Реферат Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы



Дата29.10.2022
өлшемі16,8 Kb.
#46173
түріРеферат

Реферат
Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы»
Ислам философиясы — орта ғ-ларда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философиялық ілімдерінің жүйесі. А. ф-ның шығу тарихы мутазилиттер (“ерекшеленушілер”) қызметімен байланысты. 9 ғ-да арабтар антикалық дәуірдегі жаратылыстану және филос. ілімдеріне қатысты мұралармен кеңінен таныса бастайды. Басты назарда Аристотель филос-сы болды. А. ф. кейде мұсылман филос-сы немесе араб тіліндегі филос. деп те аталады. Себебі, бұл ұғымға арабтардан өзге парсы, түркі т.б. халықтар өкілдерінің филос. көзқарастары да енеді. Мыс., түркі жұртының ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби, парсылық ибн Сина — оқулықтарда “араб философтары” болып аталады. Сондықтан бұлардың бәрінің басын қосып айтқанда “араб философиясы” деуден гөрі “араб тіліндегі философия” деген шындыққа сыйымды. Осы тұрғыдан қарастырсақ, 10-13 ғ-ларда араб тіліндегі филос-ның мынадай бағыттары болған: 1). Шығыс перипатетизмі; 2). “Таза ағайындар” ілімі; 3). Сопылық ілім; 4). Мұсылман философиясы. Шығыс перипатетизмі Аристотель еңбектерін насихаттап, талқылау жасаған филос. мектеп. Мұның басында әл-Кинди (9 ғ.), әл-Фараби, ибн Сина, ибн Бадж, ибн Туфейль және ибн Рушд (Аверроэс) тұр. “Таза ағайындар” ілімі — оқу жүйесіне арнап жазылған 51 томдық энциклопед. еңбекте жинақталған. Бұл алғаш рет ғылым түрлерін жүйелеу әрі оны оқыту мәселесіне арналған. Сопылық ілім — Шығыста кеңінен дамыған ілім. Бұл бағыттың аса көрнекті өкілдері: Иасауи, Ибн Араби т.б. Мұсылман философиясының аса көрнекті өкілі — әл- Ғазали. Ол әл-Фараби, ибн Сина сияқты ғалымдармен болмыс туралы бел шешіп айтысқа түскен. Сопылық ілім мен мұсылман философиясының ұқсастықтары көп.Араб тіліндегі философияны ғылымда “фәлсафа” деп те атайды. Бұл, әсіресе, Шығыс перипатиктеріне тән. Фәлсафа тарихы әл-Киндиден басталып, ибн Рушдпен аяқталады. Фәлсафаның филос-дан өзгешелігі — ол Платон, Аристотель еңбектерін мұсылмандық негізінде зерттей отырып, жоғарыда аталған ойшылдар ойлаудың ерекше жүйесін жасаған. Бұл грек филос-сын тек қайталау немесе оған еліктеу емес, филос-ның ерекше тарихи типі. Араб тіліндегі филос-ның тарихи маңызы — Ф.Бэконнон (1561 — 1626) Спинозаға (1632 — 1677) дейінгі мерзімді қамтитын Жаңа заман филос-сы көтерген басты-басты мәселелерді шығыс перипатетиктері мен мұсылман дін танушылары өз кездерінде-ақ күн тәртібіне қойған. Фәлсафа мен Батыс философиясы арасындағы сабақтастық схоластар (қ. Схолостика) мен Сигер Брабантский, Роджер Бэкон еңбектерінен айқын аңғарылады.А. ф-ның тарихи кезеңдері немесе оның орталықтары өзгеріп тұрған. 9-10 ғ-да А. ф. орталығы Халифатта болса, саяси себептерге байланысты 10-11 ғ-да ол Орта Азия мен Иранға ауысқан. Бұхара, Самарқанд, Мерв, Нишапур, Исфаһан, Рей, Хамадон, Отырар сияқты қ-ларда ғылым, білім өріс алды. А.ф-ның 3-орталығы мұсылмандық Батысқа (Испанияға) ауысты. Осыдан әрі қарай А.ф-сы тұтастығынан айрылып, ұлттық сипаттарға ие бола бастады. Бұл тұста тек Мағриб ойшылы ибн Халдун (1332 — 1406) есімін ғана атаймыз. Араб тіліндегі философия түркі жұртында кеңінен өріс алды. Түркістан сопылық ілім орталығына айналды.
Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина (парсы: ابو علی حسین بن عبدالله بن سینا‎), батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ға жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі қалыптасқан. Рух –
құдайлы бастама, жан – жеке сана, дене – табиғи бастама ретінде түсіндіріледі.
Танымдық тұрғыдан қарағанда, сана – дүниені бейнелеудің ең биіе, тек адамға тән
идеалдық формасы. Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды.
Әрине, адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет