Реферат тақырыбы : «Төлем жүйесі хаттамасын талдау»


Қазақстан Республикасының төлем жүйелері



бет6/9
Дата06.01.2022
өлшемі33.84 Kb.
#15641
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.1.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйелері


Қазақстан Республикасының төлем жүйелерін ҚНИ-ға арналған қағидаттарды сақтау тұрғысынан алғашғы рет өзін-өзі бағалау 2013-2014 жж. жүргізілді. Өзін-өзі бағалау туралы есеп 2015 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланды.

2013-2014 жылдары жүргізілген өзін-өзі бағалау нәтижелері бойынша ҚНИ-ға арналған қағидаттарды сақтау бойынша ұсынымдарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалды, оған сәйкес Ұлттық Банк БААЖ-ның жұмыс істеуін регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық базаны ҚНИ-ға арналған қағидаттардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша жұмыс жүргізді.

2016 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол қойды. Заңның мақсаты Қазақстанда төлем жүйелерінің жұмыс істеуін кешенді регламенттеу және төлем қызметтері нарығын реттеу, төлем қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, сондай-ақ ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру саласындағы банк практикасын жетілдіру болып табылады.

Төлем жүйелерінің жұмыс істеу саласында «төлем жүйесі», «төлем жүйесінің операторы» және «төлем жүйесінің қатысушылары» деген негізгі ұғымдар енгізілді, төлем жүйелерінің жіктелуі және олардың маңыздылығының өлшемшарттары (жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге де төлем жүйелері), сондай-ақ төлем жүйелерінің операторларына қойылатын талаптар анықталды. Заңда сондай-ақ ҚРҰБ-ға тиісті мәліметтерді ұсыну бойынша жүйелік маңызы бар және маңызды төлем жүйелерінің операторларына қойылатын талаптар көзделеді.

Заң нормаларын іске асыру мақсатында БААЖ жұмыс істеуін реттейтін мынадай нормативтік құқықтық құжаттар әзірленді және қабылданды:ҚРҰБ Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 201 қаулысымен бекітілген Банкаралық ақша аудару жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;ҚРҰБ Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №214 қаулысымен бекітілген Жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйесі операторының немесе операциялық орталығының ақша төлемдері және аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары;ҚРҰБ Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №218 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі не оның еншілес ұйымы операторы болып табылатын төлем жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары;ҚРҰБ Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысымен бекітілген Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар.

Сенімді және қауіпсіз төлем жүйелері жалпы алғанда мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал жасайды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылар арасында уақтылы есеп айырысуға кепілдік береді. Төлем жүйесін жетілдіру, оны одан әрі дамыту ҚРҰБ-та аса маңызды басымдығы болып табылады. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінің біріне жатқызылған. Елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ-да төлемдердің есебі нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге түскеннен кейін бірден бірнеше секунд ішінде есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет