Реферат Тақырыбы: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңдардың орындалуын бақылау Орындаған: Сайлау Думан



бет1/7
Дата16.02.2022
өлшемі30,98 Kb.
#25613
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7

АКАДЕМИК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ



Реферат
Тақырыбы: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңдардың орындалуын бақылау

Орындаған: Сайлау Думан

Тобы: ТЭК-10

Қабылдаған:

Қарағанды 2021жж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

  2. Мемлекет еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері

  3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша жоспар

  4. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ереже


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Еңбекті қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздік бойынша мәселелерге ерекше назар бөлінеді. Аталған сұрақ бойынша барлық шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жұмыскерлердің денсаулығы мен өмірін сақтауға бағытталған. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында мониторинг жүргізіледі. Еңбек шартын жақсартуға, қауіпсіз технологияларды, жеке қорғанысты енгізуге, өндірістегі бақытсыз жағдайларды есепке алу тәртібін орнатуға, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында заңнама талаптарын сақтауға және т.б. бағытталған әшкі құжаттарды әзірлеу және қабылдау жүргізілуде.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы басты қағидалар:


  • жұмыскердің өмірін және денсаулығын сақтау;

  • жұмыскерлердің денсаулығына өндірістік зиянды әрекеттердің әсер етуіне жол бермеу;

  • еңбек шартында жұмыскерлердің құқығын қорғау;

  • аумақтық бөлімшелер және реттеушілердің өкілдерінің келісілген әрекеттерін қамтамасыз ету;

  • қауіпсіздік және еңбекті қорғау жағдайы туралы ақпараттық толықтығы және шынайылығы.

Еңбекті қорғауды басқару саласында мақсатты тұжырымдаудың бірыңғай жүйесі енгізілді, атап айтқанда мәдениетті арттыру және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жүйені жетілдіру бағдарламасы, қызметтің жаңа негізгі функционалдық көрсеткіштері бекітілді.

Жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде бақытсыз жағдайлардан міндетті сақтандыру шарты, сондай-ақ іріктеушілердің ауыру жағдайларына ерікті медициналық сақтандыруға жылдық шарт жасалды.

Электр қондырғыларын, өндірісік жабдықтарды пайдаланғаны үшін жауапкершіліктерін; өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өндірісте бақытсыз жағдайларды азайту мәселелерін қоса алғанда еңбекті қоғау сұрақтарын реттейтін бұйрықтар шығарылды. Жұмыс орнында қауіпсіздікті реттейтін тиісті нұсқаулар, саясат және ережелер бекітілді.

Жыл сайын «Қаупсіздік және еңбекті қорғау апталығы», «Денсаулық күні», «Донор күні», «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау күні» өтеді.

Тәжірибе бақытсыз жағдайлар орын алды, олардың әрқайсысы еңбек қызметімен байланысты және медициналық қорытындыға сәйкес еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жұмыскерлер мұқият тексерілуде. Еңбек қызметімен байланысты ауыр, өлімге әкелген және топтық бақытсыз жағдайлар арнайы тергеледі. Еңбек қызметімен байланысты жергілікі органдарға уақытында хабарланбаған бақытсыз жағдайлар жәбірленушінің өтініші бойынша тергеледі.

Әлеуетті қаупті анықтау, тәуекелдерді бағалау, бақытсыз жағдайларды тергеу ішкі процедураларға сәйкес жүргізіледі. Негізгі қауіптіліктерге жататындар: жол-көлік апаты, иттердің шабуылы, құлау.

процесінде әрбір жұмысшыға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулар беріледі. Нұсқауда жұмысқа дейін, барысында және жұмыс аяқталған кейінгі уақыттағы талаптарды, сондай-ақ апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда жалпы талаптар бар.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі еңбекті қорғау, қауіпсіздік және жұмыскерлердің денсаулығы бойынша мақсаттарға қол жеткізу жөнінде барлық іс-шараларды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін жауапкершілікте болады.Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды жаңғырту бойынша ұсыныстар енгізеді, ішкі және сыртқы ортаны талдау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерінің жанжалдарды анықтаудың мерзімділігіне және толытқтығына бақылау жүргізеді.

Еңбек шартын жақсарту және өндірістік тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз ететін әрқайсысы ұйымдастыру, өндірістік және басқа да іс-шаралардан тұратын шағын бағдарламалар бекітілді. Мақсаты – жұмыскерлердің тартымдылығын, жұмыс орнында қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында коммуникалық процесстердің тиімділігін арттыру. Жүзеге асыру нәтижесі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік жарақатты азайту бойынша заңнаманың сақталуының артуы күтілуде.

Аталған шағын бағдарламалар қауіпсіздік және еңбекті қорғаудың келесі салаларын қамтиды: қолмен басқаруға байланысты эргономикалық және бұлшық ет-қаңқа жарақатының алдын алу; жылжымайтын тұрғын иелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде хабардарлығын арттыру; ауылдық аймақтарға пошта жеткізу қауіпсіздігі; жұмыскерлердің психологиялық саулықтарын жақсарту; қауіпсіздік мәдениетін дамыту.

Өндірісте бақытсыз жағдайлардың алдын алу және азайту мақсатында тұрақты негізде келесі ус-шаралар қарастырылған:

‒ пошта тасулырадың құлауын және жарақат алуларына жол бермеу үшін жолдарда және көшелерде тайғақтың алдын алу үшін жергілікті атқару және кәкілетті органдармен өзара әрекеттесу;

‒ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша пошта тасушылармен, іріктеушілермен және жүргізушілермен күн сайынға нұсқамалар;

‒ жұмыскерлермен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша тұрақты оқытулар;

‒ пошта тасушылармен, іріктеушілермен және жүргізушілермен ауысым алдындағы нұсқамалар;

‒ жаңадан қабылданған және ауысып келген жұмыскерлер, уақытша жұмыскерлер, іссапарланғандар, студенттер, тәжірибе өтуге келгендер үшін кіріспе нұсқамалар.

Жұмыс орнын ұйымдастыру; ішкі бақылау жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша фото есеп ұсыну; қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама жүргізу жөнінде нұсқаулықтар бекітілді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғауды қаматамсыз ету жүйесі, сондай-ақ қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша ішкі құжаттар әр түрлі учаскелерде іске қосылған мердігер ұйымдарға да таратылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет