Реферат Тақырыбы: Ежелгі Араб мемлекеті



Дата20.11.2022
өлшемі20,36 Kb.
#51398
түріРеферат

Қазақстан Республикасының ғылым және жоғарғы министрлігі





Реферат

Тақырыбы: Ежелгі Араб мемлекеті

Орындаған: Қалихан Жансая Маратқызы
Тексерген: Кариева Тоты Амангельдыевна
2022 жыл

Жоспары:
1. Ежелгі араб феодалдық мемлекетінің құрылуы


2. VII - IX ғасырларда арабтардың жаулап алуы
3. Араб халифатының саяси басқару жүйесі
4. Тілі
5. Діні
6. Тарихы
7. Кәсібі
8. Мәдениеті
9. Дереккөздер

Ежелгі араб феодалдық мемлекетінің құрылуы


Арабия түбегінің жер көлемі - 3 млн шаршы шақырым. Жерінің көбін құм басып жатыр. Тек орталық бөлігі мен Йемен жері шаруашылыққа колайлы. Ежелден Арабия түбегін арабтар қоныстанып келді. Халқы егіншілікпен және мал бағумен айналысады. Суармалы егін шаруашылығы басым. Құнарлы көкорай жерде бау-бақша-, жеміс-жидек өсіріледі.Отырықшылықпен қатар, арабтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда колөнер мен сауда дамыды. Ең ірі калалары - Неджран, Мекке, Таиф т.б. сауда орталықтарына айналды.
Біздің заманымыздың III ғасырында Арабия түбегінде Лахмид патшалығы өмір сүрді. Лахмид әулетінің билеушілері тұсында бұл патшалық дамыған ірі мемлекетке айналды. Лахмид патшалығының күшейген кезі - IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басы. Бұл патшалық VII ғасырдың басына дейін Сасанилік Иранға тәуелді болды.Арабияда өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық шаруашылықтың дамуы, мүлік теңсіздігінің тереңдеуі, сондай-ақ, жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет кұруға негіз болды. Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды. Ислам идеясын таратушы Мұхаммед пайғамбар (570-632) Меккеде туып-өскен. Ол өзін Алланың жердегі елшісі деп жариялап, арабтарды ислам дініне енуге уағыздады.
Мұхаммед пайғамбардың діни уағыздарына қарсы болған Меккеқаласының билеушілері қасиетті Қағбаны басып алып, Пайғамбардың қаладан кетуін талап етті. Меккеқаласында өзіне қолдау таппағаннан кейін Мұхаммед пайғамбар Арабияның екінші қаласы Ясрибке (қазіргі Медине) барып паналауға мәжбүр болады. Сол жерде Медине халқынан қолдау алып, Меккеге қарсы жорыққа дайындалады. Осы жорықта жеңіске жеткен Мұхаммед Меккені ислам дінінің орталығы деп жариялайды. Қағба әрбір мұсылман жылына бір рет барып, Алла алдында өз парызын өтеуге тиісті қасиетті орынға айналады.
Араб халифатының саяси басқару жүйесі
Мұхаммед пайғамбар мешіті
Барлық жаулап алынған жер мемлекеттік меншікке айналдырылды. 661-750 жылдары билік басына Омейя әулеті келді. Омейя халифатының жері бес жергілікті басқару аймағына бөлінді. Бірінші аймағына - Иран, Ирак, Шығыс Арабия, Хорасан және Орта Азия жері; екінші аймағына - Хиджаз, Йемен, Орталық Арабия; үшінші аймағына - Армения мен Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігі; төртінші аймағына - Египет, Ливия, Триполи; бесінші аймағына Батыс Африка және Испания кірді. Әрбір аймақты басқаруға халифтың үкімімен әмір тағайындалды. Әрбір әмірдің екі орынбасары болды. Бірінші орынбасары әмірлікте салық және қаржы мәселесімен, екіншісі дін ісімен айналысты. Халифатқа қарамағындағы аймақты басқарып тұру үшін өте көп әскер керек болды. Бүкіл халифаттағы әскердің басшысы халифтың өзі болып, бас қолбасшы рөлін атқарды. Әрбір әмірлікте жергілікті әскери басқару жүйесі жүргізілді. Әскер бастығы дәрежесі жағынан аймақтағы екінші адам болып саналды. Омейя әулетінің негізгі әлеуметтік тірегі арабтың феодалданған ақсүйектері болды.Омейя әулеті билік құрған Араб халифатында қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көп көңіл бөлінді. Сауда және қолөнер айтарлықтай дамыды. Сауда айналымына алтын динар мен күміс дирхем енгізілді.
Омейя әулеті басқарған Араб халифаты орта ғасырлардағы ең ірі мемлекеттердің бірі болды. Бірақ ұзақ жылға созылған ішкі бақталастық Араб халифатын әлсіретті. 750 жылы Әбу Мүслім бастаған көтерілістің нәтижесінде Омейя әулеті билік басынан қуылып, оның орнына Аббас әулеті келді. Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін араб халифтары әулеті үстемдік құрған алғашқы жүз жылда халифаттағы феодалдық қатынас күшейіп, сауда өрістеді. Аббасилік халифат әсіресе һарун ар-Рашид (768-809) пен Мамун (813-833) тұсында кемеліне келді. Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды. Бұл құрлықтардағы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері болды. Олар әр түрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрлерін ұстанды. Бұл сияқты ала-құлалық түбінде әлемдік державаның күйреуіне әкеліп соғатын. Мұндай тағдырдан Халифат та қашып құтыла алмады. VIII-X ғасырларда Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Олардың ішіндегі ірілері Бағдад халифаты (750-1258), Фатимилер халифаты (909-1071), Кордова халифаты (756-1031), Саманилер мемлекеті (875-999) т. б. болды.

Мекке
Меккеқаласын бағындырған Мұхаммед тек ғана ислам дінін уағыздап қоймай, мұсылман мемлекеті билігін өз қолына алды. Ел басшысы бола отырып, елді басқару үшін өзінің айналасына діни кеңесшілерді жинап, ақылдасып отырды. Елдің билігі қасиетті құран шариғаттары арқылы жүргізілді. Жеке меншік мұра ретінде сақталды. Ер адам әйел адамнан жоғары бағаланды. Қолға түскен ұрының колы немесе саусағы кесілді.


Арабтар (әл-араб) — Солтүстік Африка мен Батыс Азиядағы араб елдері халықтарының үлкен тобы. Бахрейнде, Иорданияда, Иракта, Йемен Республикасында, Катарда, Кувейтте, Ливанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Оманда, Сауд Арабиясында, Солтүстік Сахарада (маврлар), Египетте, Ливияда, Мавританияда, Мароккода, Суданда, Тунисте, Израильде, Палестинада, Түркияда, Иранда, Ауғанстанда, Индонезияда т.б. елдерде тұрады. Араб диаспорасы Батыс Еуропада, Батыс және Оңт. Африкада т.б. елдерде де бар. Жалпы саны 199 млн. адам (1992). Араб тілінде сөйлейді. Араб жазуын қолданады.
Тілі
Араб тілі- тілдердің семит-хамит шоғырындағы семит бұтағынан таралатын тіл. Араб тілі семит бұтағының оңтүстік тармағына тиеді.
Діні
Діні — мұсылман-сунниттер. Ислам дінінің шейіт, друз, нусайрит, ибадит ағымдарын тұтынатындар, христиан-коптар, православие дінін ұстанатындар да бар. Ислам ережелері бойынша арақ-шарап, шошқа еті — харам. Ораза ұстау — парыз.Тарихы
Алғашқы араб мемлекеттері — Пальмира (Тадмор), Набатц, Лихьян, Гассан, Лахм, Кинда араб тайпаларын бір этносқа біріктіре алмады. Бірігу ислам дінінің пайда болуымен, Араб халифатының құрылуымен аяқталады. 7 ғ-дың 1-ширегінде Арабтардың көп елді бағындыруына орай “араб” этнонимі тұтас бір халықтың атына айналды. 19 ғ-да Осман империясының ыдырауы, 20 ғ-дағы Еуропа отаршылығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыс — Арабтардың азат болуына және ұлт болып қалыптасуына тікелей әсер етті.

Кәсібі
Шаруалары (феллахтар) егіншілікпен, көшпелі мал шаруашылығымен, бау-бақша өсірумен айналысады. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2 ғ-да түйені қолға үйретіп, көшпелі түйе өсірумен шұғылданған. Арабия түбегінің автохтон тұрғындары — бәдеуилер. Көшпелі, жартылай көшпелі Арабтардың дәстүрлі баспанасы — ешкі терісі немесе кенептен істелген төрт бұрышты шатыр, отырықшылары каркасты-бағаналы үйлерде тұрған. Шаруалар бір қабатты үй сыртын дуалмен қоршап тастайды. Тұрған жеріне қарай сазбалшықтан, тастан қаланған үйлер, шетеннен тоқылған күркелер де кездеседі. Арабтардың күмбезді діни және қалалық сурет өнері (Дамаск, Бағдат, Каир, Кордова, Иерусалим т.б.) әлемдік өркениет тарихында соны сипатымен ерекшеленеді.


Мәдениеті
Ұлттық киімдері — кең белдемшелер (фута), басқа орайтын шалмалар, жеңсіз желбегейлер, ұзын көйлектер. Әйелдер жүзік, алқа, білезіктер, мұрын сырға, әшекей салпыншақтар тағады. Бәдәуи әйелдерінде беттерін, алақандарын, табандарын бояп сурет-тыртықтар салу ырымы кездеседі. Әйелдері жүздерін бүркеп жүреді.
Бәдәуилердің ұлттық тағамы — түйе сүті, бидай, арпа, тары, жүгері наны, құрма. Отырықшылар әр түрлі ботқаларды, ешкі сүтін, қой ірімшігін, жеміс-жидек, көкөністерді мол пайдаланған.
Арабтардың фольклоры, классикалық поэзиясы мен музыкасы жақсы дамыған. Басты саз аспаптары: бубен, барабан, лютня, бір ішекті ыспалы ребаб. Мұнай кеніштерінің игерілуі, өнеркәсіптің дамуы, көшпелілердің отырықшылануы, қала тұрғындарының күрт өсуі Арабтар тұрмысын сәулеттендірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет