Реферат тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар»



бет1/2
Дата18.03.2023
өлшемі117,31 Kb.
#75332
түріРеферат
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті



РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақ тілін оқытуға қойылатын талаптар»
Орындаған:Джумагалиева Бинур
Қабылдаған:Жусанбаева С.Б.
Жоспар
Кіріспе:
Білім берудегі жаңашылдықтың ерекшелігі
Негізгі бөлім:
Қазақ тілін оқытудың маңызы
Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары,оған қойылатын талаптар
Оқытушының негізгі әрекеттері мен қазақ тілін оқыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

XXI ғасырда Қазақстан Республикасының әлемдегі өркениет пен ғаламдану процесіндегі мәдениетті игеруі барлық ғылым салаларына қатысты педагог мамандарды сапалы дайындау ісімен тығыз байланысты екенін қоғамдық өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Педагогтің білімі мен мәдениеті, ізденімпаздығы мен шеберлігі, біліктілігі мен беделі - жаңа ұрпақты тәрбиелеудің басты көзі және арнасы болып табылады. 


Сондықтан болашақ ұрпақ ғылым мен білімнің тұтқасын ұстап отырған ғалымдар мен ұстаздарға ерекше жауапкершілік артады. Жаңа қоғамның болашақ маманы ғылымның қазіргі өзекті мәселелерге сай зерттелуіне, білімнің сапасы мен тиімділігіне, практикалық тәжірибенің нәтижелігіне байланысты қалыптасады және тәрбиеленеді. 
Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі сыры мен қыры көп, өз ішінде түрлі-түрлі салаларға бөлінетін күрделі де бай тіл. Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис және пунктуация, тіл дамыту, тіл мәдениеті сияқты салаларға бөлініп оқытылады. 
Қазақ мектептеріндегі жұмыстың нәрлі, нәтижелі болуы ана тілін оқытуды ұйымдастырудың дәрежесіне, оның дұрыс жолға қойылуына байланысты. Өйткені, ана тілі тек пән ретінде оқытылып қана қоймайды, өзге пәндердің бәрінен де білім беруге және мектептегі бүкіл тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізуге негізгі құрал ретінде қызмет атқарады. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы 19 наурызындағы халыққа жолдауында "Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілуге тиіс. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз",- делінген. Заман талабына сай мектептерде білім мазмұны мен оның құрылымдық жүйесін жақсарту - кезек күттірмес шаралардың бірі. 
Мектеп балаларды дұрыс сөйлеуге, ана тілінің сөздері мен тиісті тәсілдерін саналы түрде дұрыс жұмсауға үйретеді. Мектеп оқушылардың сөздік қорына көп жаңа сөздер, жаца формалар қосады. Оларды қайда, қалай қолдану керектігін үйретеді. Мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі - жаңа қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі - қарапайым да, қажетті талап. 
Бүгінгі студент - ертеңгі маман. Қазақ тілін дамытатын да, оның қанатын кең жаюға көмектесетін де бүгінгі студент. Себебі, ол жоғары оқу ордасында бүгінгі жаңалықтарды терең меңгеріп, ертеңгі күні мектепте жүзеге асыруы қажет. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту Тұжырымдамасында педагогикалық мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты нақты мақсат-міндеттер мен ұстанымдар көрсетілген. Бұл құжатга: "Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады" /,,ҚР. 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы"/, - деп көрсетілген. 
Жалпы қазақ тілінде сөйлеп, жазуды үйрету - қоғамда қазақ тілінің мәртебесін жоғары дәрежеге көтерудің алғы шарты. Сондықтан қазақ тілі катынас құралы ретінде мектепте жүйелі білім беру арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, адамдармен әдепті түрде қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді. Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін айта кетуіміз қажет. Оқыту әдістемесі оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда, сондай-ақ жас жеткіншектің дүние-танымын жетілдіруде өте қажетті практикалық міндеттерді іске асырады. Оның басты мақсаты оқыту нәтижесінде оқушыларға қазақ тілінің негізін тиянақты меңгерту болып табылады. 
Оқыту әдістемесі өз алдына дербес ғылым ретінде басқа ғылымдармен, яғни лингвистика, психология, логика және педагогика ғылымдарымен өзара байланыста дамып отырады. Ал мұның өзі ұстаздардың жоғарыда аталған ғылым негіздерін жан-жақты терең біліп, жете меңгеруін талап етеді. Өйткені, мұғалім - балалардың білімі мен тәрбие ісіне жауап береді. 
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімізді жақсы білсек, аздаған педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерсек, баланы өз еркімізге бағындырсақ өте керемет ұстаз боламыз деген пікір болса, қазіргі таңда қоғам мен техниканың ғарыштап дамуына байланысты адамның да сана-сезімі өзгерді. "Жаңа оқушылар" деген феномен пайда болды. Олардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан әлдеқайда өзгерген. Қазіргі оқушылар - еш нәрседен ыға қоймайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке қабілетті, романтик қиялшы емес, көп нәрсеге сене бермейтін жандар. Сондықтан баланы өзінен төмен көретін, көп ақыл айтатын, істен гөрі құрғақ сөзге бейім мұғалімдерді олардың жан-дүниесі қабылдамайды. 
Осыған сәйкес жаңа ғасыр қазақ тілі пәнінің мұғалімдеріне жаңа, жоғары дәрежедегі талаптар қояды. Мұғалім жеке көзқарасы бар және оны қорғай білетін жігерлі тұлға әрі маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар ұстаз ешуақытта жалтақ болмауы тиіс. Өз ісін жетік білетін, оны табанды жүргізетін мұғалім ғана нақтылы нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай адам жұмыс істеген әр күніне есеп беріп отырады. Мұғалім педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. 
Қазіргі кезде дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағымы көбейді. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланың өмірдің әр саласына қатысты кез-келген сұрағына жауап беруге даяр болуы қажет. Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасуы үшін күресуі керек. Көп білу үшін көп оқу, оны зердеге тоқу, "Интернет" жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды. 
Міндетті білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр. Өзінің оқушысын өздігінше білім алуға үйретпеген мұғалім бүгінгі күнде белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алмайды. Бала толыққанды даму үшін осы тұрғыда мұғалім ғана көмектесе алады. 
Ұстаз ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптылық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай түсуге бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жете алатындай болу керек. Оның адамгершілік, саяси-идеялық үстанымы жұмысында көрініс тауып, ол үстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету нысанасы емес, ынтымақтаса қызмет ететін түлғаға айналуы қажет. Демек, бүлардың бәрі мұғалімдерге бүрынғыдан да зор жауапкершілікті, заман ағымына бейімділікті, жанқиярлықты талап етеді. 
Сабаққа қажетті оқыту әдістері мен тәсілдерін, дидактикалық оқу материалдарын және жаттығу түрлерін дұрыс таңдап, сабақта бейімділікпен қолдана білу ұшін ұстаз оқушылардың, ең алдымен, психологиялық, үғымдылық, яғни сабақты қабылдау ерекшеліктерімен тікелей санасуы керек. Сонымен қоса, логикалық талаптарға да баса көңіл бөлуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет