Реферат Дайындаған: Дефектология курс(сырттай, жылдық) студенті Кемелханова Камария 2019 жыл Жоспары



бет1/5
Дата06.01.2022
өлшемі31,19 Kb.
#11669
түріРеферат
  1   2   3   4   5



Реферат

Дайындаған: Дефектология 2 курс(сырттай, 3 жылдық)

студенті Кемелханова Камария



2019 жыл

Жоспары:

  1. Арнайы психологияның пәні мен әдістері;

  2. Қазіргі кездегі арнайы психология және оның дамуының өзекті мәселелері;

  3. Арнайы психологиядағы компенсация теориясы;

  4. Арнайы психологияның дамуындағы Л.С.Выготскийдің үлесі;

Арнайы психологияның пәні мен әдістері

Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар, ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын, психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін, психология ғылымының дербес саласы. «Арнайы психологияның жалпы психологиядан өз алдына дербес сала ретінде, бөлініп шығу кезеңі ХХ ғ. 60 жылдарына сәйкес келеді. Бастапқы кезде арнайы психология, жоғары оқу орындары мамандықтарының арасында «Психология» саласына енгізілді. Бірақ, бұл адамдардың психикалық даму жағдайлары мен механизмдері, түрлі патогендік факторлардың әсері туралы, сондай-ақ, компенсаторлық және коррекциялық үдерістердің жүзеге асу заңдылықтары туралы, ғылыми жетістіктер мен практикалық тәжірибелерді жинақтап, өз алдына қалыптасқан, қалған арнайы психологияның тек формальды түрде, жалпы психология құрамына енгізілуі еді. Арнайы психологияның нысаны - туа біткен және жүре пайда болған, психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар. Арнайы психологияның пәні, ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады. Арнайы психологияның мақсаты – түрлі психикалық, соматикалық, сенсорлық, зияткерлік, тұлғалық-әлеуметтік дамуында ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдерді, сондай-ақ, мүмкіндігі шектелген ересек адамдарды қоғамға бейімдеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет