Реферат «Операциялық жүйе»



бет1/12
Дата18.11.2022
өлшемі38 Kb.
#51071
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қарағанды Бөкетов университеті


РЕФЕРАТ
«Операциялық жүйе»

Орындаған: ДСинф-22-1к


Темирова Арайлым
Тексерген:Оразгалиева М.А.
КІРІСПЕ
Операциялық жүйе (ОЖ) компьютердің барлык құрылғыларының жұмысын және бағдарламалық жасақтауды басқару үшін қажет. Операциялық жүйе - компьютер косылғанда бірге жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы бағдарлама. ОЖ колданушымен сұхбат ұйымдастырады, орындауға басқа бағдарламаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (жедел жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.
Дербес компьютерлер үшін ОЖ-лер бірнеше параметрлер бойынша ерекшеленеді: бір есепті және көп есепті; бір қолданушылық және көп колданушылық болып жіктеледі.
Бұдан басқа, ОЖ-де командалық немесе графикалық (немесе екеуі бірдей) көп терезелі интерфейс болуы мүмкін. Бір есепті ОЖ әрбір кезеңде компьютерде адамға бір ғана есепті шешуге, яғни тек бір ғана іспен айналысуға мүмкіндік береді. Көп есепті ОЖ бір мезгілде бірнеше бағдарламаларды іске қосуға мүмкіндік береді. Бұдан бірнеше жыл бұрын Місrosoft компаниясының қарапайым бір есепті, бір қолданушылы командалық интерфейсі бар МS-DОS операциялық жүйесі ең танымал болған.
Операциялық жүйелердің қазіргі кездегі атқаратын ролі жоғары болуы және оның заманға сай өзгеріп отыруы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Операциялық жүйе туралы түсінік беру, олардың даму тарихы мен компьютерге орнату жолдарын, оларды баптау әдістерін көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- операциялық жүйе туралы мағлұмат жинастыру;
- олардың түрлерін анықтау;
- операциялық жүйенің құрылымына шолу жасау;
- компьютерге орнату әдістерін көріп, танысу
Реферат кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде жалпы құрылымы туралы айтылған. Бірінші бөлімде операциялық жүйе туралы түсінік берілген, Windows операциялық жүйесінің даму тарихы және оның элементтері туралы айтылған. Ал екінші бөлімде Windows операциялық жүйесін комьютерге орнату жолдары, оларды баптау әдістері көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет