
статистикалық 
түрде 
маңызды 
емес. 
Сондықтан  да  дайындалу  кезіндегі  болашақ 
айырмашылықтар  магистранттардың  кәсіби 
мәнді  сапаларының  қалыптасу  моделінің 
жүзеге  асырылуының  әр  түрлі  шарттарымен 
түсіндіріледі;
2)  магистранттардың 
кәсіби 
мәнді 
сапаларының  қалыптасуы  толық  емес,  бұл 
дәстүрлі  оқытудың  эффективті  болмауы-
нан,  сондықтан  да  магистранттарды  дайын-
дау  кезінде    магистранттардың  кәсіби  мәнді 
сапаларының  қалыптасуының  құрылымдық-
функционалдық моделін белгілі бір шарттарда 
қолдану жөн деп есептейміз.
Сонымен,  көптеген  педагогикадан  және 
оқыту теориясынан көптеген ғылыми әдебиет 
талдай отырып, біз магистранттардың кәсіби 
мәнді  сапаларының  деңгейін  анықтайтын 
көрсеткіштерді шығардық. Сол көрсеткіштер 
арқылы біз кәсіби мәнді сапалар қалыптастыру 
моделін  жүзеге  асыра  аламыз.  Анықтаушы 
эксперимент арқылы кәсіби мәнді сапалардың 
бастапқы  деңгейін  анықтап,  моделді  жүзеге 
асыру  барысында,  сол  көрсеткіштер  арқылы 
моделдің  эффективтілігін  және  қосымша 
шарттарын сипаттай аламыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет