Реферат тақырыбы: Ж. Жабаевтың шығармашылығы, өмірі семей 2023 Мазмұны



бет1/8
Дата18.01.2023
өлшемі113.5 Kb.
#61861
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
Филология факультеті


СӨЖ


РЕФЕРАТ


Тақырыбы:
Ж.Жабаевтың шығармашылығы, өмірі

СЕМЕЙ 2023


Мазмұны



І. Кіріспе.................................................................................................................
ІІ. Жамбыл- дара тұлға.............................................................................................
2.1. Жамбыл Жабаев шығармашылы..................................................................

    1. Жамбыл ақын әрі айтыскер..........................................................................

    2. Дара тұлға......................................................................................................

ІІІ. Қорытынды.......................................................................................................

  1. Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................



Кіріспе


Жамбыл — ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып жыршы, шұрайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын.


Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз — есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы!
Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазаққа аты мəшһүр жыр жампозы Жамбыл Жабаев 1846 жылдың ақпан айының соңғы жұлдыздарында дүние есігін ашқан. Туған топырағы — Қазіргі Жамбыл тауының етегінде. Жамбыл Жабаев дүниеге келгенде Жетісу Қоқан хандығының қол астында еді. Қоқан ханы Құдиярдын Жетісу еліне салған лаңы аз емес-ті. Оның датқалары елді жаялыққа айналдырып, аузына қақпақ, басына тоқпақ болған. Опасыз шапқыншылықтан әбден ерқашты болып титықтаған қалың жұрт сынаптай сырғып, жөңкіліп көше берген, Ығысып, үдере көшкен сондай бір боранды қыста Ұлдан ана көш жөнекей түйе үстінде толғатып, болашақ ақын ықтырма күркеде дүниеге келеді.
Жамбыл бала күнінен бетті болып еркін өседі. 8 — 9 жасқа келген соң-ақ қойшылармен, жылқышылармен бірге жүріп, солардан неше алуан аңыз әңгіме, өлең-жыр естиді. Өзі де жыр айта бастайды. Асау тай үйретіп, бас білдіруді де өзінің ең сүйікті, қызықты әдетіне айлалдырады. Сөйтіп, жарқын жүзді, көпшіл, өр мінезді қайсар Жамбыл Жабаев ел ішіне тез танылады. Оның көргенділігі де елге қатты ұнайды. Бірде ол ауыл сыртынан Қазыбек деген карт кісіні көріп, оған арнайы бұрылып келіп сәлем береді. Қарияның жолаушылап келе жатқанын біліп, үйіне шақырып алып келеді, атын байлап, үйінің есігін ашып, өзін төрге шығарады. Бел жазып, үй-ішімен жөн сұрасып, көңілі жайланған қонақ Жападан баласының жасы, ісі туралы сұрайды. Жапа баласының ісін айтып, ісіне көңілі толмайтындығын білдіргенде, Қазыбек ақсакал: «Жүзі ашық, жанары нұрлы екен, бетін қайтарма, теріс кетпес» дегенді айтады. Жамбылдың бала кезіне қатысты осы секілді басқа да әнгімелер бар.
Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр еткен. Асан Қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта, Шернияз, Шортанбай, Дулат, Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ, т. б. ақындарды үлгі тұтқан. Сонымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік білген.
Қырғыз манасшылары мен жомоқшылары арасында әріптес достары көп болған, солармен бірге қырғыз айылдарын аралап, өлең айтып, жыр тоғытқан, күй тартып, айтысқа түскен. Атақты Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен, солармен жарыса «Манас», «Ер Төштік» эпостарын жырлаған, олардың ілтипат-ықыласына бөленген.
«Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол əлеуметтік жəне жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі», — деп толғанған екен кезінде даңқты жазушы Сəбит Мұқанов.
Бұл сөздер – ақын өмірі мен шығармашылығына, оның ғасыр жасаған, ерлікке толы поэзиясына берілген əділ баға, біздер үшін мəн-мағынасын ешқашан жоймайтын құнды деректер. Бұл мəліметтер Жамбыл бабамыздың кейінгі ұрпақ үшін тек танымдық дүние, аңсап, сусап оқитын, тəлімдік, тəрбиелік мəні зор өнегесі, біздерге қалдырған өлшеусіз ғибраты. Ұрпақтары барда ұлы ақын жыры ғасырдан ғасырға жасай береді.
Менің мақсатым алдағы уақытта Жамбыл Жабаев туралы оқып, танысып, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын дәріптеу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет