Реферат тақырыбы: Химиялық талшықтар қасиеттері мен құрылысы. Талшықтардың молекулярлық құрылысын зерттеу әдістері



Дата31.12.2021
өлшемі47 Kb.
#22438
түріРеферат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

 

ТМТ және Ж кафедрасы

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Химиялық талшықтар қасиеттері мен құрылысы. Талшықтардың молекулярлық құрылысын зерттеу әдістері

       

 

    



                                           

                          

 Орындаған: Ташмұрат Гүлдана                          

Тобы: ЖТ-20-4k2

                               Қабылдаған: Бектурсунова Айнұр

 

 

Шымкент 2021ж



Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1.Химиялық талшықтар

2.2.Химиялық талшықтардың алынуы мен жіктелуі

2.3.Химиялық талшықтардың қасиеттері мен құрылысы.

III.Қорытынды бөлім

IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

ХVІІ ғасырда ағылшын ғалымы Роберт Гук бірінші рет талшықтарды химиялық жолмен алуға болатындығы туралы айтты. Ал 1753 жылы М. В. Ломоносов түрлі түсті шыны әзірлеу үшін тәжірибелер жүргізді және лағыл шыны жасауға қол жеткізді. Сонда ол жасанды талшықтардан өнеркәсіптік өндіру тәсілін табуға талпынды.

Тұңғыш рет химиялық талшықтарды 1853 жылы ағылшын Аудермас алған, ал 1891жылы француз Шардонне алғашқы болып осы тәріздес жіптердің өндірісін ұйымдастырады. Ежелгі Египетте оларды әшекей үшін пайдаланған. Жасанды жібек өндіру бойынша бірінші зауыт Ресейде 1913 жылы, Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында тұрғызылды.

Қазіргі уақытта химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде оларды әртүрлі үлеспен табиғи талшықтарға қосып отырады, сонда матаның қасиеттері жақсарып, матаның жаңа түрлері пайда болады.

Табиғи органикалық

материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрлі

химиялық заттармен:

ацетон, сіркесу, азот, күкірт

қышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды: мұнай, таскөмір, табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза - қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады

Мұндай талшықтарға нитро - жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады Бұл заттардан жоғары малекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон, капрон, лавсан, т. б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады

Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады:

Иіру ертіндісін алу, талшықтарды қалыптау және өңдеу.

Бірінші кезең - бастапқы материалдардан химиялық жолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу.

Екінші кезең - алынған масса химиялық талшық жасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массадан талшықтар түзіледі. Бір машинада 60 - 100 сүзгі болады. Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24 - 36мыңға дейін.

Үшінші кезең – талшықтарды өңдеу. Алынған жіптер жуудан, құрғатудан, иіруден, термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсарту мақсатында сабын ертіндісімен өңдейді. Синтетикалық талшықтар

полиамидті полиэфирлі полиакрилонитрилді

капрон, дедерон, нейлон лавсан, полиэстер нитрон, акрил, эластан(лайкра)

Ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады. Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн, мақта, зығыр) қосып, көйлекке арналған маталар,, трикотаж шығарады Ең төзімді, берік, жылы, үлпілдек талшықтар. Олардан жасалған маталар жүнге ұқсас, трикотаж бұйымдарын, иірілген жіп дайындау кезінде пайдаланылады. Жүн, мақта, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді.

Капрон маталардың кемшілігі: жоғары температураға төзбейді, сусымалылық, сетінегіштік, ылғалсіңіргіштік. Таза күйінде лавсанды жіптер, техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Кемшілігі жоғары температураға төзбейді. Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады. Химиялық талшықтардың физика – химиялық қасиеттері туралы кейбір мәліметтер келтіріледі, сапаны сипаттаушы негізгі көрсеткіштер туралы түсініктер беріледі, және зауыттарда қолданылатын көрсеткіштерді анықтаудың әдістеріне суреттемелер келтіріледі.

Химиялық талшық немесе жіптердің сапасын келесі негізгі көрсеткіштер сипаттайды:

1.     тегістігі және бірқалыптылығы;

2.     ылғалдылығы;

3.     номермен сипатталатын жуандыңы (қалыңдығы);

4.     құрғақ және сулы жағдайдағы ұзаруы және беріктігі;

5.     жіптердің бұралу шамасы;

6.     ұзындығы бойынша штапельді талшықтардың біртегістілігі;

7.     гироскопиялылығы;

8.     тығыздығы (меншікті салмағы);

9.     серпімділік және эластикалылық дәрежесі;

10. көп ретті деформацияларға, үгітілуге, шөгушілікке төзімділік шамасы;

11. жоғары және төменгі температуралар әсеріне төзімділігі;

12. сыртқы түрі.

Талшықтың сапасы және оның тұтынушылық құндылығы бірқатар көрсеткіштер жиынтығымен анықталады. Олардың біреуінің жақсаруы немесе нашарлауы тұтас талшық сапасының төмендеуіне алып келоуі мүмкін.

Ең маңызды болып химиялық талшықтарға қойылатын талаптардың бір ол талшықтың ұзындығы бойынша физика – механикалық қасиеттердің және химиялық қасиеттерінің біртегіс таралуы және бәрінен бұрын беріктігі және ұзаруының біртегістігі, ал тоқыма жіптер үшін аталғандарға қоса бояудың біртегіс таралуы болып табылады.

Талшықтардың физика – механикалық көрсеткіштерінің көпшілігі ылғал мөлшерінің болуына байланысты болады. Сондықтан сыналатын үлгілер белгілі бір ылғалдылыққа ие болуы қажет. Ол үшін олар кондиционирлеуге тартылады, басқаша айтқанда сынаудан алдын 18 сағат көлемінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 пайыз болатын және температура 20+/-20с құрайтын бөлмеде сақталады. Талшықтардың әрбір партиясынан 10 үлгіден алынады, олар кондиционирлеуден соң төменде суреттелген сынауға тартылады.

Химиялық талшықтар өнеркәсібінің дамуы шикізаттардың негізгі түрлерінің арзандылығына және мөлшеріне тікелей тәуелділікте болып табылады. Кеңес  Одағы химиялық талшықтардың барлық түрлерінің өндірісін дамыту үшін барлоық ресурстардың шексіз қорына із жүзінде ие болып табылады. Древисина, көмір, мұнай, табиғи газ және мұнай өңдеу газдары, яғни химиялық талшықтар өндірісінің негізгі шикізаттары болып табылатын заттар біздің елімізде орасан мөлшерде бар.

Химиялық талшықтар тек жібекті және жасанды талшықтарды (мақта, жү) ғана емес, қазір олардан жоғары бағалы қасиеттерге ие. Осы кездері өздігінше маңызға ие талшықтардың жаңа жетілген кластарын түзуде. Химиялық талшықтар негізінде толық бағалы, әдемі, берік және халыққа жалпы тұтыну үшін арзан, сонымен қатар табиғи талшықтардан сапасы жөнінен кем емес, керісінше көп жағдайлардан олардан маңызды көрсеткіштер қатарынан асып түсетін жоғары сапалы техникалық бұйымдар жасалады.

Қазіргі кездері химиялық талшықтар тоқыма және трикотажды өнеркәсіпте берік орынға ие болып отыр. Жіп және штапельді талшықтар таза түрінде, сонымен қатар басқа талшықтармен бірге қолданылады.

Олардан ішкиімдік, көйлектік, төсемдік, киімдік, декоративті және орау маталары, әртүрлі крептер, бархат, плюш, жасанды жүндер, кілемдер, шұлықтар, кофталар, жейделер, көйлектер, джемперлер, галстуктар және т.б. бұйымдар жасалады. Талшықтардың    негізгі   қасиеті

       Талшықтардың   негізгі   қасиетіне   олардың   сызықтық   тығыздығы,  ұзындығы, мықтылығы, созылғыштығы,  иілгіштігі,  жабысқақтығы, гигиеналық   қасиеттері,  сыртқы  отаның  әсеріне   тұрақтылығы   жатады. Талшық  дегеніміз   көлденең   қиындысы  2  ден   100  мкм  дейін  болатын  өте   жіңішке  дене. Тоқыма  өнеркәсібінде  диаметрі  60 мкм-ге   дейінгі  талшықтар    пайдаланылады. Талшықтың   жуандығы  (жіңішкелігін )  тікелей   өлшеу   қиын  болғандықтан,  жуандығының   өлшем  бітлігіне   сызықтық   тығыздығы    алынады.

Талшықтың  ассортиментін кеңейту  және  жақсарту  жаңа  талшық  түзетін  полимерлерді  жасаумен  қатар  бұрынғы  бар  химиялық  талшықтарды  жетілдіру  арқылы  да,  іске  асады.

            Бұл  жетілдіру  физикалық  (құрылымды)  және  химиялық  болады.

            Физикалық  жетілдіру  полимерлерді  құратын  макромолекулалардың  құрылымын  әдейі  өзгертуге  байланысты:  макромолекулалардың  ұзындығын,  бағдарын  өзгертеді,  араларына  басқа  заттар  енгізеді.

             Химиялық  жетілдіру – талшық  түзетін  полимерлердің  химиялық  құрамын  жарым-жартылай  өзгерту,  жетілдірудің  нәтижесінде  қасиеті  басқа  жаңа  талшықтар  алынады.

Қорытынды:

Қазір дүние жүзінде адам денсаулығына әсер ететін жағдайларға көңіл бөлінуде. Адамдар табиғаттың әсерінен қорғану үшін өздеріне қажетті киімдер киеді. Бірақ өндірушілер мен тұтынушылар сәнге көп көңіл бөліп, адам денсаулығына зиянды жақтарын ескере бермейді.Тігін өнеркәсібі халықты сәнді де ұнамды киіммен қамтамасыз етуге мүдделі. Киім адамға ең қажетті зат болып табылады, сондықтан да оған қойылатын талаптар да гигиеналық, техникалық, эстетикалық және экономикалық тұрғыдан бөлініп қаралады.Гигиеналық талаптардың өзі – адам денсаулығын сақтауға бағытталған ауа мен ылғал өткізгіштігі, жылу сақтау қасиетті, кір жұқтырмаушылық, киіске ыңғайлылығы, су сіңірушілігі және басқалары, киімнің негізгі гигиеналқ көрсеткіштері болып табылады. Гигиеналық талаптар бұйымның мақсатына байланысты. Көйлек пен жазғы киімдердің ауаны жақсы өткізіп, ылғал өткізбейтін қасиеттері болады, киюге ынғайлы, жууға жеңіл болуы тиіс. Қысқы киім жылы, плащтар су өткізбейтін болуы керек.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан энциклопедиясы, 4-том 144-бет

2. Шаңырақ энциклопедиясы

3. Қазақ Совет энциклопедиясы. 7-том

4. Қазақстан энциклопедиясы. 4-том, 141-бет

5. «Химия негіздері» К. Аханбаев

6. «Органикалық химия» Всюченко

7. «Органикалық химия» Л. А. Цветков



8. «Тұрмыстағы химия»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет