Редакциялық коллегиясы



жүктеу 6.69 Mb.
Pdf просмотр
бет4/7
Дата16.02.2017
өлшемі6.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Азаншы бізді мешітке бастап алып жүрді. Бұл табынушылық ғимараты ұлттық стиль-

де салынған және қашғарлық мешіттерді еске салады.

Махмұт қари бізді мешітке кіргізді. Ол шын мәнінде тазалық пен тәртібімен жарқырап 

тұр екен, ерекше, құрметті орын болды. Өйткені бұл жерде қашғарлықтардың көптеген 

ұрпақтары  Құдайдан халық үшін бейбітшілік пен гүлденуді тілеген еді.

Біз мешіттен шығып, қайтадан қалалықтарға келдік. Жылы жүзді әңгімелесу бастал-

ды.  Олар  бізді  қоршап  тұрып,  Қазақстандағы  өмір,  біздің  экспедицияның  мақсаттары 

мен  міндеттері  туралы  сұрақтар  қойды. 

Біз  бұл сұрақтарға шын  пейілмен  жауап 

бердік. Бұл ер адамдар бізге ашық және 

адал жүректі адамдар болып көрінді. Біз 

мешітке келушілермен жылы жүзбен қо-

штастық.

Түскі  ас  ішетін  кез  де  келді.  Саяхат 

кезінде  біз  тек  мұсылмандық  дәмхана-

лардан  тамақтандық:  алуан  түрлілікке 

бай  дәстүрлі  қытай  асүйі  мұсылмандар 

мен  еуропалықтар  тұтынбайтын,  толып 

жатқан  азық-түліктерді  қолданады.  Біз 

Қазақстанға  тіпті  бүкіл  дүние  жүзіндегі  

көптеген  қытай    мейрамханаларындағы 

тамақтың  өзіндік  ерекшелігі  бар  қытай 

асүйіне қандай да бір бейімделуді талап 

ететіндігін түсіндік. 



40

Торवы тоµайы 

Біз Такла-Макан шөлі арқылы салынған даңғыл жолмен жүріп келеміз. Бізге тораңғы 

көрсету ұсынылды. Біз, әрине, бұл ағаш туралы бұрынырақта да естігенбіз. Оны өзіміздің 

Қазақстанда  да  көргенбіз.  Бұрын    жұмбақ  көлдің  сулары  толқыған  жерде,  Лобнор 

ауылында және Тарым өзенінің  жағасында  тораңғы (евфрат терегі) көрдік. Балықшы-

лар тораңғыдан өздеріне бала кездегі Фенимор Купер мен Майн Ридтің біз үшін сүйікті 

кітаптарынан жақсы таныс, америкалық үндістердің қайығына ұқсас қайықтар жасады.

Автомобиль жүріп келеді, ал біз шөл даланы қарап келеміз. Жолдың екі жағында да 

көрініп  жатқан  сорларды  байқадық.  Құм  шағылдарының    тасасынан  қураған  ағаштар 

пайда бола бастады, одан кейін жалғыз өскен жасыл ағаштар көріне бастады, ал одан 

кейін, күтпеген жерден  сағым тәрізді тоғай пайда болды... Мұның сағым емес, нақты 

шынайы тоғай екендігіне сену қиын болды. Бірақ та бұл шын мәніндегі тоғай, тораңғы 

тоғайы еді. Бұл жұмбақ ағаш  қатал табиғи ортада, жазда аса қауіпті аптап ыстық, ал қы-

ста үскірік аяз болатын шөлдегі ойпаңдарда өседі.

Тораңғы – ғаламшардағы ең көне ағаштардың бірі, реликтілі ағаш. Оған 135  миллион-

нан астам жыл болды. Мамандар оны тасқа айналған тірі өсімдік деп атайды.

Такла-Макан шөлінде өсетін тораңғы – бұл ағаштың ерекше түрі. Такла-Макан  то-

раңғысы мың жылға дейін өмір сүреді, ал одан кейін құлаған соң, шірімейді, құмда тағы 

да мың жылға дейін жата береді! Сондай-ақ ең таңқаларлығы: құм басып қалған, құлаған 

тораңғыдан кейіннен ағашқа айналатын жасыл өскіндердің пайда болуы мүмкін. Бұл әри-

не, табиғат жасаған кереметтердің біреуі. Жергілікті тұрғындардың өмірін тораңғысыз 

көз алдына келтіру қиын. Ұйғырлар төзімділігі мен өмірге деген құштарлығы үшін бұл 

ағашты «батыр» деп атайды және өлкедегі ең әдемі ағаш деп есептейді. Бұл орасан үл-

кен елдегі адамдардың өмірін жақынырақ біле отырып, біз Қашғарияның нышаны жүзім 

ғана емес, сондай-ақ тораңғы екендігін де түсіндік. Өйткені байырғы тұрғындар ежелгі 

заманнан бастап ғана емес, сондай-ақ шөлді және шөлейт жерлерде, Лобнор көлінің не-

месе көшпелі өзен Тарымның жағасында өмір сүрді, бұл жердегі жергілікті халықтың 

өмірін аталған бірегей ағашсыз елестету мүмкін емес. Тіпті жуырдағы уақытқа дейін үй 

тұрмысына керекті заттардың көпшілігін адамдар тораңғыдан жасады. Бұл ыдыс-аяқ, қа-

сықтар, сандықтар, арбалар, ал исламды қабылдағанға дейін – табыттар... Өлкедегі ескі 

мазарлар мен мешіттердің әйгілі бағандары да негізінен тораңғыдан жасалды.

Әрине,  бұл ағашсыз ел тұрғындарының аман қалуы қиын болатын еді. 

Біз  автомобильден шығып,  тоғайға  кірдік. Бұл  таңданарлық тоғай  еді, аяғымыздың 

астында топырақ емес, құм болды. Алайда ағаштарда құстар әндетіп жатты. Ағаштарға 

жақын  келдік,  олардың  формалары  әртүрлі  екен.  Міне,  мынау  аспанға  ұмтылған  биік 

төраңғы, ал жанында аласа, бірақ бірнеше ондаған метрге жайыла созылған кең бұта-жа-

пырақтары бар. Бұл ағаш бұтақтарының бір бөлігі қураған және сынған екен. Бірнеше 

ғасыр бұрын болған тәрізді. Ал басқа бөлігі ашық жасыл түсті жапырақтарымен жайнап 

тұр. Қолымызға шағын бұтақшаны алдық және таңғалдық. Өмірімізде бірінші  рет  жа-



41

41

пырақтарының мөлшері мен формасы әртүрлі болатын ағашты кездестірдік. 



Жұмбақ ағаштан ескерткіш үшін бірнеше жапырақ алдық. Ежелгі тоғайды 

жағымды иіс жайылған – оның тораңғыдан шығып тұрғаны анық. Осындай 

таңғаларлық тоғайда тағы да болғымыз келді. Орман мен шөл – бұлар ан-

типодтар. Бірақ Такла-Маканда олар бейбіт қатар өмір сүріп жатыр. Күт-

пеген жерде аяғымыздың астынан кірпіні көрдік, «ескі таныспен» кезде-

скенімізге қуанып қалдық. Бірақ бұл жерде оның ерекше түрі өмір сүреді 

екен. Міне, құм қояны да жүгіріп өтті...

Біздің жолымыз болды: біздің экспедция мүшелерінің бірі биология 

ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті Жасқайыр 

Қарақойшен болатын. Ол құстар мен жануарлардың түрлері мен түрше-

лерін жақсы ажырата біледі, құстардың кез келген өкілін, сондай-ақ кез 

келген  өсімдікті  бірден  атай  алады.  Төраңғы  тоғайын  тастап  шыққан 

автомобиль шөлге келіп тоқтады. Біз аяқкиімді шешіп, ұлы шөлде ұзақ 

уақыт қыдырыстадық, аяқтарымыз жылылық пен жайлылықты сезінді. 

Біз Такла-Макан шөлін ұнатып қалдық. Ол бізге жұмбақ, бірақ қа-

терлі  емес  болып  көрінді.  Шөлден  тораңғыдан  басқа,  сексеуіл  мен 

жыңғыл бұталарын кездестірдік. Жаңғыл – бұл көлемді бұта, тө-

бешіктер түзе отырып, құмды тоқтатады. Кейде оның биіктігі он 

метрге  дейін  жетеді.  Төбешіктер  әдетке  шахматтық  ретпен 

орналасып, өтуі қиын учаскелер түзеді. 

Бұл  бұта  өсетін  жерде  шағыл  құмдар  көшпейді. 

Ал көлдер болса, көшеді екен...



42

К¦шпелі Лобнор

Жұмбақ көл Лобнор туралы естімеген саяхат жасауға әуесқойды табу қиын шығар. Ба-

лалық шағымызда Лобнор туралы біз де естігенбіз, ол туралы бізге әкелеріміз айтқан бо-

латын. Кейінірек Лобнор туралы қолымызға түскен әртүрлі газеттер мен журналдардың 

беттеріндегі  шағын  мақалаларды,  хабарламаларды,  жазбаларды  оқыдық.  Бірде  біздің 

қолымызға белгілі жазушы, зерттеуші Владимир Мезенцевтің «Когда появляются при-

зраки» («Елестер пайда болған кезде») кітабы түсті. Онда жұмбақ көлге арналған бет-

тер бар. Орыс жазушысы мынаны атап өтеді: «Лобнорды Тарым өзені мен оның саласы 

Көншедәрия қоректендіреді. Жазда, тауларда қар еріген кезде суы мол Тарым өз жолын-

дағы төлдің құмдауыт топырағын оңай шайып жетеді. Ондаған тарамдарға бөлінеді. Су-

дың негізі бөлігінің қайда кететіндігін айту қиын – оның жолы жиі ауысады. Өзен өзінің 

ескі жолдарынан басқа жаққа кетеді және Лобнорды сумен жабдықтауды тоқтатады. Көл 

жоғалып кетеді. Бірақ Тарам өз «міндеттерін» ұмытпайды. Ол үлкен шөл қазанщұңқы-

рында жаңа қолайлы орын тауып алады және суы мол көлді қайтадан пайда қылады. 

«Қазіргі  кезде  Тарам  суы  Такла-Макан  шөлінде  жоғалып  кетеді.  Нәтижесінде  Лоб-

нор тартылады, бірақ адасқан көлдің толқындары шуылдаған және жағаға ұрған, Лоб-

норлық  балықшылар  тұрған,  олардың  ауылдары  болған  жерлер  сақталған.  Біздің  экс-

педиция  осындай  жерлерге  тап  болды.  Бұл  шөлдің  солтүстік  бөлігі.  Біз  келген  жерде 

лобнорлықтардың  ауылы  сақталған.  Ауданы  72  шаршы  киллометр  жерде  шөлді  аудан 

тұрғындарының  тұрмыс-салтын  сақтаған  Лобнорлықтар  тұрады.  Олар,  әрине,  қазіргі 

42


43

кезде балықшылар емес, мал өсірушілер. Біз ауылға кірдік, қамыстан жасалған өте үлкен 

жаппа, аса үлкен тандыр (өлкедегі ең үлкен дегенді айтты), бұл ауданның ежелгі тұрғын-

дары салған пиктография (сурет жазулар) бар үңгір және ең соңында лобнорлықтар пай-

даланған белгі беру мұнарасы қарсы алды. Бұл жерден біз шағын су қоймаларын, жұмбақ 

көл мен ұлы өзен Тарымның қалдығы – кішкене өзеншені көрдік. 

Бұл жерде ақ және өзен шағалалары, үй торғайлары, ұзақтар, өзен үйрегі, тоқылдақтар 

ұшып жүрді, үлкен ақ құтанды, құм қояндарын да көрдк.  Қасқырдың терісін де  көрдік 

(оның бұл жерде мекендейтіні анық). 

Біз  болған  қыстақ  тура-

лы  Шоқан  Уәлиханов  та 

естіген. Ол бұдан 156 жыл 

бұрын  былай  деп  жазған 

еді:  «Сулар,  бұлақтар  мен 

батпақтар  елінде,  Лобнор 

(жұлдызды  теңіз)  көлінің 

жаныда  Лобнор  ауылда-

ры  бар.  Бұл  ауылдардың 

тұрғындары  балық  аула-

умен  айналысады,  түркі 

тілінде сөйлеседі».


44

Ўорла


Міне, өлкенің аса ірі қалаларының тағы да  біреуі – Қорла. Онда бірнеше жүз мың 

адам тұрады. Бұл жердегі халықтан көп халық тек Үрімжіде ғана бар сияқты. Қорла ай-

мақтың ең ортасында орналасқан, бұған өлке басшылары бірнеше рет назар аударған еді. 

Қала суы  мол Көншедәрия өзеннің жағалауында орын тепкен, б.з.д. VI ғасырдың өзінде 

қала болған шағын тұраттың (57 шаршы км) орталығы болып табылады. Оның тұрғын-

дары бұрыннан егіншілікпен айналысты.  Қашғария «Қорла шөл мен тауларды асырай-

ды» деген өз айтылады. Шұрат аймақтағы өзендер мен көлдеріндегі мол балығымен де 

даңққа  бөленді.  Көптеген  ғасырлар  бойы  бұл  қала  Ұлы  Жібек  жолында  маңызды  рөл 

атқарды. Мұнда Қашғар, Құшарда Тұрпанға және Қытайға қарай өшетін түйелер керу-

ендері тоқтаған. Ежелгі заманнан бастап  Қорла тамаша алма бақтарымен белгілі болды, 

алайда оны өте дәмді алмұрттар ерекше даңққа бөледі. Қорланның алмұрттар қаласы деп 

аталатындығы кездейсоқ емес. 

Қорла қаласына кіргенімізде  ондағы жаңа үйлердің көптігіне таңғалдық. Олар бұл 

жерде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай өсіп келеді. Бұл қаладан біз мұндай бір үл-

гідегі жүздеген мыңдаған үйлерді көрдік. Бұл 33 қабатты үйлер, оларда негізінен ішкі 

Қытайдан қоныс аударушылар тұрады.

44


45

Чон мешіті

45

Қор-


лада  болған 

алқашқы 


күннен 

бастап біз Чон мешітті көру-

ге  асықтық.  Ол  қаланың  орталығын-

да,  біз  тоқтаған  қонақүйге  жақын  жерде  ор-

наласқан  екен.  Қонақ  үйден  шығып,  солға  бұрылдық, 

қаланың көп адамды көшелерімен бірнеше орамды артқа тастап, 

мешітке келіп жеттік. Халық оны құрметпен Чон (басты, үлкен) мешіт 

деп  атайды.  Міне,  мынау  соның  өзі!  Егер  Қашғардың  немесе  Тұрпанның  ескі 

мешіттерінің алдында алаңдары болса, Чон мешіті кәдімгі даңғылдардың бойында тұр. 

Біз ескі мешіттердің бір-біріне ұқсас екендігін баяғыда байқаған едік. Бізге Чон мешіт те 

бұрын болғандай болып көрінеді. Біз екі биік мұнарасы әсем асқақ мешітті көрдік. Мешіт 

есіктері ашыққоңыр түсті, ұлттық өрнектермен әшекейленген. Есікті ашып, ішке кірдік. 

Мешіт күтіп ұсталған, барлық жерден тазалық пен реттілік байқалады. Бізді жас еркек 

адам жылы шыраймен қарсы алып, ғимаратқа қарай жол бастады. Чон мешітте бірнеше 

зал бар, біз кіші залға келдік. Ағаш бағаналарды сүйсіне тамашаладық, олардың бәрі ақ, 

ашық жасыл және қоңыр түстерге боялған.  

           


46

Шыµысты¤ ±лы ўаласы - Ў±шар

Ежелгі  Шығыс  Құшар  қаласы  туралы  көпестер  мен  саяхатшылардан  естідік.  Қала 

ежелден егіншілік пен бақша шаруашылығы дамыған өте әдемі жерде орналасқан. Біз 

мұны шөлді жерлерден таңқаларлық және гүлдеген өлкеге келген кезде бірден байқадық. 

Егіндіктердегі бидай масақтаныпты,  тығыз қатарлармен өскен жүгері піскен сабақтары 

көрініп тұрды. Мақта плантациялары көз қуантты. 

Жолдардың екі жағында өскен толып жатқан бақшалар мен алып жүзімдіктер, терек-

тер, қайыңдар қатты әсер қалдырды. Бұл шұратта қалаға, егіндіктер мен бақшаларға өмір 

беретін кәусар судың мол екендігі түсінікті болып тұр. 

Әрине, табиғат та, климат та және Кұшардың бірегей орналасуы да оның әйгілі та-

рихында шешуші рөл атқарады. 

Ежелгі  заманның  өзінде  де  Құ-

шар  Орталық  Азиядағы  маңызды 

саяси  және  экономикалық  мегапо-

лиске  айналды.  Құшар  шұратын-

да  егіншілік  қана  емес,  сондай-ақ 

мал  шаруашылығы  гүлденді:  Тянь-

Шань  тауларының  етегінде  тамаша 

жайылымдар  болды,  адамдар  қой, 

жылқы, сиыр, түйе өсірді. Бұдан екі 

мың  жыл  бұрынның  өзінде-ақ  Құ-

шар  өз  көршілерін  асыл  тұқымды 

жылқыларымен,  көгершіндерімен, 

тауық,  құстарымен  таңқалдырды, 

олар дүниежүзінің көптеген елдері-

не шығарылды. 

Құшарға  қанша  жыл  болды?  Ға-

лымдар  бірнеше  мың  жыл  болған 

деп есептейді. Б.з.б.І ғасырдың өзін-

де Орталық Азияның аса ірі қаласы 

болып  табылған.  Өнерінің  бірегейі 

ескерткіштері  мен  биік  бекіністік 

дуалдары  бар,  халқы  көп  бұл  қала 

б.з.ІІ-ІІІ  ғасырларына  қарай  қуат-

ты Құшар мемлекетінің астанасына 

айналды. Ұлы Жібек жолының сол-

түстік тармағына орналасқан Құшар халықаралық саудада негізгі рөл атқарды. Бұл жерге 

Еуропадан, Персиядан, Орта Азия, Үндістан мен Қытайдан сауда керуендері келіп жат-

ты. Алайда, ең бастысы көптеген ғасырлар бойы будда діні орталықтарының бірі болып 



47

табылған Құшарда мұны дәлелдейтін көптеген шынайы фактілер бар. Қаланың өзінде 

бірнеше жүздеген храмдар болды. Сол бір алыс ғасырларда қалада өндіріс дамыды, құ-

шарлықтар мыс, темір, қорғасын, қалайы өндірді, әртүрлі қолөнер түрлері гүлденді. Бұл 

ұлы қала тарихта Құшар (Куча, Кучэ) ғана болып қалған жоқ, жекелеген кезеңдерде ол 

Құшан ретінде де белгілі болды: осы уақытқа дейін жергілікті құшарлықтар өздерін құ-

шандар, құсандар, құсандықтар деп атай-

ды. 


Бұл  ежелгі  қаланы  өздерінің  экспеди-

циялары  кезінде  Құшарда  болған  көп-

теген  шетелдік  ғалымдар  зерттеді.  Бұл 

жерде  орыс  ғалымдары  Д.А.Клеменц, 

М.М.Березовский,  Николай  мен  Юрий 

Рерих,  жапондық  Отани,  неміс  А.Грюн-

вердель,  ағылшын  А.Стейн,  француз 

Паль Пеллью болды. 

Шоқан  Уәлиханов  Құшар  туралы  «...

Оның тамаша өнімдері бөздер (маталар), 

айналадағы  таулардан  өндірілетін  мыс, 

селитра мен мүсәтір. Бұл тауларда үңгір-

лер көп және жазда олардан оттар көрініп 

тұрады. Бір үңгірде ойылып жасалған буд-

далық табынатын мүсіндер бар» деп жаз-

ды. Қазіргі кездегі Құшар – толып жатқан 

биік ғимараттары бар, кейбір жерлерінде 

ғана ескі орамдар сақталған орасан мега-

полис.   


48

Хан Ордасында

Біз  ежелгі  Құшармен  танысуды  құшарлық  билеушілердің  баяғы  замандардағы  са-

райы – Хан Ордадан бастау жөнінде шешім қабылдадық. Біз сарайға жақындап келдік. 

Өткен заманда Хан Орда бірнеше рет талқандалған. Бұл сарайды адамдар да, уақыт да 

аяған жоқ. Қазір бұл жерде мұражай бар. Сарай сәулет өнерінде шеберлер шығыс сәу-

лет өнеріндегі дәстүрлі формаларды пайдаланған. Орталық қасбеттен көртал бөлектеніп 

көрінеді. Сарайда қабылдауларға арналған үлкен және кіші зал, мешіт, хан кеңсесі, жазғы 

әңгімелесу орындары бар. Қазір бұл үй-жайлардың бәрі – мұражай. Хан Орданың аумағы 

85 гектарды құрайды. Біздің назарымызды өзіне онда Құшар билеушілері ғасырлар бойы 

намаз оқыған кішкентай мешіт аударды. 

Мұражай жәдігерлері бұл бірегей шұраттың тарихы туралы сыр шертеді. Біз ескі қыш 

бұйымдарды, музыкалық сазды аспаптарды, тоқыма белдіктерін, Құшар хандары көлік 

еткен күймені, мыңжылдық кетпенді (шаруалар еңбегінің негізгі құралын), ежелгі жа-

уынгерлердің темір дулығасын, оның садағы мен жебелерін мұқият қарап, көріп шықтық. 

Археологиялық қазындылардың жанында бөгелдік. Бұлар – жасы төрт мың жыл дерлік, 

ежелгі құшарлықтардың сүйектері болатын. Біз құшарлық жас әйелдің сүйегін көрдік, 

оның бойы 1 метр 85 сантиметрді құрайды. 

Бет-әлпетінде азиялық белгілер бар. 

Бұл  әйел,  әрине,  ерекше  сәнқой  болған 

тәрізді.  Өйткені  маңдайы  жасанды  түрде 

ұзартылған  екен.  Біз  «О,  әйелдер,  біздер, 

еркектер үшін мәңгі жұмбақсыңдар. Сендер 

бізге ұнау үшін бірнеше мың жыл бұрын да 

көптеген  құрбандықтарға  барған  екенсің-

дер-ау»  деп  ойладық.  Әйелдің  қарнынан 

емшек  еметін  баланың  құртақандай  сүйе-

гі сақталған кішкентай жапырақты көрдік. 

Ана босану кезінде қайтыс болған тәрізді, 

сондықтан олардың сүйегі қоса жерленген. 

Оған  жақын  жерде  тағы  да  екі  мумия-

ланған дене жатты. Олар еуропалық нәсіл-

дің 30 жастан аспаған еркек пен әйелдің жас 

денелері. Ғашық жандар болуы да ықтимал. 

Оларға  қарап  тұрып,  көптеген  келушілер 

Ромео мен Джульетта, Фархад пен Шырын, 

Қыз Жібек пен Төлеген туралы аңыздарды 

еске алары сөзсіз.

48


49

49


50

Ў±шарды¤ сы ханы

Хан  Ордада  біз  Құшардың  соңғы  ханы  Дәуіт  Махсұтпен  кездестік.  Ол  1925  жылы 

(кейбір деректер бойынша 1927 жылы) көктемде туған, мұрагерлері болмаған Құшар ха-

нының жиені еді. 12 жасында хан атағын мұрагерлікке алған. Дәуіт билеуші әулеттің он 

бірінші өкілі болып табылады. Бұл жерде тас ванның азаптары басталады: оның ағасы 

өлім жазасына кесілді, ал Дәуіттің өзі бірнеше ондаған жылдарын түрмелерді өткізді. Тек 

1979 жылы ғана Дэн Сяо Пинь кезінде босатылып, өзінің туған ұясына қайтып оралды. 

Өз өмірінің соңғы жылдары ол мәдени және табиғат ескерткіштерін қорғаумен айна-

лысты, оның белсенді қатысуымен Хан Ордаға тарихи-өлкетану мұражайы құрылды. 

Экспедиция кезінде біз тағдыры тәлкекке ұшыраған шын мәнінде аңызға айналған бұл 

адаммен кездескенімізде ол өте қартайған және науқас болатын. Алайда бұл күтпеген кез-

десудің Дәуітті шалқытқандығын, өзін алыстағы Қазақстанда білетінін есту оған жағым-

ды әсер еткенін сезіндік. Біз бір-бірімізді ешбір сөздерсіз түсіндік, арамызда рухани қа-

рым-қатынас орнады. Біздің біреуіміз жүзімдіктің көлеңкесіндегі сәкіде жатқан науқас 

50


51

қарттың  жанына  отырдық  және 

оған біздің экспедицияның мақ-

саттары  мен  міндеттерін,  1858-

1859 жылдары Қашғарда болып, 

бұл  туралы  кітаптар  жазған  қа-

зақ  ғалымы  Шоқан  Уәлиханов 

туралы  әңгімеледік.  Ванның 

бізге деген достық пейілін көре 

отырып,  бұл  кездесуден  қандай 

да  бір  ескерткіш  қалдыруға  ни-

еттенген біз одан: «Бізге өз фо-

тосуретіңізді  сыйлаңызшы»  де-

ген өтінішіміді еріксіз білдірдік. 

Алғысын  білдірген  шал  басын 

изеді. Әйелге қарады. Алғашын-

ды  біз  оны  ванның  қызы  екен 

деп ойладық, бірақ әйел оның зайыбы (кіші) болып шықты. Әйел үйіне қарай кетті. Біз 

бұрынғы ханға тәуелсіз Қазақстан, оның Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы әңгімеледік. 

Дәуіт  ака  мұқият  және  ынтыға  тыңдады.  Көп  ұзамай  әйелі  қайтып  оралды,  күйеуінің 

фотосуретін  алып  келді.  Ол  жатқан  жердің  сол  жағындағы  жәшіктің  үстінде  кітаптар 

жатыр екен, олардың біреуіне Дәуіттің қолы созыла берді. Біз оған бұл кітапты қолы-

на алуға көмектестік, ол құшарлық хандар әулетінің 200 жылдығына арналған туынды 

болып шықты. Дәуіт оны бізге сыйлады. Біз Хан Ордадан шықтық, ескі Құшар көше-

лерімен жүріп келеміз, кенет ежелгі қала қабырғаларын байқап қалдық. Бұл бір қараған-

да, кәдімгі саздан жасалған қабырғалар – дуалдар сияқты. Бірақ Қашғарияның басқа да 

ежелгі қалаларындағы құрылысшылар сияқты құшарлықтар да өткен заманда дуалдар 

тұрғызудың ерекше технологиясының құпияларын меңгерді: ғасырлар өтсе де, қабырға-

лар тек кеше ғана салынған тәрізді тұр.

51


52

Мы¤ Будду  ¤гірлері 

(Мы¤ ой)

Әрине, Құшарға келіп тұрып біз бүкіл дүние жүзіне әйгілі будда үңгірлері – Мың Ой 

(Мың Будда үңгірлері) орналасқан елді мекенде болмай кете алмадық. Мектептегі жыл-

дардың өзінде жазушы Сәбит Мұқанов жазған жолдардың бізге қатты әсер еткендігін еске 

аламыз, ол мұны өзі бұл жұмбақ үңгірлерді көрген өткен ғасырдың 50-жылдары жазған 

болатын. Қазақ классигі: «Мен ежелгі сәулет өнерінің көптеген ескерткіштерін көрдім, 

алайда бұл көргенім анағұрлым қызығырақ, қуаттырақ, жұмбақтау болып шықты» деп 

жазды. Сол уақыттан бастап біз Мың Будда үңгірлерін көруді армандап келдік. Міне, 

енді  біздің  арманымыз  орындалды.  Мың  Будда  үңгірлері  қаладан  35  шақырым  жерде 

орналасқан. Біз Құшардың ежелгі заманда буддизм орталықтарының бірі болғандығын 

жазған болатынбыз. Үндістанда пайда болған бұл дін Құшарға, Қотанға, Қашқарияға-

ның  басқа  қалаларына  енді,  ол  жерден  Тұрфан  қаласына,  Қытай,  Корея,  Жапонияға, 

Оңтүстік-Батыс Азия елдеріне тарады. Құшар діни білім берудің орталығы болып табыл-

ды, қалада көптеген белгілі діни ға-

лымдар өмір сүрді, бірақ буддалық 

ғалым-теолог,  миссияшы  Кумарад-

жива  ерекше  даңққа  бөленді.  Ол 

ІV ғасырдың екінші жартысы V ға-

сырдың  бас  кезінде  насихаттаумен 

айналысты.  Аңыз  бойынша,  Кума-

раджива Құшар ханының қызы мен 

үнділік  жасөспірімнің  ұлы  болған. 

Өзінің туған қаласы Үндістанда әй-

гілі діни ғалымдардан білім алған. 

Кумараджива 

энциклопедиялық 

білімді  адам  болды,  көптеген  тіл-

дерді  меңгерді,  ұлы  теолог  қана 

емес, сондай-ақ ежелгі үнді әдеби-

етінің, астрономияның маманы да болды. Құшарда буддизмдегі ерекше мектеп Хинаяны 

зерттеді, кейінірек көптеген жылдарын бұл діннің басқа тармағы Махаянаны зерттеуге 

арнады. 401 жылы пірәдар миссияшы Қытайға келді. Бұл жерде діни әдебиетті насихат-

тап, оны аударумен айналыса бастады. Көп тілді білетін ол аудармашылардың өз мектебін 

құрды. Бірақ дана құшарлық шынайы даңққа бірегей діни трактаттардың авторы ретінде 

ие болды. Осы уақытқа дейін көптеген буддашылар оны әулие және қасиетті адам деп 

есептейді. Кумараджива буддизм тарихында мәңгі қалды. 

Жасөспірім жол көрсетуші: «Мың Ой үңгірлері – бұл Ұлы Жібек жолында орналасқан 

ең ертеректегі және ең үлкен буддалық монастырь. Бұл монастырьдың құрылысы б.з.III-


Каталог: sites -> kazgeography.org -> files -> attachments
sites -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
sites -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
sites -> А. Т. Селкебаева
sites -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
sites -> Методическое пособие. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2014. 56 с
attachments -> Бекітемін Басқарушы кеңестің төрағасы Қ.Ә. Байғарин


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет