Реферат тақырыбы: «ЖАҢа дәуір философиясы»



Дата29.04.2022
өлшемі45,59 Kb.
#32851
түріРеферат


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: «ЖАҢА ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ»

Орындаған: Сарсенбай Нұршапағат Аббасқызы

Факультет: Биология-география

Топ: БТ-21

Қабылдаған: Анламасова Ырсалды Жиентайқызы

Қарағанды 2022

ЖОСПАР


  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім

  1. Жаңа дәуір философиясының қалыптасуы.

  2. Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік бағыт.

    1. Рене Декарт.

    2. Бенедикт Спиноза.

  3. Жаңа дәуір философиясындағы эмпириалистік бағыт.

    1. Фрэнсис Бэкон.

    2. Джон Локк.

    3. Томас Гоббс.

  4. Жаңа дәуір философиясы агностикалық бағыт.

    1. Джордж Беркли.

    2. Дэвид Юм.

  1. Қорытынды.

КІРІСПЕ


Философия – ерекше ғылым. Оның пәрмені мен мәні дүниеге көзқарасы мен методологиясында. Ол ұлттық шеңберде немесе белгілі бір ағым аясында тұйықталып қалмайды. Философия – қашанда бүкіл адамзат табысы, баршаға ортақ рухани жеміс, әлемдік өркениеттің, рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі. Философия – дүниеге көзқарас қалыптастыратын ғылым. Қандай да бір адам болмасын, ол дүниеге белгілі бір көзқарассыз өмір сүрмейді. Өмірді танып, білу арқылы адам белгілі қорытындыға келеді: қабылдайды, теріске шығарады, қолдайды, ұнатпайды, т.б. Міне философияның методологиялық, дүниеге көзқарастық рөлі деп осыны айтамыз.

Философия – адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының ой – өрісі кеңейген сайын философия да тереңдей түсті. Философияны дінге жақын, өйткені ол дін сияқты догмаға сүйенеді дейтіндер де бар. Бірақ ол дін емес. Дегенмен, философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда обьективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия – дін мен ғылым екеуінің арасындағы дәнекер дейтін көзқарас та кездеседі.

Философтарды ойландыратын мәселелер қашанда мыналар болатын: Дүние қалай құралған? Рухани материалдықтар қалай қалыптасқан? Шыңдық деген не? Адам өмірінің мәні не? Дүние мәңгі ме? Философия осы сияқты сандаған дүниетанымдық сұрауларға жауап іздеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ



  1. Жаңа дәуір философиясының қалыптасуы

Жаңа дәуір философиясы — XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы француз, ағылшын және неміс философиясы. Шартты түрде "жаңа дәуір" деп 1640 жылғы Ағылшын революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол капиталистік қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа дәуір философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен қоштасып, "адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани пікірді сомдады.

Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды.

XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты:


  1. Материалистік бағыттылық;

  2. Эмпиризмнің рационализмнен.

  3. Саяси-әлеуметтік мәселелерге үлкен қызуғышылық.

Ағылшын философтары XVII ғ. үшін озық үлгіде дамыды. Ағылшын философиясынын қалыптасуына ықпал еткен саяси оқиғалар:

  1. XVII ғ. Ортасындағы Оливер Кромвельдің революциясы (корольді құлату мен жазалау, республиканың аз мерзімді тіршілігі, индепенденттер қозғалысы);

  2. 1688 жылғы «даңқты революция»;

  3. Протестантизмнің толық жеңісі, англикан Шіркеуінің Рим папасына тәуелсіздігі мен ішкі автономияға қол жеткізу;

  4. Парламент рөлінің орнығуы;

  5. Жаңа буржуазиялық қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы.



  1. Жаңа дәуір философиясындағы рационалистік бағыт.

Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі:

  1. онтологиялық

  2. гносеологиялық

  3. этикалық рационализм

Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.

Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен басты айырмашылығы материяның идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның өзінде ақыл барын мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер– рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді.

Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:



  1. 1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;

  2. 2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.

«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды.

    1. Рене Декарт.

Рене Декарт - француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды.

Ол дуализмдік идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" сынды Картезиандық күмән әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.

Декарттың ең негізгі философиялық еңбектері:


  • «Әдіс туралы пайым»;

  • «Бірінші философия туралы толғаныстар»;

  • «Философия қағидалары».

Декарт батыстың қазіргі замандық философиялық-ғылыми ойлауының негізін қалаушы тұлға ретінде толық философиялық жүйе жасады. Ол философияда дуализм (қоснегіз) мен рационализм (зердешілдік) бағытын дамытты.

Декарттың пікірінше адам баласы математикалық логикалық әдіс арқылы --- яғни зерделі түрде философиялық ой жүгіртуге тиіс. Адам ақылды нәрсе және барлық нәрсені ақылмен түсіндіруге болады. Зерде сезім мүшелеріне қарағанда сенімді куәлік етеді, сенімді білм береді. Мысалы, Түс көрген кезімізде біз шын өмірде жүргендей сезінеміз. Бірақ зерделеу арқылы түстік шын өмір емес екенін тұжырымдап шығамыз деді. Ол логика, геометрия, алгебра арқылы төрт ережені ұсынды:



  1. Еш нәрсені де ақыл-зердемен танудан бұрын шын деп есептеме, тек күдіктен толық арылғанда барып ақиқат айқындалады. Күдік ақиқатқа жетуде міндетті түрде басып өтетін жол талабы.

  2. Күрделі мәселені оны құраған ұсақ мәселелерге бөліп, жеке жеке шешу арқылы шешуге болады.

  3. Ой қарапайымнан күрделіге дамиды. Ойлау қарапайымнан бастап күрделіге ауысуы керек.

  4. Әрқашан өз ізденісімізді түбегейлі қайта қарап, ізденіс желімізден адасып қалмай, әлдебір қажетті мазмұнды жоғалтып алмағанымызды, әлдебір қателікке ұрынып қалмағанымызды тексеріп тұруға тиіспіз.

Декарт бұл әдісті философиялық ойлауда қолданып қана қоймай, геометрияда тіке қолданып, аналитикалық геометрияның негізін қалады.

Декарт философиялық әдіснама арқылы рационалді философияның мынадай мәселелерін қарастырды:



  1. Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлі;

  2. Субстанция, оның атрибутары мен модустары;

  3. Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіру, дуализмӘ;

  4. Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясы.

Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);

Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);

Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;

Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;

Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;

Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

Болмыс мәселесін зерттеу барысында Декарт болмыс мәнін сипаттайтын базалық, негіз болатын ұғымды табуға талпынды. Өз ізденістері нәтижесінде Декарт субстанция ұғымнын тұжырымдады.

Субстанция - өз тіршілігі үшін өзінен басқаны қажетсінбейтінің бәрі. Ондай қасетке (өз тіршілігі үшін басқаны қажетсінбеу) тек субстанция ғана ие және ондай субстанция Құдай ғана бола алады. Құдай мәңгі, құдіретті, жойылмайды және барлық нәрсенің себебі мен өзегі. Құдай өзі Субстанция, өзі Жаратушы болғандықтан субстанциялардан құралған дүниені жаратты. Құдай жаратқан субстанциялар да (жеке заттар, идеялар) субстанциялық басты қасиетке ие – тіршілік ету үшін өзінен басқаны қажет етпейді. Алайда бір-біріне қатысты алғанда өзіне-өзі жетімді (жеткілікті) болғанмен Құдайға қатысты алғанда олардың бәрі екінші және оған тәуелді (өйткені оларды жасаған Құдай). Жаратылған субстанцияларды Декарт екі текке жіктейді:



  • материалды (заттар),

  • рухани (идеялар).

Сонымен қоса олардың әрқайсысының тек өздеріне ғана тиесілі қасиеттері болатының атап көрсетеді: дәйектілік - материалды заттардікі, ойлау – рухани идеялардікі. Осылайша, барлық материалды субстанциялардың бәріне тән қасиет дәйектілік және олар сансыз көп рет бөліне береді. Рухани субстанцияларға ойлау қасиеті тән және олар, кірісінше, бөлінбейді. Материалды және рухани субстанциялардың басты қасиеттерінен тарайтын басқа да қасиеттері модустар деп аталады.

    1. Бенедикт Спиноза.

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1.субстанция мәселесі;

2.таным теориясы;

3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты.

Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:



  • тіршілік етеді;

  • дербес, ештеңеге тәуелді емес;

  • өз-өзінің ішкі себебі бар;

  • көптеген қасиеттерге ие, олардың негізгілері Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;

  • уақыт пен кеңістікте шексіз;

  • мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);

  • қозғалыссыз.

Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:

  1. тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;

  2. ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;

  3. қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным. Спиноза пікірінше, ол білімдер айқын емес, толық емес, терең емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады.

Спиноза этикасының өзекті мәселелері:

1. Детерминизм-табиғаттағының бәрінің шарттылығы;

2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы.

Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:



  • субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;

  • Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;

  • модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;

  • адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;

  • жаны азаттықты қалғанымен, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді;

  • сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол;

  • бостандық – бұл танылған қажеттілік.

Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:

  1. Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;

  2. Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.

3. Жаңа дәуір философиясындағы эмпириалистік бағыт.

Эмпиризм дегеніміз барлық білім тәжірибиеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. Дегенмен, ағылшындық Френсис Бэкон соңғы Ренессанс философиясының аяқтаушы, жаңа дәуір философиясының бастаушысы болды. Жаңа дәуір философиясы сезімдік танымға көп зейін қоя бастады.

3.1. Фрэнсис Бэкон.

Ф.Бэкон (1561-1626ж.ж.) — Кембридж университетін тәмамдап, Парижде ағылшын елшілігінде тұрады. Материалист. Еңбектері: «Ғылымдардың байсалдылығы мен дамуы», «Жаңа органон».

Эксперименттік ғылымның негізін салушы. Қолданған әдістері: индукция, талдау, салыстыру, бақылау, эксперимент жасау, яғни эмпирикалық бағыттағы ұстанымдар. Схоластика, діни көзқарастарға қарсы шықты (дегенмен Құдайды мойындайды). Эмпириктермен рационалистердің сыңаржақтылығын сынайды. Ф.Бэкон индукция теориясының маңызын көрсетті. Тәжірибедегі фактілерден біртіндеп жалпы ережелерге көшуді дедуктивті пайымдауға қарсы қойған Бэкон бұл тәсілдің ақылға тән кемшіліктерді жоя алатындығына сенімді болды. Бірақ бұл жай тіркей беру емес, жиналған фактілерді қорыта білу, жаңа қорытындыға қол жеткізу болып табылады. Ол бақылау процесінде емес, эксперимент жүзінде ғана мүмкін.

Ойшылдың пікірінше, философия Құдай, табиғат және адам туралы мәселелерді ғана қарастыру керек. Адам ақыл — ойына жүгіне отырып, теориялық пайымдауларды іс жүзінде тексеруден өткізіп, тәжірибеде көз жеткізуі керек. Адамның ақыл — ойына, санасына тән қателіктер болады, олар ақылдың дамуын тежеп отырады, сондықтан олардан құтылуға тырысу керек. Бэкон бұл кемшіліктерді идолдар деп атайды.

Ф.Бэконның ойынша дүниені танып, дұрыс пікірде болу үшін жалған пікірлерден азат болуы қажет, соның ішінде адам төрт елестен (идол) арылу керек:

1. Адам табиғатына тән «тектік» елесінен

2. Әркім жеке басына тән «үңгір» елесінен

3. «Нарық» (базар) елесінен

4. «Театр» елесінен.

«Білім — күш» қағидасын берік ұстанған. «материя қозғалыспен ажырамас бірлікте, энергия — материяның ішкі қасиеті» — дейді.

Философ жаңа философиялық методологиясының мынадай қағидаларын ұсынады:

1. Табиғатты зерттеудегі объективтілік

2. Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы

3. Табиғаттан көрі технологиялық дәреженің үстемділігі

4.Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті (жекеден жалпыға өту) әдісі.

3.2. Джон Локк.

Джон Локк (1632-1704ж.ж.) — Оксфорд университетінің түлегі, осы оқу орынында грек тілі мен риторикасынан дәріс береді. Адам ауруларын тереңірек зерттеу мақсатымен медицинамен, кейінірек саясатпен айналысады, үкіметтің басқарушы қызметтерінеде араласады. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл — ойы туралы тәжірибе» және «Ақыл — ойды басқару туралы».

Локк эмпиризмді, яғни білім, таным тек тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанады. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл — ойда әуелі сезімде болған нәрселерден басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп көрсетеді.ойшылдың пайымдауынша, адамгершілік секілді ұғымдар адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір — біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлелдейді. Адамда априорлы мораль болуы мүмкін емес. Адам баласы өмірге келгенде оның ішкі жан дүниесі таза тақта сияқты, тәрбие мен еңбектің арқасында адам өзіне білім жинақтайды, білім сол тақтаға жазылмақ дейді. Қоғамға діни шыдамдылық қажет, атеизмге жол жоқ, өйткені дінсіз қоғам болмақ емес, діни қағидалар болмаса қоғам азып кетеді деген ойды алға тартады.

3.3. Томас Гоббс.

Т.Гоббс (1588-1679ж.ж.) — Оксфорд университетін тәмамдап, Аристотельдің логикасын, номиналистер ілімін қуаттайды. Ф.Бэконға хатшылық қызмет атқарады. Еңбектері: «Табиғи және саяси заңдар элементтері» (1640ж), «Азамат туралы» (1642), «Левиафан» (1651ж).

Номиналист, механикалық материалистік бағытты ұстанады. Адам мен жануарлар күрделі машина, материя — мәңгі, алғашқы, ал ой — материяның туындысы деген көзқарасты жақтайды.

Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат» теориясын тереңдете түсіп, философияны жоғары қояды. «Философия-танушы ақыл — ойдың рационалдық іс — әрекетінің жүйесі. Ол бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылыммен тең түсетін философия», — дейді. Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рационалдық анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде қарастыру керек, ал философия тек адам туралы ілім деген көзқарасты ұсынады.

Философтың пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болмасын тең етіп жаратады. Бірақ, әрбір адамға тән өзімшілдіктен кейін адам өзгеріске ұшырайды. Адам өзін ғана ойлайтын, өзінің сезімдеріне қарсы келмейтін мақұлық деп санайды. «Адам — адамға қасқыр», адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды. Осы жағдайлардан кйін адамдар арасында бір-біріне деген сенімсіздік туындайды. Табиғи теңдік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа ұмтылады, мақсатқа жету барысында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бірімен-бірі үнемі соғыста болады дейді.


  1. Жаңа дәуір философиясы агностикалық бағыт.

4.1. Джордж Беркли.

Джордж Беркли (1685-1753ж.ж.) — ағылшын философы, субъективті идеализмнің негізін салушы ретінде танымал ойшыл. Материяны терістеп, дінді мойындайды. Негізгі еңбегі: «Адамдық біліктің бастамасы жайлы трактат».

Оның ойынша, біз дүниені сезім арқылы қабылдаймыз, сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз.

Берклидің пікірінше, қабылдау субьектінің жағдай — күйіне тікелей байланысты. Ол бұл түсінікті абсолютті дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мәңгілік қабылдаушы субьект Құдай деп тұжырымдайды.

4.2. Дэвид Юм.

Давид Юм (1711–1776 ж.ж.) — ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Оның оынша, субьективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің идеяларын тудырады. Мысалы, адамдар күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бұл сенімнің негізі — осы құбылыстың үздіксіз күнделікті қайталанатындығында. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теолрия емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юмның біржақты эмпиризмі және оны рационализмнен бөліп қарастыруы дүниені танып — білуге болмайды деген агностикалық тұжырымға алып келді. Адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды

ҚОРЫТЫНДЫ

Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз баііланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.

Жаңа дәуір өндіргіш күштердің ерекше қарқынмен дамуына кеңінен жол ашты. Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың өркендеуі бірте-бірте жаңа философиялық және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір ойшылдары таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми танымның негізін қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі, сонымен бірге жекелеген ғылымдардың саласындағы әдістер пайда бола бастады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Тұрғынбаев Ә.Х «Философия» оқулық.- Алматы: «Білім», 2001ж.

2.Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетали Қ. «Философия тарихы», -Алматы: «Жеті жарғы». 1999ж.

3.Сыдықов Ұ., КішібековД. “Философия”. Оқулық.. Алматы “Ғылым”, 2007.

4. https://kk/m/wikipedia.org

5. https://malimetter.kz

6. https://stud.k





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет