Реферат тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің қызметін зерттеу әдістері. Ауыз құрылысының, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның құрылысы



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі37,28 Kb.
#20279
түріРеферат
  1   2   3

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Қашықтықтан оқыту факультеті
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің қызметін зерттеу әдістері. Ауыз құрылысының, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның құрылысы.
Орындаған: ДШҚқ 131

тобының студенті

Бексултанов Адиль

Талдықорған қаласы, 2021 жыл

МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
І. Ас қорыту мүшелерінің қызметін зерттеу әдістері.

ІІ. Ауыз құрылысының, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның құрылысы.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адам өз тіршілігіне қажетті қоректік заттарды тамақтану арқылы алады. Желінген тамақ сол күйінде бойға сіңбейді. Сондықтан ол ас қорыту мүшелерінде қорытылып, ыдырап, соның нәтижесінде гіайда болған заттардан организм өзіне тән бейімделген заттарды құрады.

Астың құрамындағы заттар бірнеше сағаттың ішінде болшектеніп, қорытылып, ыдырауы тиіс. Тамақтың құрамы (нан, ет, ірімшік, кәртөп, сүт, қияр, қызамық, жұмыртқа, алма, өрік т. б.) адам денесіндегі ұлпалардың заттарына мүлде ұқсамайтындықтан, олар қорытылып, дененің ұлпаларын жасауға қажетті қарапайым заттарға бөлінеді. Мұндай  бөліну адам денесінде ерекше жүйе құратын  – ас қорыту мүшелерінде болады.

Сол сияқты жеген тамақта ауыз қуысынан тік ішекке дейін апарылады. Ас ауыз қуысында, одан соң асқазанда, содан кейін он екі елі ішекте, ащы ішекте біртіндеп қорытыла және сіңіп, ақырында қажетсіз қалдық заттары гік ішек арқылы сыртқа айдалады. Жеген тамақ белгілі бір жылдамдықпен ас қорыту мүшелерінің қабырғасындағы еттердің жиырылуына байланысты бір бағытта жылжиды. Егер ас қорыту жолының қозғалысы жылдам болса, онда жеген ас толық қорытылып үлгермейді. Ал, керісінше, баяу қозғалатын болса, ас қоймалжыңы бір жерде тұрып қалып, ас қорыту бұзылады. Ас қорыту мүшелерінің қозғалысын жүйке жүйесі реттейді.

Бұл химиялық «конвейерде» асты қорыту ерекше заттар – ферменттер  арқылы іске асады. Ас қорыту мүшелерінің бәрі дұрыс  болғанымен, ферментсіз ас қорыту жүйесінде тамақ қорытылмайды, нәтижесінде ас қоймалжыңы
бірнеше сағат бір орында жатып қалады да шіріп, улы заттарды, газды боледі. Адамның іші «кеуіп» мазасы кетеді.

Су, минерал тұздары  мен витаминдер организмде өзгермей, сол күйінде сіңеді. Ал тамақтың құрамындағы белоктар, майлар мен көмірсу сол күйінде сіңбейді. Бұл қоректік заттар ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы сіңе алмайтын ірі молекулалардан тұрады. Ең бастысы -олар адам денесі үшін басқа текті заттарға жатады, сондықтан организмнің ішкі ортасына бармай тұрып, қорытылады.

Тамақтың құрамындағы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай  химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп  сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы  (қарын асты) бездері жатады.

І. Ас қорыту мүшелерінің қызметін зерттеу әдістері.

Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда  тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық  тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият  ұзақ  шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.

Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.

Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ  және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты  тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.

Ауыз қуысына үш жұп  сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ  бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты. Сұйық  тамаққа сілекей бөлінбейді. Қою асқа, әсіресе құрғақ тамаққа шығатын сілекейдің құрамында  су көп болады. Құрғақ және қою тамақ шайналып, сілекеймен шыланып, жұтуға ыңғайлы ас қоймалжыңына айналады да, тілдің және үрт еттерінің қозғалысы арқылы жұтылады. (Ауыз қуысында механикалық әсерден басқа сілекейдің құрамындағы ферменттердің қатысуымен қоректік заттар қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында  көмірсуын қорытатын ферменттер бар. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша, оның негізгі ферменті сілекей амилазасы крахмал мен гликогенді ыдыратады, бірақ ауыз қуысында ас өте аз уақыт болады, сондықтан химиялық әсер тамақты қорытуда онша маңызды емес. Дегенмен сілекейдің рН — реакциясы сілтілі реакция болғаңдықтан, ас қоймалжыңының қарында біртіндепқорытылуына әсер етеді. Сілекейдің құрамындағы м у ц и н н і ң маңызы күшті, өйткені оның шұбаланып созылып жатқан белогы ас түйіршіктерін ауыз қуысынан өңешке, одан қарынға өтуіне ыңғайлы етеді.

Сілекейдің қорғаныш қызметі де маңызды. Оның құрамындағы                  лизоцим ферменті аспен бірге енген зиянды микроорганизмдерді (бактериялар, микробтар, вирустар) ерітеді немесе бірін-біріне жабыстырып тірлігін жояды..

Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс  істейді, бірақ олардың өндіретін сілекейінің мөлшері алғашқы айларда өте аз болады. 3 айдан аса сілекейдің мөлшері көбейеді, бірақ Бұл кезде баланың сілекейді жүту қабілеті нашар болғандықтан сілекейі шұбырып, өте көп өндірілетін сияқты сезім тудырады. Шын мәнінде оның айтарлықтай көбейетін мезгілі 9 бен 12 айда жоне 9-11 жаста. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.

Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада шамамен 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы балалардың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге ұқсайды, бірақ олардың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады. Жаңа туған сәбидің сілекейіндегі амилаза мен лизоцим ферменттері жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің құрамында  Бұл ферменттер бар. Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек кісілердегідей болады. Сәбидің сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады. Олар ауыз қуысының, тілдің құрғап қалмауын қамтамасыз етеді.

Жаңа туған сәбидің сілекейінің реакциясы айтарлықтай тұрақты : әлсіз-сілтілі реакциядан сәл ғана қышқыл реакцияға дейін өзгереді, ал ересектерде күні бойы рН 5,6-дан рН 8,3-ке дейін, яғни қышқылды реакциядан сілтілі реакцияға дейін өзгеріп тұрады.

4 жастан 12 жасқа дейін ауыз қуысының кілегейлі қабаты саны жағынан да сапасы жағынан да өзгереді. Бұл балалардың осы кездегі зат алмасуының ерекшеліктеріне және қорғаныс тетіктерінің қалыптасуына байланысты болса керек деген болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі қабаттағы түрлі клеткалар үлкен өзгеріске үшырайды.

Соңғы кезде сілекейдің құрамында  қанды үйытатын және қанның үюына кедергі жасайтын түрлі ферменттердің бар екені анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш қызметін күшейтеді. Ауыз қуысындағы кілегейлі қабаттың жаралануы күнделікті жиі болып тұратын жағдай. Сондықтан оны тез арада қалпына келтіру, қанның ағуын тоқтату, жараны асқындырмай мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды. Ауыз қуысының жарасы терідегі жарадан анагүрлым тез жазылатыны мәлім.

Сонымен қатар, сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал тұздары ның тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады. Сілекейдің құрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздар дың шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты көбейеді.

Жалпы алғанда сілекей бездерінің қызметі нәрестенің сүт тістері пайда болған мерзімнен бастап (5-6 ай) белсенді болады. Алғашқы екі жылда сүт тістері қарқынды қалыптасады да, 2-2,5 жаста барлық 20 сүт тістері болатыны айтылды. Осы кезден бастап бала ұзақ  шайнауды қажет ететін қатты тамақты көп мөлшерде қабылдауына болады.

Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына (мұрын  қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді.

Ауыз қуысында шайналып жұмсарған, жылытылған, сілекеймен араластырылған ас қоймалжыңын тіл көтеріп таңдайға тақап қысады. Ал таңдай доғасы оны жұтқыншаққа қарай ысырады. Бұл кезде жұмсақ  таңдай мен тілшік жұтқыншаққа қарай көтеріліп, оның қуысының мұрын  бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды. Сонда жүтылған ас мұрын  қуысына кетпей, өңешке бағытталады. Бұған  көмекейдің көтерілуі де көмектеседі. Тілдің түбірі көмей қақпақшасын үстінен басып, көмейді жауып тастайды. Ас қоймалжыңы өңешке қарай қозғалады. Жұтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре берісіндегі сфинктер еті босап, өңеш жолы ашылады да, жұтқан ас өңешке кіреді. Өңештің қабырға еттері жиырылып асты қарынға ысырады. Бұл кезде қарынның кіре берісіндегі сфинктер ашылып, асты қарынға өткізеді.

Өңеш. Ауыз қуысында ұсақ талып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзын дығы 22-27 см шамасындағы ұзын  түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп,   оны  өткізуге     бейімделген.     Мұнда   ас қорытыл майды.

Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туган сәбидің өңешінің ұзын дыгы 10 см, 5 жаста — 16 см, 15 жаста — 19 см.



Қарында астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері

Өңештегі ас қоймалжыңы қарынға  барып жеткеннен кейін қарындағы астың қорытылуы басталады. Бұл жерде ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етеді. Қарын сөл і н і ң құрамында  0,35-0,5 %-дық тұз қ ы ш қ ы л ы, органикалық заттар мен хлордың, фосфордың натрийдің және күкірттің тұздары  болады. Қарын сөлінің 98,5-99 % -су, 0,2-0,3 % органикалық заттар, қалғандары — тұздар . Қарын сөлінің белсенді рН реакциясы – қышқыл болады. Қарын сөлінің реакциясы тамақтың түріне байланысты, мысалы, ет жегенде сөлдің қышқылы 0,56 %, сүт ішкенде 1,48-0,50 %, нанға 0,45-0,49 % болады.

Органикалық заттарға ферменттер, азотты қосылыстар жатады.

Сөл құрамында  белокты ыдырататын п е п с и н, сүт казеинін үйытатын х и м о з и н (мәйек), майды қорытатын л и п а з а ферменттері болады.

Түз қышқылы ас түйіршіктерін ұсақ тап, майдалап, ферменттердің, әсіресе пепсин мен липазаның әсер етуіне дайындайды.

Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Пепсиннің әсерінен ірі молекулалы белок ыдырап, ұсақ  молекулалы пептон мен альбумозаларға айналады. Қарында барлық белоктар қорытылады, соның ішінде тамақпен бірге енген бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады. Қарын сөлі ұзақ  тұрғанда  бүлінбейді, шірімей, ашық тұра береді. Химозин сүтті ұйытады, сондықтан жаңа туған балалардың асты қорытуында оның маңызы үлкен.

Қарын сөлінің құрамындағы липаза ферменті ұсақ  молекулалы, айталық жұмыртқаның  сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.

Бұл ферменттің әсер етуі үшін түз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ  май тамшыларына айналдырады.

Қарын сөлінде амилаза ферменті болмаса да, ауыз қуысында қорытыла бастаған көмірсу сілекей амилазасының әсерінен ас қоймалжыңының ортасында әрі қарай қорытылады.

Қарын сөлінің асты қорыту күші тамақтың құрамына байланысты. Оның қорытқыш күші өсімдіктен жасалған тағамдарды жегенде жоғары болады, өйткені өсімдік белоктарының қорытылуы қиын. Майлы тағамдар қарында ұзақ  уақыт қорытылады. Жалпы алғанда қарын сөлінің мөлшері, құрамы, асты қорыту күші адамның тамақ қабылдау кестесіне, тамақтың түрлеріне, жасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Қарында ас шамамен 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.

Баланың қарнының кілегей қабаты нәзік, қан тамырларына бай, бірақ сөл шығаратын бездері аз болады, сыйымдылығы да кішкентай: 6 айлық баланың қарынының аумағы не бары 250- 300 мл.

Қарын сөліндегі тұз қышқылы мен ферменттердің күші 1 жасқа дейінгі балалардың сөлінде төмен болады да, содан кейін күшейе бастайды. Оның есесіне химозин ферменті өте белсенді болады, ал ересек адамда оның белсенділігі төмен. Емшектегі баланың сөлінің рН реакциясы жоғары. 1 айда – 5,84; 3-7 айда – 4,94; 7-9 айда – 4,48. 9 айдан аса -3,76-ға тең болады. Сондықтан сөлдің құрамындағы рН =2,0 болғанда белсенді болатын пепсин ферментінің қарындағы асты қорытуда рөлі төмен болады. Сондықтан емшектегі балаларға сиыр сүтін, немесе басқа жасанды сүттерді көп бергенде д и а т е з – бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады. Бұл баланың қарын сөлінің ферменттік белсенділігінің төмен екенін білдіреді.

Қарын сөлі қарынның кілегей қабатындағы без клеткаларында өндіріледі. Қарынның 1 мм2 кілегейлі қабатында жүз шақты бездер болады.

Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы х и м у с деп аталады. Қарын қабырғасындағы еттер жиырылып және босап, қорытылған асты араластырады, химустың ортаңғы жағын шетіне шығарып, ферменттердің әсер етуіне ыңғайлайды. Сонымен қатар, қорытылған химусты қарынның төменгі ішек жағына айдайды.

Жаңа туған сәбидің қарыны құрсақ қуысында көлденеңдеу орналасқан. Ересек адамда ол тік орналасқан. Қарынның пішіні де жасына байланысты әр түрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелек, 2-3 жаста алмүрт іспетті, 7 жаста ересек адамның қарынындай болады. Баланың жасына сай оның сиымдылығы да өзгереді: жаңа туған сәбиде 30-35 мл, 1 жаста он есе өседі, 10-12 жаста – 1,5 л. Ересек адамда -1,5-2 л. Бала туғаннан кейін оның қарынының ет қабаты мен кілегейлі қабаты күшті өзгереді. Сәбилердің қарынының ет қабаты әлсіз, без клеткалары нашар дамыған және аз болады. Қарын сөліндегі ферменттердің белсенділігі ересектерден анағүрлым төмен. 1,5-3 жаста, 5-6 жаста және 12-14 жаста белокты ыдырататын ферменттер, 15-16 жаста түз қышқылының мөлшері көбейеді. Балалардың қарын сөліндегі  тұз қышқылының концетрациясы аз болғандықтан қарын сөлінің бактерицидтік қабілеті 6-7 жасқа дейін нашар болады да, ішек-қарын инфекцияларына қарсы күрес нашарлайды. Баланың осіп, дамуына байланысты қарын сөлінің мөлшері көбейіп қана қоймай, ферменттердің белсенділігі артып, жоғарғы сынып оқушыларында ересектердегідей болады. Айта кететін жағдай, 10 жасқа дейін балалардың қарын қабырғасында сіңу ересектерден қарқынды болады. Ал ересек адамдарда сіңу, негізінен, ащы ішекте ғана болады дей аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет