Реферат Тақырыбы: Балалар бірлестігінің түрлері ПӘН: «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет1/3
Дата19.02.2023
өлшемі30,34 Kb.
#69303
түріРеферат
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Білім және жоғары ғылым министрлігі М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Универстеті
СӨЖ
Реферат

Тақырыбы:Балалар бірлестігінің түрлері

ПӘН: «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



Орындаған: Пардабай А

Тобы:Фи-20-3к4
Қабылдаған: Аширбекова Т

МАЗМҰНЫ



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім



  1. Балалар бірлестігіне сипаттама.

  2. Дүние жүзіндегі алғашқы балалар ұйымдары.

  3. Қазақстандағы Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы.

  4. Балалардың әлеуметтік бағыттағы қоғамдық бірлестіктері



  1. Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе. Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым–қатынас жасау үстінде, тәлім – тәрбие, оқу-іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Сондықтан да, оның айналысатын іс–әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер көп. Солардың бастылары: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Адамның бір-біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні болмайды. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы екінші жаққа өз тағдырын тапсырады. Сенім – адамның ерік-жігерін, оның бір-біріне қарым-қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір-біріне ынтымағы да жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс–әрекет құлдырайды. Балалар бір-біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады. Олай болса, балалардың және жеткіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Жастар қозғалысы ол дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Кеңес Одағының тарауымен 1990 жылы Бүкілодақтық пионер слетінің шешіміне орай, балалар мен жас жеткіншектердің қоғамдық қозғалысының формасы мен басқару өкілдері тоқтатылды. Бұл жағдай мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді. Қазіргі таңда көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастырудың әдістемесі және мазмұны жаңа сипатқа ие болуда. Мысалы, Алматы обылысы әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларда үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс-шаралар атқаруда.


Дүние жүзіндегі алғашқы Балалар ұйымдары — Скауттар 20 ғасырдың басында қалыптасты. Ағылшын тіліндегі scout сөзі барлаушы деген мағына береді. Скауттердің қағидаларын ағылшын полк. Р. Баден — Поуэлл (1857—1941) өзінің “Скауттер үшін инструкция”, “Жастар үшін скаут өнері” (1898) сияқты еңбектерінде негіздеді. Скаутшілер жер бетіндегі балалар мен жасөспірімдер дос және бауыр деген принципті ұстанады. Ешқандай партияға бағындырылмады. Ұл балаларға арналған ұйымды бойскаут ,ал қыз балалар ұйымын герлскаут (gіrlscouts) деп атады. 1921 жылы скауттер ұйымы 63 мемлекетте (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Италия, Франция, Швеция, Үндістан, Ресей, т.б.) жұмыс істеді.КСРО-да Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында-ақ коммунистік партияның, кәсіподақ ұйымдарының басшылығымен өзінше қызмет атқаратын балалардың жаппай бірлестігі, яғни Балалар ұйымдары құрыла бастады. Олар алғаш жеке топтар ретінде дамып, 1922 жылы В.И Ленин атындағы бүкілодақтық пионерлер ұйымы құрылды. Бастауыш сыныптардың оқушыларын біріктіретін октябряттар тобы болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ұйым көптеген елдерде құрылып, дамыды. Олардың арнаулы демалыс орындары, сарайлары мен спорт кешендері болды. Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. 26 тамыз күні "Жас ұлан" ұйымының құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары бекітілді. 2011 ж. 1-қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев " Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет