Реферат тақырыбы: Фосфолипидтердің құрылысы және маңызы Орындаған: Алмасаев Э. Тобы: тпп-20-06 к



бет1/4
Дата17.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#68786
түріРеферат
  1   2   3   4

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
«Технология және биоресурстар» факультеті
«Н.О. Базанова атындағы физиология, морфология және биохимия» кафедрасы


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Фосфолипидтердің құрылысы және маңызы

Орындаған: Алмасаев Э.
Тобы: ТПП-20-06 к
Тексерген: Салханова С.


Алматы 2022ж
Жоспары:
І. Кіріспе...................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Фосфолипидтер жайлы жалпы түсінік..........................................4
2. Фосфолипидтердің физико-химиялық қасиеттері.......................9
3. Фосфолипидтердің емдік қасиеттері және емге қолдануы.......12
ІІІ. Қорытынды.....................................................................................14
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................15
І. Кіріспе
Липидтер —барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтер – табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир,этанол) ериді. Липидтер молекуласында полярсыз (көмірсутекті) және полярлы (-СООН, –ОН, –NH2) аймақтар болады. Липидтер химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде үш топқа бөлінеді: қарапайым липидтер, күрделі липидтер, стероидтар. Қарапайым липидтерге май қышқылдары мен спирттердің күрделі эфирлері жатады. Бұл топты триацилглицеролдар мен балауыздар құрайды. Триацилглицерол – бұл үш атомды спирт глицерол мен май қышқылының үш молекуласынан құралған күрделі эфир. Күрделі липидтерге фосфолипидтер жатады. Фосфолипид биологиялық мембрананың негізгі құрамдас бөлігі болып саналады. Барлық жасуша мембранасы құрамына фосфодиацилглицерин кіреді. Ол күрделі эфир, молекуласы глицерин қалдығынан, май қышқылының екі қалдығынан, фосфор қышқылының қалдығынан және азотты негіздерден тұрады.Стероидтар биологиялық белсенді қосылыстардың үлкен тобы, құрылым негізін қаныққан полициклді спирт пергидроцикло-пентанофенантрен құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет