Реферат іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі36,66 Kb.
#17327
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

Құқықтану мамандығының кафедрасы

РЕФЕРАТ

Іс-әрекеттің құқыққа қайшылығын және жазаланушылығын жоятын мән-жайлар





2020 жыл

Орындаған: 6В04202- Құқық қорғау органдарының қызметі мамандығының студенті Куспанова Гаухар

Тексерген: Шаяхметова Жанна Бекболқызы

Мазмұны


Кіріспе.......................................................................................................................2

1. Әрекеттің қылмыстылыгын жоққа шығаратын мән- жайлар туралы түсінік.......................................................................................................................3

2. Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мәнжайлардың кейбіріне жалпы сипаттама. Қажетті қорғану.......................................................................3

3. Қолсуғұшылық жасаған адамды ұстау кезіндегі зиян келтіру.......................4

4. Орынды тәуекел ету............................................................................................5

5. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу............................................................6

Қорытынды..............................................................................................................7

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................8



Кіріспе
Әрбір азаматтың конституциялық борышы — қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдык белгісі болып табылатын басты белгі — қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.

Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет