Реферат тақырыбы: Болонья процесінің негізгі идеялары мен мақсаттарының ҚР-да білімді дамытуда қолданыс табуының көрінісі



Дата19.02.2023
өлшемі18,97 Kb.
#69083
түріРеферат

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Болонья процесінің негізгі идеялары мен мақсаттарының ҚР-да білімді дамытуда қолданыс табуының көрінісі


Орындаған: Жебеген Г.


Тексерген: Қағазбаева Ә. К.
2022-2023 оқу жылы

Болон процесі – еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациясымен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 48 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. [1]


Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин.
Болон процесі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Балонья процесінің негізгі идеялары
Білім игеру процесінің басты тұлғасы үйренуші деген ұстаным бүгінгі күнгі білім ұғымының жаңа мағынасы мен түсінігі жаңашыл таным философиясы мен оның түсініктерін ұстанатын біліми жобалар мен технологиялардың басты идеясы. Бұл идея Болонья процесінің негізгі қағидаларына сәйкес келеді. Қазақстанда білімді 2011-2020 жылдарда дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары Болонья келісімінің ортақ жоғары білім саласын құру , ұлттық жүйелерді жақындастыру және үндес.

Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27.07.2007) реттеледі. 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:


1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;
2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;
3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы – докторантура – магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.
Болон декларациясына сәйкес сынақ бірліктері немесе кредиттер жүйесін енгізу білім беру бағдарламаларын тануды қамтамасыз етеді. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізу ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тануға, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етуге елеулі үлес болып табылады. Демек, еліміздің барлық жоғары оқу орындары ECTS типі бойынша әзірленген кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделін пайдаланады.

Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға:



  1. Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;

  2. Ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

  3. Жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;

  4. Академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;

  5. Білім сапасын бақылау;

  6. Студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;

  7. Нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу -жатады.

Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттік орталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет