Реферат пәні : Физиканы оқыту Тақырыбы



бет1/3
Дата29.11.2022
өлшемі0,58 Mb.
#53416
түріРеферат
  1   2   3



РЕФЕРАТ

Пәні : Физиканы оқыту
Тақырыбы: Іс-әрекеттегі тақырыпты таңдау және зерттеу



Орындаған: Жолдасова М
Қабылдаған: Турсынбаев А




ЖОСПАРЫ:
:..

01

02

Іс-әректтегі зерттеу: Мұғалімнің белсенді тәжірбиесі

Кәсіби оқыту мәсселелері:

03

Іс-әрекеттегі зерттеулердің түрлері:


01


Іс-әректтегі зерттеу: Мұғалімнің белсенді тәжірбиесі



Мұғалімнің белсенді тәжірбиесі:
Мұғалімнің белсенді тәжірбиесі- педагогиканың өзекті мәселелелерінің бірі. Білім сапасының кепілі –мұғалімнің кәсіби дайындығы мен шеберлігі. Оқушылардың білім сапасының мұғалімнің кәсіби даму деңгейіне тікелей тәуелді екенін халықаралық зерттеулер негізінде жасалған диаграммадан көруге болады. Төменде келтірілген диаграмма мұғалімнің кәсіптік дайындығы мен оқушының білім сапасы арасындағы тәуелділікті дәлелдей түседі. Диаграммада білім деңгейі бірдей екі оқушы берілген. Бірақ 8 жастан бастап оларды кәсіби деңгейі әр түрлі мұғалімдер оқытқан: жоғарыда көрсетілген оқушы –кәсіби шеберлігі жоғары мұғалімдерден, ал төменде көрсетілген оқушы біліктілігі төмен мұғалімдерден білім алады. Арада үш жыл өткен соң, үздік мұғалімдерден білім алған оқушының білім сапасы — 90 %, ал екінші оқушының білім сапасы- 37 %. Зерттеу нәтижесі жоғары білікті мұғалім сабақ беретін сынып оқушыларының біліктілігі төмен мұғалім сабақ берген оқушыларға қарағанда танымдық тұрғыдан 3 есе тез дамығанын көрсетіп отыр.
Көптеген нормативті құжаттарға сәйкес мұғалім 5 жылда бір белгілі сағаттар мөлшеріне сәйкес біліктілік курстарынан өтіп, өзінің шеберлігін шыңдап отыруы тиіс.
Осы уақытқа дейін семинарлар мен конференцияларға қатысу, әріптестерінің сабақтарына қатысу және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысу мұғалім тәжірибесін жетілдірудің оңтайлы тәсілдері ретінде қаралып келді. Бірақ аталған тәсілдер арқылы біліктілік арттыру оқу үдерісіне елеулі өзгерістер енгізіп, олардың тұрақты орын алуына ықпал ете алмағандығын уақыт дәлелдеп бергендей. Аталған біліктілік арттыру тәсілдері сыртқы білімді (эксплициттік) ғана қалыптастырады. Эксплициттік білімді имплициттік білімге айналдырғанда ғана ол нәтиже береді. [4, 8-б.]. Осы тұрғыдан мұғалімнің күнделікті оқыту тәжірибесін зерттеуі ішкі білім алудың аса тиімді тәсілі болып табылады, өйткені олар мұғалімдерді өз тәжірибелеріне терең үңіліп, оған сыни көзбен қарап, өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдау негізінде шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. Сол себепті Педагогикалық шеберлік орталығымен әзірленген біліктілік арттырудың деңгейлік бағдарламаларында мұғалімдерге күнделікті тәжірибесін зерттеу негізінде кәсіби дамуына ықпал ететін заманауи тәсілдер қарастырылған.











  • Практик-мамандар мектеп проблемаларын ойластыратын және оларға жауап беретін үдеріс мектеп базасындағы іс-әрекеттегі зерттеу болып табылады.




  • «Іс-әрекеттегі зерттеу адамдардың тәжірибесін, тәжірибе туралы түсінігін және тәжірибе жүргізілетін жағдайды түсінуін өзгертеді. Ол жаңа үлгілерді – жаңа өмірлік бағыттарды қалыптастыра отырып, «сөйлеу», «тәжірибе» санаттарының мазмұнын өзгертеді.




  • Бұл тәжірибе – басқа тәжірибелерді өзгертетін мета тәжірибе. Метатәжірибе өз кезегінде басқа тәжірибелер қалыптастыратын дәйектерді, әрекеттер мен байланыстарды өзгертеді.




  • Басқаша айтқанда, тәжірибені өзгерту – бұл істеп жатқан ісімізді өзгерту, түсінікті өзгерту – бұл біз қалай ойлайтынымызды өзгерту, жағдайды өзгерту – бір-бірімізге деген қарым-қатынасымызды өзгерту дегенді білдіреді.




Мектеп базасындағы іс-әрекеттегі зерттеу: дегеніміз не?







1






Іс-әрекеттегі зерттеудің мақсаты төмендегідей:









2



  • - Теориялық идеяларды іс жүзінде тексеру.

  • - Оқыту тәжірибесін өзгерту әрі жақсарту және бұл өзгерістерді өзі бағалау. Практиктің кәсіби дамуын жетілдіру:

  • - Өз ұстанымдарының маңызын, жеке мақсат қоюдың орынды екенін анықтау.

  • - Әрекеттерін ойдағыдай басқару үшін өзінің жасырын әлеуетін ашу.

  • - Тәжірибелік проблемалар мен теориялық идеялар арасындағы беймәлім дүниелерді зерттеу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет