Реферат Тақырыбы: Қазақ тілі мен орыс тілінің классификациясы Орындаған: Тұрар Әлима



Дата07.12.2022
өлшемі23 Kb.
#55578
түріРеферат

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті




Реферат
Тақырыбы: Қазақ тілі мен орыс тілінің классификациясы


Орындаған: Тұрар Әлима
Тобы: 1701-39
Қабылданған: Арынбаева Д

Тілдердің топтастырылуы (таптастырылуы) — дүние жүзіндегі тілдердің туыстық жақындығына және грамматикалық құрылысындағы ұқсастықтарына қарай бөлінуі. Бұл белгілеріне қарай дүние жүзіндегі тілдері типологиялық (морфология) (қ. Тілдердің морфологиялық-типологиялық топтастырылуы), генеалогиялық (туыстық) (қ. Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы) болып екі үлкен топқа топтастырылады.


Тілдердің топтастырылуы орыс классификация языков — зерттеу мақсатына сай ұқсас белгілеріне қарап әлемдік тілдерді жіктеп топтастыру. Тілдердің топтастырылуы проблемасы тілдерді салыстырып зерттеу нәтижесінде туған, оның екі түрі бар: тілдердің генеалогиялық топтастырылуы және типологиялық топтастырылуы. Бұлардың алғашқысы — тілдердің туыстығына, кейінгісі — тілдердің формалдық және семантикалық ұқсастығына негізделеді. Мақсаты жағынан бұлар бір-біріне жақындамайды, бірақ принципі жағынан байланысты болуы мүмкін. Мәселен, тілдердің генеалогиялық топтастырылуы тек болжам түрінде болған жағдайда көбінесе типологиялық белгілерге негізделеді. Ал олардың дербестігі тілдердің генеалогиялық топтары анықталған жағдайда типологиялық топтастырылу мүмкіндігінен байқалады. Тілдердің топтастырылуынын аймақтық Тілдердің топтастырылуы деп аталатын үшінші түрі бар, ол өз дербестігін сақтағанымен, жоғарыдағы екі топтастырылудың аралығында болып келеді. Аймақтық тілдердің топтастырылуында тілдердің не диалектілердің түйісуіне байланысты тілдік белгілер маңызды рөл атқарады. Тілдердің топтастырылуын генетикалық тұрғыда қарастырғанда отбасы, топ, тарау т.б. таксономиялық (туыстық жақындықты білдіретін) категориялар; типологиялық тұрғыда — тип, класс; аймақтық тұрғыда — аймақ, аудан, зона сияқты категориялар пайдаланылады.
Тілдер одағы аймақтық тілдердің топтастырылуының ерекші түрі болып табылады, тек генеалогиялық тілдердің топтастырылуында абсолюттік сипат бар, себебі әрбір тіл тек белгілі бір генеалогиялық топқа кіреді, ол өзгермейді. Типологиялық тілдердің топтастырылуы тіл құрылымы тарихи өзгеріп отыратындықтан, қашанда қатыстық (тұрақты емес) сипатта болады, ал аймақтық тілдердің топтастырылуы неғұрлым тұрақты сипатта болып келеді. Тілдердің топтастырылуы мәселелері 19 ғ.-дан бері зерттеле бастады. Бұл саладағы алғашқы күрделі еңбектердің бірі — И. К. Аделунгтың "Митридат" еңбегі, онда тілдердің топтастырылуының үш түрі бірге қарастырылған. 20 ғ. орта тұсынан бері тілдердің топтастырылуының әр түрінің теориялық принциптері жиі талқылана бастады. Көптеген тілдердің (Африка, Океания, Полинезия) генеалогиясы әлі анықталған жоқ. Кейбір тілдердің туыстығы өте көне заманда болғанына байланысты метагенеалогиялық топтастыру (ностратикалық тілдер) мәселесі түрінде қарастырылуда.
Тіл білімінде дүние жүзіндегі тілдер екі түрлі тұрғыдан:1)Тілдік материалдың(түбірлер мен аффикстердің және сөздердің) бірлігі, яғыни шығу тегінің бірлігі тұрғысынан,2)Шығу тегіне баланыстырылма,құрлысымен типінің, ең алдымен, грамматикалық құрылысының, ыңғайластығы, ұқсастығы тұрғысынан топтастыоылады. Топтастырудың бірінші түрі тілдердің генеологиялық классификациясы делініп, екінші түрі тілдердің типалогиялық (немесе формолргиялық ) классификациясы делініп аталады. Енді осы топтастырулардың әрқайсысына арнайы тоқталайық.
Әр түрлі тілдірдің өз ара бір- бірімен туыстығы, туыстас тілдердің топтары дүнйе жүзіндегі тілдерді тарихи және салыстыра зерттеудің нәтйжесінде, салыстырмалы- тарихи методты пайдалана білудің арқасында ғана айқындалады. Атап айтқанда, роман тілдері, Герман тілдері, иран тілдері, түркі тілдері, финугор тілдері деп. топтастыру және дүние жүзіндегі басқа да тілдерді әр түрлі топтарға бөліп жіктеу салыстыра зерттеудің нәтйжесінде ғана іске асты.
Ең алдымен салыстырмалы- тарихи метод тілдердің адам баласт тілінің шығу процесінен бастап түрлі- түрлі болу фактісіне, яғни сол кездің өзінде әр түрлі тілдердің өзіне сай әр түрлі сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысының жасалу фактісіне негізделеді. Демен, салыстырмалы- тарихи метод ең алғаш жасалынған көптеген тілдерде белгілі бір зат немесе құбылыс әр түрлі лексикалық ата улар мен (сөздермен) аталғанын, біркелкі грамматикалық категориялардың түрлі-түрлі формаға ие болып, әр түрлі грамматикалық тәсілдермен берілгенін негід етіп, соған сүйенеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет