Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата15.03.2017
өлшемі7,78 Mb.
#9902
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

Литература
1.  Боас,  Ф.  Ум  первобытного  человека  /  Франц 
Боас;  пер.  с  англ.  А.  М.  Водена.  –  М.-Л.:  Гос.  изд-во, 
1926. – 153 с.

_______________________________________________________________________
252
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Құдайбергенова Ә.М., аға оқытушы,  Көпжасар Д., 4 курс студенті
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
АРТ- ТЕРАПИЯ СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Түйін.  Мақалада  арттерапияны  оқу,  талдау,  қолдану  ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдарында    Германия,  Австрия, 
Щвейцария, Жапония ауруханаларында жан ауруына ұшырағандардың творчестволық жұмыстарына  анализ жасауға  
негiзделген фундаментальды жұмыстарынан басталғаны. 1926 жылы Ресейде осы тақырыпқа орай Карповтың сурет 
салудың емдiк әсерi бар екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi болды. Арттерапия –  ауру адамның психоэ-
моциональды халiне шығармашылық арқылы  ем жүргiзу және әсер етудi бiлдiредi. Арттерапия өнерге негiзделген, 
бiрiншi орында творчество мен өзiндiк өнерiн көрсететiн психотерапияның мамандандырылған  бөлiмi, формасы екені 
қаратырылады. 
 Резюме. В статье рассматривается изучение, анализирование, использования арттерапии в фундаментальных ра-
ботах осуществленных в 20-х годах ХХ века в клиниках Германии, Австрии, Щвецарии, Японии. В 1926 году в России 
Карпов в первые изучил влияние рисования на лечение пациентов. Арт-терапия – это вид лечения, который использует 
искусство в целях терапии. Это исцеление посредством любого художественного творчества.
Abstract. In the article study, analysis, uses of art-therapy in fundamental works carried out in 20th of ХХ of century 
in the clinics of Germany, Austria, Sveden, to Japan. In 1926 in Russia of Carpov in the first studied influence of drawing on 
treatment of patients.  Art-therapy is a type of treatment, that uses an art for therapy. This healing by means of any artistic work.
Алғаш  арттерапияны  оқу,  талдау, 
қолдану  ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдарында  
Принцхорнның,  Германия,  Австрия,  Щвей-
цария,  Жапония  ауруханаларында  жан  ау-
руына 
ұшырағандардың 
творчестволық 
жұмыстарына    анализ  жасауға    негiзделген 
фундаментальды  жұмыстарынан  басталады 
(Prinzhorn,  H.,1922).  Кейiн  келе  Крепелин, 
Блейлер, Бумке, Кречмер сияқты атақты пси-
хиатрлар психикалық ауруға ұшырағандардың 
творчестволық  еңбектеріне  талдау  жасай  ба-
стады.  1926  жылы  Ресейде  осы  тақырыпқа 
орай Карповтың кiтабы, алғаш монографиясы 
шықты,  ол  “Жан  ауруына  ұшырағандардың 
шығармашылықтары  және  оның  ғылым  мен 
техника  дамуына  тигiзер  әсерi”-  деп  атал-
ды.      Карпов  сурет  салудың  емдiк  әсерi  бар 
екендiгiн көргендердiң алғашқыларының бiрi 
болды.
  Бейнелеу  өнерiнiң  көмегiмен  терапия 
жүргізудің  теоритикалық  негiзi  –  Зигмунд 
Фрейдтiң  психоаналитикалық  көзқарасынан 
шығады,  бiрақ  Фрейдтің  өзi  арттерапияның 
психотерапиялық  мүмкіндіктеріне  қызығып, 
айналыспаған; Юнгтың аналитикалық психо-
логиясынан, ол өзiнiң  суреттерiн жеке  және 
әмбебап    символдардың  идеясын  нақтылауға 
қолданған.  Сонымен  қатар,  Наумбургтың 
терапиялық 
көмек 
көрсетуде 
өзiн-өзi 
графикалық бейнелеудiң  динамикалық теори-
ясынан, оны  АҚШ-та арттерапияның пионерi 
деп санайды. Кейiн келе арттерапияның даму-
ына гуманистiк бағыттағы психотерапевтердiң 
үлестерi де тидi.   
“Арттерапия”–  терминi  (art  –  өнер, 
artterapy  –  өнер  арқылы  терапия  жүргiзу) 
көбiне ағылшын тiлдi  халықтар қоныстанған 
елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия –  ауру 
адамның  психоэмоциональды  халiне  твор-
чество  арқылы    ем  жүргiзу  және  әсер  етудi 
бiлдiредi.[1].
Арттерапия 
өнерге 
негiзделген, 
бiрiншi  орында  творчество  мен  өзiндiк 
өнерiн 
көрсететiн 
психотерапияның 
мамандандырылған  бөлiмi, формасы. 
Алғаш    бұл  термин  1938  жылы  Адри-
ан  Хиллдiң  санаторияда  туберкулез  ауруына 
шалдыққандардың  көңiл-күйлерiн  сипаттау 
жұмысында қолданылады. Кейiннен бұл тер-
мин  өнерге  қатысты  барлық  терапияның  са-
лаларында (музыкалық терапия, драмалық те-
рапия, бимен терапия жүргiзу т.б.) қолданыла 
бастайды  Бiрақ  көптеген  мамандар  мұндай 
анықтамаларды  өте  кең  әрi  нақты  емес 
деп  санайды.    Отандық  психотерапиялық 
әдебиеттерде кей кездерде “Изотерапия” және 
“Сурет терапиясы” терминi қолданылады, бiрақ  
олар, ағылшын тiлдi аналогқа келiңкiремейдi 
және  мән  мағынасын  тарылтады.  Тарихқа 
сүйенсек арттерапевт мамандар  психиатрлар 
мен  психотерапевттердiң  көмекшiсi  болған, 
оларға  пациенттiң  диагнозын  анықтауға  не-
месе ем жүргiзуге, олардың суреттерiне қарап, 
әдiс таңдауға көмектескен. Бiртiндеп арттера-
певттер ешкiмге тәуелсiз маман статусын ием-
денген. 1969 жылы арттерапевт-практиктердi 
бiрiктiрген  американдық  арттерапиялық 
ассоциация  құрылды.  Осы  сияқты  ассоци-

253
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
ациялар  кейiннен  Англия,  Голландия,  Жапо-
ния  және  Ресейде  құрылған.  Онда  арттера-
певттер  қазiргi  уақыттағы  психотерапияның 
процестерi  мен  жекелiктерiн  зерттеуге  өз 
үлестерiн  қосуда.  Қазiргi  уақытта  психоте-
рапияда  осындай  күштi  эмоциональды  фак-
тор,  яғни  өнер  мен  творчествоны  қолдану 
қажеттiлiгi көрiнiп отыр. “Арттерапия - бiздiң 
ғасырымыздың жемiсi”, – деген тұжырымдар 
өте дұрыс қабылданған қорытынды.[2].
Арттерапияны  жүргізу  барысында  кли-
енттерге  бейнелеу өнерi мен шығармашылық 
сипатынан  әр  түрлi  жұмыстар  (сурет,  графи-
ка,  кескiндеме,  сәулет  өнерi,  мүсiн,  дизаин, 
әрлендiру,  пластика,  ойма,  күйдiрме,  бедер 
салу, батин, гоболен, әшекей т.б.) ұсынылады. 
Бұлар  бiрiншi  жағынан  психотерапевтпен  
қарым-қатынас жасау белсендiлiгiн және топ-
та  өзiнiң  уайым-қайғысын  толық  әрi  нақты 
бейнелеуiн,  проблема,  iшкi  қайшылықтарын 
шығаруын көрсетедi. Ал, екiншi жағынан, өзiн 
творчестволық адам  ретiнде бейнелейдi. Дәл 
қазiргi уақытта арттерапияға – видео-арт, ин-
сталяция,  перформанс,  компьютерлiк  творче-
ство  деген  творчествоның  түрлерi  қосылған. 
Мұндағы  қарым-қатынаста  визуальды  канал 
негiзгi роль атқарады.
Арттерапия  фактiлi  материалдардың  
жеткiлiктiлiгiне 
қарамастан, 
теориялық 
жағынан  эмпирикалық  қорытындылау  са-
тысында  тұр.  Арттерапияның  емдiк  қасиетi 
туралы    жалпы    қабылдаған  теория  әлi  жоқ. 
Ол  арттерапияға  қатысты  көпфакторлы 
қиындықтар  мен  оны  салыстырмалы  түрде 
ғылыми тұрғыда зерттеудiң аз уақыттылығына  
және алғышарттарына байланысты.
Кратохвил арттерапияны – сублимацион-
ды, проективтi  және әрекетшiл деп бөледi.
Ал  Дельфина  –  Бейли  арттерапияны 
қолдануда 4 негiзi бағытты бөлiп көрсетедi.
1.  Пассивтi  (енжар)  арттерапия.  Дайын 
өнер туындыларын пациентпен анализ  және 
интерпретация  жасау  арқылы  емдiк  әсерге 
қолдану. 
2.  Актив  (белсендi)  арттерапия.  Паци-
ентте  өзiндiк  шығармашылығын  ояту,  мұнда 
шығармашылықтық  акт  негiзi  емдiк  фактор 
болып саналады. 
3.  Бiрiншi  және  екiншi  қағидаларды  бiр 
мезгiлде қолдану.
4.  Психотерапевттiң 
өзiндiк 
ролiн, 
оның  пациентпен  шығармашылық  жұмысын 
оқудағы қарым-қатынасын акценттеуi.[3].
Арттерапия  әдiсi – адамның iшкi өзiндiк 
“Менiн”  сурет  салуда,  өлең  жазғанда,  скуль-
птура жасағанда, ойланбай iстесе де көрсетiп 
отырады деп сенiмдi тұжырымдайды. 
Әлемдiк  әдебиеттерде  арттерапияның 
емдiк  әсерiне  әртүрлi  көзқарастар  бар.  Олар, 
креативтi, сублимативтi, проективтi және арт-
терапиямен босболмаушылық ретiнде (артте-
рапия как занятость).
Креативтi  көрiнiс  жағынан  психикаға 
арттерапияның 
адаптациялық 
әсерiн 
шығармашылықпен байланыстырып, түсiнуге 
болады. Бiрiншi орында терапиялық әсерi бар 
адамның өнерге деген сенiмi қойылады және 
өзiндiк терапиялық әсердi иемденген латенттi 
творчестволық  күштiң  мобилизациясы.  Бұл 
көрiнiстердiң теориялық негiзi – адамда алғаш 
кезден-ақ оның мiнез-құлқын анықтайтын ру-
хани және альтруистiк қажеттiлiк болады деп 
жеке адамды психологиялық құрылым ретiнде 
қарастырған гуманистiк бағыт болып санала-
ды.
Арттерапияның  мақсаты  барлық  адамды 
суретшi  немесе  мүсiншiге  айналдыру  емес, 
оның  мақсаты  индивидтiң  творчестволық 
мүмкiндiктерiн  пайдалана  отырып,  ішкі 
көңіл-күйлерін ашып көрсетуге белсендiлiгiн 
арттыру.  Терапиядағы  табандылық  клиенттің 
өз  қабiлеттiлiгiне  сай  жеке  творчестволық 
белсендiлiгiн арттыруына көмектеседi, өзiнiң 
бiр  туынды  жасап  шығаруына  бағыт-бағдар 
бередi.
Гольдштейннiң көзқарасы бойынша, твор-
чество  –  адамның  конфликтiлi  жағдайларда 
туындаған 
қорқыныш 
сезiмдерiнен 
құтылудың    бiрден-бiр  жолы.  Шығармашыл 
адамдар  өз  күш  жiгерлерiн  iшкi  және 
сыртқы  қайшылықтарды,  сонымен  қатар 
конфликтiлердi жеңуге жүмсайды.
Маслоудың  пiкiрiнше  –  адамның  iс-
әрекеттерiнiң қайнар көзi, денi сау адамдарға 
ғана  тән  өзiн-өзi  бейнелеуге  талпынушылық 
болып  табылады.  Неврозды  адамдарда  бұл 
қажеттiлiк  бұзылады  немесе  мүлдем  жой-
ылады.  Ал  оны  қалпына  келтiрудiң  бiрден-
бiр  жолы  өнер  болып  табылады.  өзiн  -  өзi 
актуализациялаудың  жетекшi  қабiлеттерiн 
айта  келе,  Маслоу,  сұлулық  пен  экстаза-
ны  уайымдаудың  ең  жоғарғы  сәтi  болаты-
нын көрсеттi.         Психотерапевтiң мақсаты 
–  адамдарға  осы  сәттi  сезiнуге  көмектесу, 
олардың  пайда  болуына  жағдай  жасау,  со-
нымен  қатар  өзiндiк  “Менiн”  танытуға 

_______________________________________________________________________
254
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
және  шаршау,  тұнжырауларынан  босануға 
көмектесу.  Адамның  өзiндiк  творчестволық 
қабiлеттерiн  сыртқа  шығармай  ұстап  қалуы, 
невроздың  пайда  болуына  әкелiп  соғады.  Ал 
психотерапияның  мәнi  –  одан  босату  болып 
табылады [4].      
 Жоғарыда айтылған көзқарастар бойын-
ша  шығармашылық  тек  әсер  етушi  процесс 
болып  қаралмайды,  олар  оның  эстетикалық 
жағын  бөлiп  көрсетедi.  Өнердiң  интегралдау 
ролiнiң қорытындысы творчестволық процесс 
неврозға әкелетiн қысымды төмендетедi және 
iшкi қайшылықтарды объективтендiретiнiнен 
көрiнедi.    
Анастази, 
Фоли, 
Конова 
өнердiң 
интегративтi  –  креативтi  мүмкiндiктерiн 
психологиялық бейберекеттiк дезинтеграцияға 
күрес жүргiзу мүмкiндiгi ретiнде қолданады. 
Арттерапияның  емдiк  әсерiнiң  басқа 
механизмi – сублимация және жауап берушiлiк 
болып табылады. Адамның инстинктi импульсi 
визуальды көркемөнер - образды бейнелеулер-
ге ауысқанда, көркемөнер сублимациясы пай-
да болады. Бұл концепцияның өкiлдерiнiң пай-
ымдауынша, шығармашылық сублимацияның 
бiр  формасы  ретiнде  үғынуға,  көрсетуге, 
шығармашылық  арқылы  айтып  беруге  және 
инстинктi  импульстерi  арқылы  жауап  беру-
ге (сексуальды, агрессивтi)  және эмоциялық 
жағдайын  бейнелеуге  (депрессия,  уайым-
қайғы, қорқыныш сезiмi, қанағаттанбаушылық, 
ашу-ыза, тұнжыраушылық, т.б.) көмек бередi. 
Әлеуметтiк ортадағы iс-әрекеттерде жоғарыда 
айтылған  сезiмдердiң  көрiнiп  қалуы  мүмкiн 
деген уайымдардың қауiптiлiгiн төмендетедi.
Творчество  арқылы  адамның  өзiн  –  өзi 
максимальды  түрде  көрсетуi,  әңгiме  немесе 
хат  жүзiндегi  тексеруге  қарағанда  өзiн  анық 
бейнелеуге  және  психотерапевтке  өзiн  сана-
сыз түрде ашып беруге көп ықпалын тигiзедi. 
Арттерапиямен 
бос 
болмаушылық 
(занятость 
арттерапией) 
творчествода 
сауықтырушы  процесс  ретiнде  әсер  етедi. 
Творчествоны  қарапайым  нұсқау    түрiнде 
қарастырсақ,  ол  клиентті  жанға  батарлық 
уайым-қайғыларынан  арылтады  және  алдан-
дырады. 
Арттерапиямен  бос  болмаушылықта 
топтық  характерге  маңызды  мән  берiледi. 
Мұнда  клиенттер  топтағы  өз  орнын  бағалап, 
өзiнiң алатын ролiн мойындап, творчестволық 
қабiлетiн  және  өзiн  айқын  бейнелеудегi 
мiндеттiлiгiн  түсiнедi.  Сонымен  қатар  арт-
терапия      -    босболмаушылықтың  эмоци-
ональды  әрi  қызықты  формасы  болып  та-
былады  және  ол  клиенттердің  бiр-бiрiмен 
қарым-қатынасқа түсуiне қосымша мүмкiндiк 
бередi.  Бiрлесе  жүргiзген  творчестволық 
iс-әрекет  клиентке  өзге  адамдардың  жан  – 
дүниесiн  түсiне  бiлуге  көмектеседi,  ал  ол 
әлеуметке бейiмделушiлiктiң қиын жақтарын 
жеңiлдетедi.[5 ].
 Арттерапиямен кімдер айналысады?
Арттерапиямен  психологиялық қиындық-
тарды  (музыка,  живопись,  сурет  салу,  жа-
быстыру,  театрлық  драма)  творчествоның 
көптеген түрлерімен жеңілдете, шеше білетін 
адамдар айналысады.
Арттерапевт қалай жұмыс жүргізеді?
•  Арттерапевт  топпен  болсын  немесе 
жеке  дара  болсын  жұмыс  жүргізгенде  өзін-
өзі  силау,  өзін-өзі  түсіну  сезімдерінің  даму 
деңгейін зерттеу мақсатында ешқандай зиян-
сыз және мәжбүрлеусіз жағдай туғызады.
•  Білім-дағдылары 
мен 
танымдық 
процестерді  дамыту  мақсатында  сабақтар, 
жаттығулар ұйымдастырады.
•  Өзіндік  құндылықтарын  сезіну  үшін, 
қарым-қатынасқа 
түсіп 
әлеуметтендіру 
мақсатында өзін-өзі көрсете білуге жағдай жа-
сайды.
•  Ішкі 
және 
сыртқы 
қарама-
қайшылықтарды  жеңу  үшін,  өзіне  не-
месе  өзге  адамдарға  деген  қатынасын 
өзгерту  мақсатында  ішкі  творчестволық 
қабілеттіліктеріне үңілуге мүмкіндік береді.
•  Жеке  творчестволық  диапазонын 
кеңейтуге  септігін  тигізетін,  өзін-өзі  зерттеу 
мен өзін-өзі танып-білуге жағдай жасайды.
Арттерапевт зерттейді: 
•  Эмоционалды хал-жағдайды.
•  Физикалық денсаулықты.
•  Әлеуметке бейімделушілікті.
•  Оқыту 
процесіндегі 
танымдық 
мүмкіндіктерді.
•  Бірлесе 
жүзеге 
асыратын 
творчестволық қабілеттілікті.
Көптеген  зерттеушiлер  арттерапияның 
эффекттивті  әсеріне  абайлап  қарап,  өте 
жоғары баға берудiң қажетi жоқ  деп те санай-
ды. Маджеска барлық творчество түрлерiмен 
емдеуге  қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның пiкiрiнше 
ауру  адам  творчествомен  айналысамын  деп 
ол өз белсендiлiгiн жоғалтады. Куби да твор-
чество арқылы ауруларға емдiк көмек беруге 
қарсы пiкiр бiлдiредi. Оның айтуынша iрi та-

255
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
нымал суретшiлердiң ең айтулы туындылары 
өте ауыр жолмен дүниеге келедi екен. Соның 
әсерiнен суретшiнiң жүйке жүйесiне ауыр әсер 
етiп,  неврозға  әкелуi  мүмкiн.  Сондықтан  ол 
емдiк әсер бермейдi деп санайды. Федереннiң 
айтуы бойынша психоздарда арттерапия залал 
келтiредi. 
Мұнда  қарсы  көрсетiлетiн  жағдайлар 
клиенттердің  белгiлi  бiр  уақыт  бойы  жұмыс 
столында  отыра  алмауы,  клиенттердің 
өзгелерге  кедергi  көрсетуi.  Психотерапевтке 
ең  қиыны  клиенттің  әсер  етушi  объектiге  өз 
зейiнiн аудара алмауы, яғни, клиентте психо-
моторлы және қозуында маникальдылығының 
көрiнуi.  Қарсы  көрсетiлетiн  жағдайларға 
сананың бұзылысы мен клиенттің ұзақ уақыт 
бойына  өз-өзiне  кетiп  қалуында  көрiнетiн 
ауыр депрессиялық ренжулер де жатады.
Арттерапияның толық мәнiнде проективтi 
суреттер  арттерапияға  жатпайды,  өйткенi 
мұнда  эстетикалық  нәтижеге  қол  жеткiзу 
мақсатталмаған. 
Кратохвил  проективтi  арттерапияны 
клиенттердің  хал-ахуалын  толық  көрсетуге 
жеңiлдiк  көрсететiн  қосымша  әдіс  деп 
түсiндiредi.  Проективтi  арттерапияның  өтiлу 
барысында  қарым-қатынас,  сезiм  демонстра-
циялары  стимулдануы  қажет  және  клиент 
сол  сезiмдердi  түсiнiп,  оны  өзінің  басынан 
өткеруі  қажет.  Проективтi  суретте  психо-
терапевт  клиентке  проективтi  характердегi 
сюжеттi  ұсынады  және  содан  кейiн  суреттi 
талдап, интерпретация жүргiзедi. Арттерапия 
мен  проективті  суреттердің  бір-бірімен  бай-
ланысы  мен  өзгешеліктерінің  салыстырмалы 
көрсетілімін            1-кестеден көре аласыздар. 
Арттерапияны  жүргiзу  кең  көлемдi,  яғни 
ол  “Белгiлi  бiр  мөлшерде”  қолданылады. 
Оны  индивидтiң  жеке  жасырын  уайымда-
рына  байланысты  анықтап  алады.  өнер  мен 
шығармашылықтың  көп  жоспарлы  әсерi  , 
оны жасы әртүрлi диагностикалық өлшемдерi 
кең көлемдi клиенттерге қолдануға мүмкiндiк 
бередi.  Арттерапияға  дайындар  алдын-
да  клиенттің  клиникалық  көрiнiсi,  уайым-
қайғысы  мен  эмоциональдық  сферасына 
қоса,  оның  ауырып  отырған  кездегi  өнер  мен 
шығармашылыққа деген қызығушылығы және 
көзқарасына,  дайындығына,  ақыл-ойына,  со-
нымен қатар т.б. факторларға көңiл бөлу қажет. 
Арттерапияны  психомоторлы  қозу  мен 
агрессивтi  тенденцияларды  басу  жолын-
да  қолданады:  ол  адамды  алдандыру  функ-
циясымен 
босболмаушылық; 
контактiге 
түсудi  жеңiлдету  мен  жасырын  уайымдарын 
шығару;  босаңсуға  көмектеседі.  Босаңсу 
творчестволық  белсендiлiк  кезiнде  әртүрлi 
қысымдарды төмендетуге жүмсалған энерги-
яны шығарғаннан кейiн көрiнедi. 
Арттерапия мен проективті суреттердің са-
лыстырмалы ерекшеліктері.  Кесте 1
Салыстыру     критерийлері
Проективті суреттер
Арттерапия
Мақсаты
Диагностикалық
Психотерапиялық
Коммуникативті
Диагностикалық
Диагностикалық құрал-
жабдықтары
Суреттер
Суреттен кейін қойылатын 
сұрақтар тізімі
Суреттер
Шығармашылық туындылары
Вербальды қатынас
Вербальды емес қатынас
Тапсырма тақырыбы
Шектеулі
Тапсырманың тақырыбы 
мен мазмұны өтілетін тестке 
сәйкес келуі
Еркін
Арттерапия логикасына 
қатысты анықталады
Психологиялық механизмдер Проекция
Проекция
Тасымал жасау
Нәтижені интерпритациялау
Стандартталған критерий-
лерге сәйкес сандық және 
сапалық өңделуі
Қатаң түрде интерпретация 
жүргізу міндеттелмейді
Маманның қатысуы
Тест өту барысында 
маманның қатыспауы 
жіберіле береді
Арттерапевттің қатысуы 
міндетті

_______________________________________________________________________
256
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015
Кейбiр 
авторлар 
арттерапияны 
профилактикалық 
қажеттiлiк 
ретiнде, 
яғни  өзiндiк  эмоциональды  дискомфорт-
ты  әңгiмелеу  үшiн  қолданады.  Клумбиес  
ұйқының  бұзылуында  еркiн  сурет  салумен 
айналысуға  кеңес  бередi,  ал  Порембески  – 
Грау краскамен сурет салу және  ойындарды  
психопрофилактикалық әдiс ретiнде қолданды. 
Мұндай ойындар стресстiк жағдайды азайтады 
және өзiндiк қабiлеттiктерiне күмәндануынан  
айырады, өзiнiң бағалы екенiн сезiндiредi.  
Арт-терапияны суицид жағдайында қалай 
қолданылады?
Суицид  -  -өзін-өзі  өлтіру.  Жастар 
арасындағы  суицид  мәселесін  зерттеген-
де  анықталғаны:  тұтастай  алғанда  көп 
жағдайларда  жасөспірімдер  ата-аналарының, 
мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне ауда-
ру мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім 
қабылдайтыны  және  осындай  келеңсіз  түрде 
үлкендердің 
селқостығы, 
парықсыздық, 
арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын 
білдіреді.  Педагогикалық  практикада  еңбек 
сіңірген М.Либман:
•  көркемсурет  материалдарын  игеруге 
болады;
•  топ  мүшелерін  толқытып,  күйзелтіп 
жүрген мәселе бойынша зерттеу жүргізу;
•  «мен» 
бейнесі, 
қарым-қатынас 
жүйесін зерттеуге байланысты;
•  жанұя  мүшелерімен  топ  мүшелері 
жұптасып жұмыс жасай алуы;
•  топ 
мүшелеріне 
арналған 
көркемсуреттік іс-әрекет;
Арт-терапиялық  жаттығулар  (күн  мен 
түн)  топ  арасындағы  үйлесімді  қарым-
қатынасқа,  әлеуметтік  алшақтауды  реттейді 
және жеке адамның топпен қарым-қатынасын 
реттейді. Басқа да көптеген көмек береді. Топ 
мүшелерінің бірігіп жақсы тақырып таңдауы 
маңызды  сәттердің  бірі  болып  табылады. 
Таңдап алынған тақырып егер топ мүшелерінің 
біреуіне  ұнамаған  жағдайда  қайта  талдауды 
қажет етеді. Талданып қайта түсініп алынған 
оған  қоса  топ  мүшелері  келіссе,ол  тақырып 
сол  күйінше,ұнамаса  қайта  басқа  тақырып 
алу  керек.  Дж.Вассуллусомның  «топтық 
бейнелердің  синалактикалық  әдісінің»    бір 
ерекшелігі катысушылар үйлерінен әрқайсысы 
бір сурет салып алып келеді. Барлығы бірігіп 
дауыс беріп бір суретті таңдайды. Содан соң 
сол  суреттін  авторы  өзінде  қандай  ассоци-
яцилар  бірлескенін  айтады,  сол  сурет  жа-
сау  кезіндегі  сезімдері  туралы  айтады,  топ 
мүшелері  сол  суретке  қарағанда  өздерінде 
пайда болған сезімдері туралы пікірлерін, ой-
ларын ортаға салады. 
Жоғарыда айтып кеткендей арт-терапияны 
жүргізу барысында  суреттiң берер көмегi өте 
зор.  Суреттiң  алдына  қойған  мақсаты  –жеке 
тұлғаға өзiн тани бiлуiне көмектесу және бұл 
өмiрде өзiнiң бiр жеке тiршiлiк иесi екендiгiне 
көзiн жеткiзу. Суреттердi әртүрлi мақсаттарда 
және  әртүрлi  әдiстерде,  сонымен  қатар  әр 
жағдайдағы      психотерапиялық  коррекция-
лауда қолданады. Суреттiң өзiндiк актi –жеке 
тұлғаның анық көрiнiсi, ол адамның қорқыныш 
сезiмдерiн, конфликтiлi жағдайларын, арман – 
тiлектерiн  санасыз бейнелейтiн алғашқы бас-
тама болып табылады.[6].
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Карвасарский Б.Д. Психотерапия. Питер, 2001
2. Карвасарский Б.Д. Психотерапевтическая энци-
клопедия – Питер, 2000.
3.  Копытин  А.  И.  Основы  арт-терапии.  –  СПб.: 
Лань, 1999
4. Кузовкин В.В. Теоретико-методологические про-
блемы личностного роста студентов.// Инновации в об-
разовании 2001, № 1 С.103-121
5.  Практикум  по  арт-терапии/  Под  ред. 
А.И.Копытина. – СПб: Питер,2000. – 448 с. 
6.  Рудестам  Н.  Групповая  психотерапия.  Психо-
коррекционные группы: теория и практика. – М.: Про-
гресс,1990
7.  Малкина  Пых  И.Г.  Справочник  практичекого 
психолога. М.,2005 8.Колесникова Г.И. Основы психоло-
гического  консультирование  длы  студентов  вузов/  Р-на 
Д: Феникс, 2005

257
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №4 (31). 2015

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет