Реферат «Құқықтың құқықтық әдеттен құқықтық заңға эволюциясы және дамуы»



бет1/10
Дата19.03.2023
өлшемі55,25 Kb.
#75440
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

.Қ. Құсайнов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
Заң пәндері кафедрасы
РЕФЕРАТ


Орындаған: Кожахметова А.К.
Практика жетекшісі: Идрисов К.З.
Астана 2023
Реферат


«Құқықтың құқықтық әдеттен құқықтық заңға эволюциясы және дамуы»

КІРІСПЕ




  1. Англо - саксондық құқық жүйесі.

  2. Романо - германдық құқықтық жүйе.

  3. Діни – дәстүрлі құқықтық жүйе.

  4. Социалистік құқықтық жүйе.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жер бетінде өмір сүріп отырған 230-ға жуық мемлекеттердің мемлекеттік – құқықтық құбылыстарын зерттеу үшін заң ғылымында «құқықтық жүйе» ұғымы пайданылады. Қоғамның тарихи дамуына байланысты әр елдің өзіндік құқықтық жүйесі қалыптасуда.


Құқықтық жүйе дегеніміз – бұл шынайы құқықтың, құқықтық идеология және сот тәжірибесінің бірлігі.
Жалпыға міндетті нормалар жүйесі ретінде құқық заңдарда және құқықтың қайнар көзіндерінде жазылады.
Құқықтық идеология – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтық санасы мен сот тәжірибесінің белсенді жағы. Олар құқықтық жүйені қалыптастырады. «Құқықтық жүйе» ұғымы мемлекеттің ұлттық құқықтық жүйесін білдіреді. Құқықтық жүйе бірнеше құқықтық құбылыстарды – нормативті, ұйымдастырушылық, әлеуметтік-мәдени аспектілерін, құқықтың шынайы жақтарын қамтиды.
Құқықтық жүйе құрылымын үш түрге бөлеміз:

  1. нормативтік жағы, бұған заңды нормалар, принциптер жатады;

  2. ұйымдастырушылық жағы, құқықтық мекемелер жиынтығы;

  3. идеологиялық жағы, бұл сол қоғамға тән құқықтық құбылыстардың, түсініктердің, идеялардың жиынтығы.

Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның даму заңдылығын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін білдіреді.
Бұл тарихи қалыптасқан құқықтық жүйелердің бір-біріне өз ұқсастықтары болады. Құқықтық жүйелердің дамып, қалыптасуына дін, философия, мораль, мәденит, ғылым әсерін тигізбей қоймайды. Мемлекеттің дамуындағы құқықтық мәдениетке мемлекеттік саясат және саяси мәдениет те әсерін тигізеді. Ежелгі дәуір елдері – Ежелгі Қытай, Үндістан, Египетте, Римдік мемлекеттердің құқықтық жүйесінің қалыптасуына діннің де қатысы болған. Бұл құқықтық жүйелер бір-бірімен сабақтастық түрде дамыған. Оларды ұқсастығына қарай топтастырып құқықтық жүйеге келтіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет