Реферат Тақырыбы : Емдік дене шынықтыру: түрлі ауруларды болдырмауға бағытталған дене жаттығулар кешені Қаржы 21 тобы



бет1/4
Дата24.11.2022
өлшемі25,63 Kb.
#52409
түріРеферат
  1   2   3   4

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Реферат
Тақырыбы: Емдік дене шынықтыру: түрлі ауруларды болдырмауға бағытталған дене жаттығулар кешені

Қаржы 21 тобы
Орындаған:Тоқбергенова М.Е
Тексерген: Тұңғышмұратова Л.С

Астана қаласы,2022 жыл
ЕДШ (емдік дене шынықтыру)- бұл емдеу- денсаулығын неғұрлым жылдам және толық қалпына келтіру мен аурудың асқынуын алдын алу мақсатында пайдаланылатын дене шынықтыру құралдарының әдісі. ЕДШ әдетте регламенттелген тәртіп аясында басқа да терапевтикалық құралдарымен бір үйлестікте пайдаланылады. ЕДШ емдік дене шынықтырудың қолданыстағы факторы тітіркендіргіш тұрақтандыру ретінде қолданылатын науқасты оңалту және емдеу мақсатында арнайы ұйымдастырылған физикалық жаттығулар яғни қозғалыс болып табылады. 
Емдік дене шынықтыру жаттығулары келесі бағытта қолданылады:

  • травмотологиялық (ашық және жабық сынықта,зақымданған тіндердің емін жеделдету үшін);

  • ортопедиялық (буын аурулары, жалпақтабан т.б)

  • неврологиялық (остеохондроз, диск жарығы, инсульт,иық жауырын периортроз, депрессиялық жағдай т.б )

  • кардиологиялық (жүректің ишемиялық ауруы, гипертония,т.б) жүрек бұлшықетінің тамақтануын жақсарту және функцияларын нығайту;

(ЕДШ) — жүрек-қан тамырлар жүйесі, қимыл-тірек жүйесі аурулары кезінде, сколиоз және гипертензиялық синдром кезінде, жарақат алғаннан кейінгі барлық буындардың қимылын қалпына келтіру физикалық жаттығулардың түрлі амалдарын қолдану жүйесі.
Біздің орталықта емдік дене шынықтыру тек қана дәрігердің тағайындауымен және ЕДШ нұсқаушысының қадағалауымен жүргізіледі. Емдеу дене шынықтырудың әдісін және құралын таңдау үшін аурудың ерекшелігі және пациенттің жағдайы есепке алынады.
Емдік дене шынықтыру жаттығуларын мынадай аурулары бар пациенттер қолданады:

  • орталық перифириялық жүйке жүйесі ауруларымен (ми қан айналымының бұзылуы, жүйке жүйесінің демиелиниленген аурулары, шеткі невриттер мен невропатия,вегетативтік жағдай тб );

  • тірек- қозғалыс аппарат аурулары (полиостеоартроз және т.б);

  • травмалық емес омыртқа аурулары (дене мүсінінің зақымдануы, арқа омыртқаның қисаюы, остеохондроз, омыртқааралық диск жарығы және протрузия, грыжа т.б.

 Сонымен қатар пациенттер мынадай аурулардан кейін қалыпқа келу үшін жүгінеді:

  • бас сүйек- ми зақымы,

  • арқа жарақаты

  • сүйек қаңқасының жарақаты,

  • буынға хирургиялық ота жасағанда (артроскопиялық оталар, эндопротездау, остеосинтез)

  • инфарктен кейін және жүрек қан тамырларына ота жасағаннан кейін,

  • инсульттан және нейрохирургиялық отадан кейін.

Сонымен қатар бізге арықтау үшін, салмақты қалыпқа келтіру үшін немесе жалпы сауықтыру бағдарламасы қажет азаматтар жүгінеді.
Емдік дене шынықтыру залы механотерапияға арналған заманауи тренажерлармен жабдықталған: жүгіретін жолдар, велотренажерлар, гимнастикалық сақинамен швед қабырғасы, веломоттар тб. Кинезотерапия бойынша сабақ өткізу үшін залда әртүрлі модификациядағы вертикализаторлар, Бобат үстелі, коленоупорлар, стабилоплатформалар және т.б. қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет