Реферат Тақырыбы: «Жаһандық экологиялық мәселелер Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері»



бет1/11
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#17566
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қарағанды техникалық университеті

ӨЭжХ кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: «Жаһандық экологиялық мәселелер

Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері»



Орындаған: АиУ-18-1 т.с.

Ермек Бекзат



Қабылдаған: Ауелбекова А.Ж.

Қарағанды 2021

Кіріспе

Негізгі бөлім

І. Жаһандық экологиялық мәселелер:

1. Парникті эффект

2. Ормандардың қырқылуы

3. Қышқыл жаңбырлар

4. Мұхиттардың ластануы

5. Климаттың өзгеруі

6. Озон қабатының (озоносфераның) бұзылуы

7. Фотохимиялық және улы түтін

8. Қоқыс қалдықтар 

ІІ.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері:

1. Семей ядролық полигоны

2.Тайсойған полигоны

3.Қошқар ата

4.Байқоңыр ғарыш аймағы

Қорытынды

Жоспар

Ғаламдық экологиялық проблемалар

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  • Ресурстар проблемасы;
  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
  • Энергетикалық проблема;
  • Демографиялық проблема;
  • Климаттың өзгеруі;
  • Экологиялық проблемалар;
  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
  • Қауіпті ауруларды жою;
  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
  • Қылмыспен және терроризммен күрес;
  • Наркобизнеспен күрес.

  • Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді.

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (С02 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет