Редакциялық коллегиясы



жүктеу 6.69 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата16.02.2017
өлшемі6.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

күмбезде ғана және кейбір бөлмелерде түндік-әйнек бар, содан ішке таза ауа мен жарық 

түсіп тұрады, от жағылған кезде түтіні сыртқа шығады. 

Ғимараттың ішінде құдық пен зындан (жерасты түрмесі) бар. 

...Ал енді 1859 жылға қайта оралайық. Сонымен, керуен қырғыз руы шеріктің әскерлері 

шабуылдай ма деген үреймен Нарын өзенінің аңғарына қарай тартылған жолмен жүріп 

келе жатты. Жиһангерлер Күртік бекінісі орналасқан Нарын өзенінің оң жақ бекінісі-

не келіп жетті. Бұл елдімекенде саудагерлердің тауарларын тексеріп, алым-салық алады. 

Керуен Нарын бойындағы ұзын жол арқылы қырғыздың сарыбағыс руының Түрегелді 

деген – осы жердегі кеденшінің ауылына тұяқ іліктірді. Кенет бұл жерде Шоқан өлімдей 

үрейлі қауіппен ұшырасты. Қырғыздардың біреуі Шоқанды нұсқап, оның орыс офицері 

екенін және бұрын Верный қаласында көргенін айтты. 

Рудың ақсақалы Шоқанға доңайбат көрсеткендей сөйлеп, оны қоқан билігіне патша-

ның тыңшысы ретінде ұстап беретінін, ал олар өз кезегінде оның басын алатынын айтты. 

Бірақ, Шоқанның бақытына орай мұнда орыс билігі жіберген казак отрядттары келе қал-

ды. Орыс билігі экспедицияның маңыздылығын түсініп әскер жіберген болатын. Бойын 

үрей билеген Төрегелді керуенді босатып жіберіп, Шоқан мен Мұсабайға бір-бір ат сый-

лады. 


12 сәуір күні зерттеуші сауда керуенімен Верный бекінісіне жетті. Экспедиция жалпы 

тоғыз ай он төрт күнге жалғасты. Бұл саяхатшы, зерттеуші Шоқан Уәлихановтың ерен 

ерлігі болды. 

Шоқан Уәлихановтың миссиясы үлкен сәттілікпен орындалды, бірақ денсаулығына 

ауыр залалын тигізді. Ол Омбыға емделуге келеді де, сонымен бірге Қашқар сапары ту-

ралы жазбаларын дайындауға отырады. 

Шоқан Уәлиханов экспедициясының негізгі нәтижесі оның «Алтышаһардың жағдайы 

туралы...» атты бірегей зерттеушілік еңбегі болды. Бұл Қашқарға арналған бірінші ғылы-

ми туынды еді. 

1860 жылдың қаңтар айында ғалым Петербургке келіп, Александр ІІ императордың 

құрметті қабылдауында болады. Әулие Владимирдің 4-дәрежелі орденімен марапаттала-

ды, штаб-ротмистрлікке алынады. Қомақты ақшалай сыйлыққа ие болып, Ресей Сыртқы 

істер министрлігі Азия департаментіне қызметке тағайындалады.  

Оның «Алтышаһардың жағдайы туралы...» есебі қысқаша орыс тілінде, сондай кей-

ін көп ұзамай ағылшын, неміс, француз тілдерінде жарық көреді. Сапарнама жазбасы-

ның толық нұсқасы құпия ұсталып, тек 1904 жылы жарияланады. Бұл кітаптың басылып 

шығуы Шоқанды өз уақытының ең танымал қазақтарының бірі және шығыстанушысына 

айналдырады. Шоқан Уәлиханов өмірінің соңына дейін Қашқарға оралуды, сол қалада 



24

24

Ресей консулы болып жұмыс жасауды армандайды, бірақ тағдыр оған жазбады...Қайтыс 



боларының алдында, 1864-1865 жылы ол Қашқардағы және Іле аймағындағы жаңа кө-

терілістерді мұқият қадағалайды, бұл туралы оның генерал Г.А.Колпоковскийге жазған 

хаты дәлел бола алады. 

...Осылайша, Ш.Уәлихановтың Қашқарға жасаған ғылыми экспедициясының ұйымда-

стырылғанына да 156 жыл өтті. Осы жылдар аралығында көп нәрсе өзгерді, бірақ тамаша 

ғалым және саяхаттанушының еңбектері маңызы мен өзектілігін жоғалтқан емес. Ол ең-

бектерге Орталық Азия мемлекеттерінің тарихы мен заманауи жағдайы қызықтыратын 

зерттеушілер әлі талай оралары сөзсіз. 

Біз болсақ, оқырман қауым назарына 2014 жылдың шілде-тамыз айларында ұлы жер-

лесіміз Ш.Уәлихановтың керуен жолымен жүрілген және Қазақстанның ұлттық геогра-

фиялық қоғамы ұйымдастырған саяхатымыз кезінде Шығыс Түркістан экпедициясынан 

жазылған шығармашылық және деректі есебімізді ұсынамыз.  



25

Б¦лім


 

Шоўан УЇлихановты¤ 

керуен жолымен

II.


26

¬рімші


Бұл қалаға біздің келуіміз екінші рет. Келген сайын әрдайым қаланың тыныс-тіршілі-

гін аса жоғары қызығушылықпен тамашалайымыз. 2012 жылдың маусым айында біз қа-

ланың жалпы көрінісін автобус терезесінен бақылаған болсақ, осы жолы ұшақ әйнегінен 

зер салдық. 

Бізді  қала  алып  жатқан  1,6  квадрат  шақырым  аумағының  үлкендігі  таңқалдырады. 

Үрімшіні үш жағынан Шығыс Тянь-Шань таулары қоршап жатыр. Шығысында заңғар 

тау  Боғданың  қарлы  шыңдары  жарқырайды.  Оның  биіктігі  5400  метрге  дейін  жетеді. 

Ұшақ Үрімші әуежайына келіп қонды.  Бұл заманауи әуежай Азиядағы ең бір ірі әуежай 

болып саналады, бұл жерден ұшақтар Еуропаға, Азия және Қытайдың ішкі рейстеріне 

қатынайды.       

Біз, Қазақстаннан барған он адам – ғалымдар, педагогтар, журналистер, бұл аймаққа 

ұлы қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен керуен экспедициясының жолымен 

саяхаттау үшін табан тіредік. Біздің алдымызда екі мақсат тұрды: қазақ зерттеушісінің 

бағдарын  қайталап  өту;  орталық-азиялық  аймаққа  (Қазақстан,  Орталық  Азия,  ШУАР, 

ҚХР) әлем туристерінің назарын аударту. 

Ал енді өз жолымызда біз ШУАР ҚХР-дың әкімшілік орталығы Үрімшіге тоқтадық. 

Сапарымыздың алғашқы күні біз ШУАР ҚХР-дің туризм істері бойынша Министрлігін-

де қабылдауда болдық, онда дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Біз көне қалалардың, ай-

мақтың табиғи ескерткіштері бойынша қызықты турларды біріктіретін өзіміздің туристік 

бағдарымыздың жоспары «Орталық Азияның алтын сақинасы» туралы әңгімелеп бердік. 

Министерліктің  департамент  директоры  Суй  Сяо  Чуан  біздің  жобамызды  қолдап 

«Егер де «Орталық Азияның алтын сақинасы» құрылса, бұл Еуропа, Азия, Америкадан 

келетін туристер легінінің артуына алып келеді. Бұл бағдарларыңыз теңдесі жоқ біре-

гей және қызықты болмақ» деп атап өтті. Біз үлкен қала Үрімшімен таныстық. Ерекше 

есте қалғаны Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық ауданының Сайбаға ауданында орналасқан 

мұражайға баруымыз. Біз музейді ұзақ аралап, біздің дәуірімізден ІІІ мың жыл бұрын 

болған экспонаттар жанына, тарихи ескерткіштерге тоқтап тамашаладық. Адамдар 1,5 

мың жыл бұрын қоректенген тағамның құрғақ күйінде сақталған түрін көрдік. Ұлы Жі-

бек жолына және жібектің тарихына арналған стендттердің жанында аялдап, қызыға қа-

радық. Ал бізді ең ерекше қайран қалдырғаны Такла-Макан шөліндегі қазба жұмыстары 

кезінде табылған мумиялар болды. 

Үрімшіде бізді Адай есімді профессор қарсы алып, экспедициямыздың ілгері жүруін 

ұйымдастыруға көмектесті. Ол ШУАР-да туып өскен қазақ, білімді өзінің туған қаласын-

да және Пекинде алған. Ана тілінде ғана емес, сонымен бірге ұйғыр және қытай тілдерін-

де еркін сөйлейді. Профессор – географияның білікті маманы, туған өлкесіндегі туристік 

жол бағдарларын құрушылардың бірі. Біз ол кісімен бірден тіл табысып кеттік. Қашқарға 

экспедиция барысында бізді жас әріптесіміз және Адайдың жерлесі Нұрбек алып жүрді. 

Нұрбек ШУАР-дағы турларды ұйымдастыруымен айналысатын туристік фирмада жұмыс 



27

істейді. Оның жасы отызда, бірақ ол өз жасынан әлдеқайда жас көрінеді, бейне бір әлі 

бала сияқты. Бұл қарапайым жас азамат бес тілді жетік меңгерген: қазақ, ұйғыр, қытай, 

ағылшын және орыс тілдері. Туған өлкесін де жақсы біледі. Саяхатымыздың барысында 

біз оған өзіміздің туған ұлымыздай етене болдық. Әсем өлкені біздің сапарымызды ұй-

ымдастырған туристік фирманың шағын автобусымен араладық. Автобуста кондицио-

нер, тоңазытқыш болғандықтан экспедицияға жасалған жағдай жаман болған жоқ.  

27


28

°лы Т±рпан

Бұл  ұлы  және  өкінішке  орай,  бізде,  Қазақстанда  белгісіздеу  қала  туралы  бұрын  да 

естіген емеспіз. 2012 жылы бізге Тұрпанда болу, кейінірек ол туралы жазудың сәті түсті. 

Мектепте  Афины,  Спартак,  Рим,  Александрия,  Мемфис  немесе  Константинопольді 

зерттейтініміз, бірақ өзімізбен қатар тұрған Тұрпан туралы ештеңе дерлік білмейтініміз 

таңданарлық. Ұлы Жібек жолында маңызды рөл атқарған бұл қала туралы тарихи әдеби-

ет бұдан төрт мың жыл бұрынғы уақытты еске салады. Тұрпанда көптеген тарихи және 

сәулет өнерінің ескерткіштері сақталған. «Тұрпантану» ғылымы бар, ол осы өлкенің та-

рихын, әдебиеті мен мәдениетін зерделейді.

Жар елді мекенінде өте жақсы сақталған кәріздер бар, қазір бұл жерде мұражай орна-

ласқан, онда олардың қалай салынғаны және қалай пайдаланылғаны көрнекті түрде көр-

сетілген. Бұдан екі мың жыл бұрын ежелгі тұрпандықтар кәріздердің арқасында тұрып, 

таңғаларлық  қала мен мемлекет құрды. Жерасты арналарының арқасында Тұрпан осы 

уақытқа дейін гүлденген өлке болып қалып отыр. Бірнеше мың жыл өтті, бірақ адамдар 

бұл  шөлді  жерлерді  суландыру  үшін  бұдан  жақсы  ештеңе    ойлап  тапқан  жоқ.  Мұнда 

ыстыққа шыдау қиын, өзендер жоқ, жауын мүлдем жоққа тән,  су мұндай жоғары темпе-

ратура мен күшті желдер кезінде әр сәтте буланып кетеді. Алайда ежелгі тұрпандықтар 

Тянь-Шань тауларында еритін қардың, мұздықтардың, бұлақтардың бар екендігін бай-

қады. Олар бұл суларды адамдардың игілігі үшін пайдалануды үйренді.  Тау етектерінде 

олар тік құдықтар, одан кейін  горизанталь  жерасты арналарын қаза бастады. Құдықтар-

28


29

дың суы жерасты арналарына келіп түсті, жер астынан ағып шығып, кейде шағын су 

айдындарын түзді.  Жерасты арнасының биіктігі – екі метрдей. Тұрпан шұратындағы 

кәріздердің жалпы ұзындығы бес мың километрге дейін жетеді.  Тік құдықтардың саны  

бірнеше ондыққа, кейде үш жүзге дейін жетті және де бұлардың бәрі жерасты арналары-

на біріктірілді. Су әрбір жүзім сабағына, ағашқа, егін далаларына келіп жетті, оны жер-

гілікті тұрғындар ішті. Бұл гүлденген өлкедегі көптеген жерлерден жерасты арналарына 

кіретін жерлерді көруге болады.  

Аңызақ ыстық, ауа температурасы 50-60 градусқа және одан жоғары көтерілген кездер 

болады. Бұл жерасты құрылыстары табиғи кондиционерлер болып табылады.

Біз  ежелгі  тұрпандық  инженер-

лердің  шеберлігіне  ғана  емес,  сон-

дай-ақ  халқының  еңбексүйгіштігіне 

де  қайран  қалдық.  Өйткені  бұл  ора-

сан,  зор  жұмыс  қолмен  жүргізіледі. 

Барлықтарыңыз кәдімгі құдықтан су 

толған шелектің  қалай тартып шыға-

рылатынын  көрген  боларсыздар? 

Ежелгі  құрылысшылар  кәріздер  жа-

саған кезде жерасты арнасынан топы-

рақты осылай тартып шығарды.  Олар 

кейде  үй  жануарларын  пайдаланды, 

бірақ топырақты қолмен сарқуға тура 

келді.  Ежелгі  тұрпандықтардың  ше-

29


30

берлігі мен еңбексүйгіштігі шөл далада 

суландыру  жүйесінің  кереметін  –  Тұр-

пан  шұратын  жасағанын  тағы  да  бір 

атап өткіміз келеді.

Қайран қалған біз жерасты құрылы-

сынан  шықтық  және  кәріздердің 

құрылысшыларына  арналған  ескерт-

кішті  көрдік:  шаршаған  ер  адам  де-

малуға  отырған,  ал  жанындағы  шал  

құдықтан  топырақ  салынған  шелекті 

арқанмен тартып тұр. 

Міне, 

осы 


құрылысшыларға 

тұрпандықтар 

өзінің 

гүлденуімен 



қарыздар Ұлы Тұрпан кәріздері сөз жоқ,  

дүние  кереметтерінің  бірі,  оны  бүкіл 

дүниежүзінде мойындайды, Қытайда оларды Ұлы Қытай қорғанымен салыстырады. 

Біз кәріздердің біреуіне кірдік және ол жерде мұздай сумен шөлімізді қандырдық.

Ескі Тұрпанның көшелерімен, жүзімдіктерімен жүріп өттік, көлеңкедегі отырғыштар-

да отырып, жасыл қала мен оның жарқын жүзді тұрғындарына сүйсіне қарап отырдық.

Тұрпан жазығы – бұл бүкіл дүниежүзінің археологтары үшін Клондайк. Олар бұл жер-

ден  екі  жүзден  астам  ежелгі  қалашықтарды,  қырық  мыңдай  тарихи-мәдени  аса  сирек 

кездесетін заттарды, ұйғыр жазуын қосқанда әртүрлі жазулар берілген әдебиет ескерт-

кіштерін, құжаттарын тапты. Нақ осы Ежелгі Тұр-

пан  өзіне  Ежелгі  Грекия,  Рим,  Персия,  Арабия, 

Үндістан  мен  Қытайлардың  мәдени  дәстүрлерін 

дарытты. Бұл өлкеде болып және Тұрпанды көрмеу 

– бұл түркі халықтарының, Орталық Азияның та-

рихында маңызды рөл атқарған бұл елді түсінбеуді, 

сезінбеуді білдіреді.

Әрине, бұл қаланы көруді Шоқан Уәлиханов  та 

армандаған, бірақ күрделі саяси жағдайға, Тұрпан-

ның алыстығына байланысты мұны іске асырудың 

сәті түспеген. Бірақ  қазақ ғалымы бұл жерде болған 

адамдардың сөздерінен жазылып алынған, қала ту-

ралы қызықты мәліметтер қалдырды. Шоқан Уәли-

ханов: «Тұрпан Эмин қожаның мұрагер бектерінің 

болған  жері.  Тұрпан  керемет  дәмі  бар  жүзімімен 

және  мақталық  қағаздың  мол  өсуімен  әйгілі»  деп 

жазды.


Тұрпанға  таяу жерде от шашқан әйгілі Ялқун-

таг (Жалқын тау) орналасқан. Таулар ойыста орна-

ласқан және жүздеген шақырымға созылып жатыр, 


31

31

ал олардың  биіктігі 400-500 метрден аспайды. Бұл таулар қызыл құмдауыттан қалыпта-



сқан және шыжыған күннің астында жанып жатқандай болып көрінеді. 

Ялқунтаг Ұлы Жібек жолында орналасқан және өткен заманда онда көптеген саяхат-

шылар, ғалымдар болды. Олар  бұл әдемі тауларды сипаттап жазды. Қазіргі кезде Ялқун-

таг өлкенің танымал туристік объектілерінің бірі. Мұнда көптеген мемлекеттерден қо-

нақтар келеді. Орта ғасырларда бұл жерде буддалық монастырьлар орналасты.

Ялқунтаг – дүниежүзіндегі ең аптап ыстық жерлердің бірі. Ауа температурасы 70 және 

одан жоғары градусқа дейін жетеді. Туристік объектінің орталығында орасан үлкен тер-

мометр орналасқан. Ол біз келген күні температураның 65 градус ыстық болғандығын 

көрсетіп тұрды. Тура түсетін шыжғыратын күн сәулелерімен тауық жұмыртқасын пісіру-

ге  болады.  Біз  осындай  әдіспен  шыны  сыйымдылықта  пісірілген  жұмыртқаның  дәмін 

татып көрдік. Ол дәмді және жақсы піскен екен: Жалын таулардан батысқа қарай әй-

гілі жүзім жазығы орналасқан. Әрине, біз жанынан өтіп кете алмадық. Жазықтың ұзын-

дығы 8 километр, батыс жағынан  оны биік тік жартастар, құздар қоршап тұр. Бұл жерде 

жүзімнің әртүрлі сұрыптарын өсіреді. Автомобиль тоқтады, біз одан шығып, жүзімдік-

тердің салқын көлеңкесіне келіп отырдық. Жүзім дәмін таттық, салқын су іштік те, әрі 

қарай жүріп кеттік.  



32

Ж

 



зім мерекесі

Бұл мерекені Тұрпан шұратының барлық тұрғындары асыға күтеді. Ол бұрын да же-

келеген елді мекендерде  ғана өткізілді. 1990 жылдан бастап мереке мемлекеттік мәнге 

ие болды, оған дүниежүзінің көптеген елдерінен қонақтар келеді. Әдетте, мереке жыл 

сайын 18-тамыздан 28-тамызға дейін өткізіледі. 

Бұл мерекенің тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Білгірлер оның бұдан 2 мың жыл 

бұрын, жүзім пісіп, оны жинау басталған кезде өткізілгенін растайды. Жүзім өсірушілер 

мерекеде тәжірибе алмасты. Әндер айтты, биледі, түйе жарысын, қауын конкурсын (өй-

ткені қауындар жүзіммен бір мезгілде піседі) ұйымдастырды, театрландырылған және 

цирктік  ойындар  көрсетті.  Осы  кезде  ауылшаруашылық  жылының  қорытындылары 

шығарылды.

Бұл Тұрпанның еңбексүйгіш егіншілернің басты мерекесі болды. Алда құрғақ күз бен 

суық қыс бар болатын. Адамдар бәрінен бұрын қуана білді, қазіргі кезде ескі дәстүрлер 

жаңғыртылып келеді.

¬


33

Тоўсын ўаласы

Бұл шұраттың нышаны Тұрпанмен бірге басқа бір ежелгі қала – Тоқсын болып табы-

лады. Әрине, Тұрпанды көре тұрып, Тоқсынның жанынан немқұрайдылықпен өтіп кете 

алмадық.

Бұл ең ескі қалалардың бірі. Ежелгі заманда бұл жерде Шань мемлекеті мен Гаочан 

патшалығы құрылды. Олар аймақтың державалары болып табылады және бүкіл аймақта 

орасан рөл атқарды. Бұл жерде ежелден қолөнер гүлденді, өндіріс дамыды. Осы уақытқа 

дейін қала тоқыма және тағамдық кәсіпорындарымен даңққа бөленген. Тоқсын ежелгі 

заманнан бастап ұлы Тұрпанның лайықты қарсыласы болды. Ол өзінің әйгілі көршісін 

еске  салады,  бірақ  ол  басқа  қала.  Мұнда  Тұр-

пандағы сияқты, жазда өте ыстық болады. Кө-

шеде  жүзімдіктер  сақталған,  бірақ  Тоқсында 

суармалы  егіншілік  дамыған:  тоқсындықтар 

аттас  өзеннің  күш-қуат  беретін  суының  әрбір 

тамшысын ұқыпты пайдаланады.  Нәтижесінде 

шаруалар қатты сұрыпты үздік бидай өсіреді, ол 

дүниежүзіндегі  үздік  сұрыптардың  бірі  болып 

есептеледі. Егін далаларынан біз шексіз мақта 

плантацияларын да байқап қалдық.

33


34

Т±манды Баµрашк¦л

Әйгілі  тұманды  Бағрашкөл  туралы  естімеген  географтың,  саяхаттар  жасаудың  әу-

есқойының жоқ екендігі анық. Бұл  жерде болуды  ғасырлар бойы көптеген  еуропалық 

және қытай саяхатшылары армандады. Міне,  біздің экспедиция да даңқты көл Бағраш-

көлдің жағалауларына да келіп жетті. Көлге бірнеше шағын өзен келіп құяды, ал одан суы 

мол өзен Көншедәрия ағып шығады. Бағрашкөл Қарашахар қаласынан 24 шақырым және 

қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан. Бұл – Азиядағы аса ірі тұщы көл. Жергілікті 

тұрғындар – ұйғырлар оны Ұлы Көл және Қашғарияның маржаны деп атайды. Ол ба-

лығының молдығымен даңққа бөленген. Мұнда жайын, сазан, тұқы, алабұға өседі. Көл-

дің жағалаулары аласа, құмды. Су айнасының ауданы 1000 шаршы километрден астам, 

ұзындығы 55 км, ені 25 км. Біз көлге жақындап келіп, оның әдемілігіне сүйсіндік. Орасан 

үлкен Бағрашкөлдің айналасындағы кейбір жерлерде қамыс пен бұталардан тұратын ну 

ормандар өседі. Көлдің жаны ыстық емес, жағымды салқындық сезіледі. Бағрашкөлдің 

үстінде жеңіл  тұман жатыр, көкжиекте бұлтты аспан мөлдір сумен ұштасып жатыр. Көл 

аспанның жалғасы сияқты болып көрінеді. Көлден, жағалаудан алыс емес жерден гүлде-

ген лотосты көруге болады. Аймақта шағын желкенді қайықтар, катерлер тұр, олармен 

34


35

Бағрашкөлде серуен құруға бо-

лады.

Судың  жағасында  қамыс 



өсіп, тал өзінің жасыл бұтақта-

рын  суға  мұңая  иіп  тұр...  Су 

суық,  жасылдау-көгілдір  түсті 

болды.  Көлдің  үстінде  толып 

жатқан  ақ  және  өзен  шағала-

лары,  жағалау  қарлығаштары 

ұшып  жүрді,  шақшақайды,  ақ, 

сұр  қазды,  үлкен  суқұзғынды, 

аққуды,  қыстау  қарлығашын,  

торғайын,  үлкен  ақ  және  сұр  

құтанды,  ақ  қанатты  үйректі, 

қара басты қарқылдақты көруге 

болады.

35


36

Ўарашахар

Біз Бағрашкөл тұманды көлінен 25 километр жерде Токла-Макан аптап шөліне жақын, 

Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында орналасқан бұл таңданарлық қала туралы 

көп естідік. 

Барлық жағынан биік таулармен қоршалған Қарашахар шұраты (120 шаршы км) жұм-

сақ қысымен, салыстырмалы түрде салқын жазымен және құнарлы жерлерімен ерекшел-

кенеді (Қарашахар шұратының табиғаты, климаты біз 2013 жылы күзде болған Ферғана 

жазығын еске салды).

Қарашхар буддизм орталықтарының бірі болды және Орталық Азияда орта ғасырлар-

да орасан рөл атқарды. Ежелгі заманда бұл жерде қуатты держава болған, ол VII ғасыр-

дағы қытай жылнамасы «Сюаныцзяньнің өмірбаянында» еске алынады. Мемлекетте мал 

шаруашылығы дамыды, асыл тұқымды жылқылар, түйелер өсірілді, егіншілікке үлкен  

көңіл бөлінді. Шаруалар бидай, күріш, тары, бұршақ тұқымдастарды өсірді, жүзімдіктер, 

жеміс бақтары мол болды. Өндіріс гүлденді, жібек және мақталық маталар дайындалды. 

Мемлекет алтын, күміс және қола шақалар шығарды. Ежелгі Қарашахар Қашғар, Құшар-

дан Тұрпан мен Қытайға өтетін стратегиялық маңызды жолды бақылауында ұстады. 

...Автомобиль Қарашахар қаласына келіп кірді. Қала шағын. Жергілікті тұрғындардың 

айтуынша, қала халқы 200 мыңдай адамды құрайды. Көптеген басқа да ежелгі қалалар 


37

37

сияқты, Қарашахар – бұл алуантүрлілік қаласы (бұл сөзді үлгіге түсуден қорықпастан 



пайдаланамыз). Қаланың шет жақтарынан біз оларға бірнеше жүз жыл болған, дәстүрлі 

саз балшықтан соғылған, жайдақ шатырлы ұйғыр үйлерін көрдік. Орталықта заманауи 

биік ғимараттар пайда болады. Қалада өлкедегі ең әйгілі және ең ескі мешіттердің  бірі 

орналасқандығын оқыдық және естідік. Жергілікті тұрғындардан мешіт туралы, оны қа-

лай табуға болатындығын сұрастыра бастадық. Бақытымызға орай,  бірінші кездескен 

қарашахарлық бізге оған қалай жетуді айтып, жөн сілтеді. 



38

Шығыста мешіттердің табыну, мұсылмандық Құдайға қызмет ету орындары ғана емес, 

сондай-ақ білім берудің орталықтары да болғандығы белгілі.  Өткен заманда әрбір мешіт-

тің жанында медресе болды, бұл жерде қасиетті  құранды, шариғатты, ислам негіздері 

ғана емес, зайырлық пәндер де зерделенді. Кейбір медреселер орта ғана емес, сондай-ақ  

жоғары білім де берді. Махмұт Қашғари, Жүсіп Баласағұни, әл-Фараби, әл-Бируниден 

бастап Тажали, Біләл  Назымға дейінгі барлық ұлы ақындар, ғалымдар осындай медре-

селердің түлектері болды.

Автомобиль Қарашахардың  Қашғар махалла деп аталатын ескі орамдарының біріне 

келіп кірді. Шын мәнінде бұл орам ежелгі Қашғарды еске салады: жайдақ шатырлы үй-

лер, қисық және тар көшелер. Осындай көшелердің бірінен біз үстелді айнала әңгімеле-

сіп отырған ер адамдар тобын байқадық. Біз оларға жақындап келіп, жылы сәлем бердік.

Оларға:

–  Біз  Қазақстан  ғалымдарының  тобынанбыз,  осы  таңқаларлық  өлкеге  саяхат  жасап 



жүрміз. Бізге бәрі де қызғылықты.Өздеріңіздің  кім екендіктеріңізді айтыңыздаршы? Сіз-

дердің ата-бабаларыңыз қай жерден болады? – дедік.

– Біздің арғы ата-бабамыз Қашғардан болады. Олар туған қаласын XVIII ғасырдың 

екінші жартысында тастап кеткен және осында келіп қоныстанған, сондықтан қаланың 

бұл ауданы Қашғар махалла деп аталады, – деді.

Біздің біреуіміз:



39

– Біз фотосуретін бірнеше рет көрген, қаладағы ең ескі мешітті көргіміз келеді, – дедік.

– Мешіт жанымызда тұр, ал мен онда имам болып қызмет етемін, – деп жауып берді.

Қырық бес жас шамасындағы, орта бойлы, кішкене сақалды, ақ жейде киген, ақылды, 

мейірімді және жайдары көзді ер адам. Басына ашық түсті төбетей киген екен. Бұл адам-

нан қандай да бір балалық белгілер байқалғандай болды. – Менің атым – Әзім-дамула, ал 

мына кісі – мешіттің азаншысы Махмұт-қари.

Біз ақ сақалды, жастау көрінетін шалды көрдік, ол бізге күліп қарап тұр екен.

–  Оған  сіздерді  біздің  мешітпен  таныстыру  ұнамды  болады  деп  ойлаймын,  –  деді 

Әзім-дамулла.


Каталог: sites -> kazgeography.org -> files -> attachments
sites -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
sites -> А. Т. Селкебаева
sites -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
sites -> Методическое пособие. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. 56 с
attachments -> Бекітемін Басқарушы кеңестің төрағасы Қ.Ә. Байғарин


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет