Реферат тақырыбы: Жедел тыныс алу жетіспеушілігі Дайындаған: Шаудырбаева А. К. Тексерген: Жумагалиев Е. К 2022-2023 оқу жылы



бет1/4
Дата25.01.2023
өлшемі28,77 Kb.
#62733
түріРеферат
  1   2   3   4

МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жедел тыныс алу жетіспеушілігі


Дайындаған: Шаудырбаева А.К.
Тексерген: Жумагалиев Е.К
2022-2023 оқу жылы
Тыныс жетіспеушілігі
белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериалық қанның, қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайы.
Т ыныс жетіспеушілігінің диагностикалық критерийі Артериялық қандағы оттегінің меншікті ( парциальдық ) қысымының с.б. 60 мм- нен төмен - гипоксемия К өмірқышқыл газдың меншікті қысымының с.б. 45 мм- нен жоғары (гиперкапния ) болуы және ацидоз.

ЭТИОЛОГИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТҮРЛЕРІ


1) Центрогендік ТЖ – себептері тыныс орталығының белсенділігі төмендейтін ОНЖ аурулары – кома, инсульт, жарақат, мидың қабыну аурулары мен ісіктері. 2 ) Нервтік – бұлшық еттік ТЖ – себептері патологиялық процеске тыныс бұлшық еттері қатысатын шеткі нерв жүйесі мен қаңқа бұлшық еттерінің аурулары – полиомиелит, миастения, сіреспе, диафрагма нервісінің парезі т.б. 3 ) Торокальдық ТЖ – себептеріне кеуде торы қаңқасының аурулары (кифоз, кеуде торы сүйектерінің сынығы, торакопластика т.б.) жатады. 4 ) Бронх- өкпелік ТЖ – себептеріне көмейдің, трахеяның, көкірекаралығы органдарының, бронхтардың, өкпенің, плевраның аурулары жатады.

Бронх өкпелік тыныс жетіспеушілігі


а) обструкциялы бронх- өкпе ТЖ; себептері – жоғарға және төменгі тыныс жолдарын тарылтатын процестер : ісіктер, бөгде денелер, стеноздар, созылмалы обструкциялы бронхит, тыныс тұншықпасы, өкпе эмфиземасы ; б) рестрикциялы бронх- өкпе ТЖ. Себептері – көптеген альвеоларды тыныс процесінен « шығарып тастайтын » аурулар : аумақты пневмония, пневмосклероздар, ателектаздар, плевра ішіндегі сұйықтық т.б.; в) диффузиялық бронх- өкпе ТЖ; себептері – газдардың альвеола – капиллярлық мембрана арқылы диффузиясына кедергі тудыратын аурулар : Хаммен – Рич ауруы, саркоидоз, аллергиялық альвеолиттер, асбестоз, респираторлық дистресс – синдромы т.б.; г) перфузиялық бронх- өкпе ТЖ. Себептері – кіші қан айналысы шеңбері арқылы болатын қан ағысына ( перфузияға ) кедергі тудыратын аурулар : өкпе артериясының тромбозы, бірінші ретті өкпе артериясындағы гипертензия т.б.
Даму жылдамдығына қарай : - Ө те жедел - ( суға кеткенде, қылындырғанда, ларингоспазмда, ӨАТЭ-да бірнеше секунд немесе минут ішінде дамитын ТЖ); - Ж едел ТЖ, бірнеше сағат немесе күнде пневмонияда, комада, тұншықпа күйде және т.б. болатын ТЖ; - Ж еделше ТЖ, апта бойында пайда болатын қайталамалы ӨАТЭ, миастенияда, полиомиелитте, кеуде торындағы ісіктерде немесе ісік метастаздарында кездесетін ТЖ; СОЗЫЛМАЛЫ ТЖ, бірнеше айлар немесе жылдар бойында бой көрсетеді ; кифосколиозда, өкпенің үдемелі бронх обструкциялық ауруларында кездеседі. Ауырлық дәрежесіне қарай ТЖ 3 дәрежесін айырады : І, ІІ, ІІІ дәрежелері.
Сыртқы тыныс функциясын зерттеудің нәтижесіне қарап, тыныс жетіспеушілігінің үш типін ажыратады : Обструкциялық тип. Жайылмалы бронх өткізгіштігінің көбіне ұсақ бронхтар деңгейінде бұзылуына байланысты дамиды. Обструкциялы бронхит пен тыныс тұншықпасына тән. Спирограмма бронх өткізгіштігін сипаттайтын көрсеткіштер ( тездетілген ӨТС, Тиффно индксі, өкпенің максимальды желдетілуі ) азаяды. Рестрикциялық тип. Тыныс беткейі анағұрлым азайғанда ( ауқымды пнемония, жайылмалы пневмосклероз) және өкпе қозғалысы шектелгенде (плевра жабысқақтары, плевра қуысындағы сұйықтық, кифосколиоз т.б.) кездеседі. ӨТС анағұрлым азаяды. Аралас тип. Бронх өткізгіштігі де, ӨТС-те азаяды, әдетте тыныс жетіспеушілігінің бір типінің басым болуы байқалады.
Клиникалық көріністері Рестриктивті ТЖ Обструктивті ТЖ ентігу Инспираторлы Экспираторлы, жиі жөтел ұстамаларынан кейін өзгереді цианоз Орталық Орталық, аз өнімді жөтел ұстамаларында күшеюі мүмкін жөтел Болмауы мүмкін Азөнімді немесе қақырықпен аускультация Өзгерістер типтік емес Құрғақ сырылдар, форсирленген жөтел кезінде пайда болады немесе күшейеді Спирография мәліметтері ӨТС және ӨМВ төмендеген, басында ФӨТС 1с аз өзгерген ӨМВ және ФӨТС 1с айқын төмендеген


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет