Реферат Тақырыбы: Арнайы педагогика ғылымы туралы түсінік



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі30,76 Kb.
#132968
түріРеферат
  1   2   3

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті


Реферат

Тақырыбы: Арнайы педагогика ғылымы туралы түсінік


Орындаған: Амзеева Фариза,Спабек Фариза


Тобы: 1801-12
Қабылдаған: Ахметова Эльмира

Шымкент, 2023


Жоспары:

Кіріспе…………………………….……………………………3


  1. Арнайы педагогиканың пәні, нысаны, мақсаты мен міндеттері…………………………….………………….4

  2. Арнай педагогиканың негізгі түсініктері…………………………….…………………5

  3. Арнайы педагогиканың салалары…………………………….……………………7

  4. Арнайы педагогиканың әдістері…………………………….………………………9

Кіріспе


Арнайы педагогика - педагогика ғылымының бір саласы. Арнайы педагогика өмір сүру әрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірін сүру әрекетінде мүмкіндіктері шектелген адамды, олардың барлық өмірінің циклін қамтиды.
Қазіргі уақытта халықаралық педагогикалық теория мен практикада «арнайы педагогика» мен «арнайы білім беру» атаулары қатар қолданылады. Бұл атаулар әлемдік білім беру жүйесіндегі гуманистік көзқарастар бойынша «коррекция», «қолдану» түсініктерімен сәйкес келеді. Ағылшын тіліндегі «special» атауының түп-тамыры бойынша «ерекше», «жеке» деген ұғымды бере отырып, арнайы педагогиканың жеке түрдегі бағытын анықтайды.
Арнайы педагогика аралас ғылымдармен, соның ішінде медицинамен, арнайы психологиямен тығыз байланыса отырып, педагогикалық ғылымның бір саласы ретінде қарастырылады.
Арнайы психология зақымдалған психикалық ерекшеліктерін, оның ішінде себептерін, оның мәнін, заңдылықтарын, танымдық әрекеттері мен эмоциялық-ерік саласын, тұлғалық дамуын зертейді.
Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі бола отырып, оның бір саласы ретінде дене және психикалық дамуында кемшілігі бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және қолданбалы аспектілерін құрастырады.
Көптеген жылдар бойы арнайы педагогика саласындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды зерттеу, оқыту мен тәрбиелеу мәселесі басқа ғылыми салалармен бірігіп қарастырылып келеді. Психикалық дамудың кешеуілдеуі дефектологиялық зерттеулерде клиникалық, психологиялық және педагогикалық тұрғысынан зерттелген.
XX ғасырдың 90 – шы жылдарынан бастап екі ғылымның: арнайы педагогика мен арнайы психология саласының бағыттары дербес дами бастады.


1. Арнайы педагогиканың нысаны педагогикалық феномен ретінде қарастырылатын ерекше білімді қажет ететін тұлғаларды арнаулы оқыту процесі.
Арнайы білім берудегі зерттеулер мен педагогикалық көмек көрсету жұмысының субъектісі – мүмкіндігі шектеулі тұлға.
Арнайы педагогиканың пәні – арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі, дамудағы кемшіліктерді алдын алу, түзету мен жою, олардың әлеуметтенуіне бағытталған коррекциялық – педагогикалық жұмыстардың қағидалары, мазмұны мен әдістері.
Арнайы педагогиканың мақсаты – психикалық немесе дене дамуында кемшілігі бар тұлғаларға білім беру мен оларды әлеуметтендірудегі арнаулы білім беру мазмұнының теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру. Теориялық міндеттері:

  • арнаулы оқыту мен тәрбиелеудің теориялық – әдіснамалық негіздерін құрастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеудің қағидаларын, әдістері мен мазмұнын құрастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім берудегі педагогикалық жүйелерді зерттеу;

  • дамудағы кемшіліктердің алдын алу мен жоюдағы педагогикалық құралдарды анықтау, жасақтау және жүзеге асыру.

Практикалық міндеттері

  • арнаулы білім беру мекемелерінде және инклюзитивті білім беру жағдайында педагогикалық процесті ұйымдастыру;

  • арнаулы білім берудегі педагогикалық технологияларды жасақтау;

  • білім беру және коррекциялық – дамыта оқыту бағдарламаларын құру;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға кәсіптік білім беру, оларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу бағдарламаларын құру;

  • алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелерді талдау, қорытындылау.



2.Арнайы педагогика жалпы педагогиканың құрамдас бөлігі ретінде жалпы педагогикалық түсініктерге сүйеніп, арнайы педагогиканың ерекшелігін анықтайтын арнайы терминологияны қолданады.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарда арнаулы білім беру саласында қолданылатын кейбір терминдерге анықтама беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет