Реферат Қарым-қатынастың түрлері, формалары,қызметтері



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата31.12.2021
өлшемі0,5 Mb.
#21503
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8


          Silkway Халықаралық Университеті 

          Филология факультеті «Аударма  ісі» 

 

      Реферат 

Қарым-қатынастың түрлері, 

формалары,қызметтері. 

                                    

Орындаған:Байдулла А 

                                                                    Тобы:136-01 

                                                 Қабылдаған:Исакул С 

                       Шымкент 2021 



 

Қарым-қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-

қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас 

психологиясы адамдардың өзара қарым-

қатынас    заңдылықтарын  зерттейтін ғылым. 

   Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар: 

Адами    қатынас    деген    не?    Оның  ерекшеліктері мен механизмдері 

қандай? 


   -Жеке  адам белгілі бір топ мүшесі  болған сәтте қандай өзгеріске 

ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер 

пайда болады? 

   Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары: 

   "Мен"-"Басқа" жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас 

барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу, 

адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың 

ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші 

адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау. 

   "Топ" - "Мен" жүйесіндегі  арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік 

жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне 

ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік 

көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен 

қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтану - даму барысында 

әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру 

үрдісі. 


    "Мен" - "Топ". Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған 

ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік 

байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы 

рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады. 

   Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі - адами 

қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралык формаларын танып-

білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке 

тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық 

қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу. 



   Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік 

мінез-құлықтарының зандылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас 

психологиясы - мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері 

мен технологияларының жиынтығы. 

   Қарым-қатынас қарым-қатынассыз, психологиясының маңызы 

зор.   Адам    өмірін арақатынассыз, топішіндік және топаралық 

катынассыз елестетудің өзі қиын. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет