Реферат «Әлеуметтану және психология»



Дата31.12.2021
өлшемі25,42 Kb.
#22311
түріРеферат

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Су шаруашылығы, экологи және құрылыс» институты

«Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасы

РЕФЕРАТ

«Әлеуметтану және психология» пәні бойынша

Тақырып: «Өмірдің түрлі кезеңіндегі адам үшін отбасының рөлі»

Топ: 2АЖиОЗ

Білімгер: Халықова Айым

Оқытушы: Альмуратов Бақыт

Мазмұны

Өмірдің түрлі кезеңіндегі адам үшін отбасының рөлі

1. Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі

2. Отбасы – әлеуметтік институт ретінде

3. Әлеуметтанушы ғалымдардың отбасы институтын қарастыруы



Өмірдің түрлі кезеңіндегі адам үшін отбасының рөлі
1.Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі
Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады.

Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбиелеу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егемен  еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен бастау алып,оқу тәрбие орындарында тәрбиеленген саналы ұрпақтың қолында.

Бұл мәселе еліміздің Заңдарында да көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының ата заңында «Біздің мемлекеттің ең басты байлығы, қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Осыған сәйкес елімізде адам және оның өмірі үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. Ата заңымызға сүйенсек «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінген. Мемлекеттің бұл саясатын жүзеге асыру үшін бізге бірлік керек.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас ең басты іс-әрекеттердің бірі болып табылады. Қарым-қатынас — адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас - тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты.

Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.

Отбасылық қарым-қатынаста оның осы функциялары толық орын алады. Егер тартыс-талас, қарама-қайшылық, түсінбеушілік басым болса отбасында балаға дұрыс тәрбие беру мүмкіндіктері төмендейді.

 Қарым-қатынасы бұзылған отбасыларына психологиялық және психотерапиялық көмек көрсетуге көптеген психотехникалар пайдаланылады. Отбасының екі тармағы — ерлі - зайыптылар мен ата - ана – бала қатынасы кеңінен қарастырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қиындықтары талданып, одан шығару жолдары көрсетілді.

Л.С. Выготскийдің, А.Н. Леонтьевтің, Д.Б. Элькониннің, Л.И.Божовичтің зерттеулерінде баланың тұлға ретінде дамуы тұлғалық жаңа қасиеттердің біртіндеп қалыптасуымен анықталады. 7-8 жасқа дейінгі кезеңді Л.И. Божович баланың «әлеуметтік индивид» ретінде қалыптасуымен байланыстырады. «Онда жаңа өмірлік позиция пайда болып, осы позицияны қамтамасыз етуші қоғамдық-маңызды қызмет қажеттілігі туады». 12-14 жасқа таман «нысананы көздеу қабілеттілігі» калыптасады, яғни саналы мақсаттарды анықтау және қоя білу, ал 15-16 жаста - «өмірлік болашақ» қалыптасады. Сондықтан да жасөспірім шақта отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ықпалы аса зор.

Бала тәрбиесі әр отбасынан басталатыны анық. Қазіргі уақытта бала тәрбиесінің табысты болуы ата-аналарының  тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, ынтымақтастығына, отбасы мүшелері бір-бірін түсінушілігіне, өзара қарым-қатынасына,көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты. Ол үшін ата-аналар күнделікті өмірде балаларының мінез – құлқына, қажетті қасиеттердің қалыптасуына назар аударуды, тәрбие үрдісінде теріс қылықтарды болдырмауды ойластыруы шарт.Отбасында тәрбие үрдісін шебер басқару үшін ең алдымен ата-ана өз өмірін, өз ісін дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Баланың көпшілік уақыты сәби шағынан бастап отбасында өтеді. Оның өмірін, іс-әрекетін, демалысын бірқалыпты ұйымдастырып, реттеп отыру үшін қажетті жағдай керек. Ал жағдай ұтымды күн ырғағы негізінде жасалады.Күн – ырғақ бұл өмір тәртібі. Ал бала сол отбасы мүшесі және ол өз міндетін қашанда орындауға тырысады.Отбасында бала әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керек, өзін-өзі қалай ұстай білу керек, жағымды, жағымсыз мінез құлықтарды байқайды. Кейде жағымсыз мінез-құлықтарды бойына сіңіріп, дағдыға айналдырып жатқан балаларды байқауға болады. Пайда болатын теріс қылықтардың басты себептерін талдап көрелік:

Біріншіден, отбасында баланың талап-тілегін бұлжытпай орындау, шектен тыс қамқорлық көрсету. Өз бетінше  шешім қабылдауға, әрекет етуге мүмкіндік бермеу. Сондықтан бала өз орнын таба алмай, қиындыққа тап болып жатады. Қыңырлыққа,қарсыласуға үйренеді.

Екіншідената-ана баласын қараусыз қалдырады. Ал кей жағдайларда, кейбір ата-ана тұрақты қатаң бақылауға алады. Оның жүріс-тұрысы, әрбір адымын есепке алып отырады. Осының нәтижесінде бала ата-ананың торына түсіп, өз бетімен іс-әрекет жасау мүмкіндігі шектелелі.

Үшіншіден, балаға кейде сыртқы факторларда әсер етеді. Қазіргі жаһандану заманында қоғамды түрлі өрескел қылықтар орын алып жатады. Оларға еліктеудің нәтижесінде өмір нормасынан ауытқу пайда болады. Егер бала психологиясынан    осындай   жағдайларды байқаған сәттен оған мектеп психолыгы, сынып  жетекшісі, ата-анасы, тіпті жолдастары тарапынан оңды көмек көрсетілуі қажет.

Төртіншіден, отбасындағы әке мен шешенің қарым-қатынасы, іс-әрекеттері. Отбасылық тәрбие беру – күрделі және көп қырлы жүйе. Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі. А.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-аналардың өздеріне талап қойып, өз отбасын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекерден бекер айтыла салған сөз емес. Әке мен шешесінің отбасындағы келеңсіз іс-әрекеттері балаға әсер етпей қоймайды. Бала жүйке жүйесі бұзылады. Денсаулығы бұзылады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін мұғалім, сынып жетекшісі, бүкіл педагогикалық ұжым ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатып, бірлесе отырып жұмыс атқаруы керек. Өйткені, бала тәрбиесіндегі теріс әдет-дағдылар ата-ананың қамқорсыздығынан, қадағалаусыздығынан, мейірімсіздіктен туады. Осындай тәрбиенің сәтсіздіктерінен «Тәрбиесі қиын»  балалар кездеседі. Ол бала  мектепке де, өз сыныптастарына да түрлі кедергілер келтіреді, ең алдымен өзі жапа шегеді .

2.Отбасы – әлеуметтік институт ретінде


Отбасы – адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең ежелгі формасы. Ол – дін, нарық, мемлекет, әскер, саясат, білім сияқты әлеуметтік институттардан әлдеқайда ерте пайда болған.

Отбасы бұл туысқандыққа, неке және бала асырап алуға негізделіп, адамдарды қайта өндіретін және тұрмыстың ортақтығымен, өзара өнегелік жауапкершілік және өзара көмекпен адамдарды біріктіретін әлеуметтік жүйе.

Отбасы қоғам ұйымы болып табылады. Сондықтан оның қызмет етуіне қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестер әсер етеді.

Отбасы жүйесінің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі ол бір мезгілде әлеуметтік институт сипатына да және шағын әлеуметтік топ сипатына да ие бола алады. Әлеуметтік институт ретінде отбасы өнегелік және құқықтық заңдастырылған, қоғамдық және мемлекеттік қолдауға ие, жұбайлар, ата-аналар мен балалар және басқа да туыстар арасындағы өзара қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалар, санкциялар мен мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады.

Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасы некеге, туысқандық немесе асырап алуға негізделген әлеуметтік қауымдастық ретінде қызмет етеді. Оның мүшелері тұрмыс ортақтығымен, өзара өнегелік жауапкершілікпен және өзара көмекпен біріктірілген.

Социологияның негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу үшін, алдымен, отбасына көңіл болу керек деп есептеді.Ол қоғамды индивид бағыну мен баскаруға үйренетін кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О.Конттың пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам кұрылатын негізгі элемент, әлеуметтік өмір мектебі деп есептеді.

Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз кызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.

Отбасы сияқты әлеуметгік институттардың табысты қызмет етуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі кызметке байланысты.

Отбасының объекгивтік өзгеру процесі оның топ ретіңдегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы — неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тэрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-қүлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі.Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас жөне жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады; Отбасы – бейімделуші ұйым, ол өзін қоршаған әлеуметтік ортада тепе-тендікті сақтауға тырысады.Отбасы дара бүтіндік ретінде сыртқы факторларға байланысты міндеттерді орындаумен бірге, әрбір отбасы өз мүшесінің талап-тілегін, мұң-мұқтажын орындауды қамтамасыз етеді.

Отбасы жеке-дара институт ретінде — оның тұрмыстық салты қоғамдық мүддеге сәйкес немесе сәйкес келмейтін жағдайларда зерттелінеді. Отбасын әлеуметтік институт ретінде осылай зерттеу арқылы болашақ отбасының езгеру үлгісін жасайдьі. Отбасы — адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бакыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы коғамдык құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Коғамның негізгі максаты — адамдарды бакытты ету, ал мұнын өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы кажет.

Неке — әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың, өзара кұқыктары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке — отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамнын әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық жыныстык сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар адамгершілік эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі -сүйіспеншілік. Отбасының объекгивтік өзгеру процесі оның топ ретіңдегі сипаттамасымен байланысты болады. Қазіргі отбасы — неке және балалардың денсаулығын сақтау, оларды тэрбиелеу құқықтық және моральдық жауапкершілігі бар институционалдық бірлік ретінде зерттеледі. Американ әлеуметтанушысы Хиллдің көзқарасына сәйкес, қандай да бір отбасы болмасын, оның төмендегідей жалпы белгілері болады.Отбасы мүшелері әр уақытта бір-біріне өзара тәуелді болып келеді, соған сәйкес отбасының бір мүшесінің мінез-қүлқы өзгерсе, ол басқалардың да мінездерінің өзгеруіне әкеледі. Қандай да бір отбасы болмасын, ол біртұтас жөне жеке болады, оның басқалармен байланысы белгілі бір дәрежеде шектеулі болады.

3.Әлеуметтанушы ғалымдардың отбасы институтын қарастыруы


Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды дейді. Адамзаттың сақталуы — әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытыңдысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Онын отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

Жалпы әлеуметтануда отбасы және отбасы қатынастары терең зерттелген тақырып.Адамдар бір-бірімен араласады, кездеседі, танысады, достасады, т.б. Жастар неке қидырады. Осылардың негізінде берік немесе әлсіз отбасы құрылады.Әлеуметтанушылар отбасын ерекше бір құбылыс, әлеуметтік жүйе ретінде қарайды да, оны өлеуметтік институт жөне кішігірім топ ретінде талдап, зерттейді. Отбасы — бұл адамдардың некелік және туыстық, жалпы тұрмыстық байланысқа және өзара жауапкершілікке негізделген адамдардың бірлігі.Отбасының аса маңыздылығы оның қоғам алдында екі негізгі атқаратын қызметінен көрінеді. Біріншіден, отбасы — ол адамдардың ерекше тобы, өйткені оның құрамы сырттан келетін адамдар санымен немесе сырттан келетін адамдар санының өсуімен байланысты емес, ол өз ішінде туатын балалар санымен көбейіп, өсіп отырады. Бүл топ (яғни, отбасы) қоғамның биологиялық жағынан үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, адамдардың санын көбейтіп, өсіріп отырады. Отбасының екінші негізгі атқаратын қызметі — ол қажетті мәдени мұраны қоғамдағы өзінен жоғары үлкен бірліктер арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып отырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет