Реферат Тақырыбы: Емдік дене тәрбиесі



бет1/5
Дата05.05.2023
өлшемі214,74 Kb.
#90344
түріРеферат
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті
Философия және Психология факультеті
Пәні: Дене шынықтыру

Реферат


Тақырыбы: Емдік дене тәрбиесі


Орындаған: Джасузакова Айдана
Группа: СР-11-22
Тексерген: Рысбек Қастер

Қарағанды – 2023

Жоспар

Кіріспе
1. Емдік дене шынықтыру


2. Емдік гимнастиканың даму тарихы
2.1 Емдік гимнастика түрлері
2.2 Емдік гимнастика жаттығулары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Емдік дене шынықтыру және медициналық бақылау пәнінің оқыту мақсаты дені сау және ауру адамдарға денешынықтыру шараларының әсерінің механизімін білу негізінде, жаттығу әдістерін қалпына келтіру және емдеудің барлық кезеңдерінде қолдану.


Денсаулық — тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды құрылымы. Адамдардың көбі гигиеналық ережелерді сақтап және салауатты өмір салтын жүргізсе, 100 жастан аса өмір сүруге мүмкіндігі бар дейтін тұжырымдама ғылыми мәліметтерде бар. Өкінішке орай, адамдардың көбі ғылыммен негізделген өмір сүру нормаларын сақтамайды. Соңғы жылдарда жұмыстағы және үйдегі еңбек ету мөлшері, сондай-ақ тағы басқа себептерге байданысты адамдарда күн режимінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы ағзаға өзгерістер енгізетін гиподинамияның пайда болуына әкеліп соқтырады.


  1. Емдік дене шынықтыру

Емдік дене шынықтыру- анатомиялық және физиологиялық тіндер бұзылыстарын қалпына келтіреді. Тарихына тоқталсақ 1921 жылы сан-курорттық орындар ашылғаннан бастап ЕДШ қолданыла бастады. Емдік дене шынықтыруға Гиппократ, Гегель аталарымыздың еңбегі зор. ЕДШ аурудың ерекшеліктеріне қарай рет ретімен берілген кезде өзінің емдік әсері болады. ЕДШ жаттығулар қан айналым қызметін, дем алысты, зат алмасу, нерв жұмысын, ішкі секреция бездердің және бұлшық еттер жұмысын жақсартады. Жаттығулар ауруханаларда, емханаларда, әйелдер босану орындарында, сан-курорттық жерлерде жасалады. ЕДШ тек жергілікті жерге ғана әсер етіп қана қоймай, бүкіл ағзаға да әсер етеді. ЕДШ – ның басқа емдерден айырмашылығы дәріс түрінде өткізіледі. Жаттығу жасау барысында аурудың жағдайына байланысты үстеме жаттығуларды жайлап қосып отырады. Емдік дене шынықтыру қай жерде жасалатыны маңызды. Мысалы таза ауада, күн астында немесе жабық бөлмелер. Жабық бөлмелер де өткізетін болса сол жердің санитарлық-гигиеналық ережесін қатаң сақтау қажет. ЕДШ ны дәріс түрінде топтап немесе жеке адамға жасайды. Жаттығуды дәрігер науқастың жағдайына қатысты тағайындайды. Жеке емдік жаттығулар төсекте жатқан күйінде жасайды. Таза ауада жасалатын жаттығу кезінде науқастар топ топқа бөлінеді.


Сонымен қатар жаттығулар құралмен және құралсыз жасалатын болып бөлінеді. Құралдарға- таяқ, гантель , доп, жаттығу жасайтын қабырға, орындық жатады. Бұл жүрісті дұрыстайды, ауып кетпеуді қадағалайды. Бұлшық ет жұмысы нашарлағанда қолданылады. Емдік дене шынықтыру жаттығулары ауру немесе сырқат адамның денсаулығын жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында емдік профилактикалық әдіс ретінде қолданылады. Емдік дене шынықтыру дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде, дене күшінің дамуына, қимылдың координациясымен жылдамдығын артуына, ептілікті, батылдықты, төзімділікті және басқа да адамның еңбек пен қоғамдық өміріне қажетті физикалық психологиялық қасиеттерді дамытуға өз үлесін қосады. Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын қолданудың тек емдік ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік те мәні зор.
Емдік дене шынықтырудың негізгі құралы белгілі бір мақсатта қолданылады, жалпы аурудың жағдайына өту ерекшеліктеріне байланысты мөлшерленіп белгіленген физикалық жаттығулар. Емдік дене жаттығулары, адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Олар орталық жүйке жүйесі арқылы ауру ағзасындағы күрделі процестерді ынталандырады және қалпына келтіреді. Негізінде емдік дене шынықтырудың ағзаға әсер етуінің төрт механизмі бар: денені сергіту (тонусты жоғарылату ) , қоректендіру (трофикалық), қалыпқа келтіру (компенсаторлық) және реабилитациялық.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет