Реферат қазақстан екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында



Дата05.11.2022
өлшемі43 Kb.
#47689
түріРеферат


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университет
Педагогика факультеті”

РЕФЕРАТ

ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА


Орындаған: Қамбар А. К. Нұрмантай А. А


Топ:ПиМНО 11
Тексерген: Гарифуллина А. Б.

Орал 2022


ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
• Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері
• Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру
• Халықтың тылдағы ерлігі
1. Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері 30- жылдардағы əлемдік дағдарыс көптеген мемлекеттердің экономикалық, əлеуметтік жəне халықаралық қатынастарын шиеле- ністірді. Бұл жағдай əлемдік билікке талпынған күштердің пайда болуына жол ашты. Осындай күштердің ішіндегі ең қауіптісі — Германияда орнаған фашистік тəртіп еді. Батыс мемлекеттері тара- пынан ұйымдасқан қарсылықтың болмауы фашистік агрессияның күшеюіне жол ашты. 1937 жылы фашистік мемлекеттер — Герма- ния мен Италияның милитаристік Жапониямен əскери-саяси одақ құруы екінші дүниежүзілік соғыстың негізі болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польша- ны жаулап алуымен басталды. Франция мен Англия Германияға қарсы соғыс ашқанын хабарласа, КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды. Бұл құжат тек 1989 жылы алғаш жарияланды. Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастайды. Осының нəтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн. халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. Кейінірек бұл аумақ Украина, Белоруссияға қосылды. 1940 жылы Германия Францияны басып алғаннан кейін Литва, Латвия, Эстониядағы мемлекеттік билікті Кеңестер Одағы иеленіп, Литва, Латвия, Эсто- ния Кеңестік Социалистік Республикалары құрылды. Қызыл Ар- мия Прибалтикаға кіргеннен кейін Кеңестер үкіметі Румынияға бұрын Ресей империясының құрамында болған Бессарабия аумағын қайтару туралы ультиматум жіберді. Нəтижесінде Буковина мен Бессарабияның жарты бөлігі Украина КСР-іне, Бессарабияның қалған бөлігі Молдавия КСР-не берілді. Англия мен Франция Германияға соғыс жариялағанымен батыс майданда белсенді іс-қимыл танытпады. Бұл жағдайды Германия өз мүддесіне пайдаланып, 1940 жылы Дания, Норвегия, Нидерланды, Люксембург мемлекеттерін еш қарсылықсыз жаулап алды. Бель- гияны жеңгеннен кейін негізгі күштер талқандалды. Нəтижесінде Франция Германиямен бейбіт келісімге қол қойса, Англия АҚШ-тан көмек сұрауға мəжбүр болды. Сонымен Батыс Еуропадағы əскери іс-қимылды аяқтаған фа- шистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастайды. Басып алған мемлекеттердің экономикалық, əскери ресурстарын өз мүддесіне пайдаланып, əбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмəнсіз сенді. Ал, Сталин жəне оның төңірегіндегілер 1939 жылғы келісімге сеніп, Германия тарапынан соғыс қаупін күтпеді. КСРО-ға қарсы соғыс жоспары “Барбаросса” деген атпен белгілі. “Барбаросса” жоспары 4 əскери топтың келісілген іс-қимылына негізделді. Финляндия фельдмаршалы Маннергейм мен генерал фон Дитла басқарған Финляндия тобы Мурманск, Беломорск, Ладогоға бағытталды. “Солтүстік” тобына (басқарған генерал фельдмаршал фон Лееб) Ленинградты басып алу жүктелді. Генерал-фельдмаршал фон Бок басқарған ең күшті “Орталық тобы” Мəскеуге бағытталды. Генерал-фельдмаршал фон Рундштенд бастаған “Оңтүстік тобы” Украинаны басып алуға тиіс болды. Фашистік
Германияның Кеңестер Одағын жаулап алу жоспарында
Қазақстанға үлкен мəн берілген. Осы мақсатпен Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Гер- ман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді. Бұл аумақты славян халықтарынан тазарту жəне түрік-моңғол халықтарын жою көзделді. Сонымен қатар фашистік
Германияға қызмет ететін Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриалды облыстарын құру жоспарланды.
1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия əскері Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы, яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды. Кеңестік əскери күш бейбіт уақыт жоспа- рына сай орналасқандықтан соғыс қимылдары басталған аумаққа тар- тылуы барысында, жау соғыстың алғашқы бес айында мемлекеттің 5% халқы тұратын аудандарын жаулап алды. Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінің 70% — 5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия, 4300 танк, 5 мың ұшақ шоғырландырды. Батыс шекаралық 264 265 округтердегі Қызыл Əскер күштерімен салыстырғанда Герма- ния əскери күші адам ресурсінен екі есе, танктен үш есе, ұшақтан 3 есе, артиллериядан — 1,3 есе басым болды. Осыған қарамастан шекарашылар, олардың қатарында Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Брест шекаралық от- ряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына А.Мүсірепов, В.Лобанов, К.Абдрахманов, К.Иманқұлов, А.Наганов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, Т.Деревянко, Қ.Батталов жəне басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп, айрықша ерлікпен көзге түсті. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар жəне 4 атты əскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы жəне 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып, майданға аттандырылды. Қазақстан аумағында жасақталған əскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап жаумен ерлікпен шайқасты. Əсіресе, Мəскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды. Мəскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі — Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генералмайор И.В.Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік танытты. Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк, моторлы жəне екі жаяу əскер дивизияларын талқандады. Мəскеу түбіндегі шайқаста, əсіресе саяси жетекші В.Г. Клочков басқарған бөлімше — 28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп, асқан ерлік көрсетті. 1941 ж. 17 қарашада дивизияға 8- гвардиялық деген атақ беріліп, кейінірек Қызыл Ту, Ленин ордендерімен, ал Ри- ганы жаудан азат еткені үшін екінші дəрежелі Суворов орденімен марапатталды. Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Сонымен бірге Волоколамск түбінде үлкен ерлік көрсетіп қаза тапқан талантты қолбасшы, қаһарман командир И.В.Панфиловке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мəскеу түбіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9- гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Белгілі орыс жазушысы А.Бектің “Волоколамское шоссе” повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне арналды. Сөйтсе де, Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дəре- жесінде мойындалмай, тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Ба- тыры атағы берілді. И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. М.Ғабдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып, 7 сағат бойы ерлікпен қорғады. Шайқас нəтижесінде немістер шегінуге мəжбүр болды. Мəскеу түбіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев жəне т.б.
қазақстандықтар асқан ерлік танытты. Бұл шайқасқа қазақстандық 238- дивизия, 19- атқыштар бригадасы да қатысты. “Барбаросса” жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942 жылы Герма- ния Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады. Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кав- казды басып алуға бағыттады. Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып, оған “Блау” деген ат қойды. Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мəн берді. Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер аумақтарынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан, Кавказ мұнайына үлкен үміт артты. Тағы бір себеп — фашистер Кеңестер Одағының Қара теңіздегі порт- тарын басып алып, одақтастары — Англия, АҚШ-пен байланысын үзуді көздеді. Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркəсіптері көп шоғырланған шикізат көзіне бай орталық болды. Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сəтті аяқталуына үлкен мəн берді. Жау 1942 жылдың шілде айында Сталинград бағытына 42 диви- зия, тамызда — 69, ал қыркүйекте — 81 дивизия аттандырды. Күш тең болмады. Өйткені, кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Мəскеу бағытында күтіп, негізгі əскери күшті осы бағытқа шоғырландырды. Өйткені ”Блау” бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Мəскеу бағытында қайта жанданады деген ақпарат таратылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға төмендегідей қазақстандық əскери құрылымдар қатысты: 292- атқыштар диви- зиясы ретінде қайта құрылған 74- Аралдық атқыштар бригадасы, 387- атқыштар дивизиясы, 27- атқыштар кейінгі 72 гвардиялық дивизия, 75- атқыштар кейінгі 3- гвардиялық атқыштар брига- дасы. 3- атқыштар бригадасы Сталинград түбіндегі шайқаста 5 мың фашисті жойып, 3 мың фашист офицері мен жауынгерлерін тұтқынға алды. Сонымен бірге, бұл шайқасқа 81- атты əскер диви- зиясы, 152- атқыштар бригадасы, 129- миномет полкі мен 196- жеке көпір құрылысы батальоны қатысты. 1942 жылдың 19 желтоқсанында Боковская-Пономаревка ауда- нында болған əуе шайқасында қарағандылық ұшқыш Н.Əбдіров 266 267 өзінің оқ тиіп өртенген ұшағын жау танктері шоғырланған жер- ге бағыттап, экипажымен бірге ерлікпен қаза тапты. Н.Əбдіров, минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды. Сталин- градта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне “Казахстанская” аталған көше бар. Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 жылдың басында жаудың жеңілуімен аяқталды. Сталинград шайқасы барысында Кеңес Армиясы екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты. 1943 жылы фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарлады. Бұл операцияға “Цитадель” де- ген ат беріп, жан-жақты дайындалды. Осы жылы Германияның əлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып, дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды. Сондықтан Германия бұл операцияның сəтті аяқталуына бар күшін салып, одақтастарын сақтап қалуға тырысты. “Цитадель” операциясына фашистер 900000 əскер қатыстыруды жоспарлады. Шайқасқа іріктелген фашистік дивизиялар: “Рейх”, “Ұлы Герма- ния”, “Фикинг”, “Адольф Гитлер” жəне т.б., барлық танктердің 70%, барлық ұшақтардың 65% тартылды. 5- шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында кеңестер əскерінің жеңісімен аяқталды. Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақстандық əскери құрылымдар қатысты. Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды. 1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін, ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды. Осы жылы Кеңес үкіметі “Берлин” операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты — неміс фашистерін Кеңестер Одағы аумағынан қуып, Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды. “Достық көмек” идеологиясын жамылған Кеңестер Одағы болашақта азат еткен мемлекеттер саясатына араласуды, тіпті кейбір мемлекеттерді өз бақылауында ұстауды көздеді. Өйткені ба- сты жауы — Германияны жеңгеннен кейін, Кеңестер Одағы əлем- дік билікке талпынып, социалистік мемлекеттер жүйесін құруды жоспарлады. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының
Ба- тыры атағын алды. Олар — В.А.Андреев, Л.И.Беда,
П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев,
И.В.Кутурга жəне т.б. Словакия аумағын жаудан азат етуге 4Украина майда- ны құрамында қазақстандық 8- атқыштар дивизиясы қатысты. Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен, 151- Карпат полкі 3- дəрежелі Кутузов орденімен, 310- атқыштар полкі 3- дəрежелі Суворов орденімен марапатталды. 72- жəне 73- гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия, Оңтүстік
Чехия, Австрия аумақтарын жаудан азат етуге қатысты.
Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық
М.А.Пупков Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105- гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель, Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті. Прага операциясына 118, 88, 314, 8- атқыштар, 72- гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992- алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дəрежелі
Б.Хмельницкий жəне 3- дəрежелі Суворов ордендерімен үш мəрте марапатталды. 992- полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бом- ба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді жəне т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52- армия құрамындағы алматылық 556- эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мəрте жау аумағын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тара- пынан марапатталады. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5- əуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқа- стардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар:
Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский жəне Л.И.Беда 2 мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26- маусымында, соғыстың бесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастел- ло экипажының ерлігі емес, капитан А.Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б.Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды. Берлин операциясына қазақстандық 118-, 313- атқыштар дивизи- ялары жəне 209- атқыштар полкі қатысты. Берлин ратушасын алуда 118- атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты К.Маденов, ал көше шайқастарында И.Б.Мадин, Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік танытты. Айтпенбет Нақыпов Одерден Петерсфельд қаласына дейін танкпен келеді. Соғыстан кейін Нақыповтың танкі қала алаңына 268 269 ескерткіш ретінде қойылды. Берлин операциясында 27 қазақстандық ерліктерімен көзге түсіп, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, əскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының əскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бой- ынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған əйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпитальдарда борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі əскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары — Əлия мен Мəншүк Қазақстан даңқын əлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы — Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры М.Раскова басқарған əйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы бо- лып 300-ден астам мəрте əуеге көтерілді. 2004- жылы Президенттің жарлығымен
Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Са- фарбекова Жауһария Насырқызы Ленинград майданында қалалық радиостанция бастығы болып, Ленинград майданында аса ерлігімен көзге түскен. 1942 жылы Қазақстанда құрылған 34-жеке əйелдер ротасының 300-ге тарта арулары Курск иініндегі шайқасқа қатысып, бірнеше марапаттарға ие болды. Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына да белсе- не қатысты. 1941 жылы КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 жылдың 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді. Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК “Германия əскерінің тылында күрес ұйымдастыру” туралы қаулы қабылдап, партизан қозғалысын ұйымдастырды. 1941 жылдың жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943 жылдың соңында 1 миллионға жетті. 1942 жылдың мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық, кейінірек республикалық жəне облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды. Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық. Украина аумағындағы пар- тизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты. Атап айтсақ, М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ, Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды. Ленинград облысы аумағындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия аумағында 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жаумен шайқасты. Қазақстандық партизандар жа- умен шайқаста үлкен ерлік танытты. Мысалы, 1941 жылы Киев об- лысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады. Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолда- мамен жіберіледі. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы парти- зан отрядтарының командирі сайланып, Украина аумағында жау- мен шайқаста үлкен ерліктер көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Укра- ина аумағында Қарағанды облысынан
Д.И.Сагаев, Талдықорған облысынан П.С.Шленский, Қызылордадан — Байдаулетов, Шым- кент облысынан — Ж.Омаров, алматылық — А.С.Егоров жəне т.б. қазақстандықтар əртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты. Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке “Халық Қаһарманы” атағы берілді. Белоруссия аумағын жаудан азат етуге де қазақстандық парти- зандар үлкен үлес қосты. Тек 1941 жылы Брест облысындағы Ста- росельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты. Белоруссия аумағында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар: Ф.Озмитель, Ғ.Омаров, Н.Қайсеитова, Н.Салықов, Х.Исмағұлов,
Н.Сыдыкова, М.Стрельников, И.А.Булаев, И.Данияров, И.А.Ере- щенко, К.Темірханов, Е.Балабеков, Т.Жұмабаева жəне т.б. Смо- ленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілінен тұрды. Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан брига- дасында 19, С.Лазо атындағы партизан полкінде 40, ерекше пар- тизан бірлестігі “Тринадцать” құрамында 48 қазақстандық бол- ды.
Смоленск облысында қазақстандық партизандар
А.Шарипов, Ж.Агадилов, И.Өтебаев, М.Мұқанов, А.Төлегенов, Қ.Ахметов жəне т.б ерлікпен көзге түсті. Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық парти- зандар əртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді. А.С.Егоров пен Ф.Ф. Озмительге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тəжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумағын аттандырды. Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырыл- ды. Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны, ал А.С.Егоров
Словакияны, С.О.Төлешов, Н.Супронов, Сарсенгалиев, А.Г.Акимин — Польшаны жаудан азат етуге ат салысты.
Жүздеген қазақстандық соғыс тұтқындары Франция, Италия, Бельгия, Югос- 270 271 лавия, Греция жəне т.б. Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты. Соңғы мəліметтерге сай, тек Фран- ция, Бельгия, Италия аумақтарындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болған. Соғыстың алдында Розенберг идеясы бойынша, Қазақстан, Орта Азия, Солтүстік
Иран, Ауғанстан аумақтарын біріктіріп ислам пан- түріктік “Гросс Туркестан” немесе “Пантуркестан” мемлекетін құру көзделеді. Бірақ та “Гросс Туркестан” идеясы жүзеге аспа- ды. Оның орнына рейх 26 жаяу батальон, 111 рота жəне жүк тасу- шылар колоннасынан тұратын Түркістан легионын құруды жо- спарлады. 1942 жылы құрылған Түркістан легионы құрамында неміс əдебиеттерінде 1 миллион, тарихшы Раух 650 000 адам, ал қазақстандық мамандар 180 000 — 250 000 адам болған деген мəлімет береді. Түркістан легионын қолдаушы қазақ зиялысы — М.Шоқай Түркістан легионы құрамындағы əскери құрылымдарды қажет деп таппаған. М.Шоқай фашистер лагерінде зардап шеккен жандарды қайтадан майданға жіберу адамгершілікке жатпайды, керісінше, оларды Германия зауытфабрикаларына жіберіп, болашақ Түркістан мемлекетіне маман-кадрларды даярлау идеясын ұсынады. Өкінішке орай, М.Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болып, бұл идея- сы жүзеге аспайды. Фашистер Түркістан легионы құрамындағы бір батальонды 1942 жылы алғаш рет Воронеж майданы маңында қызыл Армияға қарсы соғысқа қатыстырады. 193 легионер соғыспай Қызыл Армия жағына шығып кетеді, ал батальон басшысы Бақыт Байжановты фашистер тұтқындайды. Өйткені, легион құрамына əскери тұтқындардың басым бөлігі фашистік концлагерьлерден шығу мақсатымен ғана кірген. Олардың көбі жергілікті парти- зандармен байланысып, фашистерге қарсы партизан қозғалысы құрамында соғысады. Майданға түскен жағдайда Қызыл Армия жағына өткен. Өкінішке орай, бұл жағдай ескерілмеген. Отанында олар “РКФСР Қылмыстық істер кодексінің” 58-1 б, 58-3, 58-9, 59-10, 58-11 баптарымен жазаланып, “сатқын” деген лақапқа ие болып, үрімбұтақтарына дейін қудаланды. Француз тарихшысы Клод Дельпла түркістандықтар партизандық қозғалыстарға көптеп тар- тылып, үлкен ерліктер танытты дейді. Ал, неміс тарихшысы Па- трик фон Мюллер олардың қиын тағдырын аяп, свастика мен қызыл жұлдыз арасында қалғандар деген сипат береді. Қорыта келе, Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар са- нына тоқталайық. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұрды. Соғыс жылдары қолына қару алып, майданға 1,9 млн. адам аттанды. Сталиндік тəртіп 1916 жылғы патша үкіметінің тəжіри- бесін пайдаланып, арнайы құрылыс батальондарын да құрды. Бұл батальондар Орта Азия жəне Қазақстанның жергілікті халқынан жəне қуғын-сүргінге түскен халықтардан жасақталды. Қазақстаннан əскери комиссариат арқылы еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Олар соғыс шебіне жақын аудандарда оқ астында қорғаныс объектілерінде еңбек етті. Осылайша əрбір төртінші қазақстандық қорғаныс жəне майдан объктілеріне тартылған. Республиканың мобилизациялық деңгейі тіпті Германиядан да жоғары болды, Гер- мания халқының 12% мобилизацияланса, Қазақстанда халықтың 24% мобилизацияланған. Мобилизацияланған халықтың 50— 60% қазақ ұлтынан еді. Қорғаныс, көмір, ауыр өнеркəсіп жұмысшылары соғысқа тартылудан босатылса, Қазақстан тұрғындары түгелімен дерлік армияға шақырылды. Өйткені Қазақстанда шаруалар басым болды. Ұлы Отан соғысы майдандарында қаза болған қазақстандықтар санына байланысты түрлі пікірлер бар. Кейінгі жылдардағы мəліметтерде соғыстан оралмаған қазақстандықтардың саны 601 000-ға дейін жетіп отыр, оның 350 мыңнан астамы қазақтар. Бұл қолға қару алып, ұрыс даласында қаза тапқандардың саны. Егер осы тұстағы халықтың жалпы саны мен соғыста қаза тапқан өкілдердің санына шағатын болсақ, қазақтардың шығыны көршілес өзбек, та- тар, азербайжан, грузиндерден анағұрлым жоғары. Бұл пайыздық шығын жағынан қазақ халқы өз жерінде соғыс қимылдары болған орыстармен, украиндермен, белорустермен деңгейлеседі. Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін
520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы — ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 2. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыру Соғыстың алғашқы айларында Кеңестер мемлекеті соғысқа дейінгі жылдары салынған өндіріс қуатының көп бөлігінен айы- рылды. Бұл жағдаймен бір мезгілде мемлекет экономикасын əскери өмірге бейімдеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Қысқа мерзім ішінде республика халық шаруашылығын соғысқа бейімдеп қайта 272 273 құру қиын болды. Бірінші кезекте елдің қорғаныс мұқтажына жұмыс істейтін халық шаруашылығы материалдық жəне адам ре- сурстарымен қамтамасыз етілді. Халық шаруашылығы салала- рында негізінен əйелдер, қариялар, жасөспірім балалар еңбектенді. Соғыс уақытының талабына сай жұмыс күні ұзартылды жəне еңбек демалыстары жойылды. Барлық азық-түлік пен шикізат қорлары майданға жіберілгендіктен, халық азықтүлік жəне өнеркəсіп өнімдерімен белгіленген мөлшерде ғана қамтамасыз етілді. Соғыстың алғашқы күндерінде КСРО үкіметі жанынан эвакуа- ция жөніндегі Кеңес құрылды. Ал, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанынан эвакуациямен келген халықты, өнеркəсіп орында- рын орналастыру жөніндегі бөлімдер ашылды. 1941 жылдың жа- зынан бастап Қазақстанға көшірілген халықты əкелген эшалондар келе бастады. Қазақ Республикасына əсіресе, 1941 жылғы тамыз- желтоқсан айларында халық көп келді. 1941 жылдың аяғында тылға көшірілген 12 млн. халықтың 386492-сі Қазақстанға орнала- стырылды. Бұл көрсеткіш 1942 жылы 532,5 мыңға өсті. Жергілікті өкімет ұйымдары эвакуациямен келген халықтың мұқтажын қанағаттандыруға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Соғыстың алғашқы айларынан бастап Қазақстанға батыс аудандардағы өнеркəсіп орындары көшіріле бастады. 1941 жылы 28 қыркүйекте Ақмолаға ең алғашқы Мелитополь станок зауыты көшіп келді. Петров атындағы мұнай жабдықтарын жасайтын за- уыт Гурьевке, Пархоменко атындағы шахта жабдықтарын жасай- тын зауыт Қарағандыға көшірілді. Қазақстан аумағына көшірілген өнеркəсіптер жоспарлы түрде шикізат көздеріне жақын жерлерге орналастырылды. Ақтөбе ферросплавл зауыты Запорожье фер- росплавл зауыты жабдығын, Өскемен қорғасын мырыш комбина- ты, Орджоникидзе түрлі-түсті металл зауытын, Ворошилов ауыр машина жасау зауытын Алматы авторемонт зауыты қабылдады. Алматыдағы құрылысы толық аяқталмаған авторемонт зауыты Лу- ганск ауыр машина жасау зауытын, республикамыздың оңтүстігі Украинаның 14 қант зауытын қабылдады. Өнеркəсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды: 1941 жылдың соңынан 1942 жылдың басына дейін, 1942 жылдың басынан күзіне дейін. 1941 жылдың күзінде Қазақстанға УКСР-нен, БКСР- нен, Ленинград пен Москвадан өнеркəсіп орындары көшірілді. Тек Украинадан 70 шақты зауыт, фабрика, электростанция, депо, механикалық шеберханалар келді. Олардың ішінде Қазанның ХХ жылдығы атындағы станок жасайтын зауыт, № 24 зауыттың Харьковтік ұшақ цехы, Днепропетровск вагон жөндеу зауыты, “Трансвязь” электромеханикалық зауыты, Пархоменко атындағы Луганск машина жасау зауыты, Киев ет комбинаты жəне т.б болды. Мəскеу жəне Мəскеу облысынан рентген, Дзержинский атындағы электротехникалық зауыт, Курчатовск мехзауыты, “Изолит” зау- ыты, “Красный факел” зауыты көшірілді. Тек Гурьев арқылы 1942 жылы тамыз-қыркүйек айларында Қазақстанға 24 000 тонна əр түрлі өнеркəсіп жабдықтары көшірілді. Жеңіл өнеркəсіп орындары да Қазақстан, Орта Азия аумақтарына көптеп көшірілді. Атап айтқанда, Киев, Азов, Артемов аяқ-киім фабрикалары негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы, “Парижская коммуна” аяқ-киім фабрикасы негізінде Қарағанды, Қызылорда, Алматы аяқ-киім фабрикалары құрылды. Қазақстанға 53 жеңіл өнеркəсіп орындары көшірілді. 20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін, аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін ма- шинасын жасайтын зауыттар əскери жабдық, қаружарақ шығаруға негізделіп қайта құрылды. Көшірілген өнеркəсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылары, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000-ға тарта инженер-техник мамандары қоныс аударды. Жау уақытша басып алған жерлердегі өнеркəсіп орындары Қазақстанға көшіріліп, орналастыру шаралары 6 айға созылды. Отанға төнген қауіп Кеңестер Одағының барлық ұлттары мен халықтарын тығыз біріктірді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан еңбекшілері жоғары ұйымшылдық көрсетіп, Отанының бостандығы мен тəуелсіздігі үшін еңбектенуді басты мақсаты деп шешті. 1941 жылдың 16 тамызында БКП (б) ОКмен КСРО ХКК По- вольжье, Орал, Батыс Сібір, Қазақстан жəне Орта Азия аудандары- на 1941 жылдың 4- тоқсанына жəне 1942 жылға арналған жоспарды бекітті. Бұл жоспар бойынша əскери техника, жабдықтар, оқ-дəрі өндіруді ұлғайту жəне металлургия, көмір салалары өнімдерін асыра өндіру, стратегиялық шикізат шығаруды арттыру көзделді. Өйткені 1941 жылдың өзінде жау КСРО аумағының көп бөлігін жау- лап алды. Жаулап алынған аумақтарда өндірілетін шикізат ендігі жерде Қазақстанда бірнеше рет көп мөлшерде өндірілді. Донецк, Мо- сква түбіндегі көмір бассейндерінен көмір өндіру мүлдем тоқталды. Сондықтан соғыс мүддесіне көмір өндірудің барлық ауырлығы Қарағанды көмір бассейніне түседі. Қарағанды көмір бассейні соғыс жылдарында алдағы жылдармен салыстырғанда көмірді төрт есе 274 275 артық өндірді. Соғыс жылдары 18 жаңа шахта ашылды. 1945 жылы конструктор С.С.Макаров əлемдегі ең алғашқы көмір комбайнын Қарағанды жерінде ойлап тапты. Қарағанды көмірі Орал, Орск- Халиловск, Поволжье өнеркəсіп орындарын, темір жол транспор- тын отынмен қамтамасыз етті. Соғыс жылдары мұнай өндіру 3 есеге көбейді. “Қазақстан мұнай” ұжымы тəулігіне 12 сағат жұмыс істеді. “Ақтөбе мұнай” ұжымы Жақсымай мұнай шығару объектісін жұмысқа қосса, Гу- рьев облысының мұнай құбырларында мұнай өндірісін арттыру- ды қолға алды. Ұжымдар арасында социалистік жарыстар кеңінен қанат жайып, жарысқа қатысқан 9340 мұнайшының 5800-і жұмыс нормасын 101—200%, 218-сі — 200—300 %, 23 мұнайшы 300 % асы- ра орындады. Ембі-Құлсары мұнай өндірісін басқарған мұнайшы инженер Сапы Өтебаев 1941 жылы 29 ұңғыны жұмысқа қосып, тəуліктік өнімді осы жылы соғысқа дейінгі көрсеткіштен екі есеге көбейтті. Соғыстың тек алғашқы жылы жаңа 4 мұнай өңдеу орын- дары жұмысқа қосылды. 1942 жылы неміс-фашистер əскері Волгаға шығып, Солтүстік Кавказ аумағын басып алуына байланысты, мұнай өнеркəсібінің жағдайы қиындады. Сондықтан Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мұнай өндіруде Қазақстанға үлкен үміт артады. Ембі мұнайшылары 1942 жылы тəулігіне 2500 т. мұнай өндірсе, 1943 жылы — Мемлекет- тік Қорғаныс Комитетінің тапсырмасын орындау барысында мұнай өндіруді 4500 тоннаға жеткізуді ұйғарды. 1943 жылы 18 мамырында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті “Қазақстан мұнай комбинатында мұнай өндіруді жүзеге асыру шаралары” деген қаулы қабылдайды. Қаулы бойынша мұнай өндіруді барынша күшейту жəне комбинат жанынан барлау бөлімін ашу жолға қойылды. Нəтижесінде осы жылы Кавказ жəне Қазақстан мұнайын майданға жеткізу жолда- ры салынып, майдандар өз мерзімінде жанармаймен қамтамасыз етілді. 1943 жылы “Қазақ мұнай” ұжымы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Қызыл Туын 5 рет иемденіп, мұнай өңдеуде жоғары көрсеткіштерге жетті. 1944 жылы “Қазақстан мұнай комбинаты” ұжымы 15 рет Бүкілодақтық жарыстардың жеңімпазы аталып, 10 рет ОАК мен Қазақстан коммунистік партиясының Туларын иемденді. 1944—1945 жылдары бұл ұжым 11 рет Қорғаныс Комитетінің Туын иемденіп, бүкілодақтық жарыстың 2,3- орындарын жеңіп алды. Соғыс жылдары қорғаныс өнеркəсібі үшін Қазақстан метал- лургтері күні-түні еңбек етті. Өндірілген 100 т. молибденнің 60 тон- насын Шығыс Қоңырат руднигі өндірді. Қазақстан соғыс жылдары Одақ бойынша өндірілген барлық қорғасынның 85%, полиметалдың — 70 %, висмуттің — 50%, вольфрамның 20% өндірді. Тоталитарлық тəртіптің қылмыстарының бірі — халықты де- портациялау, яғни оның этноəлеуметтік жəне аумақтық бірлігін күштеп бұзу болды. 30- жылдары жүзеге асырыла бастаған депорта- циялау науқаны екінші дүниежүзілік соғыс жылдары күшейе түсті. Негізсіз айыппен 1941 жылы поляктар мен 361 мың Волга бойының немістері шұғыл түрде көшіріліп, Қазақстанның 12 облысына жер аударылды. Қазақстанға жер аударылар алдында олардың мал- мүлкі толығымен тəркіленіп, өкімет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді. Олар тек жергілікті халық тарапынан қолдау тапты. Кеңестік немістерге əкімшілəміршіл жүйе Отанын қорғауға рұқсат етпеді. Сондықтан қолына қару алып, фашистермен соғысу үшін көптеген немістер фамилияларын өзгерткен. Мысалы, Вольдемар Венцель Венцов деген фамилиямен соғысып, көптеген медальдар мен Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Павлодарлық П.Шмидт азербайжан тілін білгендіктен Али Ахметов деген атпен, Иван Гар- вард Громов деген фамилиямен соғысқа қатысады. Соңғысы Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Оның есесіне 1942 жылдан ба- стап 15—60 жас аралығындағы немістер еңбек армиясына мобили- зацияланады. Еңбек армиясы күшпен еңбек ету лагерьлерінде тұрды жəне оларды ІІХК-ның қарулы əскер бөлімшелері күзетті. 1943—1945 жылдар аралығында республиканың 4 облысы мен 145 ауданына 507 мың карашайлықтар, балкарлар, шешендер, ин- гуштар, қалмақтар, 110 мың месхеттік түріктер мен күрдтер, 180 мың Қырым татарлары жер аударылады. Əкімшіл-əміршіл жүйе бұл халықтарды азаматтық құқықтарынан айырып, жойып жібере жаз- дады. Бұл фактілер Кеңестер мемлекетінде сөз жүзінде халықтар достығы, теңдігі туралы көп айтылғанымен, іс жүзінде ұлттық саясаттың бұрмалағандығын көрсетеді. Осындай халықтың жанқиярлық ерлігінің нəтижесінде кеңестік экономиканың өсу қарқыны соғыс алдындағы бес жылдықтар көрсеткіштерінен жоғары болды. Нəтижесінде тек 1942 жылдың өзінде КСРО Германиямен салыстырғанда танкті 3,9 есе, ұшақты 2 есе, артиллериялық қару-жарақты 3 есе артық өндірді. Ал, 1944 жылы кеңестік индустрия сөткесіне бір танк бригадасы мен полкін, 3 авиация полкін жабдықтауға жарайтын əскери техника шығарды. Оған Қазақстан экономикасы да өз үлесін қосып, соғыс өнімдерінің басым бөлігін өндіріп, уақытымен майданға жеткізіп тұрды. 276 277 3. Халықтың тылдағы ерлігі Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы
Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тарты- луымен олардың орнын қариялар, əйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі — 20%, əйелдер — 58%, жасөспірімдер — 22% болды. Яғни, майданды азық- түлікпен, шикізатпен іс жүзінде əйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық- түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауылшаруашылық техни- касын жіберіп отырды. 1942—1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күнітүні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тап- сырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі
22.00-ке дейін ұзартқан. Əрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Əйелдер балаларын балабақшаға тап- сырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны əйелдер, қариялар жəне балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбы- шев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана — Анар Садықова — жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария — Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, əлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы — 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауда- ны,
“Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким
Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып əлемдік ре- корд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы
“Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95 —100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы əйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рульдеріне отырды. Мы- салы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбай- нын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады. 1942 жылы 450 мың гектар тың жəне тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 əйелдер еңбектенді. Нəтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі, 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау- бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс,
150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен со- вхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды. Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орны- на жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру бары- сында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған əртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды. Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тəртіп та- рапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап əрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар 278 279 ауылшаруашылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспа- рын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12—16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тəртіптерінен жоғары тұрды. Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шым- кент теміржол жүйесінің комсомолдары Мəскеу түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” атты коллоннаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонна- лары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс
Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Ал- маты қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жа- салынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан май- дан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен əскер бөлімдерін шефтікке алып, жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті. Сонымен қатар, қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Ленинград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кав- каз, Белоруссия, Украина жəне т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталин- градта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді. Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандары- нан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым инсти- туттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика- механика институты, Мəскеу, Ленинград, Киев институттары бол- ды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн жəне
т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.СергеевЦенский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы,
Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Əуезовтың
“Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың
“Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”,
Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың
“Ленинградтық өрендерімі” дүниеге келді. Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941—1945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищают Родину”, “Воздуш- ный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из на- шего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен əртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васи- льев,
И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В.Марецкая жəне т.б.
Орта- лық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Əуезов,
Ғ.Мүсірепов, Ə.Тəжібаевтің қатысуымен “8- гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жау- ынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді. Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, əдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология жəне өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сəтбаев бастаған қазақстан- дық ғалымдар қара, түсті жəне жиі кездесетін металдарды, тау пай- 280 281 далы қазбаларын, су жəне гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді. Соғыс жылдары Қазақстанға жоғары оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде — Мəскеу авиация институ- ты, Мəскеу түсті металл жəне алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Ал- маты мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі əрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің ор- нын əйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерле- рінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет